Реферат тақырыбы: «Волейболшылардың тәсілдік тактикалық дайындықтарын қадағалауын үйрету»



бет3/4
Дата25.12.2021
өлшемі161,45 Kb.
#105293
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
САҒЫМБАЙ РИЗА ХБҚ-211
САҒЫМБАЙ РИЗА ХБҚ-211, балаларды табиғатпен таныстыру және оқыту әдістемесі, Scan 02 Feb 22 · 08·04·43
Ескерту: оқу-жаттығу жұмыстарын ұйымдастыру кезеңін есепке алу әр жылдың қыркүйек айының 1-ші аптасынан басталады. Сол сияқты оқу-жаттығу мерзімімен оның бағдарламасына жеке облыстардың, аудандардың, қалалар мен елді мекендердің ауа райына, мектептегі құрал-жабдықтардың даярлығына байланысты мектептің педагогикалық кеңесі өзгертулер енгізуге құқығы бар екендігін тағы да ескертеміз. Сол сияқты игерілген әдістерден жаттығушылар қозғалыс әрекетінің нақты тәсілдерін құруға бейімделулері қажет. Мысалы, тордың алдында тұрып және секіріп волейбол өткізе доп беру қимылы сияқты. Сонымен қатар дайындық кезінде ойыншыға машықтанушылар торға теріс қарап тұрып та, секіріп тордан өткізіп доп беру элементтеріменен де жаттығулары дұрыс. Дайындық кезеңінің ең бір күрделі жаттығуы-алаңның қорғау шебіндегі кеңістігі барлай алу қабілетінің күрделенуі, оның қарсыластары алаңынан берілген допты қабылдауға машықтану және волейбол алаңының әрбір зонасын ыждағатты түрде меңгеру болып табылады.

Оқу-жаттығу кезеңінде жаттығушылар тек қорғаныста ойнау менен ғана шектелмей, оңтайлы-нәтижелі шабуыл шебін де меңгергендері жөн. Олар ойыншылардың келісімді бағытта орын алмаса отырып шабуыл сәтін шалт ұйымдастыру, тез алма-кезек өз орнын ауыстырып отыру мүмкіншілктерін меңгерулері. Бапкерлер бұл кезеңде 2:1, 3:1, 2:2, 3:2, 3:3 сияқты ойын барысын шәкірттердің меңгеруіне жағдай жасаулары негізгі қажеттіліктердің бірі.

Жалпы білім беретін мектептердің Х-ХІ сыныптарындағы дене тәрбиесі пәнінің өзіндік ерекшеліктері барлығын мұғалімдер зерделі түрде ұйымдастырулары керек. Себебі бұл сыныптар оқушылары спорт ойындарының бір түрімен тиянақты, зор ыждағаттылықпен шұғылдануға ерекше мән береді, сондықтан да олардың ойын шеберлігіне мән беріп, жүйелі, мақсатты жаттығулар ұйымдастыру мақсаты қойылуы міндетті. Бұл жастағы окушылар психологиясына тән ерекшеліктер спорт ойындарының әдіс-тәсілін меңгерумен бірге оларға тән қимыл-қозғалыстардағы үйлесімділік, өзара келісімділік, ақыл- ой, сана -сезім және еріктілік сияқты қасиеттердің жүйелену кезеңдерінің бастау алулары. Сондықтан да мұғалімдер мен жаттықтырушылар бұл кезеңіндегі негізгі шарттардың бірі олардың ойын ережелерінің күрделі тәсілдерін үйреніп меңгерулеріне ерекше уақыт бөлулері болашақтағы олар іс-әрекеттерінің нәтижелілігін қамтамасыз ететінін ескертеміз. Оқушылардың волейбол ойыны дәрісін нәтижелі ұйымдастырудың бір пайдалы- тиімді түрі арнайы бағытта өткізілетін тәжірибе дәрісі болып былады. Бұл кезеңде ойын-жаттығу барысында жан-жақты дамыту жаттығуларын тиімді пайдалану арқылы талапқа сәйкес тәжірибелер жинақталады, шеберліктері арттыратын жалпы спорттық жаттығулар түрінде өз беттерінше тандауғ мүмкіншілік алады.

Дене тәрбиесі мұғалімдері болашақ волейболшылар дайындаудың алғашқы бесігі мектептегі дене тәрбиесі дәрісі екендігін назардан тыс қалдырмауы қажеттілік демекпіз, себебі тек дамудың осы кезеңінде төмендегілердей сапалық өлшемдер бар. Олар: теориялық жәңе әдістемелік білімдерді, айла-әдіс шеберлік деңгейін қамтитын бағдарламалық материалдарды меңгеру дәрежелері, дене шынықтыру, салауатты өмір салтын баянды ету.

Ойынның әдіс-тәсілдері бойынша допты ойынға қосу, допты беру және қабылдау, шабуылшының соққылары, тосқауыл қою әдістері көрсетіліп, жаттығудың орындалу техникалары толық түсіндіріледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет