Зерттеу нысаны:Арнайы мектептегі бірінші сыныптағы оқу үрдісі.
Зерттеу пәні: Зияты зақымдалған балаларды сауаттылыққа дайындау.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер, арнайы мектеп оқушыларының сауат ашуға дайындаудың ерекшеліктері айқындалса, онда ерекшеліктеріне қарай сауат ашу әдістемесін тәжірибелік жұмыс барысында қолдануға болады.
Зерттеу мақсаты: Зияты зақымдалған балаларды сауат ашуға дайындаудың ерекшеліктерін зерттеу, анықтау.
Зерттеу жұмыстарының мақсатына сәйкес мынадай міндеттер қойылды:
1.Зерттеу тақырыбы бойынша зияты зақымдалған балаларды сауат ашуға дайындау ерекшеліктері туралы арнайы әдебиеттерге шолу.
2.Анықтаушы эксперимент барысында зияты зақымдалған оқушылардың фонематикалық есту қабілетінің ерекшеліктерін зерттеу.
3.Мұғалімдерге, логопедтерге және ата - аналарға әдістемелік ұсыныстар беру.
Зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негіздері: Арнайы психологиялық және педагогикалық үрдіс теориясы зияты зақымдалған тұлғаның дамуындағы ақыл-ойы мен іс-әрекетінің бірлігі, сауат ашу кезеңі туралы ілімдер және белгілі дефектологтардың, ғалымдардың әдіскерлердің көзқарастары.
Зерттеу әдістері: Жалпы және арнайы педагогикалық, психологиялық, методикалық әдебиеттерге талдау; мұғалімдердің іс-тәжірибесін бақылау; педагогикалық эксперимент жүргізу.
Зерттеудің базасы: Анықтаушы және бақылау эксперимент №7 мектеп-интернатында жүргізілді. Экспериментке(дайындық сыныптағы) 10 оқушы және 1 сыныптағы 12 оқушы қатысты.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: Зерттеу нәтижесінде оқушылардың қабілеттерінің ерекшеліктерін ескере отырып, қолданылған әдістемелерді,жасалған тұжырымдарды, арнайы психологтар мен педагогтардың, өзекті мұғалімдердің тәжірибелерін қолдануға болады.
Зерттеу кезеңдері:
Бірінші кезеңде (2015 жыл; қыркүйек-желтоқсан) зерттеу тақырыбы анықталып және арнайы психологиялық, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттер зерттелініп, талдау жасалынды, ғылыми аппараты анықталды.
Екінші кезеңде (2016 жыл; қаңтар-сәуір) анықтаушы және қалыптастырушы эксперимент жұмысы жүргізілді. Жүргізілген тәжірибе жұмысының нәтижелері жүйеге келтірілді, алынған деректер есептелініп, кестелер талданылды және де қортындыланды. Димломдық жұмыстың әдебиеттері жүйеленді.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе: Зерттеу жұмысының өзектілігі, зерттеу нысаны, пәні, мақсаты, міндеттері, ғылыми болжамы, зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негіздері, әдістері, базасы, практикалық маңыздылығы, жұмыстың құрылымы көрсетілген.
Бірінші тарауда«Жалпы мектептегі сауат ашу және тіл дамыту әдістемесі».
Екінші тарауда«Зияты зақымдалған балаларды сауаттылыққа дайындау кезеңі» бұл кезеңде сауат ашу кезеңдерінің мазмұны мен әдістері және тәсілдері жүйеленіп, эксперимент барысында дәлелденген.
Қорытындыда зерттеу жұмысының нәтижесіне сүйене отырып, дефектолог-мұғалімдерге бірінші сыныптың оқушыларына жекелеп және топтап оқытуға байланысты әдістемелік және практикалық ұсыныстар жасалып жүйеленді.
Достарыңызбен бөлісу: |