Реферат Тақырыбы: Зоонозды аурулар: бруцеллез,сіреспе Факультет: Жалпы медицина Группа: 205 А



бет2/6
Дата07.02.2022
өлшемі88,11 Kb.
#95554
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Қалқанбай А мб 10прак

Резистенттілігі: олар қоршаған ортада жоғары тұрақтылыққа ие, ылғалды топырақта және суда екі-үш айға дейін, 11-130С температурада 4.5 ай ақпайтын суларда 3 ай, сүтте 273 күн, майда 142 күн, ірімшікте 1 жыл, айранда 11 күн сақталады. Бірақ олар жоғары температураға сезімтал болып келеді. Сонымен қоса, бруцеллалар әр түрлі химиялық дезенфектанттарға сезімтал.
Постинфекционды иммунитет. Ұзақ, мықты, бірақ қайталануы мүмкін. Иммунитеті қиылысқан Т-лимфоциттер мен макрофактарға байланысты иммунитеті бар адамдар мен жануарларды фагоцитозы аяқталған болып келеді.
Бруцеллалар ұқсас морфологиялық, тинкториальды және дақылдық қасиеттерге ие болады. Олар ұсақ грам теріс кокктар тәрізді д 0.5-0.7 мкм және ұзындығы 0.6-1.5 мкм жасушалар болып табылады, олар ретсіз, кейде жұптасып орналасады, талшықтары жоқ, капсула мен спора түзбейді. Бруцеллалар аэробтар немесе микроаэрофильдер болып табылады, анаэробты жағдайларда өспейді. Өсудің температуралық оптимумы 36-370С рН 7-7,2 қарапайым орталарда жақсы өседі, бірақ сарысу мен қан қосу кезінде жақсы өседі. Ұсынылатын орталар сарысу 5%, глюкоза қосылған қоректік агар 5% сарысу қосылған картоп тұнбасы негізінде жасалынған агар, қанды агар, ЕПС. В. Аbortus-тың ерекшелігі атмосфералық өсу ортасында СО2 ге қажетілігінің болуы. Бруцеллалардың коллониялары түссіз, төмпешіктелген, дөңгелек S формалы немесе кедір-бұдырлы-R формалы, басында нәзік және мөлдір өсуімен бұлаңғыра түседі. В ovis, B. Canis, В. Suis коллониялары әрқашанда R формалы болады. Бруцеллалардың сұйық ортада өсуі бір қалыпты бұлыңғырлануына әкеледі. Бруцеллалардың өсуіне тиамин биотин ниацин керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет