Реферат тақырыбы:«Шаңғы спорты»



бет4/4
Дата22.12.2023
өлшемі36,2 Kb.
#198526
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
Ðåôåðàò òà?ûðûáû «Øà??û ñïîðòû»

шаңғы туризмі. Ол елімізде жыл өткен сайын кең қанат жайып, дамып келеді.Шаңғы және таулы аймақтғы шаңғы тебу тәсілін жіті меңгеру қажеттігі, жұқа, қалың қарларда жүрудің қиындығы кейбір қауіптің бары (температураның төмендігі, боран және т.б.) саяхатқа қатысушыларға дене тәрбиесі мәдениеті талаптарын арттыруды жүктейді.Шаңғымен саяхат жорығы кей қиындықтарға қарамастан өзінің қайталанбас тамашалығымен есте қалып, оған қатысушылардың дене құрылысын шынықтыруда зор маңызға ие болады.Шаңғы туризмі қыс кезінде,белгілі бір қар жамылғысының қалыңдығына байланысты өткізілетін,өзіндік ерекшеліктеріне байланысты құрал-жабдықтары (примус,пеш,шаңғы т.б.) және қонақ жайлары (бивуак,қар үйшіктері,тұрғын мекен жайлар т.б.) бар жорықтарға байланысты жұмыстар тобы.Климаттың,ауа-райының әр түрлі жағдайында жорықтар өткізіледі.Шаңғы туризмі бойынша жорықтар жазықжерлерде және таулы аудандарда қар жамылғысы тұрақты аймақтарда таралған.
Шаңғы туризміне қатысушылардың басты кедергілері: қар жауып тұрған кездегі қозғалыс (әсіресе қары борпылдақ, жұмсақ ормандарда), биік, ұйлыға өскен бұталар, мұзы жақсы қатпаған өзендер, жоғары немесе төмен түсуге мәжбүр ететін биік қия,жоталар.
Шаңғы жорықтары кезінде қатысушылардың физикалық дайындығы мен жасына байланысты түсетін күштің сәйкес келу қажеттілігін есте сақтау қажет. Ересек туристер үшін күндізгі жүру күніне 25-30км құрайды. Бұндай жүруді жаттыққан топ аса күш жұмсаусыз, үнемі жаттығусыз орындайды, әсіресе, көпкүнді жорықтарда, бұндай жолды жүру қиын.Мектеп оқушыларымен жорықтарды ұйымдастыру кезінде дала жағдайында түнеуді жоспарлауға рұқсат етілмейді. Жаңадан үйреніп жүрген ересек адамдар үшін де бұндай түнеуді ұйымдастырмаған дұрыс болады.
Пайдаланылған әдебиеттер:

  • Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь"

  • Қысқы Азия ойындары. Уикипедия.

  • Уикипедия. Қысқы Азия ойындары 2011. Азиада Қазақстан.

  • Қазақ энциклопедиясы

  • «Туризмнің белсенді түрлерінің әдіс-тәсілдерінің негіздері» пәні бойынша 050902 «Туризм» мамандығына арналған оқу құралы/ С.Аманжолов атындағы шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті Экономика және қаржы факультеті «Менеджмент және маркетинг» кафедрасы – Өскемен,2007.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет