Реферат тақырып: Қазақстанның географиялық зерттелу тарихы. Орындаған: Дүйсенбек Бауыржан



бет1/3
Дата07.02.2022
өлшемі31,3 Kb.
#92837
түріРеферат
  1   2   3
Байланысты:
Қазақ жерінің зерттелу тарихы


Қазақ ұлттық педогогикалық университеті
Жаратылстану география факультеті
6B01516-география тарих

РЕФЕРАТ
Тақырып: Қазақстанның географиялық зерттелу тарихы.




Орындаған: Дүйсенбек Бауыржан
Тексерген:Нұржанат Дәлелқызы
Жоспар

1.Кіріспе

2.Алғашқы зерттеулер

3.1920 жылға дейінгі зерттеулер және ғалымдардың еібектері

4.1920 жылдан кейінгі зерттеулер.

5.Қорытынды
Кіріспе

Қазақстан жерінің зерттеу тарихы өте ұзақ және әріден, адам баласы мәдениеті дамуының ежелгі кезеңінен басталады. Мұның басты екі себебі бар. Біріншіден қазақ жері Еуразияның орта тұсында – Еуропа мен Азия елдерінің бір-бірімен тығыз қарым-қатынас жасаған жолдарының торабында орналасқан. Солтүстік Орал тауларымен, ал оңтүстігінде Арал, Каспий су айдындарымен шектелген жалпақ дала өңірін бойлап халықтардың талай ұлы көштері өткендігін тарихтан білеміз. Дені шығыстан батысқа қарай бағытталған бұл ұлы көші-қон Еуропаның, соның ішінде әсіресе Ресейдің тағдырына үлкен ықпал жасағаны белгілі. Қазақ жері талай ғасыр әлемдік маңызы бар құрлық керуен жолдарының үстінде жатты. Тағы осы кең «қақпа» арқылы батыс пен шығыс елдері бір-бірімен елшілік қарым-қатынас жүргізіп отырды.
Екіншіден, кең-байтақ даланы қоныстанған көшпенді ел тауар өткізетін қолайлы аймақ, ал оның жер байлығы арзан шикізат көзі ретінде әруақытта көрші назарын өзіне аударды.
Түрлі кезеңдерде Қазақстан жерін зерттеудің сипаты мен ерекшеліктері зерттеу жүргізген елдің әлеуметтік-экономикалық дәрежесіне тығыз байланысты болды. Сондықтан Қазақстанды географиялық зерттеу тарихын дәуірлеу ең алдымен жалпы тарихи дәуірлерге бөлуге негізделді. Сонымен бірге әр кезеңдегі зерттеу сипатының ерекшеліктері де есепке алынды. Осы негізде Қазақстан табиғатын зерттеу тарихи төрт дәуірге бөлуге болады.
I-дәуір Ежелгі заманнан XVIII ғ. 30-жылдарға дейінгі аралықты қамтиды.
Бұл кезеңде арнайы географиялық ғылыми-зерттеул жұмыстары жүргізілмеген, тек табиғат нысандары жайында үзік-үзік қарапайым деректер саудагерлер мен елшілердің кездейсоқ саяхаттары нәтижесінде жинақталған. Осыған орай Қазақстан табиғаты және оны жайлаған халықтар туралы алғашқы жазба деректер ежелгі Грек және Рим ғалымдарының еңбектерінде-ақ кездесе бастайды. Мәселен, Геродот(б.з.б. V ғ.) Каспий теңізінің тұйық алап екендігін, одан шығысқа қарай созылып кететін кең байтақ жазықты массагеттер мекендейтінін баяндайды. Сонымен қатар ол өз еңбегңнде тұңғыш рет Волга (Оар) және Жайық (Лик) өзендері туралы көмескі мағлұматтар келтіреді. Грек ғалымы бұл деректерді Қара теңіз маңына барып қайтқан саяхатының скифтерден естіген әңгімелерінен алған. Әрине, тікелей өз көзімен көрмегендіктен саяхатшылардың әңгңмелерінде шындық пен болжам араласып жүруі заңды құбылыс.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет