Реферат
Тақырып: Философия және өнер
Жоспар:
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
Эстетикалық өнер
Күй өнерінің мәдени –философиялық мәні
Әл-Фарабидың музыканың улкен кітабы
Философия мен өнер ұштастықтары
III Қорытынды
IV Әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Өнер адамзат өмірқамының ең ертедегі формаларының бірі болып табылады. Алайда бүгінде өмірдің дәстүрлі түсінігі қайта қарастыруды қажет етеді. Өйткені өнер еңбектің, моральдың, діннің қызмет етуін қамтамасыз ететін әрекет түрлерінен жоғары тұрады. Сондықтан да, ең алдымен, өнердің нені білдіретінін ұғынып алу қажет. Профессор Б.Ғ. Нұржанов өз еңбегінде өнер терминінің қазіргі тілде екі мағынада-кең және тар мағыналарында қолданылатынын айтады. Өзінің кең мағынасында өнер адамның барша шығырмашылық жасампаз әрекетін білдіреді және бұл мағынада өндіріс те, тіпті дін де өнер формалары ғана болып табылады. Әсіресе осы мағынасында ол ежелгі грек тілінде көбірек қолданылады: орыстың «искусство» деген терминінен аударылатын «poiesis» сөзі ежелгі гректерде «білім», «туынды », «сана» ұғымдарын да білдіреді. Адам әрекетімен байланысты және осы әрекетінің өнімі болып табылатын барлық нәрселер «poiesisia»- адамзат саласына жатқызылады және ол адамзат жаратпаған табиғи салаға – « physis’y» қарсы қойылады. Өзінің тар мағынасында өнер әр түрлі формалардағы көркем шығармашылық нәтижелері , үдерістері (бейнелеу өнері, музыка, поэзия және т.б ) болып табылады. Дәл осы мағынасы қазіргі әлемде негізгі болып табылады және біз де оны осы мәнде қарастыра отырып, философия мен өнер арасындағы ұштастықтар мен айырмашылықтарды көрсетемін.
Негізгі бөлім
Эстетикалық өнер
Эстетикалық мәдениет— өзінің көпқабаттылығынмен сипатталатын күрделегі құрылым. Қандай да болмасын қоғамның эстетикалық мәдениетінің ілгерілмелі дамуы әлеуметтік прогрестің маңызды белгісі болып табылады. Өз консерватизмімен ерекшелетін кейбір дәстүрлі мәдениеттердің өмір сүруінің өзі тоқырау белгісін көрсетеді. Мұндай мәдениеттер, әдетте, декоративті формаларды, қолөнер бұйымдарын, ғұрыптық, көркем безендіруді, тұрғын үй интерьерін және т.б. кеңейтілген түрінде түрінде емес, жай ғана қайта өңдіріп қоюмен шектеледі. Мәдиеттануда соңғы жылдары мәдениеттің белгілі бір құбылысы мен көріністерін рухани немесе материалдық мәдениет салаларына жатқызу өлшемі деген мәселеге байланысты пікірталас толастамай келеді. Біздің ойымызша, эстетикалық мәдениетке де, рухани мәдениетке де қатысты нәрселерді енгізеді. Бұл мағынада эстетикалық мәдениеттің универсалдылығы айдан анық.. Эстетикалық мәдениет қабаттары көп жағдайда субьекттің рухани күш-жігерін пайдалану негізінде де, әрекеттің практикалық тәжірибесін, шеьерлігін игеру нәтижесінде де құралады. Оның үстіне эстетикалық құндылықтарды қалыптастыру құралдарды, құрылғыларды және т.б . талап етуі мүмкін.
Тіпті музыкат немесе суретші өз ойын жеткізу үшін техникалық құралдарға жүгінеді. Адам өнері мен талантты шығарма тудыру сәтінде не нәрсенің мәнді рөл атқаратынын білу маңызды. Бұл үшін дарындылық пен эстетикалық сұңғылалық қажеттігі айдан анық. Алайда, эстетикалық мәдениет құбылысының рухани немесе материалдық мәдениет саласына жататындығын анықтағанда , ең алдымен, бұл құбылыстың бір рет табылған шешімді немесе шаблонды қайта көшіруі емес, әсресе оның қаншалықты мөлшерде нағыз шығармашылықты білдіретіндігіне көңіл аудару қажет.
Өнер адамзат өмірқамының ең ертедегі формаларының бірі болып табылады. Алайда бүгінде өмірдің дәстүрлі түсінігі қайта қарастыруды қажет етеді. Өйткені өнер еңбектің, моральдың, діннің қызмет етуін қамтамасыз ететін әрекет түрлерінен жоғары тұрады. Сондықтан да, ең алдымен, өнердің нені білдіретінін ұғынып алу қажет.
Профессор Б.Ғ. Нұржанов өз еңбегінде өнер терминінің қазіргі тілде екі мағынада –кең және тар мағыналарында қолданылатынын айтады. Жекеленген ғылымдар мен рухани, практикалық әрекет салалары әлемнің әр түрлі қырларын игереді, тұлғаның белгілі бір қырлары қалыптасуына жағдай жасайды және соған сәйкес белгілі бір мәдени құндылықтар қалыптастырады. Өнер болса, ол әлемді өз тұтастығында қабылдау кепілі, адамзаттың өмірлік тәжірибесі мен мәдениеті тұтастығын сақтаушы. Өнердің бұл бүкіләлемдік тарихи мақсаты адамзат дамуының барлық кезеңдері үшін қажеттілігі мен құндылығын қамтамасыз ететін оның фолифункционалдылығын тудырады. Алайда дамыған қоғамдық жүйелерде көркем шығармашылықтың барша қызметтерінің дерлік өз дублерлері бар:өнер-бұл таным, алайда әлемді танытатын ғылым да бар; өнер-тәрбие, бірақ бұл мәселемен айналысатын педагргика да бар; өнер-тіл және ақпарат құралы, бірақ онымен қатар табиғи тіл мен ақпарат құралдары да өмір сүреді; өнер- әрекет, бірақ еңбек -әлемді өзгертуші адамның әрекеттік мәні көрінісінің ең басты формасы. Алайда өнер адам әрекетінің бірде-бір формасын алмастыра алмайды, көркемдік әрекеттік ерекше үлгілейді. Бұл ерекшелікті түсінудің кілті ешнәрсені де көшірумен айналыспайтын, көркемдік әрекеттік ерекше пререгативасы болып табылатын өнердің эстетикалық және гедонистік функцияларында.
Өнер қоғамдық адамның нақты өмірлік тәжірибесін тереңдету, кеңейту үшін өмірді өз тұтастығында қайта қалыптастырады. Ол-адам өмірқамының бейнелік үлгісі. Өнер тұлғаны өзінің бүкіл көпқырлылығында және көркемдік тәжірибесімен өзара әрекеттесе отырып, адам әрекеті мен санасының барлық құрылымында әсер етеді. Көркемдік шығармашылықта диалектикалық өзара әрекет барысында бейнелік ойлау құрылымын айқындайтын тұлға ұлт-адамзат сияқты әлеуметтік бастаулар қиылысады. Өнер тұлғалық формаға көркемдік идеяларды еге отырып, өз аудиториясына оқырмандарды, көрермендерді, тыңдармандарды тартады. Және осыдан көркемдік идеялардың инвариантты көпшілігі туындайды: бір ғана көркем идея әркім де әр түрлі қабылданады. Ғылымда идеяларды иеленудің деңгейі ғана әр түрлі. Өнерде болма иеленудің деңгейі де, мазмұны да әр түрлі: көркем шығармада берілген әлеуметтік-тарихи тәжірибені адам өзінің индивидуалдық санасына көшіреді, нәтижесінде көтерілген мәселелер мен шындыққа деген оның тұлғалық қатынасы қалыптасады. Өнерде тек суреткер тұлғасы ғана талқыланбайды. Шығармада адамдардың жалпы бұқарасы үшін маңызды, қажетті, тұрақты, нәрселерді бейнелей отырып , суреткер оған формалық тұлға береді, яғни әлемді өзі арқылы ашады.
Осылайша ,ол халықты өзінің өмірлік тәжірибесін иеленуге мәжбүрлейді. Өнердің ұлттық ерекшелігі автордың көркемдік ойлау ерекшелігінен көрінеді. Өнердің төлтумалылығы ашу кілті де осында.
Ақындар, суретшілер,музыканттар, философтар табиғаттан үйлесімділік іздейді. Және үйлесімділіктегі, ырғақтағы, мақсатылықтағы, заңдылық көрінісіндегі эстетикалық құндылықты теріске шығаруға болмайды. Мәселе оның нені білдіретіндігінде. Үйлесімділік бұл-алуантүрліліктің тұтастығы, өінше құндылық еме,с, тек адамға қатынасында ғана құндылық. Табиғаттың өзінде үйлесілімдік те, ырғақ та, тепе-теңділік те заңды өмір сүреді. Алайда мұның барлығының құндылығы, яғни адам үшін маңыздылығы –бұл адамзат мәдениетінің құбылысы.
Өнер өзінің нақты түрлерінде өмір сүреді: әдебиет, театр, кескіндеу, мүсін, би, ән, графика, сәулет қолданбалы және декоративті өнер, цирк, көркем фотогафия, кино, теледидар. Өнердің түрлерге бөліну принципі-шындықтың эстетикалық байлығына сүйенетін, әлемді көркемдік игеру саласындағы адамның қоғамдық практикасы типтерінің алуан түрлілігі. Адамзаттың әлемдік-тарихи практикасының негізінде, адамдардың еңбек әрекеті үдерісінде дамзат рухының байлығы қалыптасты, адамның эстетикалық сезімдері, оның әуезді құлағы, форма сұлулығын көретін көзі, сұлулықпен шабыттану қабілеттері дамыды.
Сазгер табиғат картинасын естіп қабылдайды, ал суретші сол картинаны дыбыспен емес, көз жанарымен қабылдайды, формалар сұлулығынан, желілер ,жарық пен көлеңке ойынынан ләззәт алады.
Өнердің дамуы үшін оның әрқайсысы өз ерекшеліктеріне орай бөлінуімен қатар, әрқайсысы өз қайталанбастығымен дараланатын музалардың өзара әрекеті де маңызды ықпал етеді. Өнер түрлерінің бірігуге, қосылуға жақындығына қарамастан, олар осы өздерінің айрықша ерекшеліктерін сақтай отырып, адамзаттың көркемдік мәдениетіне, әлемдік эстетикалық игілікке жаңа, өзгеше үлестерін қосып отырады.
Қолданбалы өнер Көркем шығармашылықтың ең ежелгі және қазіргі күні де дамып отырған түрлерінің бірі- қолданбалы өнер. Қолданбалы өнер түындылары өзінің қайталанбас индивидуалдылығымен ерекше көзге түседі. Бұл оны жаратушы- суретшінің, қолөнершінің бүкіл тұлғасы мен талантын сақтап қалатын уникалды туындылар.
Сәулет өнері. (архитектура). Адам еңбек құралын даярлауды үйренгеннен кейін, енді оның тұрағы үңгір немесе ұя емес, эстетикалық кейіпке келген мақсатты құрылыс болды. Құрылыс сәулет өнеріні айналады. Архитектура-адамның тұрғын үйге және қоғамдық орынға деген қажеттілігін өтеуге негізделген ғимараттар мен құрылыстарды салу барысында шындықтың сұлу заңы бойынша қалыптасуы.
Кескіндеу өнері. Кескіндеу өнердің ең ежелгі түрлерінің біріне жатады. Қазіргі түсінігінде жазудың бір түрі ретінде қарастырылады. Өзінің не істегенін жазуға талпыну, графикалық түрде көрсетуге ұмтылу адамға әуел бастан-ақ тән.
Мүсін өнері. Мүсін өнері-құбылыстардың өмірлік бейнесін бере алатын, матеиалдарда таңбаланатын, әлемді пластикалық образдар арқылы игеретін кеңістіктік –бейнелеуші өнер. Адам –мүсін өнерінің жалғыз болмағынымен, ең басты обьекті.
Әдебиет. Әдебиет әлемді көркем сөзбен игереді. Оның саласына табиғи және қоғамдық құбылыстар, ірі әлеуметтік катализмдер, халық бұқарасының қозғалыстары, тұлғаның рухани өмірі, сезімдері енеді. Барлық адамзаттық тілмен байланысты және тілге қатысты барша нәрсе адамға тән.
Театр — әлемді драмалық әрекет арқылы көркемдік тұрғыда игеретін, оны актерлер көрерменнің көз алдында жүзеге асыратын өнер түрі. Театрдың негізі-драматургия. Сонымен қатар ол өз құрамына кескіндеме, мүсін өнерін, кейде сәулет, сән өнерін, кейде кино, музыка, би өнерлерін де енгізеді. Театр өнерінің синтетикалылығы оның ұжымдық сипатымен анықталады: спектакльде драматургтың, суретшінің, сазгердің, актердің шығармашылық күш-жігерлері біріктіріледі.Театрдағы көркемдік бейненің «құрылыс материалы»-тірі адам, актер. Драмтург пен режиссердің ойы актер ақылы жүзеге асады.
Өнерде образ өзінің жеке қасиетінде көпшіліктің белгісі мен сапасын білдіреді.
Орта Азия халықтарының ежелгі және орта ғасыр кезеңіндегі музыкалық мәдениетінің тек қана тәжірибе жүзінде ғана емес, ғылыми жетістіктерге қол жеткізді. Наво, парда, рах, кавлхусрави және сол секілді кәсіптік музыканың ежелгі түрлері алғашқы фольклорлы синкретизмнен алшақтап, негізгі музыкалық бастама ретінде қалыптаса бастады.
Орта Азия халықтарының исламға дейінгі кезеңіндегі музыка ғылымы жөнінде жазылған толық жеткен мәліметтер аз болғанымен, өнердің бұл түрі белгілі бір деңгейге дейін көтерілгені туралы дәлелдер бар. Беруни: « Араб әскер басы Кутейба ибн Муслим хорезмдік жазушыларды өлтіріп, көптеген кітаптары мен еңбектерін өртеп,хорезмдіктерді жазуға тыйым салған. Мүмкін олар үшін бұл тиімді болған шығар»,-деп айтқан
Арабтардың алғашқы династиялары Омейядтар мен Аббасидтер кезінде музыка жөнінде музыка саласын жетік меңгерген устадтар араб тілінде жазып қалдырған. Атап айтсақ, Мансур залзал , Якя әл-Макки, Ибрахим Маусили , Исхак маусили, сонымен қатар аджамнан араб емес халық шыққан белгілі теоретиктер болды. Орта Азия елдері де өздерінің мәдени дәстүрінің дамуына, соның ішінде музыкаға улкен мән берді.
Орта және Таяу Шығыс елдеріндегі музыка ғылымының негізін салушылардың бірі — Әбу Насыр әл-Фараби. Өз заманының көрнекті тұлғасының бірі және ғылымның әр түрлі саласының дамуына улес қосқан ғалым.
А.Көбесов өз еңбегінде, грек музыкасының басын құрастырып, жинап-теріп , олардың музыкалық ғылымын жаңа жағдайда, жаңа заманға лайықты дамытушылар: әл-Канди, Фараби, ӘбуӘли ибн Сина болды. Бұлардың арасында Фарабидің музыка теориясын дамытудағы алатын орны ерекше деп атап өткен. Көптеген мәліметтерге сүйенсек, ғұлама әр түрлі музыкалық аспаптарда да шебер орындап, тамаша ән салғаны жөнінде айтады. Оның музыкалық шығармалары замандастарының арасында да танымал болды. Әл-Фараби Орта Азия, Иран және көптеген араб елдерінің мәдениетімен таныс болған. Өмірінің соңғы жылдарында ол Алеппода Сайфул-даула Хамдамид өнерге улкен мән берген. Осы уақыттың өзінде Фарабидің музыкалық қабілеті мен орындаушылық шеберлігі жөнінде әр түрлі аңыздар да айтылып жүрді. Мысалға алатын болсақ, Дамаскіде Сайфул –даула ұйымдастырған мәжілісінде Фараби бәрін өзінің жан-жақты білімімен таңқалдырды. Мәжіліс аяқталған соң басшы музыканттарды залға шақырып, музыка жөнінде әңгімеге тартады. Сонда әл-Фараби де өз білімін ортаға салғанын көрген Сайфул- даула таң қалып, оның гипжакта орындауын сұрайды.
Тағы да айтатын болсақ, Фараби бір күні Рейге уәзір Сахиб Аббадты күтіп алуға келгенде, оның қарапайым киінгендігі сонша, оны ешкім танымайды. Көп күткен Фараби сөмкесінен бір таяқтарды алып, одан музыкалық аспап гпижакқа ұқсап шығы келді жасап әр түрлі мелодиялар ойнай бастайды.Алғашқы ойнаған мелодиясы өте көңілді, екіншісі қайғылы болса, үшіншісі ұйықтап қалады. Фараби гипжакқа: «Сізге әл-Фараби келіп кетті»,-деп жазып кетеді. Сонда уәзір барлық музыканттарды жинап, гипжакқа жазған адаида іздейді. Иесін таппаған соң « Игіліктің сырын енді тапқанда , оның жоғалып кеткенің білесің» деген екен
Өнер біткеннің бәріне жаратылысынан бейім адамның болуы шындыққа сыймайтыны сияқты, ізгілікке, этикалыққа және интеллектуалдыққа – бәріне жаратылысынан толық бейім адамның болуы шындыққа сыймайды, ол мумкін емес. Дәл сол сияқты кемшілік біткеннің бәріне жаратылысынан бейім адамның болуы да шындыққа сыймайды және мумкін емес. Бұл жағдайлардың кеуіле мумкін емес. Көбінесе, әрбір ізгілік іске немесе бірнеше ізгілерге , не болмасабелгілі бір өнерге немесе бірнеше өнерге бейім болады, сөйтіп біреу бір ізгі іске немесе өнерге, екінші біреу екіншісіне, үшінші біреу үшіншісіне бейім келеді.
Кейбір деректерге қарағанда , оның шығарған музыкалық әндері осы күні Иран, Ирак, Туркия және тағы басқа да Шығыс елдерінде орындалады. Оның өзі жасаған Канун, Уд, Қыпшақ деп аталатын аспаптары болған сияқты. Фараби музыка теориясына арнап бірнеше еңьек жазған: Музыканың улкен кітабы, Музыка жайлы талдау, Ырғақтардың классификациясы. Бұдан басқа Ғылымдардың шығуы, Ғылымдардың энциклопедиясы атты туындыларында музыка ғылымын талдауға арналған жеке тараулары бар.
Әлемге танымал болған Фарабидің Музыканың улкен кітабы атты еңбегі кейінгі жазылған бірнеше ғалымдардың трактаттарының жинағы деген көзқарастар да бар. Музыканың улкен кітабының алғы сөзінде Фараби музыканың ежелгі заманғы ғалымдардың көзқарастарымен көбімен келісе алмайтынын, кейбір қателерін тапқанын, теориясының жағдайы мен сапасына өзінің қанағаттанбағандығын, яғни көңілі толмағандығын айтқан, онда айтылған барлық басқа өнерлер әсіресе , музыка өнері, толық түрде зерттелмегендігін жазады және пайымдалған немесе қабылданған пікірлердің көпшілігі мазмұны түсініксіз, олардың мазмұнының бір- бірімен байланысы жеткіліксіз болғандығын көрсетеді. Сонымен, көне музыка ғылымының пайда болуы мен даму процесін жоққа шығармай, Фараби олардың, яғни ежелгі заманғы ғылымдардың айтқандарының кемшіліктерін, көптеген шығармалардың жойылып кетуін және олардың араб тіліндегі аудармаларының дәл еместігін, яғни араб тіліне сай аударылмағандын түсіндіреді.
Ғалымның айтуынша, теориялық өнерде қалыптасқан жағдай оны өзінің кітабын жазуға талаптандырған. Фарабидің өткен зерттеулерден белгілеп алған басты мәселесі-ол музыка ғылымында өңделген, яғни бір қалыпты жүйеге келген әдіснаманың жоқтығы.
Әдіснама дегеніміз –жалпы ғылыми әдіс туралы немесе ғылымдардың әдісі туралы ілім. Әл-Фарабидің көзқарасы бойынша, бұл ғылым саласындағы барлық еңбектер өнерді танып-білетін жолды және сол жолиен ары қарай жүрудің амалдарын, яғни осы өнердің негізін түсіндіріп, мәлімдеп бере алмады. Берілген пайымдауда теорияны алдын ала түсініп, автор музыка ғылымын қарастыруға өзінің әдісі мен амал-тәсілдерін енгізу қажеттігін дәлелдеген.
Музыканың улкен кітабының мазмұнын сипаттай келе, Әбу Насыр әл- Фараби біз өзімізге қажетті тәсілді қандай да бір басқа әдіс-тәсіл деп есептемей келдік деп ерекшеленіп көрсетеді. Трактаттағы барлық кейінгі мазмұндамалар тек қана музыкалық –теориялық жүйені көрсетуге түсіндіруге арналған, онда сонымен бірге оның негізгі әдіс-тәсілдерінің дамуы да көрсетіледі. Ортағасырлық ғылыми дәстүрге сәйкес, мұнда бұл мәселе білім сұрауы ретінде тұжырымдалады. Оның мән-маңызы, жолы мен мақсаты ғалымның терең аспектілі әлемдік көзқарасына ықпал етіп, оны талқылау ғылыми-әдіснамалық тұрғыдан шығады. Әл-Фараби — өз еңбектерінде таным және әдіснама ғылымдарының сұрауларын терең зерттеген ең алғашқы араб-мұсылман философтарының бірі.
Музыканың үлкен кітабы атты еңбегі осы сұрақтардың өзгеше арнайы талқылануына қарамай, ең кең таралған еңбектерінің біріне жанады. Аталған кіріспе бөлімінде музыка ғылымының әдіснамалық мәселесі түріндегі білім тақырыбында шығарманң негізгі ішкі мағынысын қарастырып, оның әр түрлі тақырыптық бағыттарын топтастырып, біріктіріп, бір жерге жинастырады. Адамның таным қызметін, сонымен қатар олардың семантикалық бөліністерін сипаттайтын ұғымды, мағлұматты ұғындырып , трактаттағы бұл тақырыптың қажеттігін түсіндіреді. Теориялық оқудағы ең басты сауалды түсіндіруде білім музыка өнерінің мақсаты мен белгілі бір ерекше мағынасына ие болды. Сонымен, оны түсіндіруде, автор музыка теориясын зерттеуде өзінің әдіснамалық принциптерін логикалық талдау арқылы және эпистемологияны негізгі философиялық онтология түсініктерімен байланыстырып түсіндіріледі.
Осыған орай, музыка ғылымына 2 еңбек арнаған. Біріншісі-музыка ғылымының негіздеріне, екіншісі ежелгі авторлардың көзқарасына жасалған түсініктемелеріне арналған. Фарабидің бірінші кітабы екі бөлімнен: ғылымға кіріспеден және ғылымның өзінен тұрады. Кіріспенің өзі екі бөлімге бөлінеді, негізгі бөлім үш тараудан және әр тарау екі тараушадан құралған. Жалпы алғанда, кітап 12 тараудан тұрады.
Әл-фарабидің жазып кеткен екінші кітабы бізге жетпеген. Музыканың үлкен кітабының Музыкалық өнерге кіріспе деген бөлімі жеке бір трактат болып жазылған. Кейбір еуропалық ғалымдар, атап айтқанда Козегертен, Ланд, Триподо «бұл, мүмкін Фарабидің екінші кітабы шығар» дегеен пікірлер айтады. Зерттеушілердің пікірінше, «Музыканың үлкен кітабы»- саманидтік эмир Мансур ибн Нухтың өтінішімен жазылған энциклопедиялық еңбек «Екінші ілімнің » (Ат-Талим ас сани) бір бөлімі. « екінші ілімде » Аристотель философиясына түсініктемелер жасалған. Фарабидің көзінің тірісінде осы еңбегі үшін «Екінші ұстаз» дегн атақ берілген. Сонымен қатар, ғылым тәжірибесі музыка теориясы туралы осындай маңызды еңбекке мұқтаж болғандығына куәлік етеді. Музыка ғылымының қайнар көздері антикалық мұралармен тығыз байланысты.
Фараби заманауи музыкалық тәжірибеге ғана сүйенбеген. Өз еңбектерін Согда, Хорасан, араб елдерінің, үндістердің, римдіктердің, гректердің және тағы сол секілді халықтардың ежелгі музыка мәдениетіне де үлкен мән бере отырып жазған. Ол антика теоретиктері- пифагоршылдарға, Аристотельге,Птоломейге, Аристоксенге сілтеме жасап, мұсылмандық дәстүрге дейінгі аспсптар, музыканың түрі мен формалары жөнінде баян етеді.
Фараби музыка ілімін жасауда, сөз жоқ, ежелгі грек оқымыстыларының еңбектеріне сүйенеді. Алайда Фараби бұл авторлардың идеяларына сын көзбен қарап, логикалық сарапқа салып, ғылымның жаңа жетістіктері негізінде қайта талдап шығады, олардың дұрыс-бұрыс жерлерін дәл басады. Сондықтанда Фараби бұл салада гректердерден көп озық кеткен. Мәселен, ежелгі грек ғұламалары аспаптарды зерттеуді тіпті қолға алмаған. Ал Фараби музыкалық аспаптарды зерттеуді тыңнан бастап, математика және физиканы жетік білгені сонша , олардың музыка іліміндегі мүлт кеткен жерлерін дәл тауып түзетеді, дамытады. Мен тек музыка ғылымын бағалаушы емеспін, музыка өнерін де бағалаушымын, сондықтан ежелгі гректарге қарағанда, көп іс жасауыма мүмкіндігім болды»,-деп жазады Әбу Насыр
Ғұламаның музыка жөнінде жасаған мына тұжырымдарына тоқталсақ, « Мусика ғылымына кететін болсақ, бұл ғылым әуендердің түрлерін, әуендердің неден құралатынын, оны не үшін шығаратынын, бойға терең сіңіп, күштірек әсер етуі үшін бұлардың қандай болуы керек екенін зерттейді. Музыка туралы дегенде біз екі ғылымды түсінеміз:
1) музыкалық практика
2) музыка теориясы
музыкалық практиканың міндеті- табиғи немесе жасанды аспаптардан шығатын, құлақ арқылы қабылданатын әуендердің түрлерін іздестіру.
Табиғи аспаптар- бұл тамақ, кішкене тіл және тамақтағы басқа мүшелер,Содан соң-мұрын, жасанды аспаптар- мысалы , сыбызғы, лютня, және басқалары.
Музыкант- практик әуендерді, олардың тондарын және әдетте,музыкалық аспаптардан шығатын барлық үндерді біледі.
Музыка теориясы интеллекцияның пайымдау обьектісі ретінде музыка саласынан білім береді , әуендердің неден құралатындығы себептерінің бәрі келтіріледі. Музыка теориясы бұларды қандай аспап арқылы немесе қандай дене арқылы жүзеге асырылса да, жалпылама түрде қабылдайды.
Музыканың үлкен кітабы- формасы жағынан ерекше, логикалық бірізділікпен жазылған, бас-аяғы жинақы, мазмұны терең энциклопедиялық еңбек. Бұл еңбек тек Шығыста ғана емес, әлемдік деңгейде құнды еңбек болып саналады. Бұл шығарманы негізге ала отырып, көптеген ғұламалар, мысалы, Ибн Сина (980-1037) және оның замандастары мен кейінгі кезеңдегі авторлар-Дервиш Али Бухари, Сафиуддин Джурджани секілді ғалымдар өзінің музыкалық еңбектерін жазды. Ибн Синаның негізгі музыкалық еңбегі –Музыкалық ғылымдар жинағы Музыканың үлкен кітабының негізінде жазылған. Фарабидің еңбегіне ірі музыка теоретиктері Сафиуддин Урмави, Абдулкадир Мараги, Әбдірахман Жәми, ал XIX ғасырда Уаджид Алихан да Матла ал-улум уа маджма ал –фунун деген шығармасын жазуда сүйенеді.
Фарабидің Ғылымдар классификациясын XI ғасырдың өзінде монах Гульдисал латын тіліне аударып, оны барлық Еуропа елдеріне танымал етті. Әбу-Насырдың музыкалық теориялық еңбегіне деген үлкен қызығушылық танытқан үлкен толқын XIX ғасырда басталды десе болады. Оның музыка саласына арнап жазған шығармаларына көптеген шығыстанушы- ғалымдар үлкен мән берді. Мысалы, Вилоттоның Араб музыкасы (1826) Косегартен, Ланд, Кизеветтер, Сальвадор-Даниэль секілді ғалымдардың еңбектерінен Фарабиге жасаған сілтемелерді көруге болады.
1974 жылы Лейденде Ланд Араб музыкасы деген атпен Музыканың улкен кітабының тарауларынан аударылған аударманы жарыққа шығарды. Сондай-ақ, Фараби музыкасы Ресейде де Танымал болған . П.П. Сокальский музыка теориясының жалпы эволюциясына тоқталып өткен.
XX ғ. Еуропада Фарабидің музыкалық еңбектерін қарастыру үшін арнайы зерттеулер жүргізіледі.
1930 жылы Музыканың улкен кітабын бірінші рет толық түрде Рудольф д Эрландже француз тіліне аударып, жарыққа шығарады
Фарабидің музыкалық мұрасын Кеңес Одағы ғалымдары ішінен В.М. Беляев, И.Раджабова, Т. Вызго, Д. Рашидова, А.Джумаев секілді ғаламдар зерттеген болатын. Ғұламаның музыкалық-теориялық көзқарасы ғылымның философия және математика салаларында еңбек етушілердің, атап айтсақ, А.К. Көбесов, О. Матякубов, А.Х. Қасымжановтың еңбектерінде орын тапқан.
Жоғарыда айтылған көптеген зерттеулерге қарамастан, Фарабидің музыкалық мұрасын түсінуде көптеген мәселелер әлі де болса қала бермек. Ең маңыздыларын атап айтсақ, Фарабидің музыкалық –теориялық шығармасының дұрыс интерпретациясын, аудармасын жасау үшін әр түрлі салаларда: теория және музыкалық эстетикасын; музыка ырғағын, жанрларын, формаларын, музыка органологиясын толық түсіну үшін арнайы зерттеулер жүргізу керек екенін айтып кетсек артық болмас.
Бүгінгі таңда рухани мәдени дүниетанымды қалыптастыратын нақтылы да терең философиялық маңызы бар міндет.Рухани дүние мен мәдени таным негіздерінің байланысы адам баласының жан дүние байлығының терең де сергек ,сезімтал болып қалыптасуына көмектеседі. Рухани мәдени қалыпты өмірге алып келуде халықтың рухани мұра үлгілері бірден-бір қажетті құрал ретінде қолданылады. Күй өнері және оның мәдениеттанулық ерекшеліктерін «күй», «қоңыр», «саз-сарын», «ырғақ» ұғымдары шеңберінде жан-жақты талдау арқылы қарастырғанда ғана анықтай аламыз. Осы аталған ұғымдардың ішінде әсіресе «саз-сарын», «ырғақ» арақатынастарының негізінде мәдени таным түсінігі қалыптасып, мәдениеттанулық өлшемдер анықталады. Күй өнерін мәдени-философиялық тұрғыдан талдай отырып қажетті таным-түсініктер мен ой-пікірлерді зерделей пайдаланғанда, қажетті түйін-тұжырымдар жасап белгілі нәтижеге қол жеткізуге болады. Күй өнерін мәдениеттанулық тұрғыдан зерттеудің бағыт-бағдарының маңызын есте ұстай отырып, оны халықтың рухани құндылық дүниесі ретінде құрастыру көзделінеді: Біріншіден, халықтың өзімен өмір табалдырығын бірге аттаған мәдени-рухани дүниесі ретінде қарастырып, талай-талай асулардан шыңдала жеткен асыл қазынасы ретінде тану.
Екіншіден, өмірдің қилы-қилы кезеңдерінде тірек болған сүйеніші ретінде тану:
Үшіншіден; өмір суреттерін шынайы танытып бере алған өнері ретінде халық болмысына арқау болған құбылыс ретінде тану:
Төртіншіден, күй өнері мәдени-философиялық ойға, яғни халықтың таным түсініктеріне негіз болған үлгісі ретінде құрастыру көрсеіледі.
Күй-халықтың рухани өмірлік қажеттіліктерінің ерекше формасы. Күй өнері оны мәдениет-танулық ерекшелігі адам жанына ләззат беруімен ғана шектелмейтіндігіне де,ол адам болмысымен, өмірмен күндестігінде. Күй өнер ретінде адамдардың тұрмыс тіршілік қалыптарындағы қарым-қатынас құралы болуымен қатар әлеуметтік жағдайларды реттеушілікте қызметтері бар. Күй өнеріне байланысты айтылатын көзқарастар мәдени таным мәселесі күй сазының сезімдік табиғатына үңілдіредіде, ондағы айтпақ сырдың тереңіне бойлатылады. Сондықтан да күй рухани құндылық дүниесі ретінде жаныңды жай тапқызыдырар күмбірімен халыққа рух,жігер береді, әріділдік қасиеті қалыптастыратын құбылыс ретінде қымбат. Қандай жағдайда болмасын күй өнері –халықтың өткен өмір жолдарының шежіресі ретінде халықтың өмір сү.рі қалыптарына арқау бола білген құбылыс. Қазіргі кезде қазақ халқының өзін-өзі тану сияқты маңызды мәселелеріне, атап айтқанда мәдени, рухани байлығына мән берілмей отырғаны аян. Оған бүгінгі таңдағы халыптасып отырған ұлттық құндылықтар мен батыстан келген құндылықтардың ар-қатынасын айтуға болады. Сондықтан да бізге өзімізді
ұлт ретінде сақтап қалу үрдісінде ертеден қалыптасқан озық үлгілі рухани,мәдени байлықтарымызды ұлттық құндылықтар ретінде танытыпқарастырған абзал. Қазіргі таңда ұлттық мәдени мұраларға ерекше ықылас қалыптастыруды алдымызда тұрған мақсат, міндет ретінде
түсініп,халықтың өзіндік қадір қасиетін танытатын түсініктер мен көзқарастарды қалыптастырып, халық болмысының құндылық негізін нығайту жауапкершілігі тұр. Әр уақытта халық қалыптастырған руханидүниеге негізделген мәдени мұрамен қаруланып соған арқа сүйеген дұрыс. Себебі бұл дүниенің шынайылығына деген сеніміміз мол.Сондықтан да күй өнері мәдени құндылық ретінде қымбат.
Дүние тіршілік,біртұтас ғарыштық жүйеге, ырғаққа бағынады. Тәңірінің жаратуымен биосфера –Жер планетасының генофонды бар, әрбір тірі, жанды, жансыз табиғаттың бір-бірімен құпия жалғасқан өз ұшы бар. Жалғасып, үйлесіп негізгі жүйені құрайды. Адам баласына керек дүниенің барлығы біртұтас жүйеге негізделген табиғи қызметімен орайласып жатады. Адамның табиғи өрісі –қоңырға, сол табиғаттағы өскендердің заңы бойынша анықталады.Сол табиғилық адам тіршілігіне ықпал етеді. Ал адамның да табиғат өрісіне, қоршаған ортасына әсері де зор. Ол табиғи өріске зиян келтірмейтіндей сол заңдылықтарды ұстана өмір сүргенде ғана үйлесімділік ырғағы орнығып, ұлы табиғат өрісі –қоңырдың табиғи айналымы қуаттады. Дүниенің күн нұрында өсіп өркендеуі, сылдыраған бұлағы, өзен суы барлығы күй өнерінде біртұтас дүние екені шертіледі, әрі оны поэзиядан бастап қуаттайды. Осыған орай халықтың саз өнері және оның тылсымдық қуат-қарымы жөнінде айтылған дүниелер аз емес, соның бірі «Қоңыр» ұғымымен байланысты . Қоңыр ұғымы тек бояц түрін ғана анықтамайды. «Қоңыр ұғымы дүние –тіршіліктің де қыр-сырын ұғындырып, оның мәдени-философиялық мәнінің терең екендігіне көз жеткізеді. Ақын Біләлов Оралтайдың қоңыр сөзіне қатысты концепциясы: «Ұлттық ділдің өзіндік жүйесі бар. Ол жүйе халықтың ұлттық рухани-энергетикалық-эгрогорлық өрісінің аясында пайда болады. Рухани-энергетикалық өріс халықтың ел болып, тарих сахнасына шығуына біраз бұрын халықтың аспандағы Иесі ( Көк Тәңірі) және басқа да иелерінің тарапынан жасалытын манифестация нәтижесінде және халықтың өз тарапынан жасалынатын манифестациядан пайда болады…
Ал түркі елдерінің, оның ішінде қазақтың рухани өрісі қоңыр»
Кез-келген халықтың тіршілік еткен ортасына лайықты қалыптастырған рухани-энергетикалық өрісі бар. Осы рухани өрісті қазақ халқы «қоңыр» деп атаған. Халық өз тарапынан қалыптастыратын энергетикалық өрісті күшейту үшін Тәңірлері мен киелердің тарапынан келетін өрістерін қуаттай отырып, жоғары күш иелері мен киелерімен байланыс бірлігін түзеп отырған. Сонда ғана адамдардың ниет, пиғылдары өзгеріске түсіп, киелі өрістің шапағаты молаяды. « Рухани өрісіміз, яғни қоңырымыз күшті болса, соғырлым ұлттық діліміз қуатты болмақ»,-дейді ғалым Нәжімеденов Жұмагелді. « Өлең өзінің мазмұндық құрылымына тән сазды, байсалды әуенді қажет етеді. Кең, шалқыма әуенді, әнді бұрынғы қазақтар қоңыр әндер немесе молқы ән деп атаған. Қоңыр әндер қазақ даласына өте көп тараған. Мұның сарқыншақ үлгілерін байтақ қазақ даласынан күні бүгінге дейін көруге болады. Сонамен қатар әуен талғампаздығы оның философиялық сипатымен қабаттас екен. Философиялық ойдың қара өлеңмен қойындасуында сыр жатыр. Философиялық зерде мен категолиялар жалпы халықтық тілден оқшаулана алмауына байланысты, философиялық ой қазақша атауға өте ұрымтал. Қазақ тілі философиялық атауларға бай, тек тұспа лын таба біл,» — дейді философ Ақатаев Сәбетқызы. Ғалым С. Ақатаев айтқандай қоңыр сөзінің қатысы тек ән мен күйге ғана емес, сонымен қатар кеңістігіне, тіршілігіне тағы басқаларға қатысы бар. Сондықтан да қазақ дүниетанымының бір тетігі ретінде «қоңыр» ұғымын алуға болады. Қоңыр ең алдымен халықтың тіршілік ету кеңістігі, өзін қоршаған әлемі, қоңыражай қалыпты мекені, соған лайықты іс-әрекеттер: ойлауы, сезінуі, қабылдауы. Географиялық орта дегеніміз –қоғамдық өмірмен тікелей байланысты түсіп, қарым-қатынас жасайтын, дамуына тікелей қажетті болып табылатын табиғат дүниесінің бір бөлігі. Біз тәнімізбен, жанымызбен географиялық ортаға байланыстымыз. деген философ Кішібеков Досмұхамедтің жасаған тұжырымдамасы, ой-пікіріміздің дұрыстығын дәлелдей түседі.
Егер де қоңыр сөзінің домбыры мен қобыз үніне жағын қарастыратын болсақ, онда оған тікелей қатысы барын аңғарамыз. Табиғи тіршілік еткен кеңістігімізлегі дүниелердің барлығы адам болмысына әсер ететінін жоғарыда айтқанымыздай, оның барлық іс-әрекетінде көрініс табады. Домбыраның шертілуіне, сазының күмбіріне қарай, домбыра үнін қоңыр үн дейтіні де содан. Мысалы: «Қоңыр саз», «Қоңыр күй», «Назқоңыр» ,
«Алқоңыр», т.б. сияқты ән-күй атауларының өзі де көп дүние сырын түсіндіріде. Себебі рухани өрісіміз-қоңырдан негіз алған үндік саз, ол табиғаттың өзі қалыптастырған үндік бояу. Яғни, қоңыр үн –табиғи үн, табиғатқа жақын үн. Қазақ халқы сол табиғаттың аясында көшпелі өмір тіршілігімен өзінің болмыстық қасиетінің бірі ретінде табиғаттың қоңыр үнін еншіленген. Табиғи қасиеті ретінде танылған қоңыр үн, халықтың төл музыкалы аспабы домбыра мен қобыз сарындарында да көрініс тауып,оның дүниетанымтүсініктерімен сабақтасып жатыр. Қорқыт ата да қоңыр үнді қобызымен дүниені таныған.қобызымен емдеген. Қобызымен ойнағанда, оған емделуге келген адамдар, қоңыр сазды қобыз сазды қоңыр күш-қуатымен –ақ айығып кетеді деген аңыздар да бар. Яғни қоңыр ұғымы музыкалық дыбыстардың үндік бояу ерекшелігін анықтап қана қоймайды, сонымен қатар өзін қоршаған ортаның қалыпты, тіршілікке орай қонымды болғанын да көрсетеді.
Құлаққа жағымды, ақырын ғана бабымен сөйлеу мәнерін Қоңыр дауысты деп ерекшелейді. Яғни, қоңыр сөзі табиғатқа, тұрмысқа, адамның көңіл күйіне, мінез-құлқына да қатысты айтылатынын байқаймыз. Мұндай таным –түсінікті қалыптастырған, әрине, өзімізді қоршап тұрған рухани өріс-қоңыр екені белгілі. Бұдан ұғарымыз, қоңырдың дүниетанымдық жағымен қатар өзіндік ерекшелікті сақтау сияқты түсініктерді дебілдіретінін көрсетеді. Қоңыр үндік бояу, табиғаттың өзі қалыптастырған дыбыс бояу ерекшелігі. Осыған орай қазақ домбырасының үні, оның бояуы, болмысы , табиғаттың өзі тудырған бояу. Яғни домбыра мен қобыздың қоңыр үні, табиғаттағы барлық үндердің үйлесімді бірлігін танытатын –үн. Домбыра, қобыз тағы басқа аспаптардың үндік қасиеті табиғатымызға тән болған қоңыр үн бояуынан өріс алып халықтың болмыс бітім ерекшелігін танытыпрухани өрісін қуаттаған. Ертеде ата-бабаларымыз қоңырды күшейту үшін «қоңыр күй тартатын болған. Қоңыр күйлер әдетте домбыраның ми нотасының бұрауына түсіріп, бос бұрап тартқанды талап етеді. Себебі күмбірлеген үн , шіңкілдеген дыбыстан емес,төмендеу келген жуан да емес ортадағы толқымалы дыбыстар сазынан төгіледі. Үн тереңнен қайырылып, күмбір күйдің сазы өзіңе жақын бояуларымен ынта қойғызадыБір қарағанда қоңыр күйлер музыкалық поэтикалық шығарманы еске түсіреді. Күйдің орындалуы жеңіл, сезімге бай, әуезі мен ойға жетелейтіндей әсер қалдырады. Философиялық ой жүйесі тереңірек, қайғыға салмай, тәтті үмітпен адам сезімін бейне бір тербеткендей. Қоңырды сезіну, ұғыну оны сақтау өзіңнің биоөрісіңді қалыптастыру, яғни түрлі жамандықтан қорғана білу.Күй ырғақтары түрлі кезеңдердің тарихи келбетінің көрінісін суреттеп беретін құбылыс ретінде танылады. Яғни күй өнерінің ырғақтары әр кезеңнің талап-тілектеріне лайықты мәдени танымдық ерекшелігін көрсетіп, көркемдік шындығын қалыптастырады. Тіршілік қарым-қатынастар адам, табиғат, қоғам арасындағы байланыстар, олардың біртұтастығы мен бір-біріне қарама-қарсылығы және бір-бірімен байланысты арақатынысы. Осы үш құбылыс-жер бетіндегі барлық тіршіліктің, адам баласының өмір сүруінің қайнар көзі, әрі қозғаушы күші. Өнердің қамтитын аясы-осыған байланысты өрбіген қарым-қатынастарнегізінде пайда болған құбылыстар. Мұндай түсінікті көптеген шығармалардың мазмұнынан ұғынуға болады. Сол сияқты күйшілердің күйлерімен танысқанда да, күйдің тууына негіз болған тіршіліктегі осы қарым қатынастар байланысы мен тікелей кіріккен талаптардың дамуымен сабақтасқан түрін көреміз. «Көшпелілердің дүниеге көзқарасында адам әлемге қарсы қойылмаған. Ақыл мен сезім үйлесілімділігі, іштей санамен үндестігі» деген пікір адамның әлемге лайықты үндестігінен туатын құбылыс күй өнері екен. Күйдегі ерекшелік-саздық құбылыс, ырғақ, үйлесілімділік. Өнердің басқа салаларына қарағанда күй сазында нақтылық болмағанымен, ол сезімге сәуле артар, сыры мол, жанға сұлу иірімімен әсер ететін толқыны мол-құбылыс. Музыкадығы оның
ішіндегі күйдегі құбылысты тудыратындар: көне дәстүр, ғұрып, салттар, елдің тіршілігі, туған жердің өз топырағы мен тау-тасы. Күйдің баурап алар сезімге, ойға ұйтқы болар сыртқы қабаты ол-ерекше құбылыс ретіндегі дыбыстық қабаттары-саз-сарын. Ал өзіне тән ерекшелік ретінде, ішкі қабаты,ол-саздың ырғақтық қабаттары. Күйдің мәдени –философиялық танымы, ондағы көркем шындықтытүсіндіргісі келген құбылыс, яғни саз сырын , ол қоңыр күймен түсіндіргісі келген құбылыс , яғни саз-сарын, ол қоңыр күймен түсіндіргісі келген күйшінің санасындағы құбылыс, яғни оның болмыстағы шындығы. Себібі, күйші сол ортаныңтудырған жемісі, ол сол ортамен біте қайнассқан тамырыбір табмғат туындысы ретінде оның дүниетанымы көркемкүй образындағы сазбен өрнектелген. Күйші дүниетанымы оның күйшілік өнерімен дүниеге көзқарасы арқылы өзін қоршаған ортаны қабылдаудан туған. Домбыраны саусақ сөйлетпейді, көңіл күй сөйлетеді. Тәттімбеттің саусақтары өр көңілдің күйін екі етпей орындап, күйшінің жүрегін тербеген құбылыс, сағыныш қоңыр күй болып төгіліп жатты. Сағыныш сезім. Сезім дегеніміз адам мен Алланың арасындағы байланыс. Сезіммен аңсаймыз. Сезім барлықты ұстайды. Шындық сезім арқылы білінеді» дейді Ғарифолла Есім.
Халық күйі –философиясы терең,мәдени танымы жоғары музыкалық шығарма. «Қазақ халқында жүйеленген философия жоқ, Оның философиясы жай қарапайым философия дәстүрінде» -деп филосов Кішібеков Досмұхамед айтқандай, күй өнері оның саз сырыны ырғағының дамуымен үндескен қарапайым философиялық таным. Бұл философиялық таным , саздың мәнін ашатын мына құралдарымен, атап айтқанда үн жүйесімен, саздық сарын және ырғақпен қағыстағы ерекшелікпен,орындаудың экспрессиялылығынмен тығыз байланысады. Ырғақ жүйесі көбінесе халықтың дүние танымымен орайласқан күй өнерінің саздық ерекшелігімен танылады. Күйдегі ырғақ пен саздың іштей қабысуы , айтпақ ойды білдіріп, өзіндік табиғатын танытады. Саздың сарын мен ырғақ жігі байқалмайды. Халық дүние танымында күй сарынын ырғақсыз түсіну мүмкін емес. Себебі күй табиғатында ой,образ, бейне нақтылығы ырғақ арқылы көрініс табады. Сезім қуатын , көңіл күйін, ой толқынын, күй өңін кіргізетін саздық сарын дүниетанымдық түсінігін ырғақ пен саз-сарын, қоңыр бояу, оның дүниетанымдық түсінігін, бейнелеушілік сипатын танытады. Күй-ойға, сезімдік құбылысқа, саздық бояуға мейлінше мол қаныққан, ырғақтық әлем. Күйдегі мәдени-философиялық түсініктер саз бен бірлігімен танылады.
Көне дәуірден тамырын тарататын музыка табиғатының маңызын анықтауда, оның негізгі қызметтері тек эстетикалық ләззәт алумен ғана шектелмейтінін ұғындырады. Эстетикалық негіз кез-келген өнер мәдениетінің негізгі қызметі болғанымен ол еш уақытта тар өрісті мақсат тұтқан емес. Керісінше, музыка- жаратылыс әлемінің сұлулығын сезінуден туған ырғақты сезімдік құбылыстар дүниесі. Адамзат баласы өзін табиғат аясында тіршілік иесі ретінде, әрі өздерін сол табиғаттың бір бөлігі ретінде санағанынан, бұл сезімдек құбылыстарды табиғаттағы түйсік ырғақ пен сұлулықты түйсік арқылы байланысуы деп түсіндіреді. Бұл олардың сезімталдығын, көңіл сергектігін қалыптастырады, әрі мұндай сергектік өмір тіршілінде адамның өмірге сүру тіршілінде адамның өмірге деген құлшынысын арттырады.Табиғаттың сырлы сызын түйсікпен сезіну, өмір сүру үлгілерінің көркемдігін аңғаруына да көмектеседі, әрі адам жанының тепе-теңдігін сақтау мүмкіндігін туғызады.
Бір жағынан алып қарасақ, философия статусы жеке ғылымдарға қарағанда кеңірек, яғни ауқымды, сондықтан Батыс елдерінде философияны тіпті өнер саласына ,жатқызатыны мәлім. А.Шопенгауер: «Философия ғылымының кемшіліктері – оның ғылым жолымен дамуында, ал шынында философия көркемөнердің бір түрі ғана», деген пікір айтқан болатын.
Егер біз философияны көркемөнер саласымен салыстыратын болсақ, онда біз олардың бір-бірімен біршама көп ұұсас жақтарын ашуымызға болады. Менің ойымша философияға қанша тұлға атсалысса, соншалықты философияның түрлері бар. Өнер саласындағы туындылар да бір-бірін қайталамайды, ол жерде өнерпаздың дүниеге деген тұлғалық, сезімдік қарым-қатынасы өзгеше болып көрәнәп тұрады. Шынайы философиялық шығармалар көркемөнердегі ұлы туындылар сияқты, адамның жүрегінде, ой өрісінде өшпес із қалдырады,оның жан дүниесін ұлылық, құлаштап жетпес биіктік, әсемдік, гармониялық сезім билейді.
Филослфияны өнерге жақындататын келесі мәселе – Дүниенің біртұтастығын көрсету, ішке және сыртқа қарай шексіз Дүниенің суретін жасау – философия саласындағы ең қиын істің бірі. Өйткені Дүние жөніндегі ғылыми деректер әр уақытта өзінше шектелген. Олай болса, тек қана ғылыми жолмен шексіз Дүниені шектелген білім арқылы біртұтас ретінде суреттеу мүмкін емес.Ал, бірақ адамның жүрегінде Дүниені толығынан түсіну ұмтылысы ешұашанда бітпес іңкәр болып қала береді де, әртүрлі Дүние суретін тудырады. Ол үшін философ өзінің Дүниесуретін ғылыми деректер деректер жетіспеген жағдайда қиял арұылы толыұтырады, сезім толқындарымен бояйды. Олай болса, философия өзін тудырған мифологиядан толығынан бөліне алмайды. Философия мен көркемөнердің бір-біріне жақындығын, бір-біріне өтіп жатқанын айқын көрсететін нәрсе – тарихтағы ұлы тұлғалардың шығармалары. Оған Платонның «Диалогтарын», нақыл сөздерін, Ницшенің афоризмдерін, Камюдің эсселерін жатқызуға болады, өйткені олардың философиялық мазмұны көркем сөзбен берілген. Ал Абайдың өлеңдері мен Әуезовтың романдарында Достаевский, Толстой сияқты орыстың ғұлама жазушыларының шығармаларында терең философиялық сыр жатыр.
Қорытынды
Сонымен, философияда өнер көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жан дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы. Өнер өмірде болған оқиғаларды қаз-қалпында алмай, өзгертіп, түрлендіріп, көркем образдарды типтендіру арқылы сомдайтын эстетикалық құбылыс. Оны қоғамдық сананың өзге формаларынан даралайтын белгісі де адамның шындыққа деген эстетикалық қатынасы болып табылады. Өнердің мақсаты –дүниені, адам өмірін, қоршаған ортаны көркемдік-эстетикалық тұрғыдан игеру. Көркем шығарманың бел ортасында нақты бір тарихи жағдайда алынған жеке адам тағдыры, адамдардың қоғамдық қатынастары мен қызметтері тұрады. Олар суреткер қиялы арқылы өңделіп, көркем образдар түрінде беріледі. Шығарманың суреттеу тәсілі, құрылымдық келбеті, көркем бейне жасаудың материалдық арқауы өнер түрлерінің ерекшеліктерін айқындайды. Осыған сай өнердің: көркем әдебиет, музыка, мүсін, кескіндеме, театр, кино, би, сәулет өнері, т.б. түрлері бар.
Өнердің қызметін, қоғамдық сананың, адам танымының айрықша формасы ретіндегі, ерекшелігін айқындайтын белгілі бір анықтама беру немесе оның адам өміріндегі маңызы мен мәнін анықтау жайлы тартыстар бүкіл мәдениет тарихында тоқталған жоқ.. Өмір жайлы: «табиғатқа еліктеу», «Құдайды тану», «шындықты бейнелеу», « сезім тілі», т.б. анықтамалар берілді. Көптеген теорияшылар өнердің күрделілігі мен саңқырлылығына сай оның мән-маңызың тек танымдық немесе идеалдық, яки эстетикалық деп біржақты қарастырушылар да болды. Осындай көзқарастарға қанағаттанбай өнертанушылар Өнердің бойында таным да, шындықты көре білу де, жасампаздық та, көркем бейне де, рәміз сияқты көптеген мәселелер келісті үйлесімде, тығыз қарым-қатынаста деген тоқтамтамға келді. Өнер жеке тұлғаның жан-жақты дамып жетілуіне, оны эмоционалды күйіне интеллектуалды өсуіне ықпал етіп, адамзаттың қордаланған сан ғасырлық мәдини тәжірибесін, даналығынан сусындауға мүмкіндік береді. Өнер-туындысы адам сезіміне қозғау салумен берге, баяндалған оқиғаны басынан өткізгендей тебіреніске, кейіпкердің қуанышына сүйінген, қайғысына күйінген толғанысқа әкеледі, эстетикалық ләззатқа бөлейді. Ол ерекше көркем образды рәміз жүйесі арқылы айрықша көркем тіл ретінде көрініп, адамдардың санасына жол табады. Адамным көркем шығармасының әрекеті сан алуан қалыпта дамып, ол өнердің түрлері, тектері, жанрлар ретінде таратылады.
Бірақ, қалай дегенде де, философияның әртүрлі жақтарын бір-бірінен ажыратып бөлек алуға болмайды. Философия – біртұтас ерекше Дүниеге деген көзқарастық білім. Философия – адамзат мәдениетінің өзегі.
Әдебиеттер тізімі:
Қ.Ш. Мұхамеджан. Философия. Семинар сабақтарға және өзіндік жұмысқа әдістемелік нұсқау. Алматы АЭЖБИ 2007
Философия науки: учебное пособие А.И Липкна — Москва: Эксмо 2007—608c
Философия : Жоғарғы оқу орынарындары студенттеріне арналған оқулық// құрастырған Т. Ғабитов аударған Б. Сатершинов –Алматы: Қаржы-Қаражат , 20002—352 бет .
Философиялық сөздік. —/ Редокл:Р.Н. Нұрғалиев, Ғ.Ғ. Ақмамбетов ж.б. –Алматы, 1996-480б.
Поппер К. Логика и рост научного знания. Москва—1981—468стр
Байсенов Қ.Ш. Философия тарихы: Оқулық.-Шымкнет, 2005—452б.
Достарыңызбен бөлісу: |