Реферат Тақырып: Метрология жүйесі Орындаған: Узакбаев Р. Б. Қабылдаған: Балгынова А. М. Ақтөбе, 2023 кіріспе



Дата28.03.2023
өлшемі23,11 Kb.
#173126
түріРеферат
Байланысты:
Метрология



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
Реферат
Тақырып: Метрология жүйесі
Орындаған: Узакбаев Р.Б.
Қабылдаған: Балгынова А.М.
Ақтөбе, 2023
КІРІСПЕ

Жалпы «метрология» дегеніміз не? Метрология — жеке мөлшерлерді өлшеу, талап етілетін дәлдікке қол жеткізу тәсілдері туралы ғылым. Адам үнемі бірдеңені өлшеу, мөлшерді анықтау, қанша уақыт қажет екенін, объектінің қаншалықты алыс орналасқанын білу қажет болатын әлемде өмір сүреді. Мұндай сан ақпаратынсыз адам негізді шешім қабылдап, дұрыс іс-әрекет жасай алмайды.


Қазіргі кезеңдегі метрология ғылым пән ретінде өзінің және шет елдердің өлшем бірліктерін сипаттаумен айналысқан пайда болу сатысын, ең соңында эталон жасалатын өлшем туралы ғылым деп аталатын өскелең шақты бастан өткеріп, есейе келе құдыретті физиканың тарауына айналды, сонымен бірге математикалық әдістерді игеріп, қоршаған әлемді дұрыс бағалайтын өлшем құралдарымен қамтамасыз ететін аспап жасауды басқаратын болды. Академик А.П. Александров: «Метрология біздің уақытымызда өте қажет, адамның көзқарасының іргетасының қалануы, сонымен бірге еңбекшілердің әл-ауқаты да соған байланысты» — деп жазды.
Метрология (грек. metron – өлшем және logos – сөз, ілім) – өлшеу туралы, өлшеудің бірлігі мен қажетті дәлдікке жету тәсілдері туралы ғылым.
Метрологияның негізгі мәселелеріне:

  • өлшеудің жалпы теориясы;

  • физикалық шамалардың және оның жүйелерінің бірліктерін ұйымдастыру;

  • өлшеудің әдістері мен құралдары;

  • өлшеудің дәлдігін анықтау әдістері (өлшеудің қателіктер теориясы);

  • өлшеу бірлігін және өлшеу құралдарының метрологиялық жарамдылығын қамтамасыз ету (заңды метрология);

  • эталондар мен өлшеу құралдарының үлгілерін жасау;

  • эталондарды бірлік өлшемдерін тарату әдістері жатады.

Метрология алғашқыда өлшеудің әр түрлі тегін (сызықтық, сыйымдылық, салмақ, уақыт) жазумен, сонымен қатар бірнеше мемлекеттерде қолданылған ақша және олардың ара қатынасын табумен айналысты.
Қазіргі заманғы метрология 3 түрден тұрады: заңнамалы, фундаменталды (ғылыми) және практикалық метрология.

1 МЕТРОЛОГИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ


Қазіргі уақытта метрология мынадай түрлерге бөлінеді:





  • өлшемдердің жалпы теориялық проблемалары қарастырылатын теориялық метрология;

  • метрологияның тарихын, оның даму үрдістерін зерттейтін тарихи метрология;

  • өзара байланысты жалпы ережелердің, талаптар мен нормалардың, сондай-ақ мемлекет тарапынан реттеу мен бақылауды қажет ететін басқа да мәселелер кешенін қамтитын заңдылық метрология;

  • өлшем әдістері мен құралдарын іс жүзінде қолдану мәселелерімен айналысатын қолданбалы метрология.

Метрологияның өндірістің тиімділігін, өнімнің техникалық деңгейі мен сапасын арттырудағы маңызы артып келеді. Ғылым мен техниканың дамуы өлшеудің дәлдігін үнемі арттыруды қажет етеді. Адам нанотехнологияларды ойластырды, яғни жұмыстар молекулалар деңгейінде жүргізілуде, яғни, микропроцессорлық техника жасалуда. Сондықтан өндірістік кәсіпорындардың, ғылыми-өндірістік бірлестіктер мен ғылыми-зерттеу институттарының басшылары метрологияны дамыту, метрологиялық ұйымдар мен қызметтердің қызметін жетілдіруге ерекше көңіл бөлуге тиіс. Метрологиялық қамтамасыз ету мәселелері дұрыс шешілген жағдайда ең жақсы нәтиже береді және жаңа өнім жасаудың, технологиялық процестерді әзірлеу мен игерудің, өндірісті ұйымдастырудың бастапқы сатыларында жүзеге асырылганда барынша аз шығынды қажет етеді.
Метрологияның негізгі міндеттері:

  • жеке мөлшерлердің, мемлекеттік эталондар мен үлгілік өлшеу құралдарының (ӨҚ) бірліктерін белгілеу;

  • өлшеу мен бақылау теориясын, әдістер мен құралдарын әзірлеу;

  • өлшеу мен біркелкі ӨҚ бірыңғайлығын қамтамасыз ету;

  • дәлсіздіктерді, ӨК жай-күйін бағалау мен бақылау әдістерін әзірлеу;

  • эталондардан немесе үлгілік ӨҚ-дан жұмыста қолданылатын ӨҚ-ға көлемдерді беру әдістерін әзірлеу.

Жеке мөлшер — бұл көптеген жеке объектілерүшін сапа жағынан ортақ, ал сан жағынан әрбір объектіге тән жеке қасиет. Жеке мөлшерлер актив және пассив болады. Актив жеке мөлшерлер -бұл қосалқы энергия көзін жеткізбей өлшеуге болмайтын мөлшер, мысалы, электр тогының күші. Пассив жеке мөлшерлер — бұл өлшеу үшін қосалқы энергия көздерін қолдану керек мөлшерлер, мысалы, электр кедергісі.
1960 жылы ұсынылған Халықаралық жеке мөлшерлер бірліктерінің жүйесі (ӨҚ) бойынша 7 негізгі жеке бірлік (Мемстандарт 8.417-81) қолданылады: Метр (м) -ұзындык; 2. Килограмм (кг) — салмақ; 3. Секунд (с) — уақыт; 4. Ампер (А) — токтың күші, 5. Кельвин (К) — температура; 6. Моль (моль) -заттың саны. 7. Кандела (кд) — жарықтың қарқындылығы. Негізгі жеке бірліктерге тағы 2 қосымша жеке бірлікті қосуға болады: Радиан (рад) — бұрыш; 2. Стерадиан (ср) — дененің бұрышы.
1960 жылдан кейін кейбір негізгі өлшеу бірліктерінің анықтамалары ұдайы өндірістің талаптарына жақсы сәйкес келу және ғылыми зерттеулердің дәлдігі үшін өзгертілді. Бастапқы метрге экватор мен Солтүстік полюстің арасындағы меридиан бойынша қашықтыктың 1/10 000 000 бөлігі деген анықтама берілген болатын. Алайда 1970 жылы метр екі белгіленген деңгейдің арасындағы криптонның атомындағы электрон көшкен кезде пайда болатын толқындардың жиынтық ұзындығы деген жаңа анықтама қабылданды. 1983 жылдан беру метр — бұл вакуумда жарық секундтың 1/299792458 үлесі ішінде өтетін кашықтық.
Негізгі жеке мөлшерлердің негізінде 50-ден астам туынды жеке мөлшер алынады. Мысалы, 1 Ньютон күшінің жеке бірлігі (Н) салмағы 1 кг денені 1 м/с2 үдеуге дейін екпін үшін қажет күшке тең және килограмның салмағын метр ұзындықтың бірлігін уақыт бірлігі секундтың квадратына көбейту арқылы анықталатын үдеуге көбейту арқылы алынады.
Метрология – бұл өлшемдер туралы, олардың бірлігін қамтамассыз етудін әдістері мен құралдары туралы және керекті дәлдікке жетудің жолдары туралы ғылым.
Метрологияның негізгі мақсаты – мемлекеттік және халықаралық негізде өлшем бірлігін жоғары денгейде қамтамассыз ету.
Метрология негізі үш тараудан тұрады:
1 Теориялық метрология (анықтамалық);
2 Қолданбалы метрология (практикалық);
3 Заңды метрология.
Теориялык метрология - метрологияның іргелі негіздерін зерттеп дайындаумен айналысады.
Заңды метрология - қолдануға жіберілген мемлекеттік талаптарды бекітеді.
Қолданбалы метрология - теориялық метрологиясы зеріттеп дайындаған тәжірибелерді қолданумен айналысады.
Метрология зат, нәрсе ретінде – объектілердің қасиеттері жөнінде және жүріп жатқан процесстердің берілген дәлдікте және сенімді түрде сандық ақпаратын алу болып табылады.
Метрологияның құралы – бұл өлшеу құралдарының және метрологиялық стандарттардың жиынтығы, оларды тиімді қолдануды қамтамасыз етеді.
Бірде - бір ғылым өлшеусіз болмайды, сондықтан да метрология барлық ғылымдармен тығыз байланысты. Метрологияның негізгі ұғымы - өлшем. ҚР СТ 2.1 бойынша өлшем – бұл физикалық шаманың мәндерін тәжірибе жолымен арнайы техникалық құралдар көмегімен табу. Өлшеудің мәнділігі үш аспектіде (құбылыс, көзқарас) көрсетіледі: философиялық, ғылыми және техникалық.
ҚОРТЫНДЫ

Метрология – бұл өлшемдер туралы, олардың бірлігін қамтамассыз етудін әдістері мен құралдары туралы және керекті дәлдікке жетудің жолдары туралы ғылым.


Метрологияның негізгі мақсаты – мемлекеттік және халықаралық негізде өлшем бірлігін жоғары денгейде қамтамассыз ету.
Жалпы «метрология» дегеніміз не? Метрология — жеке мөлшерлерді өлшеу, талап етілетін дәлдікке қол жеткізу тәсілдері туралы ғылым. Адам үнемі бірдеңені өлшеу, мөлшерді анықтау, қанша уақыт қажет екенін, объектінің қаншалықты алыс орналасқанын білу қажет болатын әлемде өмір сүреді. Мұндай сан ақпаратынсыз адам негізді шешім қабылдап, дұрыс іс-әрекет жасай алмайды.
Қазіргі кезеңдегі метрология ғылым пән ретінде өзінің және шет елдердің өлшем бірліктерін сипаттаумен айналысқан пайда болу сатысын, ең соңында эталон жасалатын өлшем туралы ғылым деп аталатын өскелең шақты бастан өткеріп, есейе келе құдыретті физиканың тарауына айналды, сонымен бірге математикалық әдістерді игеріп, қоршаған әлемді дұрыс бағалайтын өлшем құралдарымен қамтамасыз ететін аспап жасауды басқаратын болды.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР





  1. “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

  2. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Машинажасау. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-417-6

  3. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006 жыл. ISBN 9965-808-78-3

  4. http://www.trk.kz/referat.html?id=299



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет