«Орныңды тап»
«Жаһандану білім беру жүйесіне оң ықпал етеді» деген пікір ұсынылады. Студенттерге «келістім», «келіспедім» немесе «қалыс қалдым» деген топтарда орын алуға ұсыныс жасалады. Орын алу үшін уақыт беріледі, ал содан соң студенттер өз ойын дәлелдеп айтуы тиіс. Бұл студенттің ойлау қабілетін, сөйлеу қабілетін, өзгенің пікіріне талдау жасау қабілетін дамытады.
Дискуссия. Студенттерге «Сөз арқылы аудиторияға қалай әсер етуге болады?» деген тақырыпта дискуссия жүргізу ұсынылады.
Жүргізуші студент дискуссия тақырыбын баяндайды, негізгі қатысушыларды шақырады, дискуссия өткізілуінің шартын айтады (сөз сөйлеу ұзақтығын және т.б.)
Жүргізуші дискуссияның қатысушыларын келесідей орналастыруы керек, негізгі әрекет етуші тұлғалар отыратын үстелдің айналасына «көрермендерді» отырғызады (яғни «көрермендер» үстелдері «П» әрпі бойынша қойылуы керек).
Алдымен негізгі қатысушылар баяндама жасайды және осы баяндаманың ұзақтығы 4 минуттан аспауы тиіс. Содан кейін жүргізуші қалған қатысушыларды талқылауға қатысуға шақырады. Керек жағдайда жүргізуші қатысушыларға күн тәртібі жөнінде, регламент және айтыс уақытындағы этикалық нормаларды сақтау жөнінде айтады.
Дискуссия аяқталуы кезінде жүргізуші негізгі қатысушылардың сөз сөйлеуінің қысқаша талдауын береді, нәтижеcін шығарады.
«Бір бірін оқыту»
Әр студентке датамен, фактілермен, ұғыммен қандай да бір ақпарат беріледі. Біз «Педагогика» сабағында чех педагогы Ян Амос Коменскийдің «Сыныптық-сабақтық жүйесі» тақырыбын таңдадық. Студенттер осы ақпаратпен танысуды бастайды. Осыдан кейін білім алушы өз карточкасын әр студентке береді және де басқа студенттердің ақпаратын тыңдайды, яғни бір бірін оқытады. Бұл жұмыстан кейін педагог студенттерге кім ақпаратты көп еске сақтағаны туралы баяндайды.
«Миға шабуыл». Талқылау үшін «Мұғалім, оның қазіргі қоғамдағы рөлі» тақырыбы таңдалды. Студенттер өз ойларын айтады. Айтылған ойлар бағаланбайды және мінге салынбайды. Осы жұмыс сапасына емес, санына қарай бағытталған. Ойдың көп болғаны жақсы. Сабақ барысында қатардан тыс ұшқыр ойлар да қабылданды. Барлық ойлар кілттік сөздер немесе фразалар белгілеп алу арқылы жазылады. Сосын талдау жүргізілді және оның арқасында аса құнды ойлар таңдап алынды. Кез-келген ойды дамытуға және кеңейтуге тырысуға болады.
«Робин раунды» Студенттер екі топқа бөлінеді. Студенттерге «Педагогикалық менеджмент» тақырыбы бойынша тапсырма беріледі. Әр топ тапсырманы талқылайды. Барлық ой біткенше әр топ өз ойларын бірнен-соң бірі баяндайды.
Содан соң студенттер жаңа тапсырма алады және ой тізімін құрайды. Барлық топтар және барлық студенттер сұралғанша әр білім алушы өз кезегі келгенде тізімнен бір ойды ұсынады.
«Қар кесек». Студенттер кезек бойынша даталарды атайды. (ҚР «Білім туралы» Заңының қабылданған жылы, Болон декларациясына қол қойылған жыл, А.С.Макаренконың туған жылы, ҚР тәуелсіздік алған жылы т.б.) Әр келесі білім алушы алғашқы білім алушы айтқан датаны қайталайды. Содан кейін өз сөзін айтады. Соңғысы барлық алғашқы даталарды атау керек.
«Ой генерациясы» («не?», «қайда?», «қашан?»)
Педагог тақырып бойынша проблемді сұрақтарды алдын ала дайындайды.
Педагогика пәні, міндеттері, негізгі ұғымдары /категориялары/. Педагогика ғылымының салалары.
Мұғалімге қойылатын талаптар. Мұғалім іс-әрекетінің құрылымы.
Жеке адамды қалыптастырушы, дамытушы факторлар. Тәрбие - тұлғаның қалыптасуы мен дамуының жетекші факторы.
Тұлғаны әлеуметтендіру туралы түсінік. Тұлғаны әлеуметтендірудегі тәрбиенің ролі.
Педагогикалық процесс - мұғалім іс-әрекетінің объектісі. Тұтас педагогикалық процестің компоненттеріне сипаттама.
Педагогикалық процестің функциялары.
Тұтас педагогикалық процесстің қозғаушы күштері.
Тұлғаның дамуы және қалыптасуы. Тұлғаның дамуына және қалыптасуына әсер ететін факторларға сипаттама.
Педагогикалық процестің заңдылықтары және оған сипаттама.
Тәрбие әдістері туралы түсінік.Тәрбие әдістерін таңдау.
Студенттер топтарға бөлінеді. Әр команда екі-үш сұрақ алады, сұрақтың екеуі негіз қалаушы, ал біреуі – проблемді болады. Команда спикері ойының әр қатысушысының жұмысын белгілеп отырады. Кез-келген команда ойыншысы басқа топқа арналған проблемді сұрақтың шешімімен баяндама жасай алады. Дайын болған кезде командалар баяндама жасайды. Жүргізуші жауаптардың тақтаға жазады, әр команда жауабын кесте арқылы бағалайды. Команда ішінде проблемді сұрақты талқылау үшін бес минут беріледі. Команданың жауабы үшін берілетін уақыт та шектеулі болуы тиіс.
«Бейнелі ақыл ес» . Педагог пен жүргізушінің жюри болуына мүмкіндігі бар. Студенттерге педагогикалық жағдаяттар беріледі. Студенттер топтарға бөлінеді. Педагог жағдаятты қойылым ретінде бейнелеуді үсынады. Жағдаят жөнінде жазбалары бар қағаз беттерін қолдануға болады және қолдарынан ұстап жағдаяттарды байланыстыруға рұқсат беріледі. Өз версиясын алдымен бір топ, содан кейін келесісі бейнелейді. Кез-келген реквизитті қолдану арқылы қойылымды құруға бес минут беріледі. Әр топтың тапқырлығы және білімі бағаланады.
Жағдаяттардың кейбір үлгілері төмендегіше.
1 Жағдаят. Сабақ басталып, оқушылар тынышталғанда, сыныптағы оқушы қатты күлді. Сіз оған қарап үлгергенше, ол: «Мен сізге қарасам, күлкім келеді, сіз сабақ бастағанда мен күле беремін». – деді. Сіз оған не деп жауап бересіз? Төмендегілердің біреуін таңдаңыз.
1. «Мәссаған!»
2. «Неге күлкілі?»
3. «Мейлі күле бер!»
4. «Жындымысың?»
5. «Маған көңілді адамдар ұнайды».
6. «Жақсы көңіл күйге кінәлі екеніме қуаныштымын».
2. Жағдаят. Сабақ басында немесе сабақ соңында сізге оқушы: «Сіз мұғалім ретінде бізге бір нәрсеге үйретеді деп ойламаймын» - деді. Сіздің жауабыңыз:
1. «Маған ақыл айтпай, сабағыңды оқы».
2. «Сен сияқтыларға әрине мен еш нәрсе үйретпеймін».
3. «Мүмкін сен басқа сыныпқа ауысарсың?»
4. «Сен сабақты оқығың келмейді».
5. «Сен неге олай ойлайсың?».
6. «Екеуміз сөйлесейік. Мүмкін менің мінез-құлқымда сені осындай ойға әкелген жақтары бар шығар?».
73. Жағдаят. Ұстаз оқушыға тапсырма береді, оқушы оны орындағысы келмей, «Мұны жасағым келмейді» - дейді. Ұстаздың жауабы қандай болады.
1. «Жасағың келмесе - жасатамын!»
2. «Сабаққа неге келдің?»
3. «Өзіңе қастандық жасап отырсың, топас болып қала бер. Сенің тәртібің өзінің мұрнын кескен адамға ұқсайды».
4. «Мұның немен бітетінін білесің бе?»
5. «Неге екенін түсіндірші?»
6. «Екеуміз ақылдасайық, мүмкін сенікі дұрыс шығар».
«Тіреуші сигналдар». Студенттер мәтін оқиды, оны түсінуге тырысады, конспектілейді. Конспетілерде сөздер немесе сөйлемдер болмау керек, тек қана суреттер немесе символдар болуы керек. Содан соң әр білім алушы өз конспектісін көрсетеді. Жұмыс бағаланып ең үйлесімдісі таңдалады.
«Айнала бойынша мазмұн айту». Педагог мәтін оқуды ұсынады (қоңырау). Студенттер айнала отырады.
Ортада тұрған жүргізуші көзін жауып орнында айналады да, кез-келген ойыншыны таңдайды. Содан кейін сол ойыншы мәтін мазмұнын айта бастайды. Ары қарай сағат тілінің жүру бағыты бойынша әр қайсысы мәтін бойынша бір фраза айтады. Сөйтіп аяғына дейін жалғасады.
Қайтадан оқу. Жауаптарда кеткен қателерді жөндеу, толықтыру, мазмұнын қайта айту. Қайталау (сағат тілінің жүру бағыты бойынша). Ең белсенді білім алушы ны анықтау. Женімпазды құттықтау.
«Мені түсін». Студенттер оқулық бөлімін оқиды да, дәптерді кілттік сөздерді жазып алады (қоңырау). Педагог Студенттерге кітаптарды жауып, бір бет қағаз бен қарындаш алып, мәтіннің негізі мазмұнынбілдіретін он сөзді жазуды ұсынады. Содан кейін педагог беттерді жинап алып, өзіннің (алдын ала дайындап қойған) кілттік сөздерімен салыстырады. Сөздері түпнұсқамен көбірек сәйкес келгені жеңеді.
«Тұлғаны тану». Педагог студенттерге көрнекті адамдар портреттері бар беттерді таратады. Студенттер топта (5-6 адам) осы тұлғаның фамилиясын, тарихтағы рөлін, қызмет ету уақытын, оның атымен байланысты оқиғаларды, ол жазған шығармаларды еске алуы керек. Талқылау -5 минут. Қорғау - 1 адам. Сонымен қатар анықтаушы экспериментте берілген Штур әдістемесі негізінде сұрақтар пеагогика ғылым саласында даярланып, студенттерге тапсырма ретінде ұсынылды. Бұл әдістер студенттердің интеллектік белсенділігін дамытуға айтарлықтай үлесін тигізді деп толық қорытынды жасай аламыз. Төменде студенттердің интеллектік белсенділігінің даму деңгейлері (Эксперимент тобы диаграмма түрінде ұсынылады.
25% - төмен:
30% - орташа:
45% - жоғары.
1 диаграмма - Студенттердің интеллектік белсенділігінің даму деңгейлері (Эксперимент тобы)
43% - төмен:
26% - орташа:
31% - жоғары.
2 - диаграмма - Студенттердің интеллектік белсенділігінің даму деңгейлері (Бақылау тобы)
Қалыптастырушы эксперимент барысында мынадай мәселелер шешілді:
студенттердің интеллектік белсенділігін қалыптастыру бойынша тәжірибелік-педагогикалық жұмыстың мазмұны мен құрылымы дәйектілігін көрсетті;
студенттердің интеллектік белсенділігінің қалыптастыру әдістемесінің тиімділігі дәлелденді;
студенттердің интеллектік белсенділігін қалыптастыру үрдісін сипаттау, тәжірибелік-педагогикалық жұмыстың барлық кезеңіндегі ілгерілеу динамикасы жүйелілігі мен негізділігін көрсетті.
Әр кезеңнің мақсаты ретінде студенттердің интеллектік белсенділігінің қалыптасуындағы өзгерістерге сай сыртқы және ішкі әрекетіндегі сандық және сапалық өзгерістер қарастырылды. Біз ұсынған модельге негізделген эксперименттік жұмыстың нәтижесі аталған сапаның эксперименттік топ студенттерінің бойында жеткілікті және жоғары деңгейде қалыптасқандығын көрсетті.
Сонымен, зерттеу нәтижесі эксперименттік-тәжірибелік жұмыс барысында жүзеге асырылған біз ұсынған шығармашылық іс-әрекетті қалыптастыру әдістемесінің тиімділігін көрсетті.
ҚОРЫТЫНДЫ
Зерттеу мәселесін теориялық талдау және эксперименттік жұмыс нәтижесі негізінде төмендегідей қорытынды жасауға мүмкіндік берді:
1. Зерттеу жұмысы қазіргі қоғам сұранысына сәйкес жоғары білім беру жүйесінің мақсат-міндеттерін, студенттердің интеллектік белсенділігін қалыптастыру әдістемесін ғылыми-педагогикалық тұрғыда сипаттауға негіз болды.
2. Студенттердің интеллектік белсенділігін қалыптастыру әдістемесінің тиімділігі дәлелденді.
3. Жоғары оқу орындарында болашақ мамандарды кәсіби даярлауда студенттердің интеллектік белсенділігін қалыптастырудың ғылыми негізделген әдістемелері эксперименттік жұмыстар арқылы дәйектеліп, кәсіби білім сапасын жетілдіруде әдістемелік ұсыныстар берілді.
4. Заманауи білім мазмұнының жаңашылдық сипаты, жаңа құрылымы еліміздің рухани-мәдени әлеуетін жаңа сапалық деңгейге көтерілуінің басты тұғыры болып табылады. Сондықтан білім мазмұнының қазіргі заман ғылымының серпінді бағыты жалпы білім берудің жаңаруына жеке тұлғаның интеллектік белсенділігі, шығармашылық қызығушылығы мен ынтасы, ой белсенділігі нәтижесіндегі танымдық іс-әрекеті арқылы көрініс табады.
5. Студенттердің интеллектік белсенділігін, шығармашылық қызығушылықтарын қалыптастыруда интерактивті, ақпараттық, өзіндік іздену сипатындағы оқыту әдістері анықталды.
6. Зерттеу нәтижелерін колледждерде, жоғары оқу орындарында, мұғалімдердің білімдерін жетілдіру институттары мен ғылыми-педагогикалық зерттеу орталықтары қызметінде пайдалану тиімділігі дәлелденді.
Диссертациялық зерттеу жұмыстарының нәтижесінде мынадай ұсыныстар жасаймыз:
студенттердің интеллектік белсенділігін қалыптастыруда оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдардың мазмұндық сипатын өзгерту және педагогикалық мамандықтар бойынша мұғалімдерді даярлауды жетілдірудің жаңашылдық бағыт алуы;
жастарымыздың интеллектік белсенділігін, шығармашылық қызығушылығын қалыптастыруда мұғалімдерге, оқушыларға, студентерге, ата-аналарға арналған оқу құралдары мен әдістемелік әдебиеттер шығару;
зерттеліп отырған мәселенің тұғырнамасына сәйкес, мектептерде және колледж, университеттерде ғылыми-семинарлар, мектептерде ата-аналарға арналған әңгіме-кеңестер ұйымдастыру және педагогтарға арналған арнайы курсты кеңінен пайдалану.
РЕЗЮМЕ
Ескалиева Гульнара Бабабековна
Педагогические возможности развития интеллектуальной активности студентов в процессе преподавания
педагогических дисциплин
6М010300 – Педагогика и психология
Актуальность темы.
Научный интерес к проблеме интеллектуального развития является неослабевающим как в отечественной, так и в зарубежной психологии и педагогике. Связано это, с одной стороны, с расширением границ методологического познания сущности человеческих возможностей, а с другой - с потребностью в реорганизации образования в стране.
Интеллект стал рассматриваться как выражение мышления естественно-научного, продуктивного, математического, лингвистического и творческого.
В настоящее кремя важное значение приобретает феномен интеллектуальной активности студентев как психологической производной интеллекта, позволяющей ему самоинициировать учебную проблему и творчески ее решать.
Цель исследования - изучить особенности интеллектуальной активности студентов и определить пути ее формирования в процессе преподавания педагогических дисциплин
Объект исследования – интеллектуальная активность как важнейшее функциональное образование личности.
Предмет исследования - интеллектуальная активность студентов и ее формирование в процессе преподавания педагогических дисциплин.
Теоретический анализ проблемы исследования позволил выдвинуть следующую основную гипотезу:
Если создать целенаправленную систему проблемных, творческих задач, специальных упражнений и ввести ее в в процесс преподавания педагогических дисциплин, то это будет способствовать формированию интеллектуальной активности студентов
В соответствии с целью и гипотезой нашего исследования решались следующие задачи:
рассмотреть различные теоретические концепции по проблеме интеллекта и определить подходы к исследованию интеллектуальной активности студенетов;
изучить основные особенности интеллектуальной активности студентов;
3) разработать и апробировать программу, позволяющую создавать эффективные условия для формирования интеллектуальной активности студентов в процессе преподавания педагогических дисциплин,
Методы исследования применялись в соответствии с целью и задачами данной работы: теоретический анализ психолого-педагогической литературы и методологических источников, формирующий эксперимент, нестандартизированное наблюдение, беседа, а также психодиагностические методики.
Научная новизна и теоретическая значимость исследования.
В данном исследовании содержательно определено понятие "интеллектуальная активность" студентов, сопоставлены концептуальные подходы к пониманию природы интеллекта и его развитию в процессе обучения.
Экспериментально подтверждено приоритетное значение развития интеллектуальной активности, доказана необходимость ее целенаправленного формирования в рамках общей культуры умственного труда.
Работа вносит объективно ценные данные в педагогическую психологию по проблеме теории интеллекта.
Практическая значимость исследования заключается в том, что его результаты могут быть использованы в практике управления обучением студентов; определены основные направления в работе по формированию интеллектуальной активности студента.
SUMMARY
Eskalieva Gulnarа Bababekovna
Pedagogical possibilities razvitriya intellectual activity of students in the perpodavaniya pedagogical subjects
6M010300 - Pedagogy and Psychology
Relevance of the topic.
Scientific interest in the problem of intellectual development is relentless in domestic and in foreign psychology and pedagogy. This is due, on the one hand, the expansion of the boundaries of the methodological knowledge of the essence of human capabilities, and on the other - with the need for reorganization of education in the country. Intelligence came to be regarded as the expression of thought in scientific, productive, mathematical, linguistic and creative.
Currently Cremieux becomes important phenomenon of intellectual activity of the student as a derivative of psychological intelligence that enables it to self-initiated learning and creative problem solving it.
The purpose of the study - to study features of the intellectual activity of students and to determine how its formation in the process of teaching pedagogical subjects
The object of study - intellectual activity as the most important functional education of the individual.
The subject of the study - the intelligent student activity and its formation in the process of teaching pedagogical subjects.
A theoretical analysis of the problem of research has highlighted the following main hypothesis:
If you create a targeted system problem, creative problem solving, special exercises and put it in a process of teaching pedagogical subjects, it will contribute to the formation of the intellectual activity of students
In accordance with the purpose and hypothesis of our study addressed the following tasks:
consider the various theoretical concepts on the issue of intelligence and identify approaches to the study of intellectual activity studenetov;
explore the basic features of the intellectual activity of students;
to develop and test a program that lets you create effective conditions for the formation of the intellectual activity of students in the teaching pedagogical subjects
Methods of research used in accordance with the purpose and objectives of this work: a theoretical analysis of the psychological and educational literature and methodological sources formative experiment, non-standardized observation, conversation, and psycho-diagnostic techniques.
Scientific novelty and theoretical significance of the research.
In this study, meaningful defines "intellectual activity" students, compared conceptual approaches to understanding the nature of intelligence and its development in the learning process.
Experimentally confirmed the priority of intellectual activity, proved the need for its purposeful formation in the overall culture of intellectual labor.
The work makes a valuable objective data in educational psychology on the problem of the theory of intelligence.
The practical significance of the study is that its results can be used in the practice of learning management students, the main directions of the work on the formation of the intellectual activity of the student.
Достарыңызбен бөлісу: |