Рефераты қызылорда, 2012



Дата08.09.2017
өлшемі371,71 Kb.
#31904
түріРеферат
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті


ӘӨЖ 26:894.342(574.54) Қолжазба құқығында



ӨКСІКБАЕВА МӨЛДІР ӘБДІСАҚЫПҚЫЗЫ

Сыр сүлейлері шығармашылығындағы діни-ағартушылық бағыт (тақырыптық, көркемдік ерекшеліктер)

6М011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясының


РЕФЕРАТЫ

Қызылорда, 2012

Диссертациялық жұмыс Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Қазақ әдебиеті және журналистика кафедрасында орындалды.

Ғылыми жетекші: филология ғ ылымдарының докторы,

профессор Б. Кәрібозұлы
Ресми оппонент: филология ғылымдарының

кандидаты А.Сақыпұлы


Қорғау өткізіледі:

Диссертация 2012 жыл «___» маусым сағат 9.00-де Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік универсиетінде (мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Желтоқсан көшесі, 61. №1 оқу ғимараты. Филология факультеті, 133-дәрісхана) қорғалады.

Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік универсиетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады.




Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Ғасырлар бойына қалыптасқан қазақ әдебиетінің даму жолы халқымыздың рухани дүниетанымының көркемдік ойлау жүйесін танытады. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі діни-ағартушылық бағыт белсенді сипатымен ерекшеленеді. Қазақ халқының сол кездегі бастан өткізген сан алуан саяси-әлеуметтік жағдайлар, оқиғалар сипатталады. Сол дәуірдегі халықтың тағдырымен қатар өрілетін рухани-адамгершілік мұратты мақсат тұту идеялары, ислам діні, сахабалар мен пайғамбарлардың өмірі, Аллаһтың хақ жолы арқылы халықты ілім-білімге үйрету мен дамытудағы ерекшеліктеріне назар аударылған.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақ халқының өткен өміріне зерделей қарасақ, халықтың өміріндегі басынан өткізген елеулі оқиғалар, қазақ даласындағы ислам дінін, қазақ әдебиетінің арнайы зерттеуге лайықты, өзекті мәселелердің бірі – Сыр өңіріндегі ақын-жыраулардың дидактикалық өлеңдерімен исламды насихаттау арқылы ілім-білімге шақыру.

Алдыңғы толқын С.Мұқанов, Б.Кенжебаев, Т.Кәкішов, М.Мырзахметов, Р.Бердібев, Ә.Дербісәлиннің еңбектерінен мұсылмандық –ағартушылық, сол кезеңдегі әдеби процес, бағыт жайында жазылғанын білеміз. Сонымен бірге, ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы діни-ағартушылық бағытты жаңаша зерттеген, қазақ әдебиетіндегі оның ішінде ислам дінінің қалыптасу, халыққа насихаттау мәселелері, діни-ағартушылық ағым жөнінде, арнайы зерттеу обьектісі ретінде Ғ.Тұяқбаев, Ұ.Байбосынова, Б.Жүсіпов, Д.Сатемирова, Ф.Жұмажанова, С.Жұбандықұлы, т.б. ғалымдардың зерттеу еңбектерінде сөз болады. Ғалымдардың еңбектерінде тұтас бір кезеңнің әдеби мұралары, жеке автордың көтерген мәселелері зерттелді. Дегенмен де, осы күнге дейін Сыр сүлейлерінің ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы саяси-әлеуметтік жағдай мен әдебиетті байланыстырып, қазақ поэзиясындағы діни-ағартушылық ағым жөнінде сөз болмаған.

Қазақ әдебиеті тарихында діни-ағартушылық ағымның ұзақ уақыт бойы ашылмай келгені туралы көрнекті ғалым Т.Кәкішовтің:«...бізде ұлтшыл, алашшыл атаулыдан кейінгі үлкен айып діншілдік қой.

... бисмилә деп сөз бастаған, Алланы ауызға алған басқа ақын-жыраулар, жыршыларды клерикал, діншіл деп айтыптаудан алдымызға жан салмай келеміз», - [1.174] деген сөзін ескерсек, әдебиетімізде діни ағымдар туралы, олардың өкілдері туралы Тәуелсіздігімізге дейін айтылмағаны белгілі. Оның басты себебі: Ресейдің отаршыл саясаты екенін жақсы білеміз. Осындай тарихи жағдайларды негізге ала отырып, ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы саяси-әлеуметтік жағдай мен әдебиетті байланыстыра отырып, зерттеу обьектсі ретінде Т.Ізтілеуов, Базар Оңдасұлы, Сейтжан ақын, Қаңлы Жүсіп, Қарасақал Ерімбет т.б. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында өмір сүрген ақындар шығармаларын арнайы ғылыми-теориялық негізде қарастырамыз. Бұрын зерттеу нысанына айналмаған мәселелерге жүйелі түрде ғылыми баға беріледі.

Сыр сүлейлері поэзиясындағы діни-ағартушылық ағым жөнінде, ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы саяси әлеуметтік жағдай мен әдебиетті байланыстыра қарастыру осы уақытқа дейін арнайы зерттеудің болмауы біздің диссертациялық зерттеуіміздің зәрулік табиғатын белгілейді.

Зерттеудің нысаны. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы Сыр бойында өмір сүрген Сыр сүлейлерінің шығармалары қамтылады.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері.

-Зерттеу жұмысының басты мақсаты – Сыр сүлейлерінің соның ішінде ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас кезінде өмір сүрген ақын-жыраулардың діни-ағартушылық бағытта жырлаған өлеңдеріне ғылыми тұрғыдан талдау жасап көрсету;

- ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы саяси-әлеуметтік жағдайдың әдебиеттегі көрінісін айқындау;

- Сыр сүлейлерінің дидактикалық өлеңдеріндегі исламдық дүниетанымды сипаттау;

- Сыр бойы ақын-жырауларының шығармаларындағы адамгершілікті, ислам дінін насихаттау арқылы мадақ, мінажат жырларындағы діни-ағартушылық сарынды көрсету;

- Аллаһтан түсірілген иляһи Құран кітабымыз бен сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) уағыздары мен хадистері арқылы, ақын-жыраулардың дастандарына талдау жасау;



Тақырыптың зерттелу деңгейі. Сыр сүлейлері шығармаларын ХХ ғасырдан бастап зерттеу қолға алына бастады. Оған дейін Кеңес үкіметі уақытысында діни тақырыптағы шығармаларды зерттеу қиынға соқты. Бұл дәуірде қаншама өзгерістер еніп, әдебиет даму үстінде болса да, тақырыбы мен идеясы төменгі орындарды иеленді. Себебі: халықтың өмірін, мұң-зарын, көз алдында болып жатқан қоғамдық құбылыстарды, ұлы оқиғалардың мән-жайын бейнеледі.

Егемендігімізді алып, еңселі ел болғалы бері етек жеңімізді жинап, Ислам дініне бет бұрып, әдебеитіміздің тарихына көз жүгірттік. Десек те, Сыр сүлейлері шығармашылығын ғылыми тұрғыдан зерттеп, өте жоғары баға берген Ғ.Тұяқбаев «Қаңлы Жүсіп Қадырбергенұлының әдеби мұрасы», Ұ.Байбосынова «Сыр бойы ақын-жыраулары шығармаларындағы ислам тақырыбы», Ф.Жұмажанова «Қазақ әдебиетіндегі шариғат негіздерінің көрінісі», Ө.Күмісбаев «Терең тамырлар», Ә.Қоңыратбаев «Қазақ әдебиетінің тарихы», Б.Кәрібозұлы «Беталыс», Ұ.Жанбершиева «Тал жібектей таза сөздің тарланы», Б.Жүсіпов «Сүлейлер», М.Байділдаев «Ақындар творчествосы» секілді зерттеушілеріміздің еңбектерін атап айтуымызға болады. Біз бұл зерттеуімізде осы аталған зерттеушілердің еңбектеріне сүйене отырып, Сыр сүлейлерінің діни-ағартушылық сарынмен жазылған дидактикалық өлеңдеріне талдау жасап, ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы саяси-әлеуметтік жағдайдың әдебиеттегі көрінісін саралай отырып, ислам дінінің Сыр өңіріне қалай жайылғанын, сол дінді насихаттай отырып, халықты ілім-білімге шақыру мәселелері сөз болады.



Зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізі. Диссертациялық жұмыста әдебиеттану ғылыми танымының негізгі қағидалары басшылыққа алынады. Әдебиеттану ғылымындағы салыстырмалы талдау, жинақтау әдістері қолданылады. Белгілі әдебиетші ғалымдар Т.Кәкішов, Ә.Дербісәлин, С.Мұқанов, З.Қабдолов, Х.Сүйіншәлиев, М.Мырзахметов, А.Байтұрсынов, М.Әуезов сияқты ғалымдардың еңбектерін теориялық негіз ретінде пайдаландық.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Сыр сүлейлерінің ішінде Тұрмағамбет Ізтілеуов, Сейтжан ақын, Қарасақал Ерімбет, Шораяқтың Омары, Қаңлы Жүсіп шығармалары исламдық дүниетаным жағынан қарастырылып, нақты мысалдармен дәлелденеді. Дәлірек айтқанда:

- Сыр сүлейлерінің дидактикалық өлеңдеріндегі исламдық дүниетаным тұрғысынан ерекшеліктері сараланады;

- Сыр бойы ақын-жырауларының мінажат, мадақ жанрларындағы діни-ағартушылық сарынмен жазылған өлеңдеріне талдау жасалынды;

- Сыр бойындағы ақындық мектеп пен ақындық орта дәстүрі жөнінде сөз болады;

- Сыр өңіріндегі исламдық поэзия сарапқа салынады;

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар. Диссертациялық жұмысты жазу барысында төмендегідей тұжырымдар қорғауға ұсынылады:

- Сыр сүлейлері шығармаларындағы мадақ, мінажат жанрлары;

- ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы саяси-әлеуметтік жағдай және әдебиеттегі көрінісі;

- Қазақ поэзиясындағы діни-ағартушылық ағым және Сыр сүлейлері шығармашылығы;



Зерттеу жұмысының дереккөздері. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында Сыр бойында өмір сүрген ақын-жыраулардың әдеби мұралары, әр түрлі зерттеулер мен ғалымдардың ой-пікірлері, кітапханалар мен мұрағаттағы құжаттар, қазақ әдіскерлерінің педагогикалық еңбектері және өзіміздің ғылыми-педагогикалық практикадан өту кезндегі тәжірибеміз дерек көздер ретінде басшылыққа алынды.

Зерттеудің әдісі. Диссертацияны жазу барысында салыстыру, сипаттама, баяндау, әдістері қолданылды.

Зерттеу жұмысының ғылыми-практикалық мәні. Жұмыстың зерттеу нәтижелері мен тұжырымдарын жоғары оқу орындарының филология факультетінде, жалпы таңдау курстары мен практикалық сабақтарға пайдалануға болады.

Жұмыстың жариялануы мен сыннан өтуі. Диссертациялық жұмыста ұсынылатын негізгі тұжырымдар Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда баяндама жасалып, жинақтар мен ғылыми журналдарға мақала жарияланды. Жұмыс Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университетінің «Қазақ әдебиеті және журналистика» кафедрасында бірнеше рет талқыланып, қорғауға ұсынылды.

Диссертация құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттердің тізімі берілген.

Негізгі бөлім
Кіріспеде диссертация тақырыбының өзектілігі және зерттелу деңгейі, жұмыстың мақсаты мен міндеттері, ғылыми жаңалығы, зерттеу нысаны, теориялық негіздері баяндалады. Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдары анықталады.

Бірінші тарау «ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасыр басындағы саяси әлеуметтік жағдай және әдебиет» деп аталады.



1.1. «ХІХ ғасыр аяғы мен ХХ ғасыр басындағы саяси әлеуметтік жағдайдың әдебиеттегі көрінісі» атты тараушада ХІХ ғасыр аяғы мен ХХ ғасыр басындағы саяси әлеуметтік жағдайдың әдебиеттегі көрінісін, сол кездегі саяси рухани, мәдени оқиғаларды еске тусіреді. Бұл дәуірде қазақ даласына отарлау, түгел басып алуды ойлаған Ресей патшалығы тікелей ел билеу ісіне араласқандығын,қазақ хандығы жойылып, әкімшілік басқару ісі қолға алынғандығын,рулар арасында қайшылықтарды, Бөкей ордасына қарасты құнарлы жер үстем тап меншігіне бөлініп берілгендігі сөз болады. Осындай саяси-әлеуметтік оқиғаларды Сыр өңірінде өмір сүрген ақын-жазушыларымыздың өмірімен байланыстырыла қарастырамыз.

Осы кезеңде қазақ даласына отарлау, түгел басып алуды ойлаған Ресей патшалығы тікелей ел билеу ісіне араласты. Қазақ хандығы жойылып, әкімшілік басқару ісі қолға алына бастады. Рулар арасында қайшылықтар болып, Бөкей ордасына қарасты құнарлы жер үстем тап меншігіне бөлініп берілді.

ХІХ ғасырдың аяғынан басталған қазақ жерінде саяси, тарихи оқиғалар қоғам айнасы – әдебиетте түрлі қырынан, сан алуан мазмұн, идеясымен көрінеді.

ХІХ ғасыр әдебиеті өзінің мазмұны мен идеясы жағынан біраз ілгерілеген, қоғамдық мәні зорайып, әлеуметтік беті айқындала бастаған әдебиет. Бұл кезеңде әдебиеттегі дәуір көрінісі айқын суреттеледі. Ұлттық сананың ояна бастағаны, әлеуметтік қайшылықтар, заман сыры жан-жақты ашылып, ақындардың қоғамдағы болып жатқан іс-әрекетке араласуы бейнеленеді. Осы кезеңде ақын-жыраулардың әділетсіздікке, зұлымдыққа, батыл күреске үндейтін қазақ поэзиясында жаңа бір өршіл сарын пайда болады. Халқының қамын ойлап, ел үшін еңіреп туған ерлер істері дәріптеліп, әділеттік, адамгершілік пікірлер ұсынылады.

Бұл кезең жөнінде зерттеуші Х.Сүйіншәлиев: «ХІХ ғасыр ақындары өзінің жаңа идеяларын поэзияның бұрынғы дәстүрлі үлгі формаларында жырлады. Ертеден қалыптасып, қазақ поэзиясында берік орныққан поэтика, көркем түр, стиль, әдіс-тәсілдер әрбір ақынның үйреншікті, төселген, жатыққан бейнелеу, суреттеу құралдары болатын. Ең алдымен, халықтың поэтикалық шығармашылығы қалыптастырған өлең құрылысы, буын өлшем, ырғақ-ұйқас жүйелері қаз-қалпында сақталды. Әсіресе, халықтың қара өлең, толғау, терме, жыр жүйелері кең пайдаланылды. Ақындар арнау, айтыс, өлең формасын жиі қолданады. Осылардың ішінде, ХІХ ғасыр поэзиясын кең өріске көтеріп, ілгері дамытқан жанрлары деп арнау, толғау, айтыс формаларын ерекше атап көрсеткен орынды», - деп жазады[2.421].

ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ даласында ағартушылық бағыт жәйдан-жәй туған жоқ. Ол тарихи-әлеуметтік дамудың қажеттілігінен, өмір талабынан туған. Қазақ даласына жоғарыда атап көрсеткеніміздей, капитализмнің еніп, феодалдық құрылыстың ыдырай бастауы, Ресейде оянған төңкеріс идеясының толқыны себеп болды. Патшалық Ресейдің отары болып өзінің тәуелсіздігінен, еркін даму мүмкіншілігінен айырылған, оның үстіне екі жақты қанауға түскен қазақ шаруалары бұл кезде іздерінің елдік талабын, саяси құқығын тарих шеңберіне қоя бастайды.

ХХ ғасырда қазақ әдебиетінде жаңадан әдебиет жанрлары пайда бола бастады. Бұрын соңды өлең-жыр түрінде келетін болса, кейін прозалық (повесть, роман) драмалық шығармалар көрініс тапты.

ХХ ғасыр басындағы ақын-жазушыларымыздың көпшілігі көне діни мектеп, медреселерде оқып, тәрбиеленді. Олар тек діни ұғымдармен қатар діни тәлім-тәрбие алған жазушылар болды. Бірлі-жарысы ғана жаңа білім алған, орысша оқыған еді. Сондықтан да, бұл кезеңде саяси білімдері мен мәдениеті төмен, білім дәрежелері аз ақын-жазушылардың қатары көбейді. Қазақтың жазушылары ағартушылық, ағартушылық-демократтық бағытты ұстанған көзқараста болды.

ХХ ғасыр қазақ әдебиеті өзінің мазмұны мен идеясы жағынан біраз ілгеріледі, қоғамдық мәні үлкейіп, әлеуметтік беті айқындала бастаған әдебиет. Бұл кезеңде дәуір көрінісі айқын бейнеленеді. Заманның шындығы ашылып, халықтың ұлттық санасы оянып, әлеуметтік теңсіздіктер жырланып, ақындар ел ісіне араласып жатқан кезеңі еді. Халықтың қамын ойлап, ол үшін туған ерлердің еңбектері жырланды. Жоғарыда атап өткеніміздей ХІХ ғасыр поэзиясы ілгері дамып, әдеби жанрлардың дүниеге келуі кең өріс алды. Бұл кезеңде айтыс жанры да біржақты дамыды. Осыған дейінгі кейбір арнаулар толғау, кейбір толғаулар дастан дәрежесіне көтерілгені белгілі.

Ал, ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті дәуір талабына сай мазмұнды дамыған, әдебиеттің көне үлгілерін өз бойына сақтап келген дәстүрлі реалисттік әдебиет болды.



1.2. Қазақ әдебиетіндегі діни-ағартушылық ағым. Адамзаттың қазіргі биігінен көз сал­сақ, тарих көшінің бет алысын түзеп, әлем­ге ұлы өзгеріс енгізген ірі құбылыс­тарға куә боламыз. Соның бірі де, Ислам діні екені сөзсіз. Бақытқа бастаймыз деп ұрандатқан күллібірегейі де идео­ло­гиялардың тоқы­рау­ға ұшырауы жаңа ізденістерге жол ашып, жыл өткен сайын Ислам дінінің әлемді баурап бара жат­қа­ны баршамызға аян. Бүгінгідей жаһан­дану ғасырында мәдени-рухани фактор ретінде Ислам дінінің маңызы неліктен еселеп артуда? Ол адамзатқа не берді? Дамуға қандай үлес қосты? Құндылықтары не?

Алғашқы бұйрығы «Оқы!» деп келген Ислам діні ең әуелі адамзатты білімге, оқуға үндеді. Құранға үңілумен қатар мына алып ғалам кітабын да қоса зерделеуге шақырып, Ұлы Шебердің құдіре­тіне саналы түрде бас идірді. Қасиетті Құрандағы «Білетіндер мен білмейтіндер тең бе?»[3.459] («Зүмәр» сүресі, 9-аят); «Бұлардың ішіндегі ғылымға бойлаған­дарға зор сый береміз»[3.103] («Ниса» сүресі, 162-аят); «Сондай-ақ, құлдарынан (ең алдымен) ғалымдар Алладан қорқады»[3.437] («Фатыр» сүресі, 28-аят); «Раббым, білімімді арттыра гөр!» [3.312]«Таһа» сүресі, 11аят) деген аяттарды, Пайғамбарлардың мирасқорла­ры» (Әбу Дауыд), «Талсондай-ақ, «Ға­лым­дар мұсылманбесіктен көр бесікке дейін білім іздеңдер» (Әл-Аж­луни), «Білім іздеу әйелге де, ерге де парыз» (Ибн Мажә. Мұқаддима. 17), «Ілім үйренуге шыққан адам Алла жолында» (Муслим, Зикр. 38) деген секілді хадистерді көкейге түйген мұсыл­мандар ілім үйренуге талпынып, сауат­ты­лықты барынша жаюға тырысқан. Пайғамбарымыз он мұсылманға оқу-жазу үйреткен тұтқындарды босатып, суффа сахабаларын мешітке жинап, тек қана іліммен шұғылдануға жұмыл­дырған. Алғашқы ілім ошағы әл-Мәсжидул Нәбәуимен басталған.

Тәуелсіздігімізді алып, көк туымыз желбіреп, егемендігімізді алдық. Берекеміз кіріп, ел тірлігі күннен-күнге ілгері басуда. Даламыз – дәнге, өрісіміз малға, үй ішіміз – жанға толды.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: «Халқымызда «Ынтымақты елде бақ тұрар» деген дана сөз бар.

Біз қазығы берік, мемлекеттігі бекем, төрт құбыласы сай Қазақ елінің айбынын асырып, атағын әлемге әйгіледік.

Біз толайым табыстарға қол жеткізіп, биік белестерді бағындырдық, алайда алар асуымыз әлі де алда...», - деп көрсеткеніндей қазақ халқы қиын-қыстау кезеңдерден өтіп, халқымыз арман еткен дүниелермен қауыштық[4.36]. Біздің ең басты құндылығымыз – Отанымыз, Тәуелсіз Қазақстан!

Демокртаиялық, зайырлы ел боламыз дегенше аласапыран заманның дүниелеріне көз жіберіп, қазақ әдебиетінің тарихын парақтап, қыр-сырына мән беріп, саналы оймен қарап, байыпты безбендеп бағдарлаған жөн.

1868 жылы Ресей патшылығы қазақ жерін иемденіп, басып алу мақсатымен «Қазақ даласын билеу ережелері» деген атпен заң шығарды. Жазушы Сәбит Мұқанов: «Жер отарлаудың мәнісі – қазақ даласына ішкі Россиядан переселендерді қаптатып, жиілетіп, орыс шаруа поселкаларын орнату,қазақтың бар құнарлы жерін переселендерге беру, сөйтіп жерге мал бағумен ғана кәсіп еткен қазақ халқын мал отынан айырып (отынан айырылған соң мал өсе ме?) қазақты кедейлендіру, содан кейін, аздырып-тоздырып, елдігін жою», [5.118] - деп өзінің зерттеуінде ой түйіндейміз.

ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қазақ әдебиетінде, жалпы қазақ қоғамындағы жетекші наным-сенім бағыты Ислам діні болды.

ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы ислам діні жөнінде Жұмажанова Фарида Тоқанқызы өзінің «Қазақ әдебиетіндегі шариғат негіздерінің көрінісі» атты кандидаттық диссертациясында былай дейді: «Дін адамдарды қиын кезеңдерде төмен түсірмейтін, қажырлығын жоғалттырмайтын, болашаққа деген үмітін үздірмейтін сүйеу болып табылады.Бұл сүйеніш сезімі дәуірдің шешуші сәттерінде, заң, әдет қоғамдағы құндылықтар, өмір шарттары, жанұя, денсаулық, күнделікті өмір қиыншылықтарында, күйреген сәттерінде адамдарға өте қажет. Өкінішке орай, адамзат тарихында бұндай кезеңдер өте көп. Ал, ХІХ ғасыр соңы мен ХХІ ғасыр басындағы оқиғалар бұндай көңіл күйдің пайда болуына жаңа серпіліс береді. Бұдан индивидтің қоғамдық және жеке өмірінде көрініс табатын діншілдіктің жаңа белгілері шықты. Бұл ретте жазушының сана-сезімін діни әдебиеттерді жазуға талпынып қана қоймайды, сондай-ақ оқырмандар да діни шығармаларды қабылдауға дайын тұрғанын айту керек»[6.57].

Ислам дінін насихаттай отырып, «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» дегенге көштік. Абай, Ыбырай, Шоқандар күресудің осы жолын дұрыс деп тапты. Олар бір-бірімен таныс болмаса да бұлардың идеялық жолы мен бағыты бір болды.

«Дін – насихат» дейді хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыз. Себебі, діннің көбеюі шын мәнінде үгіт-насихат жұмыстарына тікелей байланысты. Кеңес дәуірінде діни насихат түгілі жұрт мешітке де ойлана барған. Оның үстіне қылышынан қан тамған атеизм де дінімізді тұқырта қаралап, бірнеше дінсіз ұрпақ тәрбиеленіп те үлгерген. Жұрт ата діннің құндылықтарынан айырылып қалды. Дегенмен де, кеңес үкіметі кезінде қазақ қоғамында жетекші бағыт – ислам діні болды.

Әдебиетіміздің тарихында діни-ағартушылық ағым оның өкілдері туралы бірер-сараң зерттеушілер болмаса, толық ағым туралы еңбектер жоқтың қасы. Ол кезеңде діни-ағартушылықтар туралы еңбекте жазбақ түгілі, дінді ұстанған, ауызда «бисмилләсі» бар ақын-жазушылардың шығармаларын қоғамымызға жат деп санап, өздерін молда ақын деп айыптап жүрді.Қазақ әдебиетіндегі діни-ағартушылық ағымды айтпақ түгілі, қазақ топырағында дүниеге келген ақын-жазушылардың аттары мен шығармаларын айтудың өзі қиынға соқты.

Осы кезеңде ғалым Бисембай Кенжебаев 1956 жылы өзінің «ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады. Аталған еңбекте әдебиет тарихында жазылмай жүрген көптеген ақын-жазушылардың өмірі зерттеліп, баяндалады. Жалпы алғанда, ХХ ғасыр басындағы әдебиетті сол кезеңдегі үш түрлі бағытқа бөліп қарастырады:

«1. Клерикалдық –феодалдық, буржуазиялық-ұлтшылдық бағыттағы әдебиет.

2. Демократтық-ағартушылық бағыттағы әдебиет

3. Революциялық халық поэзиясы»[7.93].

ХІХ ғасыр аяғы мен ХХ ғасыр басындағы әдебиет тарихы жөнінде жазылған ғылыми зерттеулер мен жоғары оқу орындарына арналған бірізділік болмады.

Ғалым Ә.Қоңыратбаев «Шеберлік сыры» шығармасында «ХІХ ғасырдың аяғында, әсересе, 1905-1917 жылдар арасында көрінген бірқатар толғау ақындарының мұрасы жалпы қазақ әдебиетінің кезеңінен көп мәлемет береді. Оларды зерттеп, игеру керек дей келе, ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы әдебиет тарихын:


  1. Толғау ақындары

  2. Ағартушылық әдебиет

  3. Шығыс үлгісіндегі әдебиет деп үш салаға бөледі де, мұның үшеуі де жазба түрде дамыған, соңғысын шайырлық әдебиет десе де болады»,[8.144] - деген оймен толықтыра білді.

С.Жұбандықұлы 1992 жылы жазылған өзінің докторлық диссертациясында «ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті бағдарламасы туралы» мақаласында С.Ордалиевтің пікірін былай көрсетеді: «Біздіңше, ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетін екі әдеби бағытта бөлуіміз керек. Біріншісі – ағартушы бағыттағы ақын-жазушылар, оған Ақмолла, Нұржан, Әбубәкір, Қалтай, Шәді, Жаяу Мұса, Мәшһүр Жүсіп, Тұрмағамбет шығармашылығы енсе, екіншісі, қазақтың ағартушы – демокртаттық бағыттағы ақын-жазушылары, оның қатарында: Ахмет, Шәкәрім, Міржақып, Мағжан, (революцияға дейінгі шығармаларын ақтау қажет) Ғұмар, Мұхамеджан, Сұлтанмахмұт, Спандияр, т.б. өмірі мен еңбектерін жатқызар едік»[9.76].

Діни-ағартушылықтар заман тудырған халық перзенттері. Олардың шығармалары елді бірлікке, ізгілікке, білімділікке, шыншылдыққа шақырады.



1.3. Сыр бойындағы ақындық мектеп және ақындық орта дәстүрі.

ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасыр басында бұрын соңды «кітаби ақындар» деп аталып жүрген тұлғаларды енді діни-ағартушылық ағымның өкілдері деп атауымыз керек сияқты. Себебі, сол кезеңдегі көзқараспен қарап отыра берсек, ештеңені ұта алмайтын тәріздіміз. Еліміз егемендік алғалы биыл 21 жылдың таңы атып келеді. Сондықтан біз демократиялық елде өмір сүріп, жатқандықтан, өткенімізге көз жүгіртіп, «ескіше бағыттағы ақындар» деп отыра бермей, «діни-ағартушылық ағым» өкілдерін зерттеп, зерделеп, зерттеу обьектісіне айналдыратын уақыт жеткен тәрізді. Қазіргі кезде Қазақстан ислам дінін ұстанған әлемдік өркениеттің жетекші сапында тұр.

ХІХ ғасыр әдебиеті қазақ поэзиясының халықтық қуатын, ұлттық сөз өнерін күшейте түсті. Сыр өңірінің ақындық орта өкілдерінің әдеби шығармашылыққа қалыптасуына жетекші ықпал еткен орталықтар -– медреселік оқу орындары. Медреселерден білім алған ақындар ислам дінін насихаттау барысында ағартушылық сарындағы дидактикалық шығармаларын қалыптастырды. Сыр сүлейлері Базар Оңдасұлы, Ешнияз сал Жөнелдікұлы, Жиенбай Дүзбенбетұлы, Ерімбет Көлдейбекұлы, Оңғар Дырқайұлы, Күдері қожа Көшекұлы, Даңмұрын Кенжебекұлы, Мәделі Жүсіпқожаұлы, Омар Шораяқұлы, Тұрмағамбет Ізтілеуұлы, Қаңлы Жүсіп, Нұртуған Кенжеғұлұлы, Мәнсұр Бекежанұлы, Молдахмет Дабылұлы, Тұрымбет Салқынбайұлы, Сейітжан Бекшентайұлы, Мұзарап Жүсіпұлылардың барлығы да медреселерден немесе ахун-ұстаздардан білім-тәрбие алған.

«Ақындық өнер – көркем өнер. Екінің бірі ақын бола алмайды, сонымен бірге, жаратылысынан, тұқымынан ешкім де ақын болып тумайды. Рас, ақын болатын адамның бойында ақындық талант, қабілет, бейімділік болады. Ақындық таланттың адамда болуы, оның өскен ортасына, жас күніндегі тәрбиесіне де байланысты. Көркем өнер айрықша гүлденген, қадір тұтқан отбасылық, қоғамдық ортада ақындық талант ерте, молырақ оянып жарыққа шығады. Егер поэзия, ақын дегеннің қадірсіз, елеусіз, оның ірі, үлгі алатын таланттары жоқ болса, ақындық таланттар мүлде жарыққа шықпай жоғалып кетуі де мүмкін », - деген пікір айтады Е.Ысмайылов[10.55].

Зерттеушінің пікіріне сүйенсек, ақындардың қалыптасуы өзі өмір сүрген орта мен тәлім-тәрбие, үлгі алған әдебиет мектеп бағасында екені ашық.

Сыр сүлейлерінің ақындық ортасындағы кеңінен орын алған шығармашылық дәстүрлерінің бірі – нәзирагөйлік еді. Ақын-жырауларымыз осы дәстүрді ұстана отырып, Құран кітабы сүрелері, пайғамбарлар мен сахабалардың, періштелердің имандылық-адамгершілік тәрбиесі жолындағы іс-әрекеттері туралы оқиғаларды жырлады. Зерттеуші Н.Ғабдуллин «Нәзира» үлгісі жөнінде былай деп көрсетеді: «Нәзира екі шайырдың бәсекесі емес, өнерге өнермен қайтарлыған жауап. Нәзирада алдыңғы ақын суреттеген оқиғалар мазмұны қайталанғанымен, кейінгі ақынның сол оқиғаларды сипаттап айтуына, қаһармандардың бейнелеуінде осы шайырдың өзіндік сарынынан танытатын ерекшелігі болады»[11.67].

Сонымен қатар, Сыр бойы ақындарының ислами ағартушылық дәстүрді, ақындық ортаны қалыптастырудың негізі – медреселік оқу орындары. «Медресе - (арабша «мәдрәсә»: мектеп, училище) – дін басыларын бастауыш тәжірибелік – мектептердің мұғалімдерін, сонымен қатар Таяу және Орта Шығыс елдерінде мемлекеттік басқару аппараты қызметкерлерін дайындайтын мұсылмандық орта және жоғары мектеп»[12.193].

Сыр бойындағы исламдық ағартушылық ойлаудың орталықтары болған медреселер үлкен қалаларда ашылды. Мысалы, Самарқандағы Ұлықбек медресесі (1420), Бұхардағы «Мир-Араб» медресесі (1530), Түркістан, Шымкент, Ақмешіт қалаларындағы медреселер. Медреселерде һақ дін ислам мен оның негізі Құранды толық игеруге үйретті. Сонымен қатар, араб, парсы, заң ғылымы, логика, медициналар жеке-жеке пән ретінде оқытылды.

Осындай медреселерден білім алған Сыр сүлейлерінің поэтикалық мәнері, исламдық-ағартушылық бағдардағы дидактикалық сарындары үндес болып келеді. Сыр өңірі ақындары шығармаларындағы сопылық ілімнің көрінісін айқындауда зерттеуші Оралова Гүлзира өңіріміздегі ақындық мектеп өкілдерін шартты түрде былай жіктеп көрсетеді: «Біріншісі – дәстүрлі жыраулық – ақындық поэзияны ислам ағартушылығы, шығыстың фольклоры мен классикалық әдебиеті дәстүрлерімен ұштастырған тұлғалар:

1. Базар Оңдасынұлы, Ерімбет Көлдейбекұлы, Тұрымбет Салқынбайұлы, Даңмұрын Кенжебекұлы, Жүсіп Ешниязұлы, Жүсіп Қадырбергенұлы, Рахмет Мәзхажаев, Жаңаберген Бітімбайұлы, Нұртуған Кенжеғұлұлы, Айманкүл Тәжібаева, Қуаныш Баймағамбетов, Жәмет Сайымқұлұлы,Төлеубай Үркімбаев және т.б.

Екіншісі – ақындық поэзия мен кәсіби жаңа жазба әдебиет дәстүрлерін ұштастырған тұлғалар.Мысалы:

2. Нұрсұлтан Жұбатұлы, Молдағали Құлмұрзаев, Байназар Өтепұлы, Дәріғұл Өмірқұлұлы, Мұзарап Жүсіпов, Нұғыман Молыбаев, Әбзәли Егізбаев, Әбділдә Жүргенбаев, Асқар Қожахметов, Әбілхан Маханұлы және т.б.»[13.251]. Бұл – қазақ әдебиеті тарихын құрайтын дәстүрлі ақындық мектептер жүйесінің көрсеткіші.

ХІІ ғасыр Орта Азиядағы Сопылық поэзияның орталығы Сыр өңіріндегі Түркістан (Ясы) болды. Сопылық поэзия жөнінде Ә.Қоңыратбаев: «Суфизм утопиясында ресми дінге (исламға) қарсы қойылған оппозициялық ой, еркін ойлауға ұмтылу да болған. Мысалы, ислам діні шахтар мен феодалдардың құралына айналған кезде, суфизм өкілдері Алланы дінмен (ақылмен) емес, жүрекпен тану керек деп, ресми дінге қарсы болған», [14.88]- деген пікір атады.

Сыр өңірінде бүкіл тіршілік сопылық ілімнің негізін салушы дуалы ауыз, кемеңгер ақындардың бірі Қожа Ахмет Иассауи Ибраһимұлы Ибн Махмұт деп білеміз. Оның есімімен байланысты бізге, яғни қазақ жеріне, қазақ мәдениетіне қалдырған 2 түрлі тарихи мұрасы бар. Оның біріншісі - Түркістанда 1937 жылы салынып біткен ақынның бейіті болса, екіншісі – «Диуани хикмет» деп аталатын өлеңдер жинағы.

Қожа Ахмет жырлары әділдік, ойлылық, мейірімділік, тақуалық секілді істерге, яғни, Абай айтқандай, «бес нәрсеге асық, бес нәрседен қашық» болуға шақырады. Оның хикметтері тақуалық ғұмыр, пақыр, жетімдерге пана болып, қамқорлық жасау, Алла емшісінің жолын ұстау, өмірді босқа өткізбеу һәм Құран Кәрімнің сүре аяттарындағы уағыздар мен Мұхаммед Пайғамберымыздың қасиетті хадистеріндегі өсиетнамаларды еске түсіреді. Сайып келгенде ақын бұрынырақ ғұмыр кешкен мұсылман Шығысының ойпаздары мен даналарының кәміл адам тәрбиелеу туралы идеясын алға тартады, әрі ол сопылық тағылым, дәстүрмен сабақтасып жатыр.

Қорыта келгенде айтарымыз, ақындық орта дәстүрлер мен медреселер Сыр бойы ақын, жырауларының шығармаларындағы исламдық мазмұнның қалыптасуына ықпалын тигізді. Сыр бойы ақын жыраулары шығармаларындағы ислам тақырыбы осы Қожа Ахмет Иассауи және оның ақындық өнер дәстүрі ізімен жалғасады. Сыр бойы ақындық өнеріндегі қалыптасу, даму жолдарына, әдебиетте, мұсылмандық дүниетаным өрісінің кеңдігі танылады. Жоғарыда көрсеткен ақындардың поэзиялық шығармалары ислам дінін насихаттаудың аса пәрменді, ықпалды құралы ретінде танылды.



«Қазақ поэзиясындағы діни-ағартушылық ағым және Сыр сүлейлері шығармашылығы» деп аталатын екінші тарауда Сыр сүлейлері Ерімбет Көлдейбекұлы, Омар Шораяқұлы, Тұрмағамбет Ізтілеуұлы, Қаңлы Жүсіп, Сейітжан Бекшентайұлы ақын-жырауларымыздың шығармаларына талдаулар жасалады.

2.1. Сыр сүлейлерінің дидактикалық өлеңдеріндегі исламдық дүниетаным. Қазақ әдебиеті тарихында өзіндік шығармашылық мектеп дәстүрін қалыптастырып, дамытып шығармалары «Сыр сүлейлері» атауымен халық жүрегінен берік орын алған ақындар шоғыры ұлттық мәдениет тарихында айрықша даралана бағаланып келеді. Олар: Базар Оңдасұлы, Ешнияз сал Жөнелдікұлы, Жиенбай Дүзбенбетұлы, Ерімбет Көлдейбекұлы, Оңғар Дырқайұлы, Күдері қожа Көшекұлы, Даңмұрын Кенжебекұлы, Мәделі Жүсіпқожаұлы, Омар Шораяқұлы, Тұрмағамбет Ізтілеуұлы, Қаңлы Жүсіп, Нұртуған Кенжеғұлұлы, Мәнсұр Бекежанұлы, Молдахмет Дабылұлы, Тұрымбет Салқынбайұлы, Сейітжан Бекшентайұлы, Мұзарап Жүсіпұлы және т.б. ақындарСырдария мен Әмудария өзендері жағалау аймақтары мен Қаратау атыраптарын қамтыған ақындық өнер мектебі дәстүрін ұлттық көркемдік ойлаудың көрсеткіші биіктігінде танытты. Бұлардың шығармашылығын құраған негізгі арналар: Біріншісі – қазақтың ауызша және жазбаша дамып қалыптасқан ұлттық сөз өнері, фольклор мен әдебиет мұралары; екіншісі – Шығыс фольклоры мен классикалық жазбаша әдебиеті; үшіншісі – ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасыр басында қауырт өркендей бастаған еуропалық дәстүрдегі жаңа жазба реалистік әдебиет.

Сыр сүлейлері шоғырының дарынды тұлғаларының бірі Сейтжан Бекшентайұлының шығармаларының алтын арқауы да - имандай адалдық, періштедей пәктік, ар мен жанның мөлдір тазалығы.

Ақынның жүрек лүпілінің үндеуі – ислам дінінің адамзатты қылаудай қиянатқа барғызбайтын тура жолымен сарындас. Оның діни тақырыптағы өлеңдерінен философиялық ой-толғам, өмірге деген құштарлық байқалады. Атақты Марал ишан бабамызға арналған өлеңінің өзі бір мақалаға жүк боларлық салмағы бар. Бекшентайұлы Сейтжан, Сейтжан сал 1874 жылы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында туған. Патша заманының және кеңестік дәуірдің алғашқы кезеңінде өмір сүрген. Ақын кеңес өкіметінің «қас жауы» деген жаламен 1938 жылы атылып кетеді. Содан соң жарты ғасырдан соң 1989 жылы ақталып, өлеңдері баспа беттерінде жариялана бастайды. Ақын шығармаларын зерттеу ісі 1944 жылдан бастау алып, Ә.Қоңыратбаев, М.Байділдаев, Н.Керейтбаев, Қ.Есжанов, Т.Дайрабай т.б. зерттеушілер көптеген деректер қалдырады. Аз ғана ғұмырында бірнеше ақындармен айтысқан, жұмбақ айтысқа да қатысқан. Діни тақырыпта жазылған өлеңдерінде жаратылыс сыры, жан мен рухтың тереңдігінің мәнін ашуға тырысады. «Түсейік жолға адамдық» атты жырында:

Бауырларым неге мұнша,

Дүние деп зарладық.

Сол дүниенің қасіреті-

Адамдық жолға бармадық,

Білім, өнер үйренуге,

Назарды бір салмадық

Алжастырып әркімдерді

Туғанды да алдадық

Жиған дүние көрінбей

Адамдық арды жалмадық...

Құрысын енді надандық

Түсейік жолға адамдық[15.12],-деп поэзия арқылы қазақ қауымының санасын тәрбиелейді.Адамның ішкі әлеміндегі сапалық құндылықтарды көтеру арқылы, қоғамды жақсарту туралы ой толғайды.Адамды ізгілікке ұмтылу арқылы алланы сүюді, адамзатты құрметтеуді және өзінің ішкі әлеміне үңілуді, жамандық атаулыдан аулақ болуға шақырады. Ақын адамның жетілуі оның өзіне қатысты екенін ескертеді. Өз бойындағы, жаратылысындағы жақсы қасиеттерді өзінің дұрыс өмір сүруіне пайдалана алса, ізгілікке бейімделуге құштарланса ғана, адам өмірі мәнді болады деп пайымдайды.

Сұлу Сырдың бойында ғұмыр кешіп, халқы мен елінің тіршілігі өссін, армандарына қолдары жетсін деп тіршілік кешіп, ауыры мен қиынын, ащысы мен тұщысын жөндесем деп армандаған талай ақын-жазушылар өтті. Солардың ішінде ел есінде ақындығымен есте қалған, «тұлпар ақын » деп атақ алған Тұрмағамбет Ізтілеуұлы еді. Ақын шағармашылығында өз кезең әдебиетіне тән өсиет, ғақлия, насхат өлеңдер көп кездеседі. Адамгершілік қасиеттерге шақыру, білімге ұмтылдыру, өзінің елін жоғары елдің қатарына қосу, халқын ұйқыдан оятып көзін ашу, Аллаһты мойындауды, ислам дінін насихаттау ақынның шығармашылығында кең орын алады. Оның:

Қалайда да өзіңнің

Құлыңнан болам бір, Алла.

Көңілімді басты кір, Алла!

Сол кірімді кетіріп,

Ойыма орнат нұр, Алла! [16.375]

Ақын бұл өлеңінде Алла жолынан таймай, медет сұрайды. Көңіліндегі кірді кетіру үшін Аллаһтан жәрдем сұрайды, тілек тілейді. Ақынның ислам діні аясындағы көзқарастары барлық шығармаларында да айқын байқалады. Әсіресе, көңіл айту және жоқтау жырларында Аллаһтын құдіретін, фәни мен бақи дүние жалғастығын мойындау идеялық – композициялық желі болып жырланған. Ақын халыққа көңіл айтуда және бұл дүниеден өткендерді жоқтауда адамзаттың өмір шындығын, имандылық қағидасы тұрғысынан қабылдауды ұсынады.

Мына бір өлеңін ақын халыққа үгіт-насихаттық жанрда көрсеткен:

Осы айтқан үгітімді ескеріңдер,

Емес едім өзім де ескерімді ер.

Сонда да сұм дүниенің соңына ермей,

Қаһарынан қорқып Хақтың,сескеніңдер!


Шартынан шариғаттың сөйлемесек,

Халық саған «қанарыңды шешпедің» дер.

Керегін беріп көптің көңіл алмасақ,

Ұялтып: «Өте сараң,пәс пе едің» дер.

Кемеменен кең теңізді кездірейін,

Қолыма енді, ерлерім, ескегім бер! [17.84]

Исламдық дүниетаным ойлары мен адамдардың сана–сезімдерін мұсылмандылықтың ізгі нұрымен сәулелендіріп, оқу-білім алу, халыққа қызмет ету, адал өмір сүру және адамгершіліктің, исламдылықтың сан алуан қасиеттерін иеленуге жөн сілтеу – Тұрмағамбет ақын шығармаларының алтын арқауы.

Ақын-жыраулар шығармаларында «Құдай-бір, Құран-шын, Пайғамбар-хақ» деп берік сенім қалыптастырып, Құран-Кәрім сүрелерінен, аят, хадистарден алынған насихат, үлгі-өнеге болатын ғибрат сөздерді халық санасында имандылық-адамгершілік қасиеттерді түсінуге ықпал жасады.

Осы бағытта жыр жазған ақындардың бірі Қаңлы Жүсіп Қадырбергенұлы. Ол Сыр бойына белгілі ақын-шайыр болған кісі. Ақын, әрі жырау орысша, қазақша сауатты Жүсіп Қадірбергенұлы өмір сүрген кезең Ресейдің отаршылдық саясатының кең өрістеген, сұлтандық пен болыстық жүйенің қазақ елі арасында ру тартысының өрістеген кезеңімен тұстас келген.

Ақынның өлеңдерінде адамгершілік идеясын діни тұрғыдан түсінуге тырысқан. «Құдіреті хақ сүбханның», «Насихат сөз», «Той бастау» өлеңдерінде ақын Алланың мейірбандығын, мейірімділігін еске ала отырып, кісі ақысын жемеу, шайтанның азғыруына түсіп қалмай, пенделерді хақ дін Ислам дініне, ондағы адамгершілікке дәріптейді. «Құдіреті хақ сүбханның» өлеңінде:

Құдіреті хақ сүбханның,

Қолында тұр барлық мүлік.

Көрсетпекке хақ құдіретін,

Санаяр етсін деп сансыз мақұлық.

Неше түрлі жан жаратты,

Бірді кейін,бірді ілік.

Дүнияға беріп зейнет,

Ай мен күнді қойды іліп.

Сөзіңе жеңсік көп шығар,

Сыртыңнан халқың аңыз ғып,

Пәленше сондай дегенмен.

Сіздерден сөзім садаға,

Сөзіме разы болсаңдар,

Тұтайын,халқым,сөз тыңда![18.225]

Қазақ халқы қашаннан да Алланы танып, Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбарымызды біліп өскен халық. Сырдың сүлейлері де шығармаларында осыны жырлап, халықты һақ дін Исламға, адамгершілікке, рухани тазалыққа дәріптейді.

Адамзаттың қазіргі биігінен көз сал­сақ, тарих көшінің бет алысын түзеп, әлем­ге ұлы өзгеріс енгізген ірі құбылыс­тарға куә боламыз. Соның бірі де, Ислам діні екені сөзсіз. Бақытқа бастаймыз деп ұрандатқан күллібірегейі де идео­ло­гиялардың тоқы­рау­ға ұшырауы жаңа ізденістерге жол ашып, жыл өткен сайын Ислам дінінің әлемді баурап бара жат­қа­ны баршамызға аян. Қазақ әдебиеті тарихының қалыптасуымен қатар исламдық қағидалар да, сөз өнері арқылы ақын-жырауларымыздың мазмұнды да, көркемдік ойлау жүйесі арқылы кеңінен таныла алады.



2.2. Мадақ, мінажат жанрларындағы діни-ағартушылық сарын. Сыр сүлейлері исламды насихаттау арқылы халықты имандылыққа шақырып, адамгершілік игі қасиеттерге тәрбиелеуді көздеген. Ислам тақырыбындағы мінәжат өлеңдер арқылы лирикалық толғаныс жасаған.

«Мұнажат – арабша – монаджат: 1. Түнгі жалбарыну дұғасы. 2.Діни әнұран. 3.Оңашадағы ашық әңгімелесу.Аллаға өз тағдырына шағымдана, өтінішпен,тілекпен жалбарыну»[12.200]. Зерттеуші ғалым Ахмет Байтұрсынов өзінің зерттеулерінде: «Діндар дәуір мұңды, зарлы сөздеріне мінажат деп ат қойған.Әуелінде мінажат деп ғұламалардың құдайға айтқан зары, арызы, налысы айтылған. Бара-бара зарлық, мұңдық мағынасына айналып, зарлық өлең сияқты сөздер де мінажат деп аталатын болған », [19.268] - дейді.

Мінәжат өлеңдер – ақындардың лирикалық толғаныстарының өрнектерімен ислам дінінің негіздерін мойындау көзқарастарының көрінісі. Жоғарыдағы анықтамаларда айтқандай, Аллаға жалбарына жыр арнау – ақындықтың азаматтық имандылықпен толысуының белгісі.

Сыр сүлейлері шығармаларында, соның ішінде Тұрмағамбет жырларында адамгершілік-имандылық сарыны, хақ ислам дінін насихаттау байқалады. Аллаһқа шүкірлік жасап, дін жолындағы шайқастың болмауын Аллаһтан нәсіп еткен:

Әй, Кәрім, көптің көңілін басты қайғы,

Кешіріп кеңшілік қыл, болса да айыбы.

Жоюға жаһат қылып жауыздар жүр,

Дінінің Ислам атты бір талайғы.

Адасып ақылыңнан оның үшін,

Мүміндер мұңайып тұр бұл маңайғы,

Мұңайып мұнша құлың тұрғанында,

Шат қылу елді Шаһының еді лайығы.

Шүкір етіп, шамадан тыс шабар еді,

Қуантып қолдарына берсең бәйгі! [17.121]

1935 жылы жазылған ақынның мына бір өлеңінде:
Ей, Кәрім, көңілін көркейт мұсылманның!

Қуандыр қайбірін де қысылғанның!

Таупық бер біреуі емес, бәріне де –

Көңілінен иман нұрын ұшырғанның!

Қырық түрлі қысқа күнде құбылған соң,

Келеді қу дүнияға құшырланғым.

Дін, жоба, ұятыңды қолдан беріп,

Ойлансаң, ойлы ерлерім, үш ұрландың! [17.124]

Мінәжат өлең басынан аяғына дейін философиялық ойға құрылып, ақынның қайғы-мұңы мен уайымымен түйінделген.

Мінәжат – қазақтың арнау, насихат өлең, дидактикалық-философиялық толғау жанрларының қасиеттерімен де үндесетін жанрдың түрі. Мінәжаттың тақырыптық арқауы Аллаға, пайғамбарларға мадақ айту, тілек тілеу, фәни дүниедегі адамдардың жағымсыз істері үшін кешірім сұрау, жалбарыну болып табылады.



2.3. Сыр бойындағы дастаншылдық үлгі және исламдық поэзия.

Ағартушылық бағытындағы әдеби ағымға тән басты ерекшеліктердің бірі – адамдардың терең білім алуға, ғылым игеруге үгіттеу, насихаттау. Насихат айту – адамзат ұрпақтарының алдыңғы буын өкілдерінің үлгілі істерін кейінгі толқын ұрпаққа өнеге етіп айту. Бүкіл адамзатқа рахым ретінде ғана түсірілген ақиқат білім көзі «Құран Кәрімде» адам баласының бүтін ғаламдағы орны, жаратылуы мен құлшылығының сырлары, тіршілігінде атқарар қам-қарекетінің шегі көрсетілген.

Сыр бойы ақындарының ең алдымен бөліп айтарлықтай ұтымды ойлары – қалыптасқан әдеби дәстүрге Шығыстық үлгідегі шығармалардың қосылып, әдемі өрнектелуі. Осылайша ақын-жырауларымыз өздеріне дейінгі жазылған шығыстық үлгідегі шығармаларды оқи отырып, дамытты, солай дәстүрге айналдырды. Бұл жөнінде белгілі зерттеуші ф.ғ.д., профессор Б.Кәрібозұлы: «...Сыр өңіріндегі әдебиет өкілдері шығыс әдебиетінің дәстүріне ерекше ден қойып, шығыстың классикалық әдебиетінің үздік туындыларын нәзира дәстүрімен немесе Шығыс сюжетіндегі аңыздар мен ертегілерге өз жандарынан қосып, қисса-хикаяттарды дүниеге келтіріп отырған. ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде, әсіресе, Сыр сүлейлері шығармашылықтарында небір ғажайып үлгілі, көркемдігі қамшы салдырмайтын тындылар Шығыс әдебиетінің дәстүрінде дүниеге келіп, оқырмандарын тауып, халық арасына кең тарай бастаған»[20.30].

Сыр бойы ақын-жыраулары туралы сөз қозғар болсақ, осындай шығыстық дәстүрді ұстанғандар көп. Шығыстың «Мың бір түн», «Шаһнама», «Тотынама» сияқты дастандардағы керемет қасиеттерін ала отырып, қазақи дастандар дүниеге келіп жатты. Оған Ә.Егізбаевтың «Дат», «Төрт дәруіш», Жүсіп Ешниязұлының «Шаһизада», «Сұрмерген», Әлиакбар Жұматайұлының «Жүз сұрау», Қаңлы Жүсіптің «Жүкті қыз», «Мәрді салық», Ә.Әлиасқаровтың «Қорқыт», «Төрт дәруіш», т.б. шығармаларын мысалға келтіруімізге болады. Осы айтылған ойымызға зерттеуші Ғ.Тұяқбаевтың пікірін айта кетуіміз жөн болар: «Шығыс әдебиетінің үлгілері, әсіресе, ғашықтық дастандары «Сейфүл-Мәлік», «Бозжігіт», «Мың бір түн», «Тотынама», «Шахнама», «Ләйлі-Мәжнүн», «Таһир-Зуһра», «Фархат-Шырын», т.б. мен ислам дінін насихаттап, адамзат баласын имандылыққа шақыратын «Сал-Сал», «Зарқұм», «Сейітбаттал» сияқты шығармалар қазақ даласында ауызша тарады. Қазақ жыршылары шығыстың осындай поэзиялық туындыларын жырласа, ел арасында оларды ертегі, хикая түрінде қарасөзбен айтатындар да болады. Ал сауатты адамдар түпнұсқадан да оқыды.

Сыр бойы ақын-жазушылардың ішінде ислам тақырыбына арналған дастандар бар. Онда Аллаһтың бірлігі, Құранның шындығы, Мұхаммед(с.ғ.с.) Пайғамбардың уағыздары, сахабалар, діни жолды ұстанған адамдар жайында айтылған.

Сыр сүлейлері Ерімбет Көлдейбекұлының «Мұхаммед Пайғамбар туралы хикая», «Әзірет Әлімен Дариха қыздың күресі», «Әзірет Әлі мен Мағауияның күресі», «Садуахас Сахи», «Ақтам,сабақа», «Атымтай Жомарт», «Әбу Шаһма», «Бап Раушан», Омар Шораяқтың «Мұхаммед», «Мағауия», «һақ Сүлеймен», «Қалимулла», «Әбу Шаһыма», Қаңлы Жүсіптің «Абыра һанның бастан кешкендері» қазақ әдебиетіндегі діни қисса-дастандар қатарына жатқызамыз.

Сыр сүлейлерінің ішінде Шораяқтың Омарында да діни дастандар бар.Атап айтар болсақ: «Мұхаммед», «Мағауия», «Һақ Сүлеймен». Дастандардан Құран Кәрімнің сүрелері, аяттары мен Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) пен сахабалардың өмірінде болған оқиғалары суреттелгенін аңғарамыз. Оның «Мұхаммед» дастанына талдау жасасақ, бастан аяқ Пайғамбарымыздың өміріндегі осындай оқиғаларды бейнелеп көрсеткен. Ондағы Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбардың Меккеге жақын Саур үңгіріне келіп жасырылғандығы баяндалады. Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) үндеуі халыққа кең тарап кетеді. Оған иланушылардың саны көбейеді. Бірақ құрайыштар бәрібір оның көзін құртудың амалын ойластыра берген. Исламды біржолата тұншықтыру ниетінен қайтпаған. Осы тұста Аллаһ тағала Мұхаммедке (с.ғ.с.) Меккеден Иасрибқа (қазір ол Медине - Пайғамбар Мұхаммед (с.ғ.с.) қаласы деп аталады) шығып кетуге пәрмен береді. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) сахабаларының бірталайы да осында келіп алған еді, солардан көмек болатыны да ескеріледі.

Сыр бойы ақындарының бір топ дастандары – ислам тарихындағы аңыздарды, сахабалар мен пайғамбарлардың өмірін поэзия тілімен жырлап, жаңғыртқан туындылар.



Қорытынды.

Қорытындыда зерттеу жұмысы бойынша жасалған тұжырымдар жинақталып беріледі. Зерттеу барысында жалпы ислам діні, ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы ислам діні, қазақ поэзиясындағы діни-ағартушылық ағым туралы, сонымен қатар Аллаһтан түсірілген Құран кітабымыз бен Сыр сүлейлері шығармаларына талдаулар жасалып, сараланды. Жинақталып, жүйеленді.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Кәкішов Т. Санадағы жаралар. – Алматы: Қазақстан,1992

2. Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. - Алматы: Санат, 2006.-998б.

3. Құран Кәрим (қазақша мағынасы мен түсінігі). Аударған Халифа Алтай. Екі харамның қызметкері Фахд патшаның З Құран Шәриф басым комбинаты. – 595 б.

4.Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Жаңа онжылдық – жаңа экономикалқ өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері. Астана:2010.-74б.

5.Мұқанов С. Қазақтың ХYІІ – ХІХғасыр әдебиетінің тарихи очеркі. І бөлім. Алматы: ҚААББ,1942

6. Жұмажанова Ф.Т. Қазақ әдебиетіндегі шариғат негіздерінің көрінісі. Кандидаттық диссертация, - Алматы:2010

7. Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. – Алматы:1956

8. Қоңыратбаев Ә. Шеберлік сыры. – Алматы:1979

9. Қазақ тілі мен әдебиеті.// №1, 1992

10. Исмаилов Е.Ақындар. – Алматы: ҚМКӘБ,1956, - 340б.

11. Ғабдуллин Н. Абайдың нәзира үлгісі// абай және қазіргі заман. Зерттеулер жинағы. – алматы: Ғылым, 1994

12.Рустемов Л. 3. Араб-иран кірме сөздерінің қазақша-орысша түсіндірме сөздігі. -Алматы: Мектеп, 1989. - 320 6.

13.Оралова Г.Сыр еліндегі діни-ағартушылық ой-сана. Ғылыми-теориялық конф. Материалдары. – Алматы, 2010.-436б.

14.Қоңыратбаев Ә.Көне мәдениет жазбалары.– Алматы:Қайнар университеті, 1991

15. Сыр еліндегі діни-ағартушылық ой-сана. Ғылыми-теориялық конф. Материалдары. Қызылорда.2010.-436б.

16. Ізтілеуов Т.Өлеңдері. Әдебиет және өнер институты.(№975 папка)

17. Тұрмағамбет І.Тұрмағамбет Ізтілеуұлы шағырмалары.-Астана: Фолиант, 2009

18. Кете Жүсіп Ешниязұлы, Қаңлы Жүсіп Қадірбергенұлы, Жүсіп Таубайұлы шығармалары. «Фолиант»баспасы, Астана,2009.-370б.

19.БайтұрсыновА. Шығармалары(өлеңдер,аудармалар,зерттеулер).-Алматы: Жазушы,1989

20. Кәрібозұлы Б. Беталыс. – Алматы: Арыс, 2005. – 200б.



Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған мақалалар тізімі:


  1. Сейтжан ақынның діни тақырыптағы өлеңдерінің танымдық, көркемдік сипаты.Ғылым, білім және инновация: жас ғалымдардың ғылыми еңбектерінің жинағы. – Қызылорда: Тұмар, 2010. – 119-125 бб.

  2. Діни ағартушылық ой-сана. //Ақиқат.№4, 2012ж. – 97-102 бб.

  3. Құранның кереметтері.// Тағылым.№1(7), 2012ж. – 52-54 бб.

  4. Тұрмағамбет Ізтілеуов шығармаларындағы мінажат өлеңдер.«Жас ғалымдар жинағы», 2012ж. (баспада)

  5. Сыр сүлейлерінің шығармашылығындағы тәуелсіздік идеяның жырлануы. «Тәуелсіз мемлекет құрудың қазақстандық моделі: ерекшеліктері, жетістіктері, даму стратегиясы» ғылыми-тәжірибелік конференция жинағы.(баспада)



РЕЗЮМЕ

реферата диссертации на соискание академической степени

магистра педагогических наук по специальности

6N011700 – казахский язык и литература

УКСИКБАЕВОЙ МУЛДИР АБДИСАХИПОВНЫ
Религиозно-просветительское направление в творчестве поэтов Сыра (тематические, художественные особенности)
Общая характеристика работы. Путь развития и становления многовековой казахской литературы отражает систему художественного мышления в духовном миропонимании народа. Религиозно-просветительское направление в литературе конца Х1Х-начале ХХ веков достигает небывалого расцвета. В произведениях того периода описываются многочисленные социально-политические события, пережитые народом. Особое внимание уделяется темам народной судьбы, исламской религии, жизнеописанию пророков и святых, идее просвещения народа через праведный путь Аллаха и поискам духовно-нравственных идеалов.

Актуальность исследования. Казахский народ имеет богатое историческое прошлое. Одно из важных событий в его жизни – это распространение ислама в казахской степи. Одна из актуальных проблем, требующих специального изучения, - дидактическая поэзия акынов-жырау региона Сыра, призывающая к просвещению через пропаганду ислама.

В трудах С.Муканова, Б.Кенжебаева, Т.Какишева, М.Мырзахметова, Р.Бердыбаева, А.Дербисалина рассматриваются идеи просвещения в литературном процессе конца Х1Х-начале ХХ веков. Вместе с тем новое освещение данная проблема получила в работах современных исследователей Г.Туякбаева, У.Байбосынова, Б.Жусупова, Д.Сатемирова, Ф.Жумажановой, С.Жубандыкова и др. Однако до настоящего времени литературный процесс рубежа Х1Х-ХХ веков не был рассмотрен в связи с социально-политической обстановкой того времени, а также не уделялось внимание специальному изучению религиозно-просветительского направления в творчестве поэтов Сырдарьинского региона.



Объектом исследования являются произведения мастеров слова Сыра конца Х1Х-начала ХХ веков.

Цель исследования: сделать анализ релизизно-просветительской поэзии акынов-жырау региона Сыра, живших в конце Х1Х-начале ХХ веков.

Для достижения намеченной цели необходимо решение следующих задач:



- определить особенности художественного осмысления в литературе социально-политической обстановки на рубеже Х1Х-ХХ веков;

- дать характеристику исламскому миропониманию в дидактической поэзии поэтов Сыра;

- выявить религиозно-просветительские мотивы в поэзии акынов-жырау;

- сделать анализ поэм акынов-жырау на основе Корана и хадисов Пророка Мухаммеда.



Степень изученности темы. Изучение творчества поэтов Сыра началось в ХХ веке. В советское время давалась низкая оценка художественно-эстетическому содержанию произведений религиозной направленности. С обретением суверенитета произошла переоценка ценностей, возник интерес к истории литературы и возвращение к религии. Творчество поэтов Сыра получило объективную оценку с научной точки зрения в работах Г.Туякбаева, У.Байбосынова, Ф.Жумажановой, У.Кумисбаева, А.Конратбаева, Б.Карбозулы, У.Жанбершиевой, Б.Жусупова, М.Байдильдаева и др.

В данной работе прослеживается процесс распространения идей ислама через дидактические произведения поэтов региона Сыра, а также рассматриваются проблемы просвещения народа на рубеже Х1Х-ХХ веков.



Теоретическая и методологическая база исследования. В поисках решений поставленных задач были использованы труды известных ученых- литературоведов Т.Какишева, А.Дербисалина, С.Муканова, З.Кабдолова, Х.Суюншалиева, М.Мырзахметова, А.Байтурсынова, М.Ауэзова.

Научная новизна исследования. В данной работе проделан анализ дидактических произведений Т.Изтлеуова, Сейтжана акына, Карасакала Еримбета, Омара Шораякова, Канлы Жусупа с точки зрения исламского мировосприятия. Вместе с тем в работе приводятся богатые сведения о традиции поэтических школ и поэтической среды в регионе Сыра, а также рассматривается исламская поэзия акынов-жырау названного региона.

Источниками исследования являются литературное наследие акынов-жырау Сырдарьинского региона, живших на рубеже Х1Х-ХХ веков, научные исследования разных ученых, документы из библиотечного фонда и архивов, труды казахских методистов, материалы научно-перагогической практики.

Методы исследования. В работе были использованы методы описания, сравнения и изложения.

Теоретическая и практическая значимость работы. Результаты исследования могут быть использованы при проведении дисциплин компонента по выбору на филологических факультетах высших учебных заведений.

Апробация работы. Основные положения диссертационной работы отражены в докладе на Международной научной конференции и в статье, опубликованной в научном журнале. Диссертация неоднократно обсуждалась на кафедре «Казахская литература и журналистика».

Структура исследования. Работа состоит из введения, двух глав, заключения и списка использованной литературы.

SUMMARY

Referat of the dissertation on competition of the academic degree of the

master of pedagogical sciences on specialty

6N011700 – the Kazakh language and literature

UKSIKBAYEVA MOLDIR ABDISAKHIPOVNA
The religious and educational direction in creativity of poets of Syr

(thematic and imagery pecularities)
General characteristics of the work. The way of development and formation of old- centuries Kazakh literature reflects system of imagery thinking in spiritual outlook of the people. The religious and educational direction in literature of the end of X1X and the beginning of the XX centuries reaches the improbable development. In works of that period the numerous sociopolitical events of the people are described. The special attention is given to subjects of national destiny, Islamic religion, the biography of prophets and saint people, idea of education of the people through a just way of Allah and to searches of spiritual and moral ideals.

The actuality of research work. The Kazakh people have the rich historical past. One of the important events in their lives is a distribution of Islam in the Kazakh steppe. One of the actual problems demanding special studying, - didactic poetry of akyns and zhyraus of Syr region, calling for education through Islam promotion.

In S. Mukanov, B. Kenzhebayev, T.Kakishev, M. Myrzakhmetova, R. Berdybayev, A.Derbisalina's works idea of education in literary process of the end of the X1X-th century and the beginning of the XX centuries is considered. At the same time this problem received new lighting in works of modern researchers of G. Tuyakbayev, U.Baybosynova, B. Zhusupova, D. Satemirova, F.Zhumazhanova, S. Zhubandykova, etc. However so far literary process of the XIX-XX centuries has not been considered till nowadays because of the sociopolitical situation of that time, and also the attention wasn't paid to special studying of the religious and educational direction in the works of poets of the Syr-Darya region.



Object of research work is the works of word masters of Syr of the end of the X1X- XX centuries.

The objective: to make the analysis of religious-educational poetry of akyns and zhyraus of the Syr region, who lived at the end of the XIX century and at the beginning of the XX century.

For achievement of the planned purpose the solution of the following tasks is necessary:

- to define features of art judgment in literature of a sociopolitical situation in the XIX-XX centuries;

- to give characteristics to Islamic outlook in poets` didactic poetry of Syr;

- to reveal religious and educational motives in poetry of akyns and zhyraus;

- to make the analysis of akyns and zhyraus` poems on the basis of the Koran and Prophet Mohammed`s khadises.



Degree of study of a subject. Studying of creativity of poets of Syr began in the XX century. In Soviet period the low mark of esthetic art was given to the content of works of a religious orientation. Reassessment of values began with the sovereignty, there was an interest to history of literature and return to religion. Creativity of poets of Cheese received an objective assessment from the scientific point of view in G. Tuyakbayev, U.Baybosynova, F.Zhumazhanova, U.Kumisbayev, A.Konratbayev, B. Karbozuly, U.Zhanbershiyeva, B. Zhusupov, M. Baydildayev's works, etc.

In this work process of distribution of ideas of Islam through didactic works of poets of the region of Syr is traced, and also problems of education of the people in the XIX-XX centuries are considered.



Theoretical and methodological base of research. In searching of solutions of objectives works of known scientists - literary critics T.Kakishev, A.Derbisalin, S. Mukanov, Z.Kabdolov, H.Suyunshaliyev, M. Myrzakhmetov, A.Baytursynov, M. Auezov were used.

Scientific novelty of the research work. In this work the analysis of didactic works of T.Iztleuov, Seytzhan akyn, Karasakal Erimbet, Omar Shorayakov, Kanly Zhusup from the point of view of Islamic attitude is done. At the same time in the work rich data of poetic schools on tradition and the poetic environment of the Syr region are given, and also the Islamic poetry of akyns and zhyraus of this called is considered.

Sources of the research work are akyns and zhyraus` literary heritage the Syr-Darya region, lived in the XIX-XX centuries, scientific research works of different scientists, documents from a library stock and archives, works of the Kazakh methodologists, materials of scientific and pedagogical practice

Research methods. In this work methods of description, comparison and a statement were used.

Theoretical and practical importance of work. Results of the research work can be used at carrying out choice component disciplines at philological faculties of higher educational institutions.

Work approbation. Basic provisions of dissertational work are reflected in the report in the International scientific conference and in the article published in the scientific magazine. The dissertation was repeatedly discussed in «The Kazakh literature and journalism» chair.

The structure of the research work. The work consists of the introduction, two chapters, the conclusion and the list of the used literature.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет