Рефлексиялық есеп



Дата26.08.2017
өлшемі117,28 Kb.
#28879
Рефлексиялық есеп

Тәрбиедегі негізгі мақсат – дені сау, ұлттық сана-сезімі, рухани ойлауы биік, мәдениетті, игі қасиеттер бойына қалыптасқан адам тәрбиелеу. Сондықтан мектептегі басты тұлға – мұғалімнің міндеті тек қана білім беру емес, оқушыларға қазіргі уақыт талабына сай жаңартылған мазмұнда білім беру болып табылады. Қазіргі уақытта оқу үрдісінде жаңа мазмұнда білім берудің маңызы зор. Әр мұғалім жаңа әдіс-тәсілдерді сабақта тиімді қолданып отырса, оның нәтижесін көрмек.



Осы орайда жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, ашық оқу іс-әрекеттерін өткіздім. Өзін-өзі тану пәнінен «Мен еңбекқор баламын» атты тақырыпта өткізген ашық оқу іс-әрекетінде оқушылармен бірге ең алдымен шаттық шеңберіне жиналып, А.Меңжанованың «Болайықшы осындай» деген өлеңі жатқа айтылды. Оқушылар түстерге қарай екі топқа бөлінді. Ой қозғау бөлімінде: Еңбекқор бала деп қандай баланы айта аламыз? Сендер үйде, топта қалай көмектесесіңдер? деген сұрақтар қойдым. Балалардың жауаптары тыңдалды. Компьютерден М.Төрежановтың «Ертеңге қалдыруға бола ма?» деген әңгімесін тыңдады. Осы әңгіме бойынша мынадай сұрақтар қойдым. Қадишаны қандай қыз деп айтуға болады? Сендер Мақұлжан сияқты ата-әжелеріңді, әке-аналарыңды, аға-әпкелеріңді тыңдап, айтқанын өз уақытында орындайсыңдар ма? Балалардың жауаптарын тыңдап, мынадай қорытынды жасап, түсіндірдім. Ата-аналарының, үлкендердің айтқан сөзін тыңдап, берген тапсырмаларын бұлжытпай орындайтын балаларды еңбекқор, еңбексүйгіш деп атайды деп оларға түсіндірдім. Қадиша сияқта анасының сөзіне құлақ аспай, айтқанын уақытында орындамайтын, көмектеспейтін, жұмыс істегісі келмейтін балаларды жалқау, тіл алмайтын бала деп айтамыз деп кеңінен түсінік бердім. Ойын ойнаттым. Мақсаты: балалардың ой-өрістерін дамыту. Бұл ойында балалар дөңгелене тұрып, ойын бастаушы допты бір балаға лақтырады. Допты қағып алған бала өз үйінде не істейтіні жайлы айтып, допты келесі балаға лақтырады. Олар мына сөздерді айтады: Мен ойыншықтарымды жинаймын. Мен гүлдерге су құямын. Мен киімдерімді реттеймін. Мен есіктің алдын сыпырамын. Мен ыдыстарды жуамын. Мен үйді реттеймін. Мен еден жуамын, тағы басқа үйде қандай жұмыстар жасай алатындықтары туралы айтады. Оқушылар өз ойларын айтты. Шығармашылық жұмыс бөлімінде оқушыларға постер құруға тапсырма берілді. Оқушылар адамның қолымен жасалған заттарды тауып алып, жапсырды. Осы постерді Еңбек – ер атандырады деген тақырыпта қорғап, таныстырды. Әр топ басшылары келіп, өздерінің постерлерін қорғап, әңгімеледі. Дәптермен жұмыста берілген суреттерге қарап, әңгіме құрастырып, бояды. Сергіту сәті барысында өлеңді жатқа айтып, қимыл-қозғалыстармен жасады. Мынадай ғажайып сөздерді үйренді: жақсы бала-еңбекқор, тілалғыш, ұқыпты. Еңбек адамға қуаныш сыйлайды, жақсы еңбегі үшін ел бағалайды. Қорытынды бөлімде балаларға ата-анамыздың айтқан сөздерін тыңдап, оны бұлжытпай орындап, тілалғыш, ұқыпты, еңбексүйгіш бала болайық деп түсінік бердім. Жүректен жүрекке бөлімінде Н.Жанаевтың «Еңбек» өлеңін жатқа айтты. Кері байланыс «Бес саусақ» әдісімен жүргізілді. Қатысушылар параққа алақандарын қойып, оны жиегімен қаламмен айналдырып өтеді. Осыдан соң олар өтілген тақырып туралы мынадай сұрақтарға жауап беріп, салынған саусақтарына қарап әңгімелейді. Оқушылар қойылған сұрақтарды мұқият тыңдап, қызығушылықпен жауап берді. Бас бармақ-бүгінгі ашық оқу іс-әрекетінде тақырып қандай болды? Балаң үйрек – мен топта қалай жұмыс жасадым, кімге көмектестім? Ортан терек – бүгін қандай ғажайып сөздер үйрендіңдер? Шылдыр шүмек – еңбекқор бала деп қандай баланы айтамыз? Кішкентай бөбек – бүгін мен сабақта өзімді қалай сезіндім? Берілген параққа балалар саусақтарының суретін салды. Әр баланың жауаптары жеке-жеке тыңдалды. Қойылған сұрақтарға жауап беріп, саусақтарына қарап, әңгімеледі. Өткізіліп отырған ашық оқу іс-әрекеті соңында балаларды смайликтер арқылы бағаладым. Оқушылар ашық оқу іс-әрекетіне қызығушылық танытып, жақсы қатысып, мадақталды.

Сауат ашу және жазуға үйрету пәнінен «Ө дыбысы мен әрпі» деген тақырыпта ашық оқу іс-әрекеті өткізілді. Мақсаты: оқушыларды Ө ө дыбысымен таныстырып, ойын арқылы оқушылардың дүниетанымын, шығармашылық қабілеттерін, топпен жұмыс жасауға, ой-өрісін, тілдерін дамыту. Оқушыларды ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Оқушылар жабайы аңдар мен үй жануарларына қарай топқа бөлінді. Оқу іс-әрекеті алдымен психологиялық дайындықтан басталды. Өткен тақырып пысықталып, дыбыстар мен әріптер қайталанды. Ой қозғауда сурет беріліп, сол суретте не көрсетілгені сұралды. Суретте тұрған аңдардың тапсырмалары орындалды. Арыстанның тапсырмасында өрік, өзен, көз сөздерін қатыстырып сөйлем құрау керек болды. Жолбарыстың тапсырмасында буындарды оқып, ребусты шешті. Пілдің тапсырмасында оқушылар жаңа әріпті жазып, үйреніп, оны тақтаға жазды. Осы аңдар тапсырмасын орындау барысында балалар қызығушылықпен, белсенді түрде қатысты. Ауаға жазып көрсеттім, балалар да бірге жазды. Соңғы қасқырдың тапсырмасы болды. Мұнда жұмбақ жасырылды. Оқушылар жауабын тапты. Жауабы: өрік болды. Өрік сөзіне дыбыстық талдау жасады. Көркем жазу дәптерлеріне оқушылар Ө әрпін үлгі бойынша жазды. Балалар сергіту сәтін өлеңнің мазмұнына сәйкес қимыл-қозғалыспен жасады. Келесі бөлім топтық жұмыста оқушыларға постер құру керек болды. Әр топ ө дыбысынан келетін немесе ішінде ө дыбысы кездесетін суреттерді салу қажет. Топтағы топ басшылары шығып, постерді қорғады. Ондағы суреттегі заттарды атап, дыбыстық талдау жасап, сөздерді буынға бөлді. «Кім көп біледі?» дидактикалық ойынында әр топ кеспе әріптерден сөз құрап, сол сөздерге дыбыстық талдау жасады және буынға бөлді. Оларды көк, қызыл текшелермен белгілеп, көрсетті. Бекіту сұрақтарында кубизм әдісін қолдандым. 1. Ө дыбысы қандай дыбыс? 2. Ө дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі? 3. Ө дыбысы кездесетін сөздер айт. 4. Өрік сөзін қатыстырып сөйлем құра. 5. Кө-лік, ө-мір сөздерін буынға бөл. 6. «Кім зейінді?» ойыны. Мұнда көрсетілген суреттердің ішінен ө дыбысы кездесетін сөздерді табу керек болды. Ө дыбысы кездесетін суретте балалар қолдарын шапалақтайды, суретте кездеспесе олар үндемей отырады. Ашық оқу іс-әрекеті соңында балаларды бағалап, әр топтың смайликтерін санап, көп смайлик жинаған топты жеңімпаз деп таныдық. Ашық оқу іс-әрекеті соңында «Бағдаршам» әдісі бойынша тақырыпты бекіттім. Онда балар бағдаршамның үш түсін көрсету арқылы мысалы, жасыл түс-бүгінгі тақырыпты түсіндім, сары түс-кішкене түсіндім, тағы көмек керек, қызыл түс- түсінген жоқпын деген ойларын айтты. Жақсы қатысқан оқушыларды мадақтадым.

Мен курста жаңа технология әдіс-тәсілдерін қолдануды оқып, үйрендім. Мен курс барысында көп нәрсені үйрендім. Атап айтсам, алғашқы сабақ: Топ туралы түсінік және енжар сынып тақырыбында болды. Әріптестермен осы тақырыптарды талқыладық. Шеңбер әдісімен 1,2,3,4 деп санап, топқа бөліндік. Әр сабақ сайын топқа бөлініп жұмыстандық. Инклюзивті, белсенді сыныптармен таныстық және тақырыпқа сай бейнежазба көрдік. Мұғалім неліктен өзгеру керек? деген парақшаны толтырып, сұраққа өз ойымды айтып, жауап бердім. Осыдан шығатын қорытынды мінсіз оқушыны шығару. Аялдама әдісі бойынша белсенді сынып, инклюзивті сынып туралы өз ойымызды жазып, келесі топқа бардық. Олардың жұмысымен таныстық.

Мінсіз оқушының сипатын жазып, шет елдердегі білім беру саласымен таныстық. Сабақ соңында кері байланыс жасадым. Оған осы тақырып бойынша алған білімімді жаздым.

Келесі өткен тақырыбым Қадағалау деген не? және сынып мәдениеті туралы болды. Бұл сабақта мен мектептегі және сыныптағы ахуалдың қалай болуы керек екені туралы кеңінен түсіндім. Рефлексияда қосу, алу, қызықты кестелерін толтырдым.

Желтоқсан айында өтілген тақырып мұғалімнің шығармашылығын дамыту. Біз мұнда топқа бөлініп, өз шығармашылығымыз бен рөлдік ойын көрсеттік. Онда «Айтуға оңай» бағдарламасы бойынша рөлге бөліндік. Рефлексия бөлімінде «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» қағидатымен баға берілді.Өзімнің жеке ойымды жаздым.

Қаңтар айында өткен сабақ - Қалай оқу керектігінің мәні. Мұнда мұғалім оқушыларға қалай оқу керектігін үйренуді қандай жолдармен оқушыларға үйрете алатынын оқып, түсіндім. Видеоролик көрдім. Келесі сабақ – Диалогтік оқытудың мәні. Мұнда белсенді және белсенді емес сыныпқа топпен диалогтік әңгіме құрадық.

Сын тұрғысынан ойлаудың мәні тақырыбында көптеген жаңа әдістермен таныстым.Олар: «Семантикалық карта», «Т» кестесі, «Бес жолды өлең», «Алты қалпақ», «Екіжақты күнделік», «Дыбыстар», «Джиксо», «Рафт», «Галлеряны шарлау», т.б. әдістер.

Бағалаудың түрлері және оқыту мен оқуда АКТ-ні қолдану мақсаттарымен таныстым.

Өткен жаңа әдістерді қолданып, сабақ жоспарын құрдым және ашық сабақтар өткіздім.

Тізбектелген сабақтар топтамасы және орта мерзімді жоспарлау тақырыбымен таныстым. Оның 7 модульі бар: бағалау, дарынды және қабілетті, сыни ойлау, диалог, АКТ-ны пайдалану, жас ерекшелігіне байланысты, көшбасшылық.

Соңғы өткен тақырып – Оқу мен оқыту үдерісінің сапасын арттыру мақсатында сабақты зерттеу. Бұл сабақта ” Lesson study” әдісімен таныстым. Бұл тәсіл ХІХ ғ. 1970ж. Жапонияда негізі қаланған. Негізін қалаушы М.Йошида. осы әдісті Қытай, Сингапур, Жапония, Ұлыбритания, Америка елдері қолданады.

Мен курс бойынша осындай білім алдым.

Тәрбие процесін ұдайы жетілдіріп отыру қажет, себебі адамдардың өмір жағдайлары өзгермелі, ақпараттар көлемі ұлғаяды, осыдан педагогтерге қойылатын талаптар жыл сайын күрделенуде. Қоғамның мұндай талаптарына педагогтер өсіп келе жатқан әулетті оқыту, тәрбиелеу және оған білім берудің жаңа технологияларын құрастырумен жауап береді.

Педагог баланың жас және жеке ерекшеліктерін ескеріп, өзінің ұстанған әдістері мен құралдарын жүйелейді. Қандай жолды таңдаса да, ол шеберлігі арқылы сол жолдың тиімділігін, әсерлілігін арттыра түседі. Білім берудің жаңа құрылымына сай қойылып отырған бұл талап педагогтерден өзінің кәсіби шеберлігін шыңдауды талап етіп отыр.

Сыни ойлауды дамыту технологиясының стратегиялары баланың ойлауына, бала белсенділігіне, сөздік қорын дамытуға, баланың өзіндік пікірінің қалыптасуына мүмкіндік жасайды. Бала өз ойын сын тұрғысынан ойлап, дәлелдеуге тырысады, ой-өрісін кеңейтеді, еркін ойлай отырып, бірте-бірте тәрбиешінің түсіндіргеніне қарағанда өз ізденісімен қызығушылық танытып, шығармашылық қабілеттері ұшталады. Сонымен қатар жекелей жұмыстар, жұптық және топтық жұмыстар арқылы өз ойларын ашық айта білу, пікір айтуға үйрену, пікір таластыру, ойланып жауап беру, жолдастарының ойын тыңдау, жауаптарын бағалай білу,сыйластыққа, ұйымшылдыққа, білім деңгейлерінін жоғары болуына көп әсерлерін тигізеді.

Оның ішінде ерекше бір жағдай: топта көп сөйлемейтін, ойлау дәрежелері төмен балалардың қызығушылығы туып, олардың өз мүмкіндіктеріне қарай топтар бойынша сабаққа қатысуға тырысуы байқалады. Сөйтіп жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы баланың кішкентай кезінен дүниеге өзіндік көзқарасының қалыптасуына жол ашады.

Оқу технологияларын оқу мазмұны мен балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірбиеден өткізудің маңызы зор. Соған орай білім берудің жаңа технологияларын мақсатқа сай қолдана білу қажет. Мысалы, ертегінің мазмұнын ашу барысында «дамыта оқыту технологиясын» қолдансақ, онда Л.В.Занковтың дамыта оқыту жүйесінің негізгі мақсаты – жеке адамның жоғарғы дәрежеде жан-жақты дамуы үшін негізін жасау. Міне, осындай сынды идеяларды мектепалды дайындық топтарында қолданудың маңызы өте зор. Дамыта оқыту негізінде тіл дамыту әдістемесін жүйелеуге болады. Тіл дамытуды жетілдіретін өзге де технологияларды жан-жақты қарастыруға болады. Ойын технологиясы.

Ойын технологиясының нәтижелілігі,біріншіден, оларды қолданудың жүйелілігімен, екіншіден, дидактикалық міндеттермен үйлестірілген ойындардың мақсаттылығымен анықталады.

Осы курста көптеген жаңа әдіс-тәсілдерді үйрендім. Олар: «Дыбыстар сөй-

лейді», «Екіжақты күнделік», «Галлеряны шарлау», «Рафт», «Алты қалпақ»,

«Семантикалық карта», «Т» кестесі, «Бесжолды өлең», «Аялдама», «Айнал-

малы бекет», тағы басқа әдістер.

Оқытудың жеке тұлғаға бағытталуының он тәсілі бар. Ол мыналар: тапсыр-

ма, нәтиже, жұмыс қарқыны, қолдау, ресурстар, топтау, ақпарат, рөлдер, үй

жұмысы, диалог (сұрақтарды пайдалану).

Блум таксономиясы бойынша оқушылардың әрекеттері мынадай болады.

Білу – жаттайды, қайталайды, еске түсіреді, қалдырып кеткен әріптерді орын-

дарына қояды, тыныс белгілерін қояды, көшіреді, диктант жазады, әңгімелеп

береді, дәл сол қалпында қайта құрастырады. Түсіну-әңгімелейді, өз сөзімен

мазмұнын айтып береді, ереже құрастырады, мысал келтіреді, топпен талқы-\

лайды, тірек схемалар арқылы түсіндіреді, көрсетеді, анықтама құрастырады,

«Неліктен?», «Не үшін?» деген сұрақтарға жауап береді, өз сөзімен айтып бе-

реді. Түсіндіреді, кестемен көрсетеді, болжайды, басқа тілге аударады, түр-

лендіреді. Қолдану- есеп шығарады, сөйлем құрастырады, берілген схема

бойынша орындайды, кескін картамен жұмыс жасайды, хронологиялық кесте

жасайды, атласпен жұмыс жасайды, жасап көрсетеді, рөлдерде ойнайды, тә-

жірбие –эксперимент қояды, макет жасайды, жағдаят құрастырады, ойнайды,

сахналайды, шолу жасайды, ұйымдастырады, санайды, жоспарлайды, зерт-

тейді. Талдау-дәлелдейді, сараптайды, жан-жақты салыстырады, бір-біріне

қарсы сұрақ қояды, сынайды. «Неліктен?», «Не үшін?» деген сұрақтарға \

терең жауап береді. Қателерді табады, ретке келтіреді, жасалған жұмысты

талдайды, мәселені шешеді. Синтез (жинақтау)- оқушылар шығармашылық

жұмыспен айналысады: эссе, өлең, мақала, шығарма, баяндама, сөз, жоспар,

сценарий жазады, слайд жасайды, тест сұрақтарын құрастырады, компьютер-

лік бағдарлама жазады, тақырып бойынша сабақ жоспарын құрастырады.

Бағалау – таңдайды, шешім қабылдайды, қажеттісін (пайдасын, зиянын)

анықтайды, дәлелдейді, тұжырымдайды, жақтайды немесе қарсы шығады, өз

пікірін айтады, кергін таңдап алады, тізім жасайды.

Оқушылардың білім деңгейін анықтау мақсатында оларды бағалайды.Баға-

лау білімнің сапасын айқындау үшін де қажет. Біз өз жұмысымызда елеулі

табыстарға қол жеткізгіміз келсе, онда өткен уақыттағы мен қазіргі нәтиже-

лерімізді анықтауымыз керек. Жұмысымыздың оң жақтары мен кемшілікте-

рін айқындап, оны бағалауымыз қажет. Сапа – мектептің (пәннің, сабақтың,

мұғалімнің) оқу нәтижелеріне қол жеткізуде оқушыға қандай деңгейде

көмектесіп, оқушының не үйренгендігінің айғағы.

Жазу тәсілдерінің бірі – эссе. Эссе – оқушының сабақта қарастырылған та-

қырып жөнінде өз ойлары мен түсініктерін, идеялары мен пайымдауларын

келтіретін бағалау тәсілі. Эссе арқылы мұғалім оқушының ойлау деңгейі мен

сабақта қалай жұмыс жасағандығын бағалайды, бұған қоса эссе оқушылар-

дың сабақта болған-болмағандығын тексерусіз айқындайтын құрал. Эссе бір

жағынан, өзіндік ой- толғаныс жұмысы, екіншіден, эссе-ғылыми жұмыс түрі.

Ой сергіту тәсілдерінің де маңызы зор. Танысу ой сергектері мұғалімге әрбір

оқушының есімін жадында сақтап қалуға көмектеседі. Биографиялық поэма.

Тақтаға немесе әрбір оқушыға параққа жазылып, өзі туралы мынадай сұрақ-

тарға жауап беру тапсырылады.Есімім, мен қандаймын, сүйікті іс-әрекетерім,

неден қорқамын, сескенемін, өмірлік қағидам, сүйікті ақын-жазушыларым,

сүйікті тағамдарым, менің жетістіктерім, менің арманым, фамилиям. Бұл тап-

сырманы орындауға оқушыларға төрт-бес минут уақыт беріледі, олар жазған-

дарын топ ішінде оқып береді.

Қозғалыстағы сурет. Бұл ой сергекте суретті қозғалыста салу керек. Барлық оқушылар қолдарына дәптер мен қаламсаптарын алып, шеңбер болып тұрады, сол жаққа бқрылып, оқушылар сынып ішінде шеңберді бұзбай жүре бастайды. Олар алдында тұрған оқушының арқасына дәптерін қойып арттағы оқушының суретін салуға тырысуы керек. Бұл жерде мынадай ережелерді сақтау орынды:



  • Тоқтауға болмайды!

  • Шеңбер жүруін тоқтатқанша суретті сала беру керек.

  • Суретке ренжуге болмайды! Оқушылар сурет салған парақтарға өз қолдарын қойып, суреті салынғандарға тарту етеді.

Атомдар мен молекулалар. Молекулалар атомдардың жиынтығы екені баршаға мәлім. Оқушылар сыныптың бос жеріне жиналады. Ойынды жүргізуші «Атомдар» деп дауыстағанда, олар бір-бірімен араласып, әрілі-берілі жүруі керек, өйткені олар қозғалыстағы атомдар секілді. Жүргізуші «Молекулалар» деп айтып, бір санды атаса мысалы, төрт, бес, алты оқушылар сол аталған сан құрамында топтарға жедел түрде бірігулері керек. Қалыс қалған оқушылар (топ құрамын аталған саннан кем құрғандар) айып ретінде өлең оқиды, ән айтады, т.б.

Ойынның нәтижесінде құралған топтар сол құрамда парталарға да отыруына болады, сабақты осы құрамда жалғастырады.



Комплимент бұрқасыны. Оқушылар берілген уақыт ішінде бір парақ қағазға өздерінің сүйікті адамдарынан естігісі келген комплиментті жазады. Комплименттердің жеке сөздер түрінде болмай, толық сөйлемдер түрінде болғаны дұрыс.Жазып болған соң оқушылар бұл парақтарды жинақтап, домалақ қармен атқыласқандай оларды бір-біріне лақтыруы керек. содан кейін мұғалім оқушыларға бір-бірден «қар домалағын» ашып, оларды оқуды тапсырады. Комплименттерді барлық оқушылардың кезектесіп оқуына да болады.

Тәжірбиедегі рефлексия курсы маған ұнады, көптеген жаңа әдіс-тәсілдерді меңгердім.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет