«Robotek Grand Tournament» чемпионаты
Нысаналарға арналған 5 арнайы аймақ бар, 3 нысананы
кездейсоқ жеребе арқылы орналастырылады.
Сурет 11. Нысана орнату аймағы
6. Робот:
6.1. Робот автономды болуы керек.
6.2. Роботтың максималды ені-25 см.
6.3. Максималды ұзындығы-25 см.
6.4. Максималды биіктігі-25 см.
6.5. Роботтың салмағы 1 кг-нан аспауы керек.
6.6. Жарысқа кез келген конструкторлық платформа негізінде жиналған роботтар жіберіледі
(əртүрлі жиынтықтар бөлшектерінің комбинациясы, сондай-ақ қолдан жасалған роботтар
рұқсат етіледі). Барлық құрылымдық элементтер, соның ішінде қуат жабдықтау жүйесі
тікелей роботтың өзінде орналасуы керек.
6.7 Робот конструкциясында полигонның бетін қандай да бір түрде зақымдауы мүмкін
компоненттер пайдаланылмауы тиіс. Полигонның бетін кез келген тəсілмен зақымдайтын
робот жарыстан шеттетіледі.
6.8 Робот нысананы тек теннис шарының көмегімен атып түсіруі керек.
6.9 Роботта нысананы құлатуға арналған арнайы құрылғылар болмауы керек (механикалық,
пневматикалық, діріл, акустикалық жəне т.б.).
6.10 Теннис шарын жинайтын робот корпусында кез келген жабысқақ құрылғыларды
пайдалануға тыйым салынады.
6.11 Старт алдында жоғарыда көрсетілген параметрлерге сəйкес роботтарға техникалық
сараптама жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: