Регламент №4 (қаз) Мерген docx



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата26.10.2023
өлшемі1,32 Mb.
#188261
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
inbound3583160554233188763

5. Белгі элементі
:
5.1. Өлшемдері 4х4, биіктігі 3 блокқа тең Lego блоктары болады (Лего блогының түсі
маңызды емес).
6. Полигон элементтері
:
Бұл роботтың бастау жəне аяқтау аймақтары бір жерде.
Робот осы аймақтан жұмысын бастап, өз
тапсырмаларын орындайды жəне миссиясын аяқтау
үшін сол жерге оралады.
Сурет 6. Сөре жəне мəре аймағы
Нысаналардың орналасуын анықтауға арналған
таңбалау аймағы бес ұяшықты қамтиды. Əрбір раундта
осы ұяшықтардың үшеуі жеребе арқылы таңдалады,
мұнда биіктігі үш блокты құрайтын 4-тен 4-ке дейін
Lego блоктары болады.
Сурет 7. Нысаналарды анықтауға
арналған таңбалау аймағы
3


«Robotek Grand Tournament» чемпионаты
Теннис шарларын орналастыруға арналған алты
орыннан тұрады. Бұл аймаққа төрт шар кездейсоқ алты
бос орынның кез келгеніне жеребе арқылы
орналастырылады. Шарлардың орналасуы əр тур сайын
өзгереді.
Сурет 8. Теннис шарларын
орналастыру аймағы
Полигонда роботқа теннис шарларын атуға арналған
арнайы аймақ қарастырылған. Ату тек осы аймақта
рұқсат етіледі, онда көмекші бағыттаушы қара сызықтар
да бар.
Сурет 9. Ату аймағы
Сондай-ақ, алаңда «Өзен» деп аталатын арнайы аймақ
бар. Робот бұл аймақты баспауы керек, сонымен қатар
теннис шарлары «Өзенге» тиіп кетпеуі керек, əйтпесе
лақтыру есептелмейді жəне əрекет кезінде шарды
қайтадан қолдануға болмайды.
Сурет 10. «Өзен» аймағы
4


«Robotek Grand Tournament» чемпионаты
Нысаналарға арналған 5 арнайы аймақ бар, 3 нысананы
кездейсоқ жеребе арқылы орналастырылады.
Сурет 11. Нысана орнату аймағы
6. Робот:
6.1. Робот автономды болуы керек.
6.2. Роботтың максималды ені-25 см.
6.3. Максималды ұзындығы-25 см.
6.4. Максималды биіктігі-25 см.
6.5. Роботтың салмағы 1 кг-нан аспауы керек.
6.6. Жарысқа кез келген конструкторлық платформа негізінде жиналған роботтар жіберіледі
(əртүрлі жиынтықтар бөлшектерінің комбинациясы, сондай-ақ қолдан жасалған роботтар
рұқсат етіледі). Барлық құрылымдық элементтер, соның ішінде қуат жабдықтау жүйесі
тікелей роботтың өзінде орналасуы керек.
6.7 Робот конструкциясында полигонның бетін қандай да бір түрде зақымдауы мүмкін
компоненттер пайдаланылмауы тиіс. Полигонның бетін кез келген тəсілмен зақымдайтын
робот жарыстан шеттетіледі.
6.8 Робот нысананы тек теннис шарының көмегімен атып түсіруі керек.
6.9 Роботта нысананы құлатуға арналған арнайы құрылғылар болмауы керек (механикалық,
пневматикалық, діріл, акустикалық жəне т.б.).
6.10 Теннис шарын жинайтын робот корпусында кез келген жабысқақ құрылғыларды
пайдалануға тыйым салынады.
6.11 Старт алдында жоғарыда көрсетілген параметрлерге сəйкес роботтарға техникалық
сараптама жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет