Рентгеноскопия



бет2/4
Дата07.02.2022
өлшемі264,88 Kb.
#96303
1   2   3   4
Байланысты:
Рентгенологиялық зерттеудің негізгі әдістері

1-ші суретРентгенотелевизиялық скопия жасайтын аппараттың жалпы көрінісі
Рентгенография − рентген сәулесінің көмегімен жарық сезгіш ( рентгенпленка − екі жағына күмістің тұздары жағылған қабыршақ, электрондық жартылай өткізгіштер; газды немесе фотодиодты сцинтиляторлар және т.б. жарық сезгіштер, яғни детекторлар) құрал қолдану арқылы зерттелуші адамның мүшелерінің рентген суретін алу әдісі. Рентгенография мүшенің рентгеноморфологиясын зерттеуге мүмкіндік береді. Рентгенограмма – заңды құжат, дерттің өзгерістерін уақыт өткеннен кейін салыстырып зерттеуге болады, оның сезімталдығы рентгеноскопияға қарағанда бірнеше саты жоғары. Тыныс алу мүшелерін рентгенография жасағанда зерттелуші адамды рентген түтігінен 1,8-2,0 метр қашықтықтан түсірген жөн (мүшенің көлеңкесі мен оның көлемінің мөлшері теңесуге жақындайды), түсіретін уакыт 0,05 секундтен аспауы керек,түсіру кезінде ауру демін ішіне толық алып демін тоқтатқан жөн. Түсіру бағыттары-тікелей, бір бүйірінен, қиғаш, кейбір кезде нысанаға алу (рентгеноскопия кезінде көздеп түсіру тәсілі). Рентгенографияның озық (прогрессивтік) түрі – санды (цифрлы) рентгенография . Жүректі стандарттық бағыттарда (тікелей, оң қиғаш, сол қиғаш, сол бүйірінен) зерттейді. Рентгенограмманы түсіретін уақыт 0,01-0,02 секундтен аспауы керек (сурет-2).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2025
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет