Ядролық хромосоманың репликациясына α ДНҚ полимеразамен бірге δ. ДНҚ полимераза қатысады.
α ДНҚ полимераза–барлық эукариот жасушаларына тән құрамы мен қасиеті ұқсас мультисуббірлікті фермент. Бір суббірлікте primase белсенділік бар, ал ең үлкен суббірлік полимеразалық белсенділікке ие. Алайда бұл полимераза 3' - 5‘ түзетуші экзонуклеазалық белсенділікке ие емес.
α ДНК полимераза қысқа праймерлердің синтезделуіне қатысады, яғни артта қалған тізбектегі Оказаки фрагменттерінің, синтезделуіне қатысады. Бұл праймерлер содан соң δ ДНК полимераза арқылы жойылады.
δ ДНК полимераза пролиферативті жасушалық ядролық антиген деп аталатын ақуыз арқылы стимулданады, бұл ақуыз пролиферацияланатын жасушалардың ядросынан көп мөлшерде табылған (PCNA; Mr- 29 000). PCNA-ның үш өлшемді құрылымы ДНҚ полимераза III-тің β суббірлігіне ұқсас, бірақ тізбектердің басты сәйкестігі айқын емес.