7. ПРАКТИКАЛЫҚ, СЕМИНАРЛЫҚ, ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ СТУДИЯЛЫҚ САБАҚТАРҒА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР Әдістемелік нұсқауда оқу әрекетін орындау әдістемесі, оқу процесін жүзеге асыруы көрсетіледі немесе нақты тапсырманы орындау барысы түсіндіріледі. Олар оқу әрекетінің мақсатын анықтайды және материалға қойылатын нормативті талаптарды белгілеуге тиісті. Практикалық сабақтардың басты функциясы - дәріс барысындағы студенттердің теориялық білімдерін практикалық сферада жүзеге асыру.
1.1. Семинар сабағының тақырыптық жоспарына қойылатын талаптар:
- Практикалық сабақ жоспарының мамандықтың оқу жоспарына сәйкестілігі;
- Практикалық сабақтардың дәріспен, лабораториялық жұмыстармен және курстық жобалармен байланыстыратын құжаттарының (Сабақ кестесінің, курстың тақырыптық және оқу бағдарламаларының болуы) болуы;
- Жаңа техникалық құралдарды пайдаланып, практикалық сабақтың белсенділігін арттыру;
- Дәріс беруші мен оқытушының арасына байланыс орнатып, практикалық сабақ тақырыбын дәріс берушімен, ал дәріс мәселесін оқытушымен талқылау;
- Студенттердің практикалық сабаққа қатысты білім деңгейлерін анықтай отырып, олардың семинарларды тапсыру есебін қадағалау;
- Студенттердің аудиториядан тыс өзіндік жұмыстарын, яғни олардың көлемін, құрылымын анықтау.
1.2. Практикалық сабақтың мазмұнына қойылатын талаптар:
- Практикалық сабақтың тақырыбының оқу бағдарламасына сай келуі;
- Басқа ғылым салаларымен байланысын анықтау;
- Студенттердің жеке жұмысқа деген қабілеттіліктерін арттыру;
- Алға қойылған негізгі мәселені реттеудің амал-жолдарын таба білу;
- Студенттерді хрестоматиялармен, практикумдармен және арнайы құжаттар жинағымен таныстыру.
1.3. Әдістемелік іске қойылатын талаптар:
- Практикалық сабақтың дәрістермен логикалық байланысын қамтамасыз ету;
- Оқытушының және студенттердің практикалық сабаққа дайындығын қадағалау;
- Талас туғызып отырған мәселені әділетті және дұрыс шешу;
- Практикалық сабақтың студентке ауырлық және қиындық әкелетін мәселелеріне ерекше көңіл бөліп, олардың жеңіл түсіндірілуіне әдіс-амалдар табу;
- Әр студенттің қабілеттілігіне сай жеке тапсырма беру;
Практикалық сабақтардың кең тараған түрлері:
Әңгімелесу;
Мәлімдеу;
Диспут;
Теориялық конференция;
Тақырыптың өзектілігін ашу;
Жеке проблемалардың толықтай талқылануын қадағалау;
Семинарлық сабақтың шығармашылық талқылау кезеңінің болуына мүмкіндік беру.