Решение λ=0,72 мкм ,72∙10 м E=hν=hc/λ E= = =27,6·10 20


Әзірлеген: Сулейменова А.Д



бет7/45
Дата08.02.2022
өлшемі7,85 Mb.
#123636
түріРешение
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   45
Байланысты:
7 сынып.есептоп

Әзірлеген: Сулейменова А.Д.
167 ЖББМ химия пәні мұғалім
Алматы қаласы Білім басқармасының
ҚББЖТҒӘО қолдауымен ұсынылып отыр


Химия пәні бойынша 7 сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары
IV тоқсан
Сабақтың нөмірі: 31
Сабақтың тақырыбы: §21. Кен және металдарды алу.

  1. Мақсаты: 7.4.2.2 -кейбір минералдар мен пайдалы табиғи қосылыстардың кендерге жататынын білу;

          1. -металды алу үшін кенді өңдеу үдерісін сипаттау.

  1. Қысқаша тезисті конспект (мәтін, сызба, кесте және т.б. түрінде). (3 минут)

Кен – жер қабығындағы бір минералдан немесе әртүрлі минералдар қоспасынан тұратын, пайдалы қазбалардың ерекше табиғи жиынтығы. Ерекше бір территорияда орналасқан және жалпы геологиялық құрылысы жағынан байланысты кендер тобы бассейн немесе аудан деп аталады (мысалы: Қарағанды көмір бассейні, Атасу темір кені ауданы, Қаратау фосфор кені, Жезқазған түсті металдар кені тағы басқалар).
Кеннен әртүрлі металдарды технологиялық жолдармен бөліп алу металлургия деп аталады. Демек, металдар (алтын, күміс және платинадан басқасы) табиғатта бос күйінде кездеспейді, олар белгілі бір кеннің құрамында ғана болады. Кеннен бөліп алған металдардан бағалы құймалар алады. Мысалы: шойын, болат, қола т.б. Кейбір металдар таза күйінде электр тогін өндіру, лабораторияларда, медициналық аспаптар жасауда, электрондық технологияда қолданылады.



Боксит Галит Гематит Магнетит Пирит Малахит
(алюминий кені) (ас тұзы кені) (темір кені) (темір кені) (темір кені) (мыс кені)



Апатит Қоңыр көмір Қара көмір Мұнай Табиғи газ Сильвинит
(фосфор кені) (көмір кені) (көмір кені) (мұнай кені) (табиғи ғаз) (натрий, калий)



  1. Оқулық-7-сынып 116-119 беттер, BilimLnd сайты «Кен және оның құрамы» (1-2 минут)

  2. Оқушыларға арналған тапсырмалар

1-тапсырма. Төменде берілген қосылыстарды металдар, құймалар және кендерге жіктеп жазыңыздар: боксит, темір, мұнай, натрий, шойын, мыс, апатит, болат, қола, калий, галит, сильвинит, титан, малахит, магнетит, алюминий, пирит, көмір.
(2-3 минут)

Металдар

Құймалар

Кендер

1
2
3
4

1
2
3
4

1
2
3
4

2-тапсырма. Кеннен металдарды бөліп алу күрделі технологиялық процесс. Ол бірнеше сатыдан тұрады. Металды алу кезінде көптеген қиыншылықтар кездеседі. Кеннен металдарды бөліп алу металлургия деп аталады. Металды кеннен бөліп алу сатыларын атаңыз: (2-3 минут)




  1. Кері байланыс: орындалған тапсырманы оқушы электронды пошта немесе WhatsApp» мобильді қосымшасы арқылы жібереді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет