1 – тапсырма Шариктің диаметрін өлшеу Астаушаға шариктердің бірнешеуін салыңдар да, оның екі жағындағы жылжымалы тиекті қозғай отырып, оларды бір-біріне түйістіріңдер. Сызғышпен екі тиектің L ара қашықтығын өлшеп алыңдар. Оны бастаушадағы шариктердің N санына бөліп, бір шариктің диаметрін анықтаңдар:
Ұсақ денелердің өлшемдерін анықтайтын мұндай тәсіл қатарлау тәсіл деп аталады. Қатарлау тәсілмен жоғарыда аталған басқа да материалдардың өлшемдерін (диаметрлерін) анықтауға болады.
Өлшеу мен есептеу нәтижелерін мына кестеге жазыңдар:
Зерттелетін
дене
Қатардағы бөлшектің саны (N)
Қатардың ұзындығы
(L, мм)
Диаметр
(d, мм)
Диаметрді өлшеу қателігі
( ,мм)
Шарик
Бұршақ
Сым
1 – тапсырма Бұранда қадамын өлшеу
Бұранда қадамы деп қатар жатқан орам оймасының ара қашықтығын айтады. Бұранда қадамы өте аз шама болуы да мүмкін. Сондақтан оны анықтау үшін де қатарлау тәсілі қолданылады.
Бұранданың немесе бұрандашегінің орам оймалары орналасқан бөлігінің L ұзындығын сызғышпен өлшеп алыңдар. Одан кейін оймалардың N орам санын мұқият санап шығыңдар. Бұранда қадамы:
өрнегімен анықталады.
Бұранда қадамын анықтауда (әсіресе, оймасы ішкі жағында болатын гайкалар үшін) бұранда оймасының бедерін қағаз бетіне түсіріп алып өлшеу ұтымды болады. Л үшін бұранда оймасы орналасқан бетті сия немесе жұмсақ графикпен (қарындашпен) бояп алу керек.
Өлшеулер мен есептеулердің нәтижелерін мына кестеге жазыңдар:
Зерттелетін
дене
Орам саны
(N)
Ойма ұзындығы
(L, мм)
Бұранда қадамы
(d, мм)
Бұранда қадамын өлшеу қателігі
( ,мм)
Шарик
Бұршақ
Сым
№3 зертханалық жұмыс Денелердің көлемін анықтау
Жұмыстың мақсаты: денелердің қөлемін анықтайтын тәсілдермен танысу.
Қажетті құрал-жабдықтар: сызғыш, тығыздығы белгілі қатты денелер, сұйықтар, мензерка, таразы.
ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДЫҚТЫ ТЕКСЕРУ СҰРАҚТАРЫ
Дененің көлемін қалай анықтайды? Қандай әріппен белгілейміз?