0 НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІ
Дано:
|
СИ
|
Решение
|
λ=0,72 мкм
|
0,72∙10-6м
|
E=hν=hc/λ
E= =
=27,6·10-20Дж
|
Е-?
|
|
нүктелері қандай энергияға тең?
Әзірлеген: Сулейменова А.Д.
№167 ЖББМ химия пәні мұғалім
Алматы қаласы Білім басқармасының
ҚББЖТҒӘО қолдауымен ұсынылып отыр
Химия пәні бойынша 7 сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары
IV тоқсан
Сабақтың нөмірі: 27
Сабақтың тақырыбы: §18. Адам оранизміндегі химиялық элементтер
Мақсаты: 7.5.1.2 -тағамдық өнімдердің бір қатарын: көмірсулар (крахмал), нәруыз, майларды білу және анықтай алу
Қысқаша тезисті конспект. Адам ағзасындағы химиялық элементтер – адам өміріне қажетті процестерді жүзеге асырып, ағзаның толыққанды дамуын қамтамасыз ететін элементтер тобы. Бұл элементтерді тірі ағзалардағы орташа мөлшеріне қарай үш топқа бөледі: микроэлементтер, макроэлементтер және ультрамикроэлементтер. Ал тіршілік үшін маңыздылығына байланысты тіршілікке қажетті элементтер, қосымша элементтер және өте аз элементтер деп өзара бөледі. Сондықтан, химиялық элементтердің біреуінің жоқ болуы немесе жетіспеуі ағзадағы қалыпты жағдайды бұзады. Алайда, ағзадағы қандай да бір элементтің шамадан тыс болуы да ауыр салдарға әкеп соғады.
Макроэлементтер – көміртек, сутек, оттек, азот, фосфор – нәруыздың, нуклеин қышқылдарының және ағзаның басқа да биологиялық белсенді қосылыстарының құрамына кіреді. Нәруыздардың құрамында көміртек 51 – 55%, оттек 22 – 24%, азот
15 – 20%, сутек 6,5 – 7%, күкірт 0,3 – 2,5%, фосфор шамамен 0,5%. Көміртек, сутек және оттек көмірсулардың және майлардың, ал фосфор, фосфолипидтердің құрамында болады. Көп мөлшерде майлар бас миында, бауырда, сүтте, және қан сұйықтығында жиналады. Сутек және оттек – макроэлементтері су молекуласын түзетіні белгілі, ал, ересек адам ағзасының шамамен 65-70%-ы су болып келеді. Су – маңызды еріткіш және ол адамның мүшелерінде, ұлпаларында және биологиялық сұйықтықтарда әркелкі таралған, асқазан сұйығының, сілекейдің, қан плазмасының, лимфаның 90% – дан 95,5% – ға дейінгі аралығын құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |