Ресми жарияланым



бет1/2
Дата24.01.2022
өлшемі35,22 Kb.
#113740
  1   2
Байланысты:
приказ №189 КАЗ


"Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 189 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 30 сәуірде № 22667 болып тіркелді

  • Мәтін

  • Ресми жарияланым

  • Ақпарат

  • Өзгерістер тарихы

  • Сілтемелер

  • Көшіру

  • Басқа

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 болып тіркелген, "Заң газеті" газетінің 2008 жылғы 30 мамырдағы № 81 (1307) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларында:

      14-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14-2. БЖБ өткізу нысаны (бақылау, практикалық немесе шығармашылық жұмыс, жоба, эссе) мен сабағын және БЖБ орындау уақытын педагог өздігінен белгілейді.

      БЖБ үшін максималды балл 1-4 сыныптарда кемінде 7 және 15 балдан артық емес, 5-11 (12) сыныптарда кемінде 7 және 20 балдан артық емес болуы керек.";

      14-9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14-9. Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда аптасына екі немесе одан да көп сағат оқу жүктемесі бар пәндер бойынша тоқсанына бір БЖБ, тоқсанның соңында ТЖБ өткізіледі.";

      39-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "39-2. Мамандандырылған музыкалық мектеп-интернаттардың 12-сынып білім алушылары үшін қорытынды аттестаттау мынадай нысандарда өткізіледі:

      1) Қазақстан тарихынан тестілеу;

      2) орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу;

      3) білім алушының таңдауы бойынша пәннен (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, құқық негіздері, әдебиет, шетел тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика) тестілеу.";

      46-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      50-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "50-1. Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жарияланғанда қорытынды аттестаттау ағымдағы оқу жылының жылдық бағаcы негізінде жүргізіледі.";

      мынадай мазмұндағы 50-2-тармақпен толықтырылсын:

      "50-2. Оқу жылы ішінде (бір немесе бірнеше тоқсан кезеңінде) шектеу шаралары, оның ішінде карантин жарияланған жағдайларда қорытынды аттестаттау мынадай нысандарда өткізіледі:

      9 (10) сынып білім алушылары үшін:

      1) қазақ/орыс/өзбек/ұйғыр/тәжік тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектептер үшін жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе);

      2) математика (алгебрадан) жазбаша емтихан (бақылау жұмысы);

      3) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау).

      11 (12) сынып білім алушыларын үшін:

      1) қазақ/орыс/өзбек/ұйғыр/тәжік тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан:

      2) алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан (бақылау жұмысы);

      3) Қазақстан тарихынан тестілеу;

      4) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу.";

      60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "60. Жазбаша емтихандар 9 (10) және 11 (12) сынып білім алушылары бір-бірден отырғызылатын үлкен сынып бөлмелерінде (бір партаға бір білім алушысы отырғызылып толық сынып сиятындай мектеп ғимаратындағы үлкен бөлмеде) өтеді.

      Жазбаша жұмыстарды орындау үшін білім алушыларға мектептің мөртабаны басылған қағаз беріледі.

      Жұмыстарын орындаған білім алушылар оны жоба шимайжазумен (черновикпен) бірге Комиссияға тапсырады.

      Жұмыстарын емтиханға арналып бөлінген уақыт ішінде аяқтай алмаған білім алушылар аяқталмаған қалпында тапсырады.";

      64-тармақ алынып тасталсын;

      65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "65. Тестілеу МЖМБС-ға сәйкес "Ұлттық тестілеу орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – ҰТО) әзірлеген тест тапсырмаларының көмегімен осы Қағидалардың 39-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген оқу пәндері шегінде өткізіледі.";

      69-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "69. 11 (12) сыныптарда әрбір пән бойынша жазбаша емтихандар, тестілеулер өткеннен кейін Комиссия сол күні білім алушыларға емтихан бағалары мен қорытынды бағаларын қояды және оларды осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Жалпы орта білім беру деңгейіндегі оқу курсының емтихан (тестілеу) және қорытынды бағаларының қағаз және электрондық хаттамасына енгізеді.

      9 (10) сыныпта Комиссия білім алушыларға балдар мен емтихан бағаларын қояды және оларды осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Негізгі орта білім беру деңгейіндегі оқу курсы үшін емтиханның қағаз және электрондық хаттамасына енгізеді.

      9 (10) сынып білім алушыларының пәндер бойынша қорытынды аттестаттау нәтижелері балл түрінде журналға (қағаз/электрондық) қойылады және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес емтихан балдары емтихан бағасына ауыстыру шәкілі бойынша ауыстырылады.";

      71-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "71. Білім алушы жазбаша өтінішінің негізінде мектептің Комиссиясы төрағасының қатысуымен өзінің жазба жұмысын тексеру нәтижелерімен танысады.";

      12 және 4-қосымшалар осы бұйрыққа 12 және 3-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушы




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет