Республикалық басылым білім жолы нұрлы жол


ҰЛТЖАНДЫ ҰРПАҚ – ҚОҒАМ ТІРЕГІ



Pdf көрінісі
бет50/157
Дата30.11.2023
өлшемі2,76 Mb.
#194351
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   157
Байланысты:
Республикалы басылым білім жолы н рлы жол

ҰЛТЖАНДЫ ҰРПАҚ – ҚОҒАМ ТІРЕГІ
Қызылорда облысы Шиелі ауданы Ы.Жахаев ауылы
КМҚК "Балдырған" бөбекжай-бақша" әдіскері
Байдилдаева Ханзада Байсалбаевна 
«Адам мақсатына өзін өзі жетілдіру арқылы жетеді» (Әл-Фараби)
«Ел боламын десең бесігіңді түзе », - деп ұлы М. Әуезов айтқандай, қазіргі таңдағы әлеуметтік-
экономикалық талап-тілектерге сай рухани білімді, шығармашыл жеке тұлға тәрбилеу, жас ұрпақтың өз жолын
өзі таңдауға, тағдырының иесі болуға ықпал ету.
Мемлекет басшысының тап#сыр#масын орындау мақсатында біздің аймақта кәсіптік білім берудің еңбек
нарығына қажетті ма#мандар даярлауға, қайта даярлауға, кадрлар біліктілігін арттыруға бағытталған үш
бағдары белгіленді. Кәсіптік білім беру саласын жұмыс берушілердің сұранысы мен еңбек нарығын бағдарлай
отырып әрекет етуге бейімделуде.Әл-Фараби айтқандай:-«Адамға ең бірінші тәрбие берілуі қажет,тәрбиесіз
берілген білім адамзат үшін қауіпті». Адамгершілік-рухани, патриоттық, сыр мен сымбат , еңбек пен өнер ,
ақыл-ой тәрбиесі. Соның ішінде біз еңбек пен өнер тәрбиесіне тоқталайық .Халқымыз еңбек пен өнерді егіз
санаған. Жүн иіріп, өрнек тоқу, киіз басып, үй жабу, ою ойып, сырмақ, түс киіз өрнектеу, тері илеп, бас киім
тігу қыздар, мектепте еңбекке тәрбиелеу – тәрбиенің жалпы жүйесінің құрамды бөлігі. Еңбекке тәрбиелеу,
баулу және кәсіптік бағдар, мектеп оқушыларының қоғамдық пайдалы өнімді еңбекке тікелей қатысуы оқуға
деген саналы көзқарасты тәрбиелеудің, азамат болып өсудің жеке адамды адамгершілік және зиялылық
жағынан қалыптастырудық негізгі көзі болып табылады, осымен қатар мұны еңбек тәрбиесінің мақсаты деп
түсінуіміз қажет.
Еңбек тәрбиесінің негізгі мақсаты – жас жеткіншектерге еңбек туралы тәрбие беру және жеке адамды жан-
жақты дамыту. елдер үшін ерекше өнер санаған.
Еңбекке тәрбиелеудің міндеттері:
*Еңбекке сүйіспеншілік пен еңбек адамдарына құрметпен қарау.
*Оқушыларды халық шаруашылығы салаларындағы еңбектің түрлерімен таныстыру, еңбек іс-әрекетінің
барысында олардың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру.
. К.Д .Ушинский талаптарының ең бастыларының бірі – еңбек-сүйгіштікке, еңбек ете білуге және еңбекке
ынталы болуға тәрбиелеу. Кімде-кім пайдалы еңбекпен айналысса, сол адам қоғамның лайықты азаматы бола
алады деп білді Ушинский баланың санасына сәби кезінен-ақ, еңбек етудің қажеттілігі мен маңыздылығын
ұялатуды, пайдалы іс істеуге тырысушылыққа және қазақ ағартушыларының бірі Ы.Алтынсарин педагогикалық
тақырыптағы өлеңдері мен әңгімелерінде, аудармаларында өнімді еңбек – еңбек тәрбиесінің құралы деп
тұжырым жасады.
Абай нағыз пайдалы еңбек деп әр түрлі қолөнерді, егіншілікті және білім алуды, оқуды есептеді. Ақыл-
білім алу күрделі еңбек арқылы келеді деп философиялық тұжырым жасады.
49


----- «БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ» Республикалық журнал – Қараша айы 2020 жыл | № 11 (14) -----
Ол жастарды ең алдымен отбасында, мектепте және әдебиет арқылы тәрбиелеуді маңызды рөлін ерекше
бағалады. Еңбектің бейнеті мен зейнетін басынан өткізген халқымыз баланы еңбекке тәрбиелеуді отбасынан
бастаған. Ер бала мен қыз бала тәрбиесін бөлісіп алған.Еңбекті дәріптеп жастарға еңбек адамын үлгі-өнеге
ретінде ұсыну "Аяз би" ертегісіндегі Аяз би "Кер құла атты Кендебайдағы" Кендебай, т.б. бейнелері арқылы
беріліп отырған. Қазақ халқы жастарды еңбекке баулығанда күнделікті кәсібіне, тұрмыс тіршілігіне
байланысты төрт түлік малды бағып-қағуды, аң аулап кәсіп етуді ойластырған.
Кәсіп-адамның қабілетілігі мен бейімділігін бір іспен айналысуы.
Біздің кәсіптік лицейіміз темір жол мамандарын даярлайтын оқу орыны
Кәсіптік бағдар беру дегеніміз – педагогтардың, психологтардың, дәрігерлердің және басқа да
қызметкерлердің қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып,
кәсіптік қызығуы мен қабілеттілігін қалыптастыруға және мамандық таңдауға көмектесуде, мақсатты істелетін
жұмыс. Кәсіптік бағдар беру жүйесінің құрамды бөліктеріне (компоненттерге), кәсіптік ақпарат, кәсіптік
ағарту жұмысы, кәсіптік ақыл-кеңес және кәсіптік іріктеу (профотбор), кәсіптік бейімделу жатады.
Еңбек тәрбиесінің ең басты да, негізгі міндеттерінің бірі -жасөспірімдерді қоғамдық пайдалы, ауыл
шаруашылығының жетістіктерін жете түсіну және оған өздері тікелей араласу, өндірісті білу, онымен жұмыс
істеу тәжірибесін бойына сіңіріп отыру дейді. Сондай-ақ, ол "Балалар жұмыс істейтін бағы, бақшасы, аз да
болса жері жоқ мектеп шын мәніндегі мектеп бола алмақ емес", – деп атап көрсетті. Сонымен бірге Ушинский
ой еңбегі мен дене еңбегінің алмасып отыруына да ерекше мән бер-ді. "Ой еңбегінен кейін дене еңбегімен
айналысу жанға жайлы ғана емес, ол өте пайдалы тынығу" – деп есептеді.. Ал тері, ағаш, темірмен байланысты
кәсіптерді ер адамдар атқарған. Аяқ киім (етік, мөсі, кебіс, шоқай, шәркей тігетін етікшілік, қайыстан жүген
тартып, өмілдірік, қүйысқан, қамшы, шідер секілді әбзел істейтін өрімшілік үлкен өнер болып есептелген.
Ағаштан – ашамай, арба, шанажасайтын балташыларды темірден – құрал-сайман еңбек құралдарын немесе
әшекей зергерлік бұйымдар жасаушы ұсталарды халық жоғары бағалаған.
Халық педагогикасынан орын алған еңбек және еңбекке тәрбиелеу қазіргі педагогика теориясы
принциптерімен ұштасып жатыр. Еркін еңбек барысында өзінің және бүкіл қоғам мүшелерінің қажеттілігін
қанағаттандыру үшін адам материалдық және рухани құндылық жасайды. Шығармашылық еңбек барысында
адам өз күшінің шамасын және қабілетін анықтайды. Қоғамның басты талаптарының бірі – әр азаматтың өмірде
өз орнында толық күш-жігерін жұмсап, қоғамдағы байлықты еселей түсуге еңбек үлесін қосуы, еңбекке адал,
саналы қатынасу болып табылады.
Еңбек тәрбиесінің мақсаты еңбекке даярлау ғана емес, сонымен қатар жас жеткіншектерді біліммен,
іскерлікпен және дағдымен мен қаруландыру қабілеттілігін дамыту, мамандық таңдауға көмек беру болып
табылады. Еңбектің тәрбиелік қызметін оқушы бойына дарыту барысында оның экономикалық (дәрежесіне)
нәтижесіне мән беру қажеттілігін ғалымдар дәлелдеп берді. Еңбек нәтижесіз болса, ол адам бойында еңбекке
деген жек көрушілік сезімін туғызады. Ең маңыздысы, мақсатты ұйымдастырған еңбек үрдісінде еңбектің бір
түрінен екінші түрі туындап, үздіксіз еңбек ету адам ағзасының күнделікті дағдысына айналады.
Тұлғаның ақыл-ой, дене, адамгершілік және басқа жақтарынан дамуының нәтижесі оның мамандық таңдау
даярлығына жггкіліктідәрежеде әсер ететін болады.
Бүгінгі заманда жұмысты жалпы адамзаттың құндылыққа, өзара түсінушілікке, ынтымақтастыққа
бағдарлау мен құра білу табысты еңбек етудің кепілі болып табылады.
Әркімді заман сүйремек,
Заманды қай жан билемек.
Заманға қай жан күйлемек,
Замана оны илемек , - деп ұлы ойшыл Абай жырлағандай, қазіргі заман- жаһандану заманы. 
Ол өскелең ұрпаққа білім беріп қана қоймай, бала бойына барша адами жақсы қасиеттерді сіңіре білуі
тиіс.Сондықтан ұстаз- тәрбиенің ұйытқысы, жас ұрпақтың рухани сәулеткері. «Қазақтың тағдыры, келешекте
ел болуы мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі», - деп М. Жұмабаев айтқандай, ауыл –
қазақтың бесігі болса, мектеп-ауылдың ұйытқысы. Ол тек оқушыларға білім беретін орын ғана емес, ауылдың
бүкіл мәдени өміріне қан жүгіртетін жүрегі, рухани өсуіне ықпал ететін ордасы. 
Бүгінгі ел аманатын арқалаған ардақты азаматтарымыздың көпшілігі, ел тізгінін ұстаған тұлғалы
кісілеріміздің басым бөлігі, мемлекетіміздің жан-жақты дамуына үлесін қосып жүрген еңбеккерлердің негізгісі
– ауылдан шыққан тумалар. Бүгінгі таңда ел келешегінің тірегі болар ұрпақ тәрбиесі сынды қызығы мен
қиыншылығы қатар жүретін ауыл жастарына артылар жауапкершілік жүгінің ауыр екендігі даусыз. Сондықтан
әрбір жас үздіксіз ізденіс,тынымсыз еңбек қажеттілігі- заман талабы.Заман талабын қанғаттандыру ұлтжанды
ұрпақ қолында.
* * * * * * * * * * * * * * *
50


----- «БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ» Республикалық журнал – Қараша айы 2020 жыл | № 11 (14) -----
Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Шар қаласы
«Б.Тұрсынов атындағы орта мектебі» КММ-сі
Мектепалды даярлық тобы тәрбиешісі
Нугыманова Кульжанат Кабикановна


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет