----- «БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ» Республикалық журнал – Қараша айы 2020 жыл | № 11 (14) -----
арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және балл не баға қоймастан оқу үдерісін түзетіп отыруға
мүмкіндік береді. Жиынтық бағалау оқу бағдарламасының бөлімдерін (ортақ тақырыптарын және белгілі бір
оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында
балл және баға қою арқылы өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау барлық пәндер
бойынша қолданылады.
Қорыта айтқанда, аталмыш бағдарламаның мәні, баланың функционалды сауаттылығын қалыптастыру.
Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асыра білуі керек. Сол үшін де бұл
жаңартылған білім мазмұның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік
міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін,
қажетті
дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектенуі керек. Білім беру мазмұнын жаңарту аясында тек
өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер
ғана жұмыс істей алады. Үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп.
Қазақстан 2030 стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және
Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңестігіне кіріктірумен сипатталады. Қазіргі таңда қазақ
тілі – мемлекеттік, қарым-қатынас тілі – орыс тілі және ағылшын тілі – әлемдік кеңістікті тану тілін оқытуда
жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде
қолдану – заман талабы болып отыр. Оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша
қөзқарас пайда болды. осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру
және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне
енген жаңартылған білім беру бағдарламасы – заман талабына сай, келешек ұрпақтың сұранысын
қанағаттандыратын тың бағдарлама.
Қай
елдің болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы, оның ұлттық білім жүйесінің
деңгейіне, даму бағытына байланысты. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей,
жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру – бүгінгі күннің басты талабы.
Мұғалімнін алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр. Әрбір оқушыны оқытып
тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл
мұғалім керек. Жаңа, тез өзгермелі, білімді де білікті,
тың серпіліске, өзгеруге дайын және жаңа талап
межесінен коріне алатын шығармашыл да кәсіби шебер мұғалімдерді қажет етіп отырғанына көзіміз жетті.
Оқушылардың мектепте табысты оқуы ғана емес, өмірде де табысты болуы мұғалімнің қабілетіне, оның
құзыреттілігіне байланысты екенін терең түсіндік. Мұғалім оқушылар үшін қандай да бір пән бойынша білім
беретін адам ғана емес, сондай-ақ олардың оқудағы еңбегін қызықты, тиімді ұйымдастыра алатын, оларға үлгі
болатын ерекше тұлға болуы керек. Жаңа заман мұғалімнен күнделікті оқушылармен қарым-қатынас
барысында әрбір жағдаят үстінде ерекше білім деңгейін көрсетуде және шығармашыл шешім қабылдай алуын
талап етіп отыр. Оны қанағаттандыру үшін қазіргі заманның мұғалімі жаңашыл, икемді, өзгерісті тез қабылдай
алатын,
жан-жақты, жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды меңгерген болуы керек.
Соңғы жылдары педагогикалық теорияда және оқу-тәрбие үдерісінде өзгерістер болып жатыр. Білім берудегі
жаңғырту мен инновациялық үрдістердің жалғасуына ықпал етудің маңызды факторының бірі – мұғалімнің
кәсіби шеберлігі. «Кәсіби шебер» түсінігіне пәндік, дидактикалық, әдістемелік, психология-педагогикалық
білім
мен дағды ғана емес, педагогтің жеке тұлғалық потенциалы, кәсіби құндылықтары жатады. Білім
мазмұның жаңарту тікелей шығармашылық ізденістегі мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты. «Мұғалім
көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек»-деп Ахмет
Байтурсынов айткандай, қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі сол қоғам мүддесіне сай болуы керек.
Өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді.
Қазіргі таңда пәнді жақсы, терең білетін, күнделікті сабақтағы тақырыпты толық қамтитын, оны оқушыға
жеткізе алатын, әр түрлі денгейдегі тапсырмаларды білу іскерлігі, оқытудың дәстүрлі және ғылыми
жетілдірілген әдіс-амалдарын,
құралдарын еркін меңгеретін, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра
отырып дарындылығын дамытудағы іздену-зерттеу бағытындағы тапсырмалар жүйесін ұсыну өмір талабы. Ал,
оның негізі бастауыш сыныптарда қаланбақ. Сондықтан да бастауыш сыныпта әр сабаққа әр түрлі тиімді әдіс-
тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру ең басты мәселе.
Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау
жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарые қолданудың тиімділігін арттыруды талап
етеді.Бастауын сынып пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардың шынайы
проблемаларды анықтап зерттей білуді талап етеді.
Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған
білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын
тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ-ны қолдану, коммуникативті қарым-
қатынасқа түсу, жеке, жүппен, топта жұмыс жасай білу. Жаңа білім беру бағдарламасы – сыни тұрғыдан
141