Жаңартылған бағдарлама негізінде қазақ тілін оқытудың әдіс-тәсілдері: •
оқушылардың қызығушылығын туғызады;
•
әрқайсысының оқу үрдісіне қатысу белсенділігін кеңейтеді;
•
әрбір оқушының сезіміне назар аударады;
•
оқу материалдарын тиімді меңгеруге бейімдейді;
оқушыларға көпжоспарлы әрекет етуге әсер етеді;
•
кері байланысты (аудиторияның жауап беру реакциясын) жүзеге асырады;
оқушылардың пікірлері
мен қарым-қатынастарын қалыптастырады;
•
өмірлік машықтарды қалыптастырады;
•
мінез-құлықтың өзгеруіне көмектеседі.
Кіріктірілген білім беру бағдарламасында қазақ тілі пәнінің берілу жайы да өзгеше. Бағдарлама оқушының
төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым жетілдіруге бағытталған. Бұл төрт дағды оқу
жоспарында «Шиыршық әдісімен» орналастырылған және бір-бірімен тығыз байланысты. Яғни, жыл бойына
бірнеше рет қайталанып отырады және сынып өскен сайын тілдік мақсат та күрделене түседі. Бағалау жүйесі де
түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериялық бағалау жүйесіне өтті. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың
үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқытудың интербелсенді
әдістері және интербелсенді құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс
істеуіне жол ашылып отыр. Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі
болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле
отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және балл не баға қоймастан
оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Жиынтық бағалау оқу бағдарламасының бөлімдерін (ортақ
тақырыптарын және белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған оқушының үлгерімі
туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі.
Оқу- тәрбие үдерісінде үнемі жаңа оқыту құралдарының мүмкіндіктерін ұтымды пайдаланып, оған білім
алушыларымызды үйрету – әр педагогтің басты міндеті.Осы шарттарды дұрыс орындағанда ғана, біз күткен
нәтижеге қол жеткізіп, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын тудыра аламыз. Оқу барысында
үйренушілер әрқашанда белсенді болып, өзіндік пікір қалыптастырып, өз ойларын дұрыс жеткізе білуге, өз
көзқарасын дәлелдеуге, пікірталас жүргізуге, басқаларды тыңдауға, өзге пікірді сыйлауға үйренеді. Ал, мұндай
азамат бәсекеге қабілетті, білімді, білікті, өресі жоғары, ел болашағын ойлайтын тұлға болып қалыптаса алады.
* * * * * * * * * * * * * * *
98
----- «БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ» Республикалық журнал – Қараша айы 2020 жыл | № 11 (14) -----