Республикалық басылым білім жолы нұрлы жол


ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНА



Pdf көрінісі
бет116/157
Дата03.06.2022
өлшемі2,76 Mb.
#145794
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   157
Байланысты:
1114 караша

ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНА 
ОТЫРЫП, СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТТЕРІН АРТТЫРУ
Жамбыл облысы Қордай ауданы № 20Алмалы орта мектебі 
бастауыш сынып мұғалімі Кыпчакбаева Бибиткуль Сахиевна 
Адам баласының, әсіресе, оқушылардың сұранысы күннен-күнге артып барады. Оқушының талап-тілегіне
сай болу үшін мұғалімге артылар жүк те ауыр. Біліммен қаруланған, ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты
дамыған мұғалім болу-уақыт талабы. Себебі, бүгін мектеп партасында отырған оқушылар-ертең ел тағдырын
шешетін тұлғалар. Олардың сапалы білім алуын бүгін қамтамасыз ету-мұғалімнің басты міндеті. Бүгінгі таңда
тәуелсіз мемлекетімізге білікті маман, өз ісінің шебері қажет. Дұрыс тәрбие мен сапалы білім-ел болашағын
айқындайтын басты көрсеткіш болып табылады. 
Дүние де –өзі, мал да – өзі, ғылымға көңіл бөлсеңіз», - деп Абай атамыз айтқандай, білімді, озық ойлы
адамдар заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне үлесін қосып келеді. Осындай қоғамдық әлеуметтік мәдени
өзгерістер, дамулар мектептің оқыту процесіне әсер ететіні сөзсіз. Кез келген оқыту белгілі мөлшерде адамды
дамытады. Оқушының адам ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. 
Жаңартылған білім бағдарламасының мазмұндық ерекшеліктері оқытудан күтілетін нәтижелерге оңтайлы
қол жеткізуге мүмкіндік беретін стратегияларды, әдіс-тәсілдерді жетік білуді және таңдап қолдануды талап
етеді. Интербелсенді оқыту- әрекетпен және әрекет арқылы оқыту, бұл ұстаным үлкен нәтижелерге жеткізетін
тиімді жүйе деп есептелінеді, себебі адам санасында бірінші кезекте өзінің әрекеттері мен өз қолымен жасаған
істер қалады. Кезінде көне қытай ғұламасы Конфуций (Күн-цзы) былай деген екен : «Маған айтып берсең –
ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтармын, ал өзіме жасатсаң – үйренемін!» деген пікірі дәлел бола алады.
Сондықтан интербелсенді оқыту оқушылардың оқу үдерісіндегі белсенді әрекеттерін үйренудің негізгі
құралдары мен тәсілдері ретінде танылады. Интербелсенді әдісті қолдану аясында оқушылар терең ойланып,
рефлексиялық қабілеттері дамиды. Өз пікірлері мен әрекеттеріне талдау жасап, баға береді. Ақпаратты
өздігінен түсініп, жан-жақты талдайды. 
“Автор орындығы” әдісімен оқушының өзі жазған шығарма, эссесін оқытқанда отырғызып оқытуға болады.
Бұл әдіс үй тапсырмасын сұрауда, өткен сабақты бекітуде тиімді.
«Өзіңізді тексеріңіз» әдісімен өтілген мәтін бойынша мысалдар келтіреді. Бұл мәлімет шындық па немесе
жалған ба? Мысалдарды оқу кезінде оқушылар ол келтірілген мысалдың өтілген мәтінде бар, жоғын анықтауға
болады. «Коллаж әңгіме» әдісін пайдаланғанда оқушыларға түрлі-түсті суреттері бар журналдар беріледі. Олар
журналдардан қиып алып алған суреттерін флипчартқа жабыстырып, әңгіме құрастырады. Оқушылардың сыни
ойлау және коммуникативтік дағдылары дамиды. 
«Жағымды, жағымсыз, даулы» әдісін қолданғанда оқушылар шағын топтарға біріктіріледі. Әр топ оқылған
әңгімені немесе мәтінді «жағымды, жағымсыз, даулы» мәселелерге бөліп, талқылап, өз ойларын(идеяларын)
айтады. Содан кейін әр топқа тек бір мәселені бөліп беріп, олар үлкен топқа өз ойларын (идеяларын) ұсынады,
ал басқа топтар толықтырып немесе қарсы пікірлер айтуына болады. Топпен жұмыс жасалып, оқушылардың
сыни ойлау, талдау дағдылары дамып, сабаққа қызығушылықтары арттырылады.
«Суретті әңгімеле» әдісімен жұмыс жасалғанда оқушыларға сурет көрсетіліп, әңгімелетіледі. Қажет болған
жағдайда әңгіменің жаңа сөздерін алдын ала үйретуге болады. Сурет әңгіменің бір бөлігі екені ескертіледі.
Оқушыларға суретте бейнеленген сәттің алдында не болғаны және кейін не болатыны болжатылады.
Оқушылардың өз әңгімелері тыңдалғаннан кейін әңгіменің толық нұсқасы оқып беріледі. Бұл әдіспен
тапсырмалар орындау барысында барлық сыныппен, жұппен жұмыс орындатуға болады. 
«Бағдаршам» әдісін пайдаланғанда әрбір оқушыға бағдаршам түстеріне сәйкес карточкалар таратамын.
Оқушылардан сабақты түсінген-түсінбегеніне сәйкес карточкаларды көтеруін сұраймын. Жасыл карточка
көтерген оқушылар барлығын түсінген боп есептеледі. «Не түсіндің?» сұрағын қосымша қоямын. Сары және
қызыл карточка көтергендерден не түсініксіз болғаны айқындалып, тақырып төңірегінде қосымша жұмыстар
жүргіземін. Бұл әдіс арқылы тақырыпты пысықтау немесе әлі де жетілдіру керектігін білуге болады.
«Менің сөзім» әдісін сабақты қорыту барысында қолданамын. Сыныптан бір оқушы тұрып, сабақтан бүгінгі
үйренгендерін қорытындылап айтады. Айтып болған соң, басқа бір оқушының атын атайды. Сөзді сол оқушы
жалғастырып, сабаққа рефлексия жасайды. Барлық оқушы сабақты қорытындылауға осы ретпен қатысады.
Оқушылардың сабақта алған білім, біліктері бағаланып, ұжымдық жұмыс жасалынады. Мұғалімнің әр сабаққа
дайындаған тапсырмасының өзі бірқалыпты деңгейде болмауы керек. Сол себепті шығармашыл оқушыға
күрделі әрі сыни тұрғыда ойландыруға жетелейтін тапсырмалар беріп отыруы керек. Осыдан барып біз баланы
алған білімін өмірде қолдана алатын тұлға ретінде қалыптастырамыз. Сапалы білім берудегі негізгі мақсат та,
міндет те осы. Сол себепті де сапалы білім берудегі басты мақсат деп мына үш факторды атап өткім келеді:
1\ сыни тұрғыда ойлауға жетелеу;
110


----- «БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ» Республикалық журнал – Қараша айы 2020 жыл | № 11 (14) -----
2\ шығармашыл оқушылардың талантын ұштау;
3\ нәтижесінде алған білімді өмірде қолдана білуге дағдыландыру.
Теорияны алған біліммен ұштастыру. Алған білімді бала тек біліп қана қоймай, өмірде қолдана алуы
маңызды. Нәтижесінде біз өмірге бейім, кез-келген тығырықтан жол таба білетін тұлғаны тәрбиелейміз. Бұл
еліміздің де іргесі биік елдердің қатарына қосылуының бірден бір себебі болмақ.
Қорыта айтқанда, жаңартылған бағдарламаға сәйкес алынған тәсілдерді сабақта тиімді қолдансақ, баланың
танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алып, шығармашылық, зерттеушілік қабілеттерінің
қалыптастыруға ықпал етеміз. Оқушылар бойына мейірімділік, бір-біріне деген сенімділік қасиеттерін ұялата
аламыз, себебі олар топпен жұмыс жасағанда бірлесіп жасауға үйренеді, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы
артады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет