9 сынып, теориялық сайыс
Дене көлбеу жазықтықта үйкеліссіз сырғанай бастайды. Егер дененің алғашқы 0,5 с-тағы
орташа жылдамдығы оның алғашқы 1,5 с-тағы орташа жылдамдығынан 2,45 м/с-ка кем
болса, жазықтың а көлбеулік бұрышы қандай болғаны? (8 ұпай)
Горизонталь тас жолда жеңіл мәшине жүк мәшинесінің соңынан жүріп келеді. Жүк
мәшинесінің артқы қос дөңгелегінің арасына тас тұрып қалды. Сол тас ұшкан кезде жеңіл
мәшинеге тиіп кетпеу үшін ол жүк мәшинесінен қандай қашықтықта жүріп отыруы тиіс?
Мәшинелер 50 км/сағ жылдамдықпен қозғалып келеді. (8 ұпай).
3 Суы бар ыдысқа диаметрі d болатын ұзын түтік төменгі жағынан диаметрі D және қалындығы һ болатын цилиндр дискпен жақсылап жабылып батырылған (1-суретті қараңыз). Дискінің р тығыздығы судың рв тығыздығынан артық. Түтікті жайлап жоғары көтере бастайды. Қандай Н тереңдікте диск түгтікшеден ажырайды? (9 ұпай)
1 сурсг(Рис.1)
4. Төмендегі 2-суретте көрсетілген жүйеде кедергі жоқ. Бастапқы мезетте барлық денелерді жібермей ұстап тұрады, ілініп тұрған жіптердің ұштары вертикаль, ал оларға ілінген жүктер кубтардың бүйір беттерімен жанасады. Кубтардың массалары М жэне 2М, ал әрбір жүктің массасы т. Жүйені босатып жібереді. Ауыр кубқа жанасып тұрган жүк жерге тиген кездегі осы ауыр кубтың жылдамдығын анықтаңыз. Жүктердің столдың горизонталь бетіне қатысты алғашкы биіктігі Н. (10 ұпай)
Достарыңызбен бөлісу: |