Республиканың



бет9/14
Дата01.09.2022
өлшемі142,84 Kb.
#148551
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Бастауыш СЫНЫПТАРЫНДА білім мен ТӘРБИЕ

«Дүниетану» оқу пәні (оқыту қазақ тілінде)
«Дүниетану» пәні ҚР БҒМ 2018 жылғы 10 мамырдағы №199 бұйрығымен бекітілген (8-қосымша) «Дүниетану» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес оқытылады.
«Дүниетану» пәнін оқытудың мақсаты - ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан білім алушылардың бойында адам, табиғат және қоғамның өзара байланысуы және өзара тәуелділігі туралы білім жүйесін қалыптастыру.
«Дүниетану» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

  1. 1-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 35 сағат;

  2. 2-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 36 сағат;

  3. 3-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 36 сағат;

  4. 4-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 36 сағатты құрайды.

Оқу жылының ұзартылуына байланысты қосымша сағаттарды қайталау, өткен материалды бекіту және күрделі тақырыптарды зерттеу үшін пайдалану ұсынылады.


Бұл пәннің ерекшелігі – біз өмір сүретін әлем туралы мағлұмат алу болып табылады.
«Дүниетану» пәнін оқытудың ерекшеліктері
Бастауыш сыныптарда «Дүниетану» оқу пәнінің мазмұны адам, табиғат және қоғам, оның ішінде отбасы, мәдениет, денсаулық, қарым-қатынас, ұлт, қауымдастық, мемлекет, қоршаған табиғи орта сияқты оқыту нысандарына тоғыстырылған.
«Дүниетану» пәнін оқыту:

  1. білім алушыларда қоғам және табиғат құбылыстары мен нысандарының өзара байланысы мен өзара тәуелділігі туралы түсініктер қалыптастыруға;

  2. білім алушыларда табиғи, әлеуметтік және технологиялық ортадағы мінез-құлық нормаларын және қауіпсіздік ережелерін түсінуге;

  3. білім алушыларда табиғи және әлеуметтік шынайылықты тану әдістерін: бақылау, эксперимент, сауалнама тәжірибелерінің қалыптасуына;

  4. білім алушылардың танымдық әрекетін дамытуға;

  5. білім алушыларды қазіргі қазақстандық қоғамға тән ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбилеуге;

  6. білім алушылардың өзін қоршаған ортаға, қоғамның табиғи және мәдени құндылықтарына дұрыс қатынастарын қалыптастыруға бағытталады.

5.13-кесте. «Дүниетану» оқу пәнін оқытудағы жұмыс түрлері, критерийлері мен дескрипторлары.




Жұмыс түрлері

Критерийлер/Дескрипторлар

1

Отбасы туралы
Білім алушылардың отбасы туралы білімі тереңдетіледі, отбасы құндылықтарын ажыратады.

Отбасы туралы түсінік бере алады; Отбасы туралы құндылытарды біледі.

2

Мәдениеттілік
Білім алушы мәдениет, мәдениеттілік туралы адамгершілік қасиеттерді ажырата алады.
Ұлттық мәдениеттің құндылыққа жататытын, әдептілік негізі болатынын ұғындыру.

  • мәдениет пен мәдниеттілік ұғымын ажырата алады;

  • ішкі мәдениет пен сыртқы мәдениетті сипаттай алады;

  • ұлттық және өзге елдің мәдениеті туралы түсінігі қалыптасқан.

3

Денсаулық, жеке бас гигиенасы, тамақтану режимі туралы.
Денсаулықтың маңыздылығы, оны сақтаудың жолдары туралы білімін тереңдету.

  • жеке бас гшигиенасын сақтай біледі;

  • тамақтану режимін сақтай біледі;

  • денсаулықты сақтау шараларын біледі, қолданады.

4

Өмір қауіпсіздігін сақтау туралы білімін тереңдету
Табиға апаттар туралы түсініктерін қалыптастыру

  • жолда жүру ережесін біледі;

  • алғашқы көмек көрсету туралы біледі;

  • өрт, су, газ қауіпсізідігін сақтау ережелерін біледі;

-табиғи қауіп-қатер туралы түсінігі қалыптасқан.

«Дүниетану» пәні бойынша оқушылардың білімі мен біліктілігі қалыптастырушы бағалау шеңберінде сұрақ-жауап нәтижелері, бақылау жұмыстарының, тест тапсырмалары, практикалық жұмыстар мен диктанттар нәтижелері бойынша кері байланыс беру және білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, қажетті форматтағы сабақты құру мақсатында, сонымен қатар, рәсімдер саны нақты анықталынған жиынтық бағалау шеңберінде бағаланады және сынып журналына балл қою қарастырылады.


5.14-кесте. «Дүниетану» пәні бойынша жинытық бағалаудың саны




Сыныптар

Бөлімдер бойынша жиынтық бағалау саны

ТЖБ

1- тоқсан

2- тоқсан

тоқсан

4- тоқсан

Әр жартыжылда

2-сынып

1

1

1

1

1

3-сынып

1

1

1

1

1

4-сынып

1

1

1

1

1




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет