Кеңес беру бағыты
оптантты (мамандық таңдау қажеттілігі
алдында тұрған адам) таңдауда көмек көрсетуді тұспалдайды. Бұл
көмек көрсету адамның мотивін, оның қызығушылықтарын,
бейімділігін,
жеке
тұлғалық
мәселелері
мен
дүниетаным
ерекшеліктерін
есепке
ала
отырып
негізделеді.
Ол
өзіне
диагностикалық немесе ақпараттық қырларды енгізуі мүмкін, бірақ
енгізбеуі де мүмкін.
Қосымша білім беру ұйымы кеңес беру бағыты шеңберінде
балаға тек өзі қызығатын мамандық бойынша материалдарды ұсынуы
мүмкін: профессиограммасын, еңбек нарығында талап етілетін кәсіптер
туралы айтылатын мерзімді басылымдар және сол кәсіп бойынша
дайындайтын білім беру ұйымдары туралы мәліметтер.
Достарыңызбен бөлісу: |