Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования


"Қалай табысты болуға болады?" тренинг-ойын



Pdf көрінісі
бет30/194
Дата07.02.2022
өлшемі3,33 Mb.
#93961
түріМетодические рекомендации
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   194
Байланысты:
Қосымша білім берудегі кәсіби бағдар
Болатбекова Н.Ж. Мақала. Психология секциясы Еуразия гуманитарлық институты, Болатбекова Н.Ж. Мақала. Психология секциясы Еуразия гуманитарлық институты
"Қалай табысты болуға болады?" тренинг-ойын 
 
Кіріспе сөз. 
Білім беру жүйесінің негізгі міндеті білім 
алушыларды заманауи қоғамда өмір мен еңбекке дайындау, үнемі 
өзгеріп отыратын әлемде олардың әлеуметтануы және әлеуметтік 
бейімделуі үшін жағдайлар жасау, жоғары сынып оқушыларына өзін өзі 
анықтауына, 
олардың 
икемділіктерін, 
мүмкіншіліктері 
мен 
қабілеттеріне сәйкес өмірлік жолын таңдауда, түлектерді білімін 
жалғастыруға ынталандыруға дайындау болып табылады.


23 
Көпшілік мектеп оқушыларының таңдауы кездейсоқ болып 
табылады, қиялшыл сипатқа ие, шынайы қабілеттіліктері мен 
мүмкіндіктеріне мүлде сәйкес келмейді. Мектеп бағдарламасы 
балаларға адамдар, оның қабілеттері туралы толық білім бермейді, яғни 
кәсіп таңдауға үйретпейді және оған сай білім бермейді. Түлектердің 
еңбек нарығы және сұранымға ие кәсіптер туралы, оларды алу 
мүмкіндігі бар білімнің түрлері туралы құралдары жеткіліксіз.
Мектеп оқушылары өмірлік жоспар құру үшін қажетті білімдерге 
ие емес. Оларда қоршаған әлеуметтік әлемнің толықтай ғылыми 
суреттемесі жоқ, ол туралы білімі жеткіліксіз және қарапайым. 
Көптеген оқушыларда өзін өзі әрі қарай дамыту қажеттілігі 
қалыптастырылмаған, сапалы кәсіби білім алу үшін күш салуға тұрақты 
уәждемесі жоқ. Осының барлығы оқушылардың кәсіби және өмірлік 
жолын таңдау жағдайына аса назар аудару қажеттілігін анықтайды.
Көбіне болашақ студенттер ақпаратқа ие болмай тұрып, болашақ 
мамандығын қате таңдайды. Біреулер өз таңдауын:
- отбасындағы дәстүр;
- қаржылық тарап;
- сол кәсіптің танымалдығы;
- досым сол ЖОО-на оқуға барады, менде сонда барамын деген 
сияқты уәждер жасайды.
Мамандық таңдаудың тағы көптеген өлшемдерін айтуға болады, 
бірақ әрбір жас адамға (жас бала, қызға) мамандықтар әлемін білу 
қажет екенін, әрі қарай дұрыс таңдау жасау үшін онда жақсы 
бағдарлану керек екендігін нақты бекітіп айтуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   194




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет