Республикасы


№8 Дәріс Заманауи өркениеттің экологиялық дағдарыстары және мәселелері



бет44/125
Дата04.04.2023
өлшемі1,57 Mb.
#173693
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   125
Байланысты:
тқн

№8 Дәріс Заманауи өркениеттің экологиялық дағдарыстары және мәселелері.


Дәріс жоспары:

  1. Қоршаған ортаның физикалық, химиялық және биологиялық ластануы.

  2. Ғаламдық экологиялық мәселелер пайда болуы және салдары: а) «парниктік эффект» және климаттың өзгеруі;

в) «қышқыл жаңбыр» және оның салдары; с) әлемдік мұхиттың ластануы;

  1. Биоалуантүрліліктің қысқаруы.

Дәріс ұзақтығы: 1 сағат


1. Қазіргі кезде адамдардың шаруашылық қызметі биосфераның ластаушы көзі болып отыр. Табиғи ортаға күн сайын, сағат сайын өнеркәсіптің газ тәріздес, сұйық және қатты қалдықтары түсіп отырады.Осы құалдықтардан әртүрлі химиялық заттар ауаға, суға және топыраққа түсіп, бір трофикалық тізбектен екіншісіне өте отырып, соңында адам организміне келіп түседі.
Бүкіл жер шарында осы ластаушы заттардың түспеген жері жоқ. Қазіргі кезде ауаны ластайтын улы заттардың 150-ден астамы белгілі. Бұл заттар ауада күн сәулесінің әсерімен бір-бірімен реакцияға түсіп, жаңа қосындылар түседі.
Қазіргі кезде бізді қоршаған ортаның ластаушы көздерін төмендегідей топқа бөлеміз:

  1. Физикалық ластану - радиоактивті заттар, электромагнитті толқындар, жылу, шулар және тербелістер.

  2. Химиялық ластану - көміртегі өнімдері, күкірт, көмірсулар, шайынды сулар, пестицидтер, гербицидтер, фторлы қосылыстар, ауыр металар, аэрозолдар.

  3. Биологиялық ластану - ауру қоздырғыш бактериялар мен вирустар, құрттар, қарапайымдылар, шектен тыс көбейіп зиян келтіретін жәндіктер.

  4. Эстетикалық зиян - табиғаттың қайталанбас сұлу ландшафтының бүлінуі, орман-тоғайлардың жойылуы, т.б.

Биосферадағы ластану процесін 3 кезеңге бөлінеді:

  • Ластаушы заттардың таралуы;

  • Ластағыштардың биосфераға енуі;

  • Ластағыш заттардың топтануы және қорлануы

Қоршаған ортаның ластануының кейбір түрлері қазіргі кезде ғаламдық экологиялық мәселелерді туғызып отыр. Оларға «Парниктік эффектісі»,
«Озонның жұқаруы», «Қышқылдық жаңбыр», «Фотохимиялық тұмшалар» жатады.
2. Атмосфералық ауаның құрамы мен функциясы.
Атмосфера- әртүрлі газдардың қоспасынан, су буларынан және шаңнан тұратын, планетаның газ тәрізді қабығы. Жердің космоспен зат алмасу атмосфера арқылы жүзеге асады. Жер космостық шаң мен метеориттік материалды алып, ең жеңіл газдарды сутек пен гелийді жоғалтады. Атмосфера бірнеше қабаттардан тұрады.
Атмосфераның негізгі құрамына азот, оттек, аргон және көмір қышқыл газы жатады. Атмосфераның маңызды компонентінің біріне озон О3 жатады. Оның
түзілуі мен ыдырауы күннің ультракүлгін сәулелерімен сіңіруіне байланысты. Озон Жердің инфрақызыл сәулелерінің 20% ұстап қалады және ауаның жылыту әсерін күшейтеді. Озон қабатын 122-124км. биіктікте орналасады «озон экраны» деп атайды.
Атмосфералық ауаның ластануы табиғи және анропогендік жолдармен жүреді.Табиғи ластану көздері: космостық шаңдар вулкандардың атқылауы, теңіз суларының булануы, тау жыныстарының шайылуы, топырақтың ұшуы, орман, дала өрттері т. б. Антропогендік ластану көздері: өндірістік және транспорттық орындар, ауыл шаруашылық және құрылыс ұйымдар, коммуналды тұрмыс обьектілер. Антропогендік ластану 5% құрайды. Химиялық құрамы күрделі, әрі улы, қауіпті.
Атмосферадағы ластанған заттардың негізгі бөлігі 3 км.-лік қашықтықта болады. Ауаның жылдамдығына байланысты ондағы шаңдық бөлшектер 1км дейін көтеріліп, желсіз ауа – райында күмбез құрап 300-500 м-де , осыдан шаң біртіндеп қайтадан жерге қонады. Есептеулер бойынша, жыл сайын Париж бен Чикагода әрбір кв. км. 260т. шаң қонады, Нью-Йоркке-300т., Лондонға- 390т., Алматыға 125т. шаң қонады.
Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша дамыған елдердің 20% әртүрлі формалы аллергиялық аурулармен ауырады екен. Жоғарғы шаң ауа да- өкпе ауруларының бір себебі.
Ауа бассейнінің негізгі ластаушыларына күкірт оксидтері, күкірт сутек, көміртегі оксидтері, азот оксидтері және күл мен күл-қоқымдар ретіндегі қатты бөлшектер жатады.
Арал теңізінен атмосфераға жыл сайын құм, шақ, тұздар 140 млн тоннаны құрайды. Ауыр бөлшектері 800-1000км. қонып қалады, ал майда бөлшектері Белорусия, Литва, басқа елдерге тарайды.
Екібастұз көмір бассейінен атмосфераға 150 млн тонна шаң, күл, қоқыс.
Бурятқа, Монғолияға, Сібірге, Орта Азияға тарайды.
Ауаның мемлекеттік шекарасы болмағандықтан, Атмосферадағы ауаны қорғау глобальдық мағынаға ие болады.
Қазақстанда 1951ж. бастап ШПК(ПДК) нормативтері енгізілген, зиянды шығарылымдар 446 химиялық заттар мен 33 олардың комбинациялар бойынша. Қазақстанда «Атмосфералық ауаны қорғау» туралы заң 1981ж. қабылданған.


2. Ғаламдық экологиялық мәселелер пайда болуы және салдары:


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   125




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет