1.Оспанова Г., Бозшатаева. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000. 2.Сағымбаев Ғ.Қ. Экология негіздері. Оқу құралы. Алматы, 1995.-292 бет. 3.С.Ж. Колумбаева, Р.М. Бильдебаева. Общая экология: Учебное пособие.
Под. ред. А.Б. Бигалиева.-Алматы: Қазақ университеті; 2005.-126 с.
Экология и устойчивое развитие /журнал/ Астана, 2004, № 1-12.
Акимова Т.А., Хаскин В.В. Экология. Человек-Экономика-Биота-Среда: Учебник для вузов.-2-е изд., перераб. И доп.-М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2001. – 566 с.
А.М. Никаноров, Т.А. Хоружая. Экология.-М.: 2001.-304 с.
Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы.
А.М. Гилярова.-м.: Устойчивый мир, 1999. 304 с.
Коробкин В.И., Передельский А.В. Экология. Конспект лекций (зачет и экзамен) Ростов-на-Дону, 2004.
Казахско-русский, русско-казахский терминологический словарь. Экология Алматы, 2000 г.
Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Экология және табиғат қорғау Алматы, 2002 ж.
Мамедов Н.М., Суравечина И.Т. Экология: Уч. пособие для 9-11 классов.- М.: «Школа-Гресс», 1996-464 с.
Экологиялық энциклопедия А.Ж. Ақбасов, Е.Ү. Жамалбеков, Т. Қалыбеков және т.б. Алматы 2007 ж.-303 бет.
№9 Дәріс Тұрақты даму стратегиясы, мақсаты мен қағидалары. Дәріс жоспары:
«Тұрақты даму» ұғымы және «тұрақты даму» ұғымының пайда болу тарихы.
Тұрақты дамудың деңгейлері
Дәріс ұзақтығы: 1 сағат
«Тұрақты даму» ұғымы және «тұрақты даму» ұғымының пайда болу тарихы.
«Тұрақты даму» термині алғашқы рет табиғатты пайдалануда пайда болды, сондай-ақ, балық және орман шаруашылығында. Осы термин арқылы табиғат ресурстарын пайдалану жүйесі, олар мұнда таусылмайды және табиғи қайта қалпына келу мүмкіндігі бар екені түсіндірілді. Егер тұрақты даму терминінің тарихына оралсақ, онда ол 1960-шы жылдардың соңында Канадада sustained yield термин ретінде оншақты жылға дейін су қоймаларында өсіп-өне алатын максималды ауланған балықты белгілу үшін қолданды. 1970-ші жылдың ортасында оны sustainable yield терминіне ауыстырды, ол алғашқысындай максималды емес, популяцияға сай қол жететін ресурстарды міндетті түрде сақтап оптималды пайдалануын түсіндіреді. Неміс физик- радиотехнигі, Нобель сыйлығының лауреаты Л.Браун 1981 жылы экологияға қатысы жоқ sustainable development терминін қолдана бастады, бірақ оған байланысы бар қалалар, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіптің және адамзат іс әрекетінің басқа да саласының дамуына қатысты. Бұл термин "Біздің болашағымыз" атты Брундтланд Комиссиясының баяндамасы жариялағаннан соң әлемге таралды. Бұл комиссияға Л.Браун да кірді. Sustainable development термині өте жалпыға түсінікті болып шықты, себебі ол қоршаған ортаны қорғау проблемасына, экономиканың тұрақтылығына және адамның аман-саулығын қамтамасыз етуіне байланысты. Сонымен, тұрақты даму – жаңа концепция емес, өйткені, 1960-шы, 1970-ші жылдары да экономиканың осындай модификациясының проблемалары қарастырылған, онда ресурстардың барлық 39 түрлерін тиімді пайдаланғанда, жаңа технологияларды және ұйымдастыру шараларын қолданғанда табиғатты сақтап және қоғам дамуына жағдайларды жасауға болады деген. Тұрақты даму терминін Барбаре Уорд енгізген деп есептелінеді, ол оны 1970-ші жылдың ортасынан қолданған. Зерттеу мәліметтері көрсеткендей, қоршаған ортаныны сақтау үшін дамуды қамтамасыз ету керек, бірақ әлеуметтік аспектілерді баяулы талдаған үшін бұл жұмысты әділетті сынаған. Тұрақты дамудың барлық концепциясының маңызы Рим клубының баяндамасында орынын тапты. 1968 жылы әр түрлі елдің ғалымдары мен бизнесмендер топтары Рим клубын – халықаралық үкіметтік емес ұйымды құрды. Олардың мақсаты глобалды проблемаларды зерттеу және шешу жолдарын табу. 1972 жылы Рим клубының
«Пределы роста» (авторлары: Д. Медоуза тобы) деп аталатын алғашқы баяндамасы жарияланды. Адамзат пен қоршаған ортаның динамикасын глобалды зерттеу нәтижесін біріктіріп бір жерге жинауы, бұл бірінші, ғылыми негізделген талапқа тікелей байланысты. Табиғи ресурстар (мұнай, газ, кен және т.с.с.) таусылды дерлік, индустрияның өсуі өзінің шегіне келді және әлемнің тұрақты
дамуының жаңа концепциясы керек екені мұнда алғашқы рет көрсетілді. Нәтижесінде көптеген елдерде қоршаған ортаны қорғау туралы заңдылықтар енгізілген, үлкен қалалардан кәсіпөндірістерін аудара бастады, зиянды өндірістер жабыла бастады. Баяндамада қабылданғандай, адамзаттың тағдыры қауп-қатер астында болды. 1980-ші жылдары «тұрақты даму» термині экологиялық проблемаларды шешуінде нақты ұсыныстарды өңдеу мақсатында БҰҰ-мен қалыптасқан Брундтланд Комиссияның есептемесінде қолданған. Көп жылдай жұмыс істеп Комиссия 1987 жылы мынадай шешімге келді – экологиялық проблемаларды шешу әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешпей мүмкін емес және тұрақты даму туралы кеңінен айту қажет. Брундтланд Комиссияның баяндамасында кеңінен үндеуге енгізілген және содан кейін 1992 жылы қоршаған орта және даму туралы БҰҰ конференциясында Рио-де- Жанейрода қағидаланған тұрақты даму термині ғылыми және публицистік әдебиеттерде кеңінен талқыланады және әлемдік қоғамдағы коммуникациялық жүйеде нақты бекіп қалған. Ақпараттық ортаға ол «Наше общее будущее» кітапқа аударылып, 1989 жылы sustainable development термині ағылшын тілінен орысшаға тұрақты даму деп аударылған. Әлбетте бұл ағылшын терминін үздіксіз үзбей даму деп дұрыс айту керек еді, бұл Брундтланд Комиссияның берілген анықтамасына сәйкес: "sustainable development – бұл қазіргі уақыттың мұқтаждығын қанағаттандыратын, бірақ өз мұқтаждығын келешек ұрпақтың мүмкіншілігін қауп-қатер астында болғызбай қанағаттандыру деген даму. Анықтамаға мынадай комментарий айтылған: «Тұрақты және ұзақ мерзімді даму келісушіліктің өзгерілмейтін күйі емес, ол ресурстарды іске асыру масштабы, капитал жұмсау бағыты, техникалық дамуға бейімделу және институционалды өзгерістер қазіргі және келешектегі мұқтаждықпен жанасатын өзгерілетін процесі». 40 Атап айтқанда, Брундтланд комиссиясының баяндамасында тұрақты дамудың идеясына саяси үн шығарылды, ал Рио-де-Жанейродағы конференция оның халықаралық және экономикалық жалғамасына ерекше көңіл аударды, әсіресе дамудың әлеуметтік аспектісіне назар аударды. Нәтижесінде, тұрақты даму ХХ ғасырдың соңында өте маңызды парадигма (сөздердің септелу я жіктелу үлгісі) болып табылды. Тұрақты даму түсінігін экологтар тапты, шынында солар оны жарыққа шығарды. Экологиялық ыңғайға сәйкес, тұрақты даму – бұл глобалды мәдениеттілікті биосфераның шаруашылық көлемінің шегінен шығармайтын даму. Ол, нәтижесінде адамзат үшін принципиалды қолайсыз жағдай тудыра алатын, биосферада қирату процестеріне, деградацияға жол бермейді. Осымен тұрақты дамудың түсінігі туралы айтатынымыз осы. Тұрақты дамудың концепциясы. Тұрақты дамудың концепциясы - өсудің шектелуі мен мүмкіндіктері арасындағы таластар концепцияны құруға әкелді, ол қазіргі кезде адам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасында негізделуі керек екенініне талаптанады. Табиғи ортаның деградациясына әкелмейтін, тұрақты даму экономикалық дамумен анықталады. Тұрақты дамудың концепциясы берілген параметрлер тұрақты мәнін сақтауы керек деп болжамдайды, атап айтқанда: 1) физикалық константтарды; 2) генофондты; 3) барлық басты экожүйенің алғашқы түріндегі учаскелерді (адамның өзгертуімен жасалғанын басқаша айтуға болмайды); 4) елдің денсаулығын. Сонымен, табиғи ортаны қорғау және
денсаулықты сақтау осы концепцияның негізгі бөлігі болып кіреді. Табиғатты қорғаудың мақсаты екі түрлі: 1) өзгертуге болмайтын қоршаған ортаның сапасын сақтау; 2) пайдалы өсімдіктер мен жануарлардың үздіксіз өнімділігін, және де адамға қажет ресурстарды алып тастау циклын тең ұстау және қайта құру жолымен қамтамасыз ету. Биосферадан нені және қанша алып тастау, және де не болмайды – модельдеу көмегімен анықталады. Тұрақты дамудың үш құрастырушы тәсілі бар: - тұрақты әлеуметтік даму; - экономикалы тұрақты даму;
-экологиялы тұрақты даму. Тұрақты әлеуметтік даму – бұл даму ресурстардың пайдалануы адамдардың тең құқығын және әлеуметтік әділеттігін қамтамсыз ету мақсатында бағытталуы керек. Тұрақты әлеуметтік дамуға жету тек әлеуметтік серіктестік жағдайда ғана болуы мүмкін. Әлеуметтік капиталдың өте маңызды формалары болып әлеуметтік аман-есендік, мәдениеттің дамуы, тәртіп және т.с. саналады. Экономикалық тұрақты даму – адаммен құрастырылған (материалды)
41 капиталды, адамшылық капиталды (соның ішінде ақпараттық және мәдениеттік) және табиғи капиталды сақтау. Мұнда қоршаған ортаны қорғауға шығынның экстернализациясынан шегіну қажет. Экологиялық тұрақты даму – ластану ағын орны ретінде қоршаған ортаның және шикізат көздерін адам денсаулығына сақталуын қамтамасыз ететін даму. Шығындардың деңгейі табиғаттың ассимиляциялық қасиетінен аспауы керек, ал қалпына келмейтін ресурстарды пайдалану жылдамдығы олардың қалпына келетін компоненттерін ауыстыру арқылы орын толтыруына сәйкес болуы керек. Сонымен, бірде бір анықтамада ТД тұрақты сөздің дәл мағнасында түсіндірілмейді. Табиғатпен дау- жанжалға кіріспейтін, экологиялық құрамын есепке алатын әрқашанда белгісіз ұзақ даму түрінде болады. Сондықтан, бастапқы талабы болып тұрақты дамудың іргелі ғылыми негізін құру саналады. Тұрақты даму – бұл заманауи қажеттілікті қанағаттандыратын, бірақ өзінің жеке қажеттілігін қанағаттандырып келешек ұрпақты қауіп-қатер астына қалдырмайтын даму. Ұзақ перспективада тұрақты дамуыды 4 критерийге бөлуге болады. Бұл тәсіл табиғи ресурстардың жіктелуіне және олардың қайта қалпына келу динамикасына негізделген. 1. Қалпына келетін табиғи ресурстардың (топырақ, орман) мөлшері қалай болғанда да уақыт бойы азаймау керек. 2. Қалпына келмейтін табиғи ресурстар (болашақта пайдалы кен қазбаларды басқаларға, ресурстардың шектелмейтін түрлеріне ауыстыру) қорының таусылуы қарқынды бәсеңдеуі максималды болуы керек. (Мұнайды, газды альтернативті қуат көзіне – күн, жел). 3. Азшығынды, ресурстарды сақтайтын технологиялар негізінде шығындыларды минимизациялау керек. Қоршаған ортаның ластануы (күңгірт (жалпы) да және түрлері бойынша) заманауи деңгейінен аспауы керек. 4. Тұрақты дамуға өтуде құқықтық негізін құру, соның ішінде табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғауда тиімді механизммен реттеуін анықтайтын қазіргі заңдарды мүлде жетілдіру. 5. Осы 4 критериялар тұрақты даму концепциясын өңдеу процесінде есепке алынуы тиіс. Айтарлықтай, тұрақты даму концепциясының, яғни қоршаған ортаның факторларын есепке алатын, әсіресі, экономикада осындай дамудың пайда болуы цивилизация тарихында өте маңызды қадам болып шықты. Тұрақты даму концепциясына негізгі «қарама-қарсы тенденцияларды» көрсету тән, оларды баланстау және сапалы қолайлы деңгейде адамзаттың аман қалуын қамтамасыз
ету қабілеттілігі. Сәйкес талаптарды көрсету арқылы тұрақты дамудың негізін құрайтын принциптерді құрастыруға болады: Табиғат пен қоғам арасындағы баланс ( тікелей- экономикамен); Заманауи кезеңде қоғам ішіндегі оның дамуының (тепе-теңдігі) балансы (жеке елдер мен олардың региндарының арасында, цивилизациялар мен ірі әлемдік Солтүстік-Оңтүстік типті агломерациялар арасында); 42 · Дамудың кейбір «мақсатты қызметі» (болашақ ұрпаққа тіршілікке қажетті ресурстарды сақтауын талап ету) ретінде адамзаттың заманауи және болашақ жағдайы арасындағы баланс. Адамзат бақытты болады, егер табиғатты пен өз өмірін ой-санаға бағындырса.
Тұрақты дамудың деңгейлері –локальды, аймақтық, ұлттық, мемлекетаралық, ғаламдық. Тұрақты дамудың әр деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін экономикалық, экологиялық, әлеуметтік және саяси факторлар өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған біртұтас процесс ретінде қарастырылады. Экологиялық факторлар -өркениет дамуының шекаралық ауқымын анықтайды. Экономикалық факторлар нарықтық жүйенің қалыптасуын қарастырады. Әлеуметтік факторлар - ауыл-шаруашылығы, адам құқығы, демография мәселелерін қарастырады. Елде қалыптасқан саяси ахуал тұрақтылықтың, конфессияаралық келісімнің, демократия мен қоғамдық институттарды дамытудың үлгісін көрсетуге мүмкіндік береді.Тұрақты дамуды қамтамасыз ететін халықаралық ұйымдар. Әлемдік даму моделінің нәтижесі дәлелдегендей, мемлекеттер, ұлттар экологиялық проблемаларды шешуге міндетті түрде өте жауапкершілікпен келукеректігі, яғни халықаралық қарым – қатынастың бірнеше негізгі бағыттарын бөліп көрсетуге болады:
Шаруашылық қызметті жүзеге асыру барысында адамзат баласының қолы тимеген және экологиялық тепе – теңдікті ұстап тұруға себебін тигізетін табиғи жүйелерді сақтау;
Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, оның ішінде табиғи ортаның ассимиляциялық потенциалын қорғау;
Халықаралық экологиялық жауапкершіліктің тиімді жүйелерін жасау Халықаралық ынтымақтастықтың келесі формаларын бөліп көрсетуге болады: