Республикасы


Қайғылы жағдайларды болдырмау мақсатында



бет83/125
Дата04.04.2023
өлшемі1,57 Mb.
#173693
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   125
Байланысты:
тқн

Қайғылы жағдайларды болдырмау мақсатында:


  • таулы жерлерге шығардың алдында, өздерінің жүру маршруттарын Төтенше жағдайлар департаменттерінде тіркеу қажет;

  • алдағы тәуліктегі ауа райы болжамымен танысу қажет. Егер ресми түрде БАҚ-та дауылды ескерту өтсе, тауға барудан бас тарту керек;

  • таулы жерлерге шыққанда барлық ақпараттық ескерту қалқандарына назар аудару қажет. Онда көрсетілген барлық қауіпсіздік шараларын сақтау керек.

  • тек жақсы белгілі қауіпсіз жолдармен жүру қажет.

Жазатайым жағдайларды болдырмау үшін ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:

  • қар жауған, тұман, жаңбыр жауған кезде адамдардың қозғалысына;

  • тығыздалған қар қабатына (қарлы тақта) немесе ұсақ қарлы кесектердің жылжу іздері бар беткейлерде адамдардың қозғалысына;

  • қарлы ернеулерге шығуға, қарлы науалар бойынша қозғалуға және қар көшкінін түсіру жолдарын кесіп өтуге;

  • көшкіні қауіпті қия беткейлер бойынша көтерілуге және түсуге;

  • көшкіні қауіпті қия беткейлерде адамдардың аялдауына және қозғалыс уақытында аяқ астында қардың шөгуі және қатты гуіл немесе ысылдауы естілген беткейлерде адамдардың болуына;

  • көшкін қауіпті сай бойынша маңдайға көтерілуге, кең бөлікті қар көшкіні сайынын кесіп өтуге, тік құламалы қарлы беткейді төменгі және ортаңғы жиектерінде кесіп өтуге және көшкін жинағышқа қарай көтерілуге;

  • арнайы дайындалған таулы шаңғы жолдарынан тыс жерде шаңғы және сноубордтарды тебуге.Қар көшкінінің қауіптілігін ескертетін қоршалған тақталардан өтуге және шығуға қатаң тыйым салынады.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

    1. З.Т.Қыстаубаева, А.Ш.Сарсембаева Тіршілік қауіпсіздігі негіздері. ҚарМУ баспасы. 2012

    2. Ділдібек Д.С Тіршілік қауіпсіздік негіздері. Алматы,2016.

    3. Маханов Б.Б. Төтенше жағдайлардағы тіршілік қауіпсіздігі. Алматы

«Дәуір» 2011

    1. Кенжебеков Б. . Өмір-тіршілік қауіпсіздігі. №5 шығарылым 2011

    2. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құалы. ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі. Алматы, 2004.

    3. Эльшанай,Амр.С. Сейсмологиялық инженерия негіздері.Алматы,2017-

    4. Жантасов Қ.Т Төтенше жағдайлардағы тіршілік.Алматы,2011-207 б.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   125




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет