Ротор - турбинаның ең маңызды бөлшегі болып саналады. Роторда дисклер мен жұмыстық қалақшалар орнатылған, сондықтан бу энергиясы роторды айналдырады. Турбина роторының айналым күші генератордың роторын айналдырады, сонымен электр энергия өндіріледі.
Ротор құрамына кіретін вал, дискі əлде барабандар, жұмыстық қалақшалар, лабиринттік түрді тығыздағыштар, муфталар, май ұстағыштар жəне т.б.
6.1-суретте дискілер валға отырғызылатын ротор түрі көрсетілген. Дискілерде жұмыстық қалақшалар орналасқан. Бұл ротор түрі активті турбиналарда қолданылады. Бірінші дискіде реттегіш торламаның екі жұмыстық қалақшалары орналасады. Келесі дискілерде қысымдық торламалардың жұмыстық қалақшалары орналасады.
Дискілер диаметры 1 метрден аспаған кезінде, олар валмен бірге жонылып жасалады. Бұл роторларды тұтас құйылған деп атайды, 6.2- сурет. Тұтас құйылған ротор тұрлері турбиналардың жоғары қысымды цилиндрларында (ЖҚЦ) орнатылады.
Сурет - Дискілері валға отырғызылатын ротор түрі
Тұтас құйылған ротор (6.2- суретті қара) алдыңғы жағында лабиринттік түрді тығыздағыштар жəне екі қалақты реттегіш торлама дискі, ал одан соң алты активті сатылардың дискілері орнатылған.
Сурет - Тұтас құйылған ротор көрінісі
Тұтас құйылған роторлар өте сапалы болаттан жасалады – сондықтан қымбат; диаметрі жоғары болса жонып жасау сапасын ұстау қиын болады; егер жону кезінде қате кетсе, қымбат металл бостан босқа (брак болып) кетеді.
6.3- суретте жартылай тұтас құйылған, ал жартылай роторға дискілер орнатылған ротор көрсетілген.
Сурет - Жартылай тұтас құйылған жəне роторға дискілер орнатылған ротор
Реактивті турбиналарында барабанды пісіріп қосылған роторлар пайдаланады, 6.4-сурет. Бұл роторлар тек 150 – 200 м/с айналым жылдамдығына қолданады, сондықтан активті турбиналарға жарамайды.
Активті турбиналарда, жоғары жылдамдықпен айналатын, дискілі- барабанды пісіріп қосылған роторлар пайдаланады, 6.5-сурет.