56
Қарағанды облысындағы шағын және орта кәсіпорындардың 51,1%-ы ауыл
шаруашылығы мен сауда саласында шоғырландырылып, шағын кәсіпкерліктің
бір жақты дамып отырғаны айқындалып, өнеркәсіптік өндірісті дамыту үшін
құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыру қажеттілігі туындауда. Мұны келесі
сызбадан байқауға болады. Жоғарыда көрсетілген көрсеткіштер бойынша
кейінгі жылдары бұл ара салмақ сақталуда. Төмендегі 10-кестеде облыстағы
шағын және орта кәсіпкерліктің қызмет ету белсенділігі көрсетілген.
Кесте 10
Қарағанды облысында шағын және орта кәсіпкерліктің қызмет ету
белсенділігі
2009 жылдың басынан шағын және орта кәсіпкерлік нысандары 144685
млн.теңгенің өнімін (жұмысы, қызметі) өндірген, бұл облыс көлемінде
өндірілген өнімнің 39% құрайды. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда
бұл көрсеткіш 3 пайызға өскен (сурет 8).
Достарыңызбен бөлісу: