Республикасының білім және ғылым министрлігі


ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАР ҮНДЕСТІГІ: ЗАХИРИДДИН БАБЫР, МҰХАММЕД



Pdf көрінісі
бет16/47
Дата07.02.2022
өлшемі1,41 Mb.
#85628
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   47
Байланысты:
Yassaui i Dulati

ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАР ҮНДЕСТІГІ: ЗАХИРИДДИН БАБЫР, МҰХАММЕД 
ХАЙДАР ДУЛАТИ ЖӘНЕ СҰЛТАН
 
САИД ХАН
 
 
 
Бақторазов
 
С.У.
 
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің доценті,
тарих 
ғылымдарының
кандидаты
 
Мұхаммед Хайдар Дулати 
– 
қазақтың есімі әлемге мәшһүр тұңғыш тарихшы 
ғалымы, кемеңгер ойшылы, аса дарынды қаламгері, әдебиет зерттеушісі, этнограф.
Ұлы
ғалымның әкесі Мұхаммед Хұсейін кезінде Моғолстан
мемлекетінің 
билеушісі болған Сұлтан Махмұд ханның туған қарындасы
Хуб
Нигар ханымға 
үйленген. Дәлірек айтсақ, Хайдар Дулатидің анасы Хуб Нигар ханым
Моғолстанның әміршісі Жүніс ханның кенже қызы. Ал Жүніс ханның
тұңғыш 
қызы
Михр Нигар ханым аты әлемге әйгілі Захириддин Мұхаммед Бабырдың 
анасы. 
Сонымен, Моғолстан ханы Сұлтан Махмұд өзінің күйеу баласы Мұхаммед 
Хұсейінге Ташкент маңайындағы
Оратөбе өңірін сыйға тартады. Міне, сонда 
Ташкент шаһарында 1499 жылы (хижра жыл санауы бойынша 
– 
905 жылы) Хайдар 
Дулати өмірге келеді.
Хайдар Дулати
өз заманы үшін жан
-
жақты әрі аса терең
білім алған ғұлама 
адам. Тарих ғылымы, поэзия, музыка, сәулет өнері, зергерлік салалары бойынша 
оған дәріс берген ұлы Бабыр, Сұлтан Саид хан сияқты орта ғасырдың аса көрнекті 
ғұламалары
еді. Себебі, әкесі мен шешесі Мұхаммед Хайдарды балиғатқа жеткізе 
38 


алмады. Ол үш жасқа келмей
жатып шешесі Хуб Нигар ханым, тоғыз жасқа толар
-
толмаста 1508 жылы әкесі Мұхаммед Хұсейіннен де айырылып, панасыз жетім 
қалғанда
басына өлім қаупі төніп, өмірдің бұралаң соқпақтарымен өкшелеп қуған 
жауларынан қашып құтылады. Бұхарадан жанашыр адамдардың
көмегімен қашып 
шығып,
1509 жылы маусым айында Бадахшандағы Мырза ханға, ал одан кейін
1509 
жылы қараша айында Кабулдағы
Бабыр Падишахқа 

өзінің туған бөлесіне 
(шешесі жағынан немере ағасына) келеді [1]. Оның қамқорлығында болып, басқа 
түскен қайғы
-
қасіреттің бәрін ұмытады. Мырза Мұхаммед Хайдар «Тарихи
-
и 
Рашидиде» сол кезеңдерді мынадай етіп баяндайды: «Бұрын жазылғандай, мен 
жаман неме, 915 жылдың (1509 жылдың қазан
-
қараша айы) ережеп айында Мырза 
ханның жанынан Кабулға келіп, Бабыр патшаның құт назарына іліндім. Патша мол 
ілтипат білдірді, мені жеке бөлмеге орналастырып ерекше тәрбие алуыма барлық 
жағдайды жасады. Сырт көзге мені інілері һәм немерелерімен қатар қойғандай 
болғанымен

шынтуайтқа келгенде, әкелік мейіріммен өз баласындай көретін. 
Сөйтіп

ол менің қайғымды көтеріп, сүйіспеншілік әрі әкелік мейір
-
шапағатына 
бөлеп маңдайымнан сипап еркелетті, содан жаныма батқан жетімдіктің мұң
-
зары 
мен жат жерде көрген босқындықтың қайғы
-
қасіретін мүлде ұмыттым. Аман
-
сау, 
тыныштық, жанға жайлы, тіршілік кештім.
Осы аралықта патша әскерімен Құндызға баратын болды. Тау ешкі шоқ 
жұлдызы туған шақ еді, күн суық болатын. Патша маған ілтипат білдіріп: «Жол 
ауыр, күн суық. Сен қысты Кабулда өткіз, көктем шығып жер аяғы кеңіп, суық 
қайта бастаған кезде мен жаққа келерсің»
, – 
деді. Мен үзілді
-
кесілді қарсы болып: 
«Бұл жат өлкеде патшаның игі ниетінің арқасында жетімдіктің мұңын 
төзімділікпен бастан өткердім. Ал егер патшадан қалып қойсам, жат жерде 
қаңғудың
қасіретін қалай көтермекпін?» 
– 
дедім. Патша мұны естіген соң, Кабулда 
қалу
мен үшін азап екенін түсініп, уақыттың мүмкіндігіне қарай жол сапарыма 
қажетті
жабдықтарды даярлап, мені өзімен бірге Құндызға ала кетті. Ұлы 
ғалымның
әкесі Мұхаммед Хұсейін өз ортасында беделді болғандығы белгілі. 
Соның бір парасын М.Х.Дулати мына бір эпизодта нақты көрсетіпті: 
«Моғолдардың арасында әкемнің қызметшілері көп екен. Әрқайсысы маған қызмет 
көрсетуге асықты. Қолдарындағы бар дүниесін сый
-
сияпат ретінде тарту етіп 
жатты. Бір сөзбен айтқанда, айналама
адамдар топталып, жабдықтар жиналып 
қалды. Әсіресе

маған қызмет етуге кірісуді тәрбиешім Жан Ахмет атаке
және де 
әкемнің
жақын қызметшілері жөн көрді. Жоғарыда аталған атаке беделді кісі 
болатын, өзбектермен қақтығыс кезінде айбындылық көрсетті, төңірегіндегі жақсы 
адамдармен талай істер атқарып, көп ат
-
көлік, қару
-
жарақ жинап, солардың бәрін 
менің қажетіме жаратты. 
Қыс
мезгілінде Дешт
-
и Кулакка жорық жасалды, мен

міне

осы жорыққа 
қатыстым. Көктем шығысымен сол жорықтан оралдық. Патша Саид ханға 
Әндіжанға кетуге рұқсат етті. Саид хан мені өзіне қызметте болуға шақырды. Мен 
де ханмен бірге кетуге қатты құштар болдым. Сондықтан патшадан рұқсат 
сұрадым. Патша қатты ренжіді. Хан Әндіжанға тартты. Мен патшаның қасында 
қалдым. Осыдан соң көп ұзамай әскер Хисарға қозғалды да

ол жерде Хамза 
сұлтанмен соғысып, өзбектер жеңілді. Ұрыстың басында баяғы Жан Ахмет атаке 
менің қызметшілерімді бастап барып, өзбектің бір беделді адамын тірідей 
тұтқындап, патшаның алдына алып келді. Оған патша ерлігі үшін сыйлық 
39 


беретініне уәде беріп, менің де көңілімді көтеріп: «Бұл 
– 
Мырза Хайдардың бірінші 
ерлігі, бахшихатшы кітапқа сыйлықты оның атына тіркеп қойсын!», 
– 
деп бұйырды. 
Жоғары топ арасындағы болмай тұрмайтын құда
-
жекжаттық мәселесі де 
«Тарих
-
и Рашидиден» орын алыпты. Кітапта Мырза Хайдар өзінің Саид ханға бір 
табан жақындай түскенін былай білдіреді: «Патша Самарқанды жаулап алғанда мен 
қасында
едім. Әкемнің балалары жайында әңгімелеген кезде ең үлкен перзенті 
Хабиба Сұлтан ханиш дегенбіз. Ол Ұбайдолла ханның қолына түседі, Ұбайдолла 
хан Қаршыдан қашып Бұхараға кетті. Қиын жолға нар тәуекел дегендер кетті. Одан 
Түркістанға қашты. Сол уақытта ол өз гаремін (харамын) толық сақтай алмады. 
Шамасы келмейтіндер қалды. Оның ішінде әпкем Хабиба Сұлтан ханиш те қалды. 
Бұхарада мен
оған ұшырастым. Самарқанға патшамен барғанымызда

немере ағам 
Саид ханның жанынан Әндіжаннан Самарқанға мемлекеттің жұмысымен кеңесуге 
келді. Мүмкіндігінше өз істерін бітіріп, әпкемді Әндіжанға алып кетті.
Сонан соң 
оны Саид ханға ұзатты [2].
Сол жылдың көктемінде патша Құл
-
и Мәликте Ұбайдолла ханмен шайқасты. 
Мен безгек ауруына душар болдым, сондықтан Самарқанда қалдым. Патша 
жеңіліске ұшырап, Самарқанға келді. Ол Самарқаннан аттанар кезде мен де 
сауыққан едім. Неде болса, патшаның нөкерлерімен Хисарға
келдім. Саид хан 
бірнеше мәрте мені сұрап, патшаға адам жіберді. Ақырында патша қамығып, 
ренжіп тұрып, маған рұқсатын берді». Бұл арада Бабырдың Мұхаммед Хайдарға 
жасаған жақсылығы анық
-
ақ көрініп тұр. Ары қарай М.Х.Дулатидің Саид ханның 
шапағатына бөленгендігі тұрғысында сөз өрбиді. Сұлтан Саид хан 
– 
Шағатай 
ұрпағы, Моғолстан ханы Сұлтан Ахмет ханның үшінші ұлы, 1514
-
1533 жылдар 
аралығында Шығыс Түркістанда билік еткен. Ары қарай, өзінің Саид ханмен 
қаншалықты
жақын қатынаста болғандығын Мұхаммед Хайдар былай өрбітеді: 
«Мен Әндіжанға келдім. Мен жеткенге дейін Саид хан Сүйіншік сұлтаннан 
жеңіліп, Әндіжанға тура мен келген кезде оралған еді. Бұл оқиға 918 жылдың 
(1512ж.
қыркүйегі) ережеп айында болған. Осы уақыттан бастап 939 жылдың (1533 
жылдың маусымы) зу
-
л
-
хидджа айына дейін, яғни марқұм ханның өмірінің соңғы 
күндеріне дейін әрқашан оның мемлекетінің қажетіне керек адам болдым, әрі оның 
кеңпейіл хандық шапағатына бөленіп, кешірімділігі мен жомарттығына арқа 
сүйедім. Қысқасын айтқанда, ол мені қарындасына қосып «гурган» атағын бергенге 
дейін құзырындағы қызметтен бір сәт те бас тарып көрген емеспін. Егер түн ішінде 
кеш қалсам, өзінің жататын бөлмесінің бір шетіне маған төсек салғызып, дем 
алдыратын. Егер той
-
жиын болса, онда менің басым оның бақыт самалымен 
тоғысатын. Егер мемлекет жұмысына байланысты кеңес болса, немере ағам 
міндетті түрде басшылық жасайтын, онда хан мені немере ағамнан жоғары 
отырғызатын, сірә мұны немере ағамның өтініші бойынша істейтін болса керек. 
Немере ағам ханға бірнеше рет ұсыныс айтты: «Ол мен мәртебелі Сізге бауыр, 
туыс
-
жекжаттығы жағынан ең жақын адам болып табылады. Ол менің ағамның 
баласы болса да

мен оны өзімнен жоғарырақ отырғанын лайық деп білемін»
[3]. 
Егер Саид хан атқа мініп, серуенге шығатын болса, мен оның үзеңгілес серігі 
болдым. Аңға шықса, онда міндетті түрде уақыт тауып мені аң аулауға үйрететін. 
Егер аңға бастап шықса, онда бұл іске қызу кірісіп, бұл кәсіпке мені қызықтырып, 
жанынан қалдырмайтын. Ал

оның ұсынысын құптамаған жағдайда ол бұл іске 
мәжбүрлемей
-
ақ міндеттей білетін. Ол маған әртүрлі
істер тапсырып, олардың 
пайдасы жөнінде айтып отыратын. 
40 


«Жігіттердің қызмет еткісі келмесе, олар өнегелі, тәрбиелі адам болып өсе 
алмайды. Халықтың әртүрлі топтары хандар мен сұлтандар, әмірлер мен басшылар 
жиналған көпшілік алдында, сондай
-
ақ мереке
-
жиындарда, ірі істерді атқаруда 
сасып жаңылысады, сөйтіп адамдар оны тыңдаудан қалады. Алайда

жігіттер жасы 
үлкендерге
қызмет жасайтын болса, олардың мұндай істерге, олардың қыр
-
сырына 
жан
-
дүниесімен көзі үйреніп, мұндай шаруа мен жамағаттың жиындарында өзін 
сенімді ұстайтын болады. Өзіне деген осындай сенімнің арқасында халықтың көз 
алдында көңілінен шығып, ілтипатына бөленеді, ал олардың абыройлы болуы 
дүниені билеп басқаруда қуаттылықтың, мықтылықтың себебі болмақ. Ал

егер бұл 
қызметті
білімі жоқ адам атқарар болса, ол басқаларға тиісті тапсырма бере 
алмайды, тапсырманы орындауда жіберген кемшіліктерді, оларды жою жолдарын 
көре алмайды. Әкем мен немере ағамның қызметінде болған кезімде, олар бұл 
ғибратты көкірегіме тасқа таңба басқандай етіп ұялатты, олар көптеген қызмет 
атқаруға міндеттеді, әрі сол істерімен де маған көп көмек көрсетті. Мен саған 
үлкендерден
үйренген өнегелерімді айтып отырмын, сен де бұдан өз өміріңе 
пайдасы тиер ғибрат аларсың».
Жиырма төрт жасқа дейін мен барлық қызметтерді бар ынтаммен атқардым. 
Осы уақыт ішінде ханның ірі, сондай
-
ақ ұсақ істерін айтпай
-
ақ атқарып жүрдім. Бас 
қосу
мен әмірлердің жиналыстарында жол сақтап, өз орнымда отырдым. Осы 
отырған орнымда оған әлдебір қызмет көрсетуге қолайлы сәт тауып, соны істеуге 
әрекеттенсем, ол мені тоқтатып: «Мереке
-
жиындарда үлкенді сыйлау қажет, себебі 
ел істің анығын байқап қалмау керек», 
– 
дейтін. 
Жасым жиырма төрттен жиырма беске шыққан кезде мені мұндай 
қызметтерден
толық босатып тұрып: «Айтқандарымның бәрін екі етпей барлық 
ынтаңмен орындадың. Енді сен біз күткен істерді атқаруға кіріс», 
– 
деді. Жасым 
отызға толған кезде, ол маған әскер ісін сеніп тапсырды, дегенмен жаныма 
тәжірибелі әрі белгілі әмірлерді қосып беріп: «Сен ешуақытта бұл кісілердің айтқан 
кеңесін екі етпегін,
барлық істерде оларға
құлақ асып, бой ұсынып жүргін»
, – 
деді. 
Осыдан соң бірнеше жорықтардан кейін, сөйтіп ол тағы да маған жиналыстар мен 
кеңестерде өз ой
-
пікіріңді айтып сөйле деп әмір етті. Отызға жеткенше ханның 
кеңестерінде өз ой
-
пікіріңді айтқын деген бұйрық алған жоқ едім. Яғни ешқашан өз 
ойымды айтып, ауыз ашқан емеспін, жиындарда аузын жұмған балықтай 
болатынмын. Осындай жиындарда ойымды айтуға рұқсат беріліп, сөйлейтін 
болсам хан айтатын: «Оны не үшін айттың, қандай айғағың бар? Оның дұрыстығын 
немен дәлелдейсің?».
Менің жауабым негізді, дәлелді болса, айтқаным істің жай
-
жапсарына сәйкес 
келсе, онда өзі мақұлдай отырып, жиынға қатысушылардан да мақұлдауды 
өтінетін, сөйтіп осы шешімге тоқталатын. Егер мен ойымды дәл жеткізе алмасам, 
онда түзетіп былай дейтін: «Ол мынаны айтқысы келіп отыр»
, – 
деп әмірлерге 
ескерте отырып, менің ойымды дұрыс қорытындылап беретін. Ал егер
де менің 
пайымдауымда о баста қателік кетсе, ол мұны жиналыста әдемілеп жеткізетіні 
соншалық маған бұл істің қыр
-
сыры түсінікті бола түсетін.
Осылайша біршама уақыт өткен соң хан: «Сенің пікіріңе менде толық сенім пайда 
болды», 
– 
деді. Содан кейін барлық әскери істер мен мемлекет істерін маған сеніп 
тапсырды һәм бүкіл істерде менің қолыма шексіз билік, еркіндік берді және ханның 
жарлықтары мен үкімдері (пәрмендері) менің атыма жіберіліп отыратын. Сондай
-
ақ
,
менің өз атыма ханның жеке хаты да келіп тұратын. Кашмир жорығынан қайта 
41 


оралғанымда Тибетте ханның құзырына бардым. Мені ол оңашада да, көпшіліктің 
көзінше де «бауырым» деп атайтын. Ұзын сөздің қысқасы, бұл туралы ханның өмірі 
жайында айтқан кезімізде баяндайтын боламыз. Бұдан соң мен өзім туралы арнайы 
әңгімелемейтін
боламын, өйткені хан туралы, оның өмірінің соңына дейінгі кезең 
жайында сипаттаған кезімізде өзім хақында да айтылатын болады.
Берілген эпизод Саид ханның Мұхаммед Хайдар Дулатиге мемлекеттік және 
әскери
істерді сеніп тапсырып, қолына шексіз билік бергендігін көрсетіп тұр. 
Осылай, ғұлама ғалым мемлекетте ханнан кейінгі екінші адам санатына көтеріліп, 
қоғам
қайраткері ретінде таныла бастайды. Ғұлама бабамыздың Кашмирді билеп, 
өшпес
өнеге болып табылатын ғылыми еңбектерін дүниеге әкелуі бөлек әңгімеге 
арқау болары даусыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет