Республикасының білім жәНЕ



бет1/3
Дата07.02.2022
өлшемі55,45 Kb.
#94032
  1   2   3
Байланысты:
блок Ботаника









ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ.
ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ-ГУМАНИТАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ.

Блок сұрақтары:
Курс:2
Топ: Био/19/1
Қабылдаған: Шорабаева Н.
Орындаған: Жұмабек А.

Тараз 2020


Тапсырмалар :

  • 1.Бактериялардың клеткаларының цитоплазмасындағы қосалқы заттар құрамында болатын артық қор заттары.

  • 2.Псилофиттер бөлімінің ерекшеліктері

  • 3.Саңырауқұлақтардың табиғатта,адам өмірінде,шаруашылықтағы рөлі

  • Ветштейннің тұжырымдауы бойынша алғашқы және ең қарапайым гүлге ие болған бір жабынды өсімдіктер.

  • Қор заттарының қай жерде жиналуына байланысты тұқымның типтері

  • 6.Негізгі ұлпалардың түрлері

  • 7.Папоротник тәрізділер бөлімінің ерекшеліктері

  • Лалагүлдер тұқымдасының химиялық құрамы.

  • 9.Жыныссыз көбеюді жүзеге асыратын споралар

  • Мезазой эрасындағы өсімдіктер.

  • 11.Саңырауқұлақтар бөліміне жаттаын кластар:


1)Псилофиттер бөлімі


Риниофиттғердің тіршілік еткен уақыты. Риниофиттер жоғары сатыдағы өсімдіктердің қарапайым және ең көне тобы өкілдері: риния, хорнеофитон.
Саңырауқұлақтар тайгада, тундрада, далалы жерлерде, тау ормандарында, шалғындықта, батпақта, қоймаларда, құрылыстарда кездеседі. Сөйтіп табиғатта зат айналымына қатысады. Бактериялар мен топырақта болатын басқа да майда саңырауқұлақтар бірлесіп, өсімдіктер мен жануарлардың, саңырауқұлақ қалдықтарын (өсімдіктің қураған тамырлары, сабақтары, жапырақтары, сылынып түскен қабықтары, қураған бұтақтары, жануарлардың өлекселері, жүндері, сынып түскен мүйіздері, тұяқтары, сүйектері, майда бунақденелілердің өлекселері) ыдыратып, шірітеді. Сөйтіп топырақты ағзалық заттармен байытып, құнарлылығын арттырады.

Қалың ағашты ормандардың жапырақтары жыл сайын жаппай түсетіні белгілі. Ағаштардың түбінде өсетін қалпақшалы саңырауқұлақтар жапырақтарды ыдыратып, оларға бактериялар қоңыстанады да, қара топыраққа айналдырады, сондықтан орман арасындағы топырақтың құрамы өсімдіктерге қажетті минералды тұздарға өте бай болады.


Сазды-батпақты жерлерде шымтезек мүгі қалың болып өседі. Ағзалық заттармен қоректенетін қалпақшалы саңырауқұлақтар тобының да қатысуымен батпақ кепкен кезде шымтезек қабаты құнарлы топыраққа айналады. Саңырауқұлақтардың құрамы ферменттерге бай. Ферменттерді әр түрлі салаға пайдаланады, олар: жеміс шырынының түсін өзгертеді; шикізаттарды (мал азығын, қағаз қалдықтарын) өңдейді; нәруыздарды, крахмалды сұйылтады. Зең саңырауқұлағынан пенициллин антибиотигі алынады. Аспергилден – лимон қышқылы өндіріліп, медицинада, өнеркәсіпте кеңінен қолданылады.


Жеуге жарамды қалпақшалы саңырауқұлақтар мен ашытқы саңырауқұлақтары тағамға пайдаланылады.


2)Саңырауқұлақтың 250-ге жуық түрлері қағаздарды, суреттерді, темір жолға төселген, шахтадағы тірекке қойылған ағаштарды бүлдіреді. Сонымен бірге ағаш үйлерді, металды зақымдап, құрамындағы заттармен қоректеніп, оларды бұзады.


Аспергилл саңырауқұлағы құстардың өкпесінде аспергиллез ауруын туғызады. Адамдардың құлағын, кеңсірігін, көзін, терісін, шашының түбін, тырнағын зақымдайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, жер бетінде әрбір 5 адам саңырауқұлақ ауруымен ауырады. Әрбір екінші адамның тырнағы зақымдалған. Бұрын тырнақты алып тастап емдейтін. Қазір орунгал деген дәріні ішу арқылы емдейді.


Египет фараондары туралы естіген боларсыңдар. Тутанхомон фараонының қорымын ашуға қатысқан 21 адам аспергилл саңырауқұлағының споралары өкпені зақымдағандықтан, өмірден озды. Оны кейін басқа египет қорымдарындағы адам мүрделеріне қаптап өскен аспергилдер арқылы анықтаған.


Саңырауқұлақтар мен бактериялар топырақ құрамындағы кейбір зиянды бактериялардың көбейіп кетпеуіне ықпал етеді. Өздерінен арнайы зат бөліп, зиянды бактериялардың өсуін тежейді. Оларды антибиотиктер деп атайды. Ондай антибиотиктерге бактериялардан бөлінетін стрептомицин, тетрациклин және саңырауқұлақтардан алынатын пенициллин жатады. Бұл антибиотиктерді өндірісте қолдан алу жолға қойылған. Адам баласы бұл дәрілерді күнделікті пайдаланады. Соңғы кезде медицинада жүректі, бүйректі операция жасап ауыстырғанда пайдаланылатын дәрі топырақтағы саңырауқұлақтан бөлініп алынады. Өсімдіктерді тез өсіретін белсенді зат – гибереллин, зиянды бунақденелілерге қарсы қолданыла тын боверин де саңырауқұлақтардан алынады. Саңырауқұлақтардың пайдалы жақтары толық анықтауды қажет етеді.


3)Гүлдің шығу тегі. Жабық тұқымды өсімдіктерде гүлдің пайда болуының үш түрлі теориясы белгілі. Олардың ішіңдегі ең белгілілерінің бірі. Р.Веттштейннің псевдант (гректің Рзеисіоз — жалған, апіһоз — гүл) теориясы. Бірақ бүл теория-ны қазіргі кезде тек тарихи түрғыдан ғана маңызы бар деп айтуға болады. Р.Веттштейннің тұжырымдауы бойынша барлық жабық тұқымдылардың ішіңдегі алғашқысы және ең қарапайым гүлге ие болғандары бір жабынды өсімдіктер . Оларға шамшатгүлділер, қайыңгүлділер, талгүлділер және басқа да тұқымдастар жатады. Бұл тұқымдастардың гүлдері ашық тұқымдылардың стробилдері (бүршіктері — шишки) секідді аталық және аналық болып бөлінеді. Әсіресе бір жабынды өсімдіктердің гүддері ашық тұқымдылардың ішіндегі қылшаның (эфедраның) шоғырланып жиналған стробилдеріне ("соцветиях") ұқсас.


4)Негізгі ұлпалар


Өсімдіктің әртүрлі оргаңдарының негізгі бөлігін құрайтын ұлпаларды негізгі ұлпалар деп атайды. Сонымен бірге оларды орындаушы паренхима, негізгі паренхима, немесе жай паренхима деп те атайды. Негізгі ұлпалар клетка қабықшалары жұқа болып келетін тірі паренхималық клеткалардан тұрады. Бұл клеткалардың клетка аралық қуыстары болады. Паренхималық клеткалар әртүрлі қызмет атқарады. Оларда фотосинтез процесі жүреді, артық қор заттары жиналады, әртүрлі заттарды бойына сіңіреді және басқада қызметтер атқарады. Негізгі ұлпалардың мынандай түрлері болады.
Ассимиляциялык, немесе хлорофилл түзетін, паренхима (хлоренхима).
Ассимиляциялық паренхималардың клеткаларында хлоропластар болады. Олар фотосинтез процесін іске асырады.

5)Қор жинаушы ұлпалар.



Негізінен сабақтың өзегінде, тамырдың тоздық бөлігінде, сонымен бірге көбею органдарында дәндерінде, жемістерінде, баданаларында, жерасты түйнектерінде және басқаларда жиналады Қорлық ұлпаларға гпөлді аймақтарда өсетін өсімдіктердің бойына су жинайтын ұлпаларында жатқызуға болады (кактустардың, алоэнің және т.б.).
Сорушы ұлпалар. Бұл ұлпаларға тамырдың, тамыр түктері бар аймағындағы (зонасындағы) клеткалардың (эпиблема) тобы жатады
Ауалык ұлпа (аэренхима). Бұл ұлпа өсіресе өсімдіктің су асты органдарында, ауадағы және тыныс алу үшін қажетті тамырларында жақсы жетілген (41-сурет). Олардың клетка аралық қуыстары аса үлкен болып келеді және өзара байланысып, ауаны тазартып тұратын бір жүйе түзеді.

6)Папоротник тәрізділер өзінің жас шамасы жағынан риниофиттерден, псилот тәрізділерден және плаун тәрізділерден кейін тұрады. Олар шамамен қырықбуын тәрізділермен бір уақытта пайда болған. Егерде риниофиттер түгелдей жойылып кеткен өсімдіктер болса, псилот тәрізділер, плаун тәрізділер және қырықбуын тәрізділер қазіргі кездегі флорада аздаған ғана түрлерімен белгілі. Ал папоротник тәрізділер бұрынғы геологиялық кезеңдерге қарағанда бәсеңдеу болғанымен, өзінің шарықтап өсуін әлі де жалғастырып келеді. Қазіргі кезде олардың түрлерінің саны 10 мыңнан астам. Папоротник тәрізділер жер бетінің барлық жерлерінде таралған, олар тропикалық ормандардан және батпақтардан бастап, шөлді аймақтарға дейін әртүрлі жерлерде кездеседі. Папоротник тәрізділердің алуан түрлілігі жағынан, ылғалды тропикалық ормандар ерекше орын алады. Бұл жерлерде папоротниктер топырақта ғана емес, сонымен бірге эпифит ретінде басқа ағаштардың діндерінде де өседі. Құрылысы. Ертедегі папоротник тәрізділердің спорофиттері, діндері колона тәрізді бұтақтанбайтын радиальды симметриялы ағаштар болған. Кейіндеу қоңыржай және салқын континентальды климаттың әсерінен олардың геофиттік өмірге (жер астында өсуге) бейімделген жаңа түрлері пайда болды. Олар өркендері қысқарған жерге жайылып өсетін дорзовентральды қосалқы тамырлары бар шөптесін өсімдіктер. Қазіргі кездегі папоротник тәрізділердің басым көпшілігі көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Папоротник тәрізділердің басқа жоғарғы сатыдағы споралы өсімдіктерден айырмашылығы, олар эволюцияның үлкен жапырақты линиясын (мегафилия) береді. Жапырақтары ұзақ уақыттар бойы төбесінен өседі. Жапырақтары ұзақ уақыттар бойы төбесінен өседі. Мұның өзі жапырақтарды талломдардың жалпайуының нәтижесінде пайда болған деп айтуға негіз болады. Сондықтан да оларды вайялар деп жиі айтады. Көп жағдайда жапырақтар екі қызмет атқарады : фотосинтездік және спора түзу. Кейбір түрлерінде жоғарғы вайялары спора түзуге, ал төменгілері фотосинтезге маманданған болып келеді. Түрлерінің көпшілігі тең споралы, алайда әртүрлі споралы түрлері де кездеседі. Гаметофиті көп жағдайда қос жынысты. Қоңыржай климатты зоналарда өсетіндерінде ол жүрек тәрізді, тропикалық зонадағы түрлерінде жіп тәрізді, немесе тармақталған пластинка тәрізді. Гаметофит ылғалды жерде өсуге бейімделген. Ұрықтануы сумен байланысты. Гаметофиттері балдыр кезеңіндегі деңгейден өзгермей, қалып қойған, сондықтан да, спорофит құрғақта өсетін өсімдік болғанымен, папоротник тәрізділер құрлықты басып ала алмаған.
7)Лалагүл тұқымдасы (лат. Liliaceae) — дара жарнақтылар класына жататын Лалагүлділер сабының көп жылдық түйнек жуашықты, кейде тамырсабақты шөптесін, бұташық өсімдіктер. Жер шарында лалагүлділер тұқымдасына 1300-ге жуық түрі өседі. Қазақстанда 57 түрі кездеседі. Лалагүлділердің шаруашылық, медициналық маңызы зор. "Лапыз, тамырдəрі, қырлышөп" дəрілік өсімдіктерге жатады. Сəндік өсімдіктерге: "секпілгүл, сүмбілшаш, қызғалдақ" ауламызда көздің жауын алады. "Шырыш" техникалық өсімдік болып саналады. Дəрілік өсімдіктердің көпшілігі улы өсімдіктер. Бал беретін өсімдіктер қаншама.

8)Жыныссыз көбею — өсімдіктер мен жан-жануарлар ағзаларының бір бөлімінен өзі тәрізді жаңа ағзаның өсіп шығуы; ағзалардың жыныстық қарым-қатынассыз және жыныстық жасушалардың қатысуынсыз көбеюі. Ұрпақ таратудың өте ертеде қалыптасқан жолы болғандықтан жыныссыз көбею көбінесе біржасушалы ағзаларда кеңінен таралған бірақ кейбір көп жасушалы ағзаларға да тән: саңырауқұлақтарда, өсімдіктерде, жануарларда жатады.[1]


Жыныссыз көбеюдің екі жолы бар: 1) вегетативтік өніп-өсу, 2) споралану.[2]
Жыныссыз көбеюдің нәтижесінде түрлердің биологиялық қасиеттері ұрпақтан ұрпаққа беріліп, сақталып отырады. Жыныссыз көбеюде бір ата-аналық дарабас тұқым қуалау белгілері бойынша өзіне ұқсас екі немесе одан да көп жаңа дарабасқа бастама береді. Жыныссыз көбею гаметалардың түзілуінсіз, бір клеткалы және төменгі сатыдағы ағзалардың бөлінуі немесе бүршіктенуі нәтижесінде, сондай-ақ әрі қарай жеке өмір сүруге қабілетті спора түзу арқылы жүзеге асады. Жаңа ағзаның дамуына бастама беретін арнайы жасушалар (споралар) түзілуін – жыныссыз көбею және вегетативтік көбею деп бөліп қарайды. Олар негізінен өсімдіктерде кеңінен таралған. Олардың айырмашылығы: біріншісінде көбею тек бір жасушадан (цитогония), ал екіншісінде көп жасушадан немесе жасушалар топтарынан түзіледі. Бөліну арқылы бір жасушалы азғалар көбейеді. Әр дарабас өзіне ұқсас екі немесе одан да көп жасушаларға бөлінеді. Клетканың бөлінуінің алдында ДНҚ-ның репликациясы болып өтеді. Көп жағдайда бір-біріне өте ұқсас жасушалар түзетін бинарлы бөліну байқалады. Бұл жолмен бактериялар, көптеген қарапайымдар, оның ішінде амебалар, парамеция және кейбір бір жасушалы балдырлар (мысалы, евглена) бөлінеді. Көптік бөліну (шизогония), организмнің ядросы алдымен бірнеше қайтара бөлініп, соңынан ядро санына қарай өте көп дарабастар пайда болуы арқылы жүзеге асады. Мысалы, оған адамдағы безгек ауруын қоздырушы безгек плазмодийі жатады. Бүршіктену арқылы көбейгенде жаңа дарабас алғашында аналық ағзасынан өскін ретінде түзіліп, соның нәтижесінде оған өте ұқсайтын жеке ағза болып бөлініп түседі. Бүршіктену ішекқуыстыларда, мысалы, гидра және бір жасушалы саңырауқұлақтарда кездеседі. Дарабастардың екі немесе бірнеше бөліктерге бөлінуі арқылы көбеюі талшықты балдырларға, теңіз құрттарына тән. Олардың әр бөлігінен жаңа дарабас түзіледі. Спора арқылы көбейетін түрлерде, жаңа ағза ата-анасының біреуінің тұқым қуалайтын негізі бар арнайы жасуша – спорадан дамиды. Спораның түзілуі бактерияларда, қарапайымдарда, саңырауқұлақтарда және өсімдіктердің барлық түрлерінде кездеседі. Споралар өзінің құрылымы және қызметі бойынша әр түрлі болуы мүмкін. Дәнді өсімдіктердің микроспоралары (тозаң түйіршіктері) және мегаспоралары (ұрық қапшығы), тозаң қапшығы және ұрық бастама деп аталатын спорангияда түзіледі. Споралар өте көп мөлшерде түзіледі және олар жеңіл болғандықтан жел, жануарлар және жәндіктер арқылы оңай таралады. Жыныссыз көбею. структуралық-физиологиялық құрылымы төмен сатыдағы жануарларда, мысалы, адамның паразиттерінде кездеседі. Паразитті тіршілік ететін түрлерде Жыныссыз көбею олардың санының өсуіне ғана емес, сондай-ақ қолайсыз жағдайда тіршілігін сақтап қалуға да көмектеседі. Мұндай жағдай сүтқоректілердің кейбір түрлеріне де тән. Мысалы, сауыттылардың (Dasypodіdae) эмбриондық дамуының ерте кезінде бөлінуге қабілетті ұрық дискісі бірнеше дарабастарға бастама беретіні анықталған. Мұндай сирек құбылыс адамда да кездеседі (мысалы, бір жұмыртқалы егіздер). Тіршіліктің даму процесінде Жыныссыз көбею жынысты көбеюден ерте пайда болған. Жыныссыз көбеюдегі генетикалық өзгергіштіктің бірден-бір көзі кездейсоқ мутациялар болып есептеледі.

9)Мезозой — Жер тарихының, палеозой мен кайнозой арасындағы эрасы және соған сәйкес келетін тау жыныстарының қабаты. Мезозой эрасын 1841 жылы ағылшын геологі Джордж Филлипс бөліп көрсеткен. Мезозой эрасы төменнен жоғары қарай триас, юра және бор кезеңдеріне бөлінеді. Жаратылыстану ғылымдарының әдістері бойынша бұдан бұрынғы 235, 10 — 66, 3 миллион жылдар аралығын қамтиды. Жердің даму тарихының бұдан 248 — 65 млн. жыл бұрынғы уақыт аралығын қамтитын, кембрийге дейінгі эрадан есептегенде екінші эрасы; үш кезеңге — триас, юра және бор кезеңдеріне жіктеледі.


Триас жүйесі' (кезеңі)- триас (trіas – үштік, орталығы Еуропаның геологиялық қимасындағы үш түрлі қабаттың біріктірілуіне байланысты аталған) – мезозой эратемасының ең төменгі тау жыныстары қабаттары және олардың жиылған уақыты (251 - 199, 6 млн жыл). Триас (грек. Ӏгіаз — үштік) — "триас жүйесі" және "триас кезеңі" терминдерінің қысқаша атауы. Жоғарғы палеозойдағы тіршілік иелерінің жаппай қырылуы нәтижесінде, триаста көптеген жаңа фауна мен флора элементтері дүниеге келді. Олардың ішінде аммониттер (Ammonoidea), осы күнгі коралдар, әр - түрлі моллюскілер (Mollusca), динозаврлар және кейбір жалаңұрықтылар (Gymnospermae) болған.
Юра жүйесі немесе Юра кезеңі — мезозой заманын құрайтын үш кезеңнің бірі. Триас пен бор арасында орналасқан юра кезеңі осыдан 199, 6 млн жылдан 145, 5 млн жылға дейін созылады. Ең кең тараған тау жыныстары саз балшық, ізбесті құмдақ және әктас болып, юра кезеңі 11 ярусқа бөлінеді (геттанг, синемюр, плинсбах, тоар, аален, байос, бат, келловей, оксфорд, киммеридж, титон).
Орбинь жасады, ол юра жүйесін 10 жікқабатқа бөлген.Көптеген басқа омыртқасыздармен бірге брахиоподтар, қосқақпалылар және аммониттер кең тараған. Юра кезеңінде рептилиялар жер мен суда көп кездесіп, сүтқоректілер саны аз, көбінесе түңгі өмір сүрген деп есептеледі. Алғаш құстар, оның ішінде археоптерикс кеш юра кезінде пайда болған. Юра кезеңі – мезозой дәуірінің триастан кейінгі, бордан бұрынғы орта кезеңі және сол кездерде жаралған тау жыныстарының қат - қабаттары. Юра жүйесі осыдан 199, 6 миллион жыл бұрын басталып, 145, 5 миллион жыл бұрын аяқталған, ұзақтығы шамамен 54, 1 миллион жыл. Оны неміс жаратылыстанушы А. Гумбольд Швейцария мен Францияның Юра тауларында анықтап (1822), француз геологы А. Броньяр жеке жүйеге бөліп, қазіргі атымен атаған (1829). Юра жүйесінің жікқабаттық шкаласын алғаш француз палеонтологы А. Д
Бастапқы және ортаңғы юра ағымында термиялық белсенділікпен қатар, атмосфералық жауын - шашынның өзгеруі де байқалған. Солтүстік аридті (құрғақ) белдеу АҚШ пен Солтүстік Африканың бірқатар аудандарын қамтыған. Оңтүстік аридті белдеуге Ортүстік Америка, Сомали және Танзания аумақтары кірген. Құбылмалы ылғалды жағдайлар Бразилия мен Африканың, Арабия мен Үндіқытайдың оңтүстігінде басым таралған. Экваторлық ылғалды климат Мексиканың оңтүстік бөлігін, Гвинея, Камерун, Нигерия мен Египетті қамтыды. Сібір мен Ресейдің солтүстік - шығысы, Моңғолия мен Солтүстік Қытай аумағының едәуір бөлігі ылғалды, субтропиктікке жақын климатпен сипатталады. Бұл белдеудің шартты шекарасы Ақ теңіз, Оңтүстік Орал және Балқаш - Шандунь түбегі арқылы өтетін сызықпен белгіленеді. Субтропиктік белдеудің солтүстігінде орташа температура 15 – 20 С болса, оңтүстік бағытта 18 – 20 С - қа дейін көтерілген. Температуралық режимнің сипаты бойынша соңғы Юра жүйесі экваторлық, тропиктік, субтропиктік және қоңыржай белдеулерге бөлінеді. Изотоптық және магнийлік палеотермометриялық деректер бойынша температура экваторлық белдеуде 26 – 28 С, ал тропиктік белдеуде 21 – 24 С ауқымында өзгерген.
Бор кезеңі – мезозой заманына кіретін үш кезеңнің үшіншісі. 145, 5 млн. жыл бұрын басталып 65, 5 млн. жыл бұрын аяқталған. Бор кезеңі Англияның Дувр қаласы маңындағы ағылш.
White Cliffs (Ақ Жартас) деген жерде бордың жинақталуымен және көптеген омыртқалы мен омыртқасыздардың, оның ішінде динозаур, мозазаур, ихтиозаур және плезиозаурлардың жаппай қырылуымен белгіленеді.
Соңғы деректер бойынша шамамен 93 млн жыл бұрын жанартау белсенділігі қазіргі деңгейден 300 — 500 есе көбейген. Жанартау қарқындылығы көбінесе қазіргі Кариб теңізінде болған. Атмосфераға көмір қышқылды газ көп мөлшерімен түскен, ал оттегі азайып әкті қабықшасы бар фораменифера деген бір жасушалы жәндіктер жаппай қырылған. Бұлардың сүлделері бор болып жетілді.
Мезозой заманы
Триас кезеңі 35 млн жылға созылған
Юра кезеңі 60 млн жылға созылған
Бор кезеңі 70 млн жылға созылған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет