Рэт-19-1к Аты-жөні: ​ Тажи Зейрхан Тақырып: ​ Қазіргі заманғы



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата07.02.2022
өлшемі93,79 Kb.
#90973
  1   2
Байланысты:
Тажи Зейрхан срс



 Группа: 

РЭТ-19-1к 
Аты-жөні: 

Тажи Зейрхан
Тақырып:

"Қазіргі
заманғы
Қазақстан
жастарының
этикалық
 
 
 
 
 
құндылықтары"

Қазіргі кезеңде тəуелсіз еліміздің ертеңі - жастардың білімінің
тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ- ұлтымыздың
баға жетпес қазынасы. Бүгінгі таңда педагогика ғылымының өзекті
мəселелерінің бірі –оқушыны жан-жақты дамытуда, білім беруде,
ғылымның соңғы жетістіктерін қолданып, шығармашылық жұмыстарды
жасауға қабілетті, дүниетанымдық көзқарасы кең, рухани бай, ұлттық
құндылық қасиеттері жете түсінетін ұрпақ дайындау. 
Олай болса, ұрпағымызды тəртіпсіздік сияқты жаман қасиеттерден
сақтандыру үшін, мектеп оқушыларының бос уақытын дұрыс пайдалана
біліп, сабақтан тыс іс-шаралар арқылы ұлттық құндылық қасиеттерді
бойына дарытуымыз қажет. Өйткені, оқушылар бойындағы зерігушіліктің,
əдепсіздікке соқтыратындығын, теріс жолға бастайтындығын, мектеп
өмірінен жиі байқаймыз. Ондай жолға жібермеудегі тосқауылдан туған
жол
халқының
əдет-ғұрпындағы
салт-дəстүріндегі
əдептіліктік
таным-тағылымы. Сондықтан да жастарымыздың санасына ұлттық
ұлағатты қасиеттерді сіңіре білудің мəні зор. Ақынжанды, ақжарқын
шешен өнерпаз, өнегелі халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан
тəлім-тəрбиелік əдеттері мен ғұрыптары, рəсімдері жəне салт-сапалық
дəстүрлері жас ұрпақтың жан жүйесіне əсер етіп, анасына сіңсе, ұлтық
мəдениетті игерген, иман жүзді, инабатты ұрпақ жалпы адамзаттық асыл
қасиеттердегі игіліктермен тоғысуына мүмкіндік алады. Халқымыздың
асыл қазыналарын білуге, игеруге қызықтыру, ұлттық тəрбиені меңгеру
басты міндеттеріміздің бірі. 
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Ол қоғамның əлеуметтік, экономикалық
жəне рухани салаларындағы өзгерістерді, əсіресе қазіргі жастардың
əлеуметтік имиджіне айтарлықтай əсер ететін құндылықтарды, əлеуметтік
басымдықтарды кешенді талдау қажеттілігіне негізделген. Автордың бұл
мəселеге көзқарасы - жастар өте сезімтал жəне динамикалық əлеуметтік
топ. Өзгерістер дəуірінде өсіп, олар аксиологиялық жүйені құрайды, ол
болашақта жалпы қоғамның құндылық моделіне айналады. Қазақстан
жастары демократиялық құндылықтар жүйесін саналы түрде қабылдап,
қазіргі қоғамның əлеуметтік-экономикалық жəне саяси қайта құруларына
белсенді қатысқан жағдайда ғана əлеуметтік ресурс бола алады. Этикалық
құндылықтар дегеніміз, ең алдымен, адамның басқа адамдармен


қарым-қатынас
жасаудағы
құндылықтары.
Грек
тілінен
«дағды,
əдет-ғұрып» мағынасын беретін бұл ұғым ауқымына адамның ұстанатын
салт-дəстүрінен бастап, қоғамдағы өзін-өзі ұстауда көрініс табатын
мораль, принциптер мен стереотиптер, адамгершілік қасиеттер, сонымен
қатар мейірім мен мəдениет кіреді. Қазіргі замандағы Қазақстан
жастарының этикалық құндылықтарын бірнеше бөлікке бөліп қарастырар
едім. 

Эвдемонизм жəне гедонизм.
Қоғамда «бақыт» түсінігін Əл-Фарабидың
 
 
жазып кеткеніндей қабылдайтын жастар бар. Алайда 100 пайыз деп айту
қиын. Себебі енді бір бөлігі өмірдің мəнін рақатқа ұмтылумен
байланыстырады. Сөз болып отырған жанның ғана емес, материалдық
байлық негізінде тəннің, сананың рақат алуы. 
Перфекционизм.
Перфекционизм адамды бір орында тоқтап қалмай,
 
үздіксіз дамуға итеріп отырады. Ал перфекционизмді оң ұшынан түсінбей,
идеал болуды тағы да материалдық жəне сыртқы құндылықтарға əкеп
тірер болсақ, перфекционизм ең қорқынышты қасиетке айналмақ. Əсіресе,
жаңа технологиялар өрбіп тұрған бүгінгі заманда, жастар арасында бұл
көп кездеседі.

Этикалық тəрбие.
Бұл тұрғыда мектеп оқушыларына этика мен
 
эстетикалық талғамдарын қалыптастыратын өзін өзі тану сабақтары мен
психологиялық кеңестер жəне ең бастысы – отбасыдағы толыққанды
тəрбие мен көңіл көмек бола алады. 

Дін мен этика.
Этиканың проблематикасы жамандықтан қашып, жақсы
 
 
болған іс əрекеттерді жасау болып табылады. Ал дін болса, «киелі»
нəрсеге негізделген байланысқа сүйенеді. Сонымен қатар, тарих бойынша
дін мен этиканың тақыраптары арасында тығыз байланыс көрінеді. 
Қазақстан жастарының рухани-адамгершілік құндылықтарының
өзгеруінің анықтаушы факторы - бұл бүкіл қоғамның өмір сүруі. Бұл
өмірдің барлық салаларына, қоғамдық пікірге жəне дүниетанымға əсер
етеді. Қоғамның өмір сүру жағдайлары көбіне саяси, əлеуметтік жəне
экономикалық салаларда болып жатқан процестермен анықталады. Бұл
процестер
жастардың
əлеуметтенуінің,
рухани-адамгершілік
құндылықтардың қалыптасуы мен өзгеруінің маңызды факторына
айналады.
Бұл факторлардың жағымды жəне жағымсыз əсерлері бар.
Аумақтық жастардың құндылықтар жүйесін қалыптастырудың теріс
факторлары:




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет