Резуанова ғалияпану кабиевна



Pdf көрінісі
бет20/73
Дата23.09.2023
өлшемі4,05 Mb.
#182181
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   73
Байланысты:
монография-Резуановой-в-издательство

ас тұзы; 
дәм, тағам 
(тұзыңнан таттым; дәм-тұздың кепейеті ауыр 
болады). 
Ұлу 
(выть) 
ит ұлыды, қасқыр, жел ұлыды, адам ұлыды 
(азаннан бері ұлығаның жетер, доғар енді). 4 . Зат (нәрсе), әрекет, 
жағдай бір-біріне өзінің қозғалысы арқылы ұқсасуы мүмкін: 
Тарт 
ет. (тянуть, тащить) сөзінің мына сияқты мағыналары 
бар. 1. Бір затты өзіне қарай сүйреу, жылжыту. 
Ең күшті "С-80" 
тракторы тартқан көк вагон сықырлап, жай қозғалып барады 
(Ғ.Сланов) 2. Алып шығу, алға сүйреу. 
Дәл осы кезде ол мені қара 
күннен алып шыққандай болды. 
3. Жылжу, созылу. 
Жиналыс бір 
сағатқа созылды. 
4. 
Керу, ұстату. 
Жан-жағынан темір 
арқандармен тартып тастаған түтінсіз темір трубка биік дөннің 
бетінде тұр. 
(Ғ.Мұстафин) 5. Жүріп кету, аттану, жөнелу. 
Қалай 
тартайын? - деп, Бержабай мойнын бұрды, 
– 
Өз үйіңе! - деді 
Шақшай 
(І.Жансүгіров). Ашылу сөзі келесі мағыналарды білдіреді: 


51 
гүл ашылды, күн (ауа-райы) ашылды, жиналыс ашылды (басталу), 
көңіл-күйі ашылды (қуану). 
5. Бір заттың екінші бір затқа орны 
жағынан ұқсасуы мүмкін. 
Бас: 
адамның басы, тарының басы, 
ағаштың басы, жанұяның басы, бас мақала, жылдың басы.
6. 
Түсінің ұқсастығы жағынан атаудың ауысуы: 
ақ (сүт, ізбес, көзге 
түсетін ноғала) ауру, қызыл (түс, ет, ала). 
7. Кейбір зат (нәрсе), 
жағдай, әрекет қасиеттерінің атауы ұқсастығына қарай ауысу: 
жылы 
сөзі – 
дауыс, тамақ, жүз; ашық: есік, аспан, алаң; 
ыстық: 
шай, 
махаббат, сөз, кез. 
Лингвистикалық метафора арқылы мағынаны 
ауыстыру жоғарыда көрсетілгендей қазақ тілінде кеңінен тараған 
тілдік фактор. Көп мағыналықты жасауда метафорадан кейін 
метонимия маңызды рөл атқарады. 
Метонимия дегеніміз бір заттың (немесе құбылыстың) екінші 
бір затпен (не құбылыспен) өзара іргелес, шектес келуіне 
байланысты атауларын алмастыра отырып келтірінді мағынада 
жұмсалуы. Метонимия да негізінен екі топқа бөлінеді: поэтикалық және 
лингвистикалық [37, 95]. Поэтикалық метономияда жаңа мағына 
жасалынбайды. Ол тек қана сөйлеу барысында, контексте нықталады. 
Сондықтан да ол тұрақты мағына жасамайды, ол тек стилистикалық 
құрал 
ретінде 
қолданылады. 
Метонимияның 
көбірек 
қолданылатын жері – көркем әдебиет стилі. Бірақ шығармада 
метонимияны қолдану үшін белгілі дәрежеде шеберлік қажет. Оның 
кейбір жазушы шығармасында аз, ал кейбіреуінде көбірек болатын 
себебі де осыдан. Жазушы үшін метонимиялық тәсіл адамның 
бойындағы түрлі мінез-құлықты неғұрлым айқын ашу, характер 
жасаудың, көркем образды бейнелеп жеткізудің мықты құралы 
болып 
табылады. 
Метонимия 
тілдегі 
стилдердің 
бәрінде 
қолданылмайды. Ғылыми және ресми-кеңсе стилдерінде тіптен де 
кездеспейді. 
Лингвистикалық метонимияда тұрақты лексикалық мағына 
жасалады. Ол барлық контексте түсінік болып, дербес мағынаға ие 
болады. Лингвистикалық метонимия мынадай тәсілдер арқылы 
жасалады. 1.Зат, құбылыс, процестердің кеңістікте қатар, шектес болып 
орналасуы негізінде атауы ауысады: Мысалы, 
ауыл, қала, көше 
сөздерімен сонда тұратын адамдар да аталады: 
ауыл ұйқыда, ол үй 
кеше қаладан келді; 
2. Бір зат немесе құбылыс атаулары екінші бір затқа 
орны, мекені (оның ішінде орналасуы) жағынан байланысқан затқа 
ауысады. Мысалы, 
бас 

 
ақыл, ес, сана: 
Басы (ақылы) жоқтың асы 
жоқ 
(нақыл). Сол сияқты тіл сөзі адамның, жан-жануардың дәм 


52 
сезетін, әрі адамның сөйлеу дыбыстарын шығаратын ауыз 
қуысындағы негізгі мүше. Осы сөз – сөйлем, сөз, стиль дегенді де 
білдіреді. 
М.Қашқаридың тілі 

бай тіл; Келінде тіл, қайын енеде 
ынсап жоқ 
(нақыл). 
Табақ, кесе 
сияқты сөздер 
ыдыс 
деген мағынада да, 
тамақ 
деген мағынада да жұмсалады. Мәселен, 
Ортадан табақ 
айрылды
. 3. Бір зат өз атауын өзінен жасалынған бірнеше заттарға да 
таратуы мүмкін. Мысалы, 
қағаз 
сөзі қағаздың өзін және құжаттардың 
барлық түрін де білдіре алады. Мәселен, 
Керекті қағаздарды 
дайындап оқу орнына әкеліп өткізді.
Сол сияқты бұл сөздің 
қара 
қағаз (извещение)
деген мағынасы да болғандығын естен шығармау 
керек. 4. Уақытқа байланысты атаудың ауысуы: 
таңертең, азанда, 
түс, ақшам, кеш 
дегендер тәуліктің төрт бөлігінің бірі, 
уақытты білдіреді. Мәселен, 
Бүгін кешке жиналыс болады. 
Сондай-ақ осы сөз кеш, жиын, ойын-сауық дегенді де білдіреді. 
Бұл ондай кештердің, жиналыс, жиындардың көбінесе кешқұрым 
өтуімен байланысты болса керек. 
А.Назаров «Түркімен тіліндегі көп мағыналық» деген 
зерттеу еңбегінде лингвистикалық метонимия арқылы атауды 
ауыстырудың тағы екі жолын көрсетеді. Олар: 1. Заттың не үшін 
керектігіне, нендей қызмет жасауына байланысты, алатын 
орнының жақындығына байланысты атауды ауыстыру. Мысалы, 
тамақ сөзі (горло, гортань) сөйлеу апараты, сондай-ақ ас, 
тамақ, тағам дегенді де білдіреді. 2. Бөлшектің атауы бүтінге 
ауысуы немесе керісінше. Мысалы, есік үйге кіретін бөлікті 
білдіреді. Бірақ осы сөз жалпы үйді де білдіреді: 
Барар есігің мың 
болса да; жатар есігің бір болсын 
(нақыл) [38]. Бұл жерде есік сөзі 
синекдохаға жатады. Сонымен, бір заттың атауын екіншіге 
ауыстыру көбінесе лингвистикалық метонимия тәсілімен 
жасалады. Жалпы, метафорадан кейін метонимия құбылысы 
қазақ тілінде полисемия жасаудың негізгі тәсілдерінің бірі болып 
табылады. 
Атауларды алмастырып айтудың тағы бір түрі – синекдоха. 
Мұның негізінде жапсарластық, іргелестік жатады. Бірақ 
синекдоханың метонимиядан айырмашылығы аталатын заттардың 
сандық белгілерінен көрінеді [37]. Синекдоха дегеніміз бүтіннің 
орнына бөлшекті, жалпының орнына жалқының (дараның), 
үлкеннің орнына кішіні қолданудың немесе керісінше қолданудың 
негізінде сөз мағынасының ауысуы. Синекдохалық мағына көбінесе 
сөйлеу стилі мен көркем әдебиет, публицистикалық стилдерде жиі 


53 
байқалады. Ол көркем образ, әсерлі бейне жасаудың тәсілі ретінде 
қолданылып, сөйлемге экспрессивті-эмоциялы мән беріп тұрады. 
Сондықтан да қандай да бір атауды осылай синекдохалық 
мағынада жұмсауда коммуникативтік қызметтен гөрі стилдік 
мақсат басым жатады. Жазушылар оны өзінің айтайын деген ойына 
әлдебір әзіл нышаны, юморлық өң беру үшін де жиі қолданады. 
Мысалы 
...Жаңағы арбаның үстіне тиеп қойған сақалдарың немене?... 
Сақал-мұртына мұз қатып, шақыр-шақыр басып келген кім десем, 
ауыл екен ғой 
(М.Әуезов). 
Сөйтіп, синекдоха да жоғарыда аталған екі түрге ұқсап 
іштей 
екіге 
бөлінеді: 
поэтикалық 
синекдоха 
және 
лингвистикалық 
синекдоха. 
Поэтикалық 
синекдохаға 
жоғарыдағы айтылғандар жатады. Ол тұрақты лексикалық 
мағына жасамайды, көркем құрал ретінде тек поэтикалық 
мақсатта қолданылады. Поэтикалық синекдохада сөздің ауыс 
мағынада келгендігі өзі жұмсалып тұрған контексте ғана ұғынықты 
болады. Ал лингвистикалық синекдохада соз белгілі бір ұғым 
білдіреді. 
Бұл 
мағына 
оған 
үнемі 
тән. 
Сондықтан 
лингвистикалық синекдоха полисемия жасаудың тәсілі болып 
табылады. Оның мынадай жолмен жасалғанын көруге болады: 
1. Зат, процесс, құбылыс бөлшегінің атауы бүтін зат, процесс, 
құбылысқа ауысады. Мәселен, адамның дене мүшесінің атауы 
арқылы бүтіндей адамның өзін белгілеуге болады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет