74
болып сараланатынын, стилистикалық жақтан – битарап,
стилистикалық бояма мағына
деп аталатын мағыналарға
топтастыруға болатынын айтады [57, 98].
Жоғарыда келтірілген сөз мағынасын топтастырудың жалпы
сипатымен келісе отырып, біз өз тақырыбымыздың осы тарауына
(көп мағыналы сөздерден жасалған синонимдерге) байланысты
мынадай жіктемені ұсынамыз:
1.
Номинативті (тура) мағына;
2.
Ауыспалы (туынды) мағына;
3.
Контекстік (синтаксистік шартты) мағына.
1. Номинативті (атауыш) мағына сөздің затты я құбылысты
атап
білдіретін мағынасы. Бұл мағына заттарға (құбылысқа) тікелей
бағытталғандықтан (қатысты болғандықтан), тура мағына деп те
аталады. Қазіргі қалпы тұрғысынан ол негізгі мағына болып
есептеледі. Сөздіктерде болсын, практикада болсын сөз мағынасын
талдау осы негізгі (тура) номинативті мағынадан басталады.
2. Ауыспалы мағына бірінші тарауда айтылып кеткендей ,
сөздің
номинативті (тура) мағынасының негізінде туындайтын мағына.
Яғни, «сөздің ауыс мағынасы бір заттың негізгі атауыш (тура)
мағынасын басқа бір затқа атау етіп ауыстырып қолданудан барып
туады. Сондықтан оны туынды мағына деп те атайды
(адамның
аяғы – үстелдің аяғы, төсектің аяғы;
Достарыңызбен бөлісу: