Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы «__»________
№ __ қаулысына
қосымша
«Құрғақ порттар» туралы үкіметаралық келісім
Осы Келісімнің Тараптары,
Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия және Тынық мұхитқа арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясының Азияда көлікті дамыту туралы Бангкок декларациясын жүзеге асыру туралы 2010 жылғы 19 мамырдағы 66/4 қарарына және осы қарарда қамтылған «Құрғақ порттар» туралы үкіметаралық келісім жасау жөніндегі жұмысты жүргізу туралы өтінішке сілтеме жасай отырып,
Азияда халықаралық интеграцияланған интермодальді көліктік-логистикалық жүйені ынталандыру мен дамыту және оның көрші өңірлермен байланысын қамтамасыз ету қажеттігін сезіне отырып,
жалғасып жатқан жаһандану процесінің шеңберінде халықаралық сауданың кеңеюі нәтижесінде халықаралық жүк тасымалы көлемінің күтілетін ұлғаюын ескере отырып,
жүктердің байланыстылығын және үздіксіз тасымалдануын нығайту, тасымалдаудың және логистикалық қызметтер көрсетудің тиімділігін арттыруға және құнын төмендетуге ықпал ету, сондай-ақ ішкі аудандарға және жағалаудан ішке қарай орналасқан аудандарға өзінің қолжетімділігін кеңейтуге деген берік шешімін нық сезіне отырып,
Азиялық автомобиль жолдары желісі жөніндегі үкіметаралық келісім және Трансазиялық теміржолдар желісі жөніндегі үкіметаралық келісім күшіне енген нәтижелі өңірлік ынтымақтастыққа жігерлене отырып,
Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия және Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы мүшелері арасындағы байланысты нығайту және халықаралық сауданы дамытуға жәрдемдесу мақсатында халықаралық тасымалдау талаптарына жауап беретін халықаралық маңызы бар «Құрғақ порттарды» дамыту және көліктің қоршаған ортаға теріс әсерін төмендету қажеттігін ескере отырып,
Азия-Тынық мұхит өңірінде интермодальді тасымалдауды үйлестіру және жеңілдету үшін халықаралық маңызы бар «Құрғақ порттарды» дамыту және пайдалану жөніндегі басшылыққа алынатын қағидаттарды әзірлеу қажеттігін мойындай отырып,
тиімді және пәрменді халықаралық интеграцияланған интермодальді көліктік-логистикалық жүйенің маңызды құрауышы ретіндегі халықаралық маңызы бар «Құрғақ порттардың», әсіресе теңізге шыға алмайтын елдердің, транзит елдерінің және жағалау елдерінің өзіндік қажеттіліктерін қанағаттандырудағы рөлін назарға ала отырып,
төмендегілер туралы уағдаласты:
1-бап
Анықтама
«Құрғақ порттар» туралы үкіметаралық келісімнің («Келісім») мақсаттары үшін халықаралық маңызы бар «Құрғақ порт» («Құрғақ порт») көліктің бір немесе одан да көп түрлерімен қосылған логистикалық орталығы бар қосылған, өңдеуге, уақытша сақтауға арналған және заңда халықаралық сауда процесінде тасымалданатын жүктерді қарап тексеруді және қолданылатын кедендік бақылау функциялар мен формальдылықтарды жасауды көздейтін ел аумағы ішіндегі орынды білдіреді.
2-бап
«Құрғақ порттарды» идентификациялау
Тараптар осымен халықаралық интеграцияланған интермодальді көліктік-логистикалық жүйеде маңызды буындарды үйлестіре дамыту үшін негіз ретінде осы Келісімге 1-қосымшаға енгізілген «Құрғақ порттар» тізбесін бекітеді. Тараптар бұл «Құрғақ порттарды» өздерінің ұлттық бағдармалары шеңберінде және ұлттық заңдар мен қағидаларға сәйкес дамытуға ниет білдіреді.
3-бап
«Құрғақ порттарды» дамыту
Келісімге I қосымшада көрсетілген «Құрғақ порттар» Келісімге II қосымшада жазылған «құрғақ порттарды» дамыту және пайдалану жөніндегі басшылық қағидаттарымен сәйкестікке келтіріледі.
4-бап
Келісімге қол қою, оны ратификациялау, қабылдау, бекіту және оған қосылу
1. Келісім 2013 жылғы 7 қарашадан бастап 8 қараша аралығында Бангкокта, Тайландта кейіннен Біріккен Ұлттар Ұйымының Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде 2013 жылғы 11 қарашадан бастап 2014 жылғы 31 желтоқсан аралығында Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия және Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының мүшелері болып табылатын мемлекеттердің қол қоюы үшін ашық.
2. Келісім оған қол қойған мемлекеттердің ратификациялауына, қабылдауына немесе бекітуіне жатады.
3. Келісім Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия және Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының мүшелері болып табылатын, оған қол қоймаған мемлекеттердің қосылуы үшін ашық.
4. Келісімді ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе оған қосылу туралы құжаттар тиісті нысанда және тиісті тәртіппен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақтауға тапсырылады.
5-бап
Күшіне енуі
1. Келісімді ратификациялау, қабылдау және бекіту және оған қосылу туралы сегізінші құжатты Келісімнің 4-бабының 4-тармағына сәйкес сақтауға тапсырған күннен кейін отызыншы күні Келісім күшіне енеді.
2. Келісімді ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе оған қосылу туралы өзінің құжатын сақтауға тапсыратын әрбір мемлекетке қатысты Келісімді ратификациялау, қабылдау және бекіту немесе оған қосылу туралы сегізінші құжат сақтауға тапсырылған күннен кейін Келісім осы мемлекет үшін осы құжатты сақтауға тапсырған күннен кейін отыз (30) күн өткен соң күшіне енеді.
6- бап
«Құрғақ порттар» жөніндегі жұмыс тобы
1. «Құрғақ порттар» жөніндегі жұмыс тобын Келісімді іске асырумен байланысты мәселелерді қарау және ұсынылып отырған түзетулерді қарау үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия және Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы бекітеді. Барлық мемлекеттер – Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия және Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының мүшелері Жұмыс тобының мүшелері болып табылады.
2. Жұмыс тобы өзінің кеңестерін екі жылда бір рет өткізеді. Кез келген Тарап, хатшылықты хабардар ету арқылы да Жұмыс тобының арнайы кеңесін шақыру туралы өтінішпен жүгіне алады. Хатшылық жұмыс тобының барлық мүшелерін келіп түскен өтініш туралы хабардар етеді және Хатшылық хабардар еткен сәттен бастап төрт (4) ай ішінде Тараптардың кемінде үштен бірі осы өтінішпен өзінің келісетіні туралы хабарлаған болса, Жұмыс тобының арнайы кеңесін шақырады.
7-бап
Келісімнің негізгі мәтініне түзетулер енгізу рәсімі
1. Келісімнің негізгі мәтініне түзетулер осы Бапта белгіленген тәртіппен енгізіледі.
2. Осы Келісімге түзетулерді кез келген Тарап ұсынуы мүмкін.
3. Хатшылық ұсынылып отырған кез келген түзетудің мәтінін Жұмыс тобының барлық мүшелеріне оны бекіту болжанатын Жұмыс тобының кеңесіне кемінде қырық бес (45) күн бұрын жібереді.
4. Түзетулер Жұмыс тобының кеңесіне Келісім Тараптарынан қатысып отырған мен дауыс берушілердің санының үштен екі көпшілігімен бекітіледі. Бекітілгеннен кейін түзетуді хатшылық Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына жібереді, ол түзетуді қабылдау үшін барлық Тараптар арасында таратады.
5. Осы Баптың 4-тармағына сәйкес бекітілген түзету, түзетуді бекіту сәтінде Келісімнің Тараптары болып табылатын мемлекеттер санының үштен екі көпшілігімен оны қабылдағаннан кейін отыз күннен соң күшіне енеді. Түзету, осы түзетуді қабылдамағандарды қоспағанда, барлық Тараптарға қатысты күшіне енеді. Осы тармаққа сәйкес бекітілген түзетуді қабылдамайтын кез келген Тарап кез келген уақытта кейіннен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына осындай түзету қабылданғаны туралы құжатты сақтауға бере алады. Бұл мемлекет үшін түзету айтылған құжатты сақтауға берген күннен кейін отыз (30) күн ішінде күшіне енеді.
8-бап
I қосымшаға түзетулер енгізу рәсімі
1. Келісімге I қосымшаға түзетулер осы Бапта белгіленген тәртіппен енгізіледі.
2. Түзетулерді ұсынылып отырған түзету нысаны аумағына жататын кез келген Тарап ұсынады.
3. Кез келген ұсынылып отырған түзетудің мәтінін хатшылық Жұмыс тобының барлық мүшелеріне осы бекіту болжанатын Жұмыс тобының кеңесіне дейін кемінде қырық бес (45) күн ішінде жолдайды.
4. Ұсынылып отырған түзету, егер ұсынылып отырған түзету субъектісі аумағына жататын Тарап Жұмыс тобының кеңесінде ол қаралғаннан кейін тиісті ұсынысты қайталап растаған жағдайда, қабылданған болып есептеледі. Түзету бекітілгеннен кейін түзету Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына жіберіледі, ол оны барлық Тараптар арасында таратады.
5.Осы Баптың 4-тармағына сәйкес бекітілген түзету Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы циркулярлық хабарламаны жолдаған күннен бастап қырық бес (45) күн өткен соң қабылданған болып есептеледі және барлық Тараптар үшін күшіне енеді.
9-бап
II қосымшаға түзетулер енгізу рәсімі
1. Келісімге II қосымшаға түзетулер осы Бапта белгіленген тәртіппен енгізіледі.
2. Түзетулерді кез келген Тарап ұсынуы мүмкін.
3. Кез келген ұсынылып отырған түзетудің мәтінін хатшылық Жұмыс тобының барлық мүшелеріне осы бекіту болжанатын Жұмыс тобының кеңесіне кемінде қырық бес (45) күн ішінде жолдайды.
4. Түзетуді Жұмыс тобының кеңесіне қатысып отырған және дауыс беретін Келісім Тараптары санының үштен екі көпшілігімен бекітіледі. Түзету бекітілгеннен кейін Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына жіберіледі, ол оны барлық Тараптар арасында таратады.
5. Осы Баптың 4-тармағына сәйкес бекітілген түзету, егер хабарлама жолданған күннен бастап тоқсан (90) күн ішінде Тараптардың үштен бірінен кемі Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысын осы түзетуге қарсы өзінің қарсылығы туралы хабардар еткен болса, қабылданған болып есептеледі.
6. Осы Баптың 5-тармағына сәйкес қабылданған түзету барлық Тараптар үшін осы Баптың 5-тармағында көрсетілген тоқсан (90) күн кезеңі өткен соң отыз (30) күн ішінде күшіне енеді.
10-бап
Ескертулер
Келісімнің 13-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Келісімнің ережелерінің кез келгеніне қатысты ескертулерге жол берілмейді.
11-бап
Келісімнен шығу
Кез келген Тарап Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының атына жазбаша хабарлама жолдау арқылы Келісімнен шығуға құқылы. Келісімнен шығу Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы осындай хабарламаны алған күннен бастап он екі (12) ай ішінде күшіне енеді.
12-бап
Қолданылуды тоқтата тұру
Келісімнің қолданылуы, егер қатысушы Тараптар саны қатарынан соңғы он екі (12) ай ішіндегі кез келген кезеңде сегізден (8) кем болса, тоқтатыла тұрады. Келісім ережелерінің қолданысы қатысушы Тараптардың саны сегізге (8) жеткеннен кейін отыз (30) күн өткеннен соң қалпына келтіріледі. Мұндай жағдайларда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Келісім Тараптарын хабардар етеді.
13-бап
Дауларды реттеу
Екі немесе одан көп Тараптар арасында Келісімді түсіндіру немесе қолдануға қатысты, олардың арасында келіссөздер немесе консультациялар арқылы шешілуі мүмкін емес кез келген дау бұл Тараптардың кез келгенінің өтініші бойынша дауласушы Тараптардың өзара келісімі бойынша сайланған бір немесе бірнеше делдалға шешу үшін беріледі. Егер дауды шешу туралы өтініш берілген күннен бастап тоқсан (90) күн ішінде дауласушы Тараптар делдалды немесе делдалдарды таңдауға қатысты келісімге келмесе, осы Тараптардың кез келгені Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына дау шешілуге берілетін бірыңғай тәуелсіз делдалды тағайындау туралы өтінішпен жүгінуі мүмкін.
Осы Баптың 1-тармағына сәйкес тағайындалған делдалдың немесе делдалдардың ұсынымының міндетті күші болмайды, алайда Тараптардың келіспеушілікті қайта қарау үшін негіз болады.
Араларында дау туындаған Тараптар делдалдың немесе делдалдардың ұсынымын міндетті күші бар ретінде алдын ала қабылдауы мүмкін.
Осы Баптың 1, 2 және 3-тармақтары дауласушы Тараптар өзара келіскен дауларды реттеудің басқа да мүмкін болатын шараларын болдырмайтындай етіп түсіндірілмейді.
Кез келген мемлекет өздерінің ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе қосылу туралы құжаттарын сақталуға тапсыру кезінде осы Баптың татулыққа қатысты ережелерінің міндеттемелерінен өзін босататыны туралы ескерту жасауға құқылы. Осы Баптың татулыққа қатысты ережесі басқа Тараптарды да осындай ескерту жасаған кез келген Тарапқа қатысты міндеттемейді.
14-бап
Қолданудағы шектеулер
1. Келісімнің ешбір ережесі қандай да бір Тарапқа Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысына сәйкес келетін және өзінің сыртқы немесе ішкі қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ол қажетті деп есептейтін ахуалмен шектелетін шаралар қабылдауға кедергі келтіретіндей түсіндірілмейді.
2. Әрбір Тарап ұлттық заңдар мен қағидаларға сәйкес «Құрғақ порттарды» дамыту үшін Келісімге сәйкес келетін сол немесе өзге де дәрежеде мүмкін боларлық барлық күш-жігерін салады. Алайда осы Келісімнің ешбір ережесі қандай да бір Тараптың өзінің аумағы арқылы жүк тасымалдауына рұқсат беруге міндеттеме қабылдау ретінде түсіндірілмеуге тиіс.
15-бап
Қосымша
Келісімге I және II қосымшалар Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.
16-бап
Хатшылық
Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия мен Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссияны Келісімнің хатшылығы тағайындайды.
17-бап
Депозитарий
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы осы Келісімнің депозитарийі болып табылады.
ОСЫНЫ КУӘЛАНДЫРУ ҮШІН тиісті түрде уәкілеттік берілгендер осы Келісімге бір данада ағылшын, қытай және орыс тілдерінде қол қойды әрі Келісімнің барлық үш мәтіні бірдей деңгейде түпнұсқа болып табылады.
I қосымша
Халықаралық маңызы бар «Құрғақ порттар»
«Құрғақ порттар», әдетте; а) елдің ішкі аумағында орналасқан астаналарға, провинциялар/штаттар астаналарына және/немесе b) қажет жағдайларда Азиялық автомобиль жолдарын және/немесе Трансазиялық теміржолдарды қоса алғанда, тас жол және теміржолдарға тиісті қол жеткізу арқылы қазіргі және/немесе әлеуетті өндіріс пен тұтыну орталықтарына жақын орналасқан жерлерде болады.
«Құрғақ порттар» басқа да «Құрғақ порттармен», шекаралық пункттермен/кедендік бақылау жерүсті постарымен/кешенді бақылау-өткізу пункттерімен, теңіз порттарымен, ішкі су жолдары терминалдарымен және/немесе әуежайлармен көліктік қатынаста болады.
«Құрғақ порттар» төменде тізбеленген.
«Құрғақ порттың» атауы оның орналасқан жерімен немесе жақын елді мекен пунктінің/қаланың атауымен бірге көрсетіледі.
Әлеуетті «құрғақ порттар» тік бұрышты жақшалардың ішінде көрсетілген.
«Құрғақ порттардың» тізбесі
Ауғанстан
|
Хакина, Мимана
|
Хайратан «құрғақ порты» , Мазар-и-Шариф
|
Ислам Кала, Герат
|
Кабул «Құрғақ порты», Кабул
|
Ширхан Бандер, Кондоз «құрғақ порты»
|
Спинболдак Шаман «Құрғақ порты», Кандагар
|
Торкгам «Құрғақ порты», Джелалабад
|
Тургунди, Герат
|
Армения
|
|
Ахурьян логистика орталығы
|
Гюмри әуежайы
|
Кармир-Блур/Апавен жүк терминалы
|
Звартнотс халықаралық логистика орталығы
|
Әзербайжан
|
Гейдар Алиев атындағы халықаралық әуежайының Баку жүк терминалы, Баку
|
Балакандық жүк терминалы, әзербайжан-грузин шекарасы
|
Билясуварлық жүк терминалы, әзербайжан-иран шекарасы
|
Габалалық халықаралық әуежай, Габала
|
Гянджа халықаралық әуежайы, Гянджа
|
Гейдар Алиев атындағы халықаралық әуежай, Баку
|
Джульфа жүк терминалы, әзербайжан-иран шекарасы
|
Ленкорань халықаралық әуежайы, Ленкорань
|
Нахичевань халықаралық әуежайы, Нахичевань Автономдық Республикасы
|
«Жібек жолы» жүк терминалы, Баку
|
Закатала халықаралық әуежайы, Закатала
|
[Баку қалалық сауда станциясы, Хырдалан]
|
[Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пунктіндегі жүк терминалы, Самур]
|
[Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пунктіндегі жүк терминалы, Сыныг-Корпю]
|
[Баку халықаралық теңіз сауда порттарындағы контейнерлік терминал, Баку]
|
[Гянджа станциясы, Гянджа]
|
[Халықаралық логистикалық орталық, Алят] [Кешла станциясы, Баку]
|
[Жаңа Баку халықаралық теңіз сауда порты, Алят]
|
[Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пунктіндегі Оңтүстік терминалы (Астара)]
|
[Сумгаит станциясы, Сумгаит]
|
Бангладеш
|
Ахаура, Брахманбария
|
Бенаполе, Джессоре
|
Бибирбазар, Комилла
|
Буримари, Лалмонирхат
|
Хили, Динажпур
|
Камлапура ішкі кедендік қоймасы, Дакка
|
Сонамасджид, Чапай Навабганж
|
Текнаф, Кокс Базар
|
[Бангладбандх, Панчагарх]
|
[Бхомра, Сатхира]
|
[Билониа, Фени]
|
[Дхирасрама ішкі кедендік қоймасы, Гаджипур]
|
[Гобракура, Мыменсингх]
|
[Корайтали, Мыменсингх]
|
[Накугао, Шерпур]
|
[Рамгарх, Кхаграчари]
|
[Тамабил, Силхет]
|
Бутан
|
|
Фуентшолинг «құрғақ порты», Фуентшолинг
|
[Гелепху, Сарпанг]
|
[Гомту, Самце]
|
[Нганглам, Самдрупджонкхар]
|
[Самдрупджонкхар, Самдрупджонкхар]
|
[Самце, Самце]
|
Камбоджа
|
|
CWT «құрғақ порты», Пномпень
|
Олейр дүниежүзілік «құрғақ порты», Пномпень
|
Пномпень халықаралық порты, Пномпень
|
Пномпеннің арнайы экономикалық аймағы, Пномпень
|
Со Нгуон «құрғақ порты», Бавет
|
Тех Сран «құрғақ порты», Пномпень
|
Тен Лай «құрғақ порты», Пномпень
|
Қытай
|
Чанчунь Лунсин Бондтық халықаралық логистикалық порты, Синлун
|
Эренхот оңтүстік халықаралық логистикалық орталығы, Эренхот
|
Харбин автомагистральдық жүк тораптық станциясы (Харбин Лунюнь логистикалық паркі, Харбин)
|
Көліктік-логистикалық саябақ, Хэкоу порты, Хэкоу
|
Хоргос халықаралық логистикалық саябағы, Хоргос
|
Хуньчунь халықаралық логистикалық паркі, Хуньчунь
|
Цзинхун Мэнян халықаралық логистикалық сауда орталығы, Цзинхун
|
Каши халықаралық логистикалық паркі, Каши
|
Тенжун халықаралық жер үсті порты, Куньмин
|
Манжули Жаңа Халықаралық жер үсті саябағы, Манжули
|
Бондтық логистикалық орталық, Наньнин
|
Писян (Юи Куан) шекаралық сауда логистикалық орталығы
|
Жуйли жүк орталығы, Жуйли
|
Суйфэньхэ жүк орталығы, Суйфэньхэ
|
Синьцзян теміржол халықаралық логистикалық паркі, Үрімші
|
Иу ішкі порттық станциясы, Иу
|
Қоймалық логистикалық сауда орталығы, Жангму порты, Жангму
|
|
Грузия
|
Поти еркін өнеркәсіп аймағы, Поти
|
[Тбилиси халықаралық логистикалық орталығы, Тбилиси]
|
Үндістан
|
|
Ажни, Нагпур, Махараштра
|
Амингаон, Гувахати, Ассам
|
Ароор, Керала
|
Баллабгарх, Фаридабад, Хариана
|
Бадохи, Сэнт Равидас Нагар, Варанаси, Уттар-Прадеш
|
Багат Ки Коти, Джодпур, Раджастан
|
Чехрета, Амритсар, Панджаб
|
Дадри, Ноида, Уттар-Прадеш
|
Давлатабад, Аврангабад, Махараштра
|
Дандарикалан, Панджаб
|
Даннад Рау, Индоре, Мадхья-Прадеш
|
Дронагири Ноде, Нави Мумбай, Махараштра
|
Дургапур, Батыс Бенгал
|
Гархи Харсару, Гургаон, Хариана
|
Иругур, Коимбаторе, Тамилнад
|
Джамшедпур, Джарханд
|
Джанори, Насик, Махараштра
|
Канакпура, Джайпур, Раджастан
|
Канпур, Уттар-Прадеш
|
Ходияр, Гуджарат
|
Лони, Газиабад, Уттар-Прадеш
|
Маджерат, Калькутта, Батыс Бенгал
|
Мандидип, Бхопал, Мадхья-Прадеш
|
Морадабад, Уттар-Прадеш
|
Патли, Гургаон, Хариана
|
Питампур, Дар, Мадхья-Прадеш
|
Райпур, Чаттисгарх
|
Сахин, Сурат, Гуджарат
|
Санатнагар, Хайдерабад, Андра- Прадеш
|
Сеневал, Лудьяана, Панджаб
|
Тондиарпет, Ченнай, Тамилнад
|
Туглакабад, Дели
|
Вадодара, Гуджарат
|
Уайтфилд, Бангалор, Карнатака
|
|
Индонезия
|
Гедебаге «құрғақ порты», Бандунг
|
Сикаранг «құрғақ порты», Бекаси
|
Иран (Ислам Республикасы)
|
Имам Хомейни атындағы халықаралық әуежай, Тегеран провинциясы
|
Мотахари теміржол станциясы, Мешхед, Хорасан-Резави провинциясы
|
Салафчеган арнайы экономикалық аймағы, Кум провинциясы
|
Сирджан арнайы экономикалық аймағы, Керман провинциясы
|
[Арванд еркін өнеркәсіптік аймағы, Хузестан провинциясы]
|
[Сахлан арнайы экономикалық аймағы, Табриз, Шығыс Азербайжан провинциясы]
|
[Сарахс арнайы экономикалық аймақ, Хорасан-Резави провинциясы]
|
[Шахид Дастгейб халықаралық әуежайы, Шираз, Фарс провинциясы]
|
[Захедан логистика орталығы, Систан және Белуджистан провинциясы]
|
Қазақстан
|
Ақтөбе көліктік-логистикалық орталығы, Ақтөбе
|
«Даму» Индустриалды-логистикалық орталығы, Алматы
|
[Хай Тек Лоджистикс, Алматы облысы]
|
[«Хоргос» шекаралық ынтымақтастық халықаралық орталығы, Алматы облысы]
|
[Тау терминалы, Алматы облысы]
|
Қырғызстан
|
Аламедин, Бішкек
|
Ош станциясы, Ош
|
Лаос Халық-Демократиялық Республикасы
|
Тханаленг, Вьентьян
|
[Хуэйсай, Бокео]
|
[Лаксао, Борикхамсай]
|
[Луангпрабанг, Луангпрабанг]
|
[Натею, Луангнамтха]
|
[Удомсай, Муангсай]
|
[Паксе, Чампасак]
|
[Сено, Саваннакхет]
|
[Тахек, Каммоуане]
|
|
Малайзия
|
Контена ішкі кедендік қоймасы
|
Ішкі контейнерлік қойма
|
Насиональ, Прай
|
Паданг,Бесар
|
Сери Сетия ішкі кедендік қоймасы, Куала-Лумпур
|
Ипох жүк терминалы, Ипох
|
Нилай ішкі порт, Нилай
|
Тебеду ішкі порты, Саравак
|
[Пулау Себанг ішкі қойма, Пулау Себанг]
|
Монғолия
|
Алтанбулаг
|
Сайншанд
|
Улан-Батор
|
Замын-Уудэ
|
[Чойбалсан]
|
Мьянма
|
[Баго]
|
[Мандалай]
|
[Мавламыин]
|
[Монива]
|
[Муз]
|
[Пья]
|
[Таму]
|
[Янгон]
|
Непал
|
|
Бхайрахавы ішкі кедендік қоймасы, Бхайрахава
|
Биратнагар ішкі кедендік қоймасы, Биратнагар
|
Биргандж ішкі кедендік қоймасы, Биргандж
|
Какарбхитта ішкі кедендік қоймасы, Какарбхитта
|
[Татопани ішкі кедендік қоймасы, Ларча]
|
|
Пәкістан
|
Кедендік «құрғақ порт», Хайдарабад
|
Кедендік «құрғақ порт», Пешавар
|
Файсалабад «құрғақ порты» трасталық компаниясы, Файсалабад
|
Лахор «құрғақ порты», Мугалпура
|
Маргалла «құрғақ портты», Исламабад
|
Мултан «құрғақ порты» сенім компаниясы, Мултан
|
Контейнерлік жүк станциясы ұлттық логистикалық орталығы, Лахор
|
«Құрғақ порт» ұлттық логистикалық орталығы, Кветта
|
Пәкістан теміржолдары Прем-Нага «құрғақ порты», Кусар
|
Теміржол «құрғақ порты», Кветта
|
Самбриал «құрғақ порты», Сиалкот
|
«Жібек жолы» құрғақ порты», Сост, Гилгит, Балтистан
|
Филиппины
|
Кларк, Анджелес, Пампанга, Лузон
|
Давао Сити, Шығыс Минданао
|
Коронадал, Оңтүстік Котабато
|
|
Лагуиндинган, Шығыс Мисамис, Солтүстік Минданао
|
Замбоанга Сити, Батыс Минданао
|
Корея Республикасы
|
Ыйвана ішкі контейнерлік депо, Ыйван
|
Ресей Федерациясы
|
Янино логистикалық саябағы, Ленинград облысы
|
«Ростов әмбебап порты» мультимодалді логистикалық кешені, Ростов облысы
|
«Балтық» терминалды логистикалық орталығы, Ленинград облысы
|
«Клещиха» терминалды логистикалық орталығы, Новосибирск
|
«Доскино» терминалды логистикалық орталығы, Нижний Новгород
|
[Дмитров мультимодалдік орталығы, Мәскеу облысы]
|
[Калининград]
|
[Қазан]
|
[«Оңтүстік приморский терминалы» мультимодалді логистикалық кешені, Теңіз жағасындағы өлке]
|
[Свияждық мультимодалды логистикалық орталық, Татарстан]
|
[Уссурийска «Приморский өлкесі» терминалды логистикалық орталығы,
Приморский өлке]
|
«Таманский» терминалды логистикалық орталық, Краснодар өлкесі]
|
[«Белый Раст» терминалды логистикалық орталығы, Москва облысы]
|
[Волгоград]
|
[Екатеринбург]
|
Шри-Ланка
|
|
[Пельягода, Коломбо]
|
[Телангапата, Коломбо]
|
Тәжікстан
|
|
Душанбе, Душанбе
|
Карамык, Джиргитал
|
Худжанд, Худжанд
|
Курган-Тюбе, Курган-Тюбе
|
Төменгі Пяндж, Кумсангир
|
Турсунзаде, Турсунзаде
|
Вахдат, Вахдат
|
|
Тайланд
|
|
Латкрабанг ішкі кедендік қоймасы, Бангкок
|
[Чианконг, Чианграй]
|
[Ната, Нонгкай]
|
|
Түркия
|
|
Гелемен, Самсун
|
Казан, Анкара
|
[Богазкопру, Кайсери]
|
[Бозуюк, Биледжик]
|
[Гоккой, Баликесир]
|
[Хабур]
|
[Халкалы, Стамбул]
|
[Хасанбей, Эскисехир]
|
[Каклик, Дензили]
|
[Карс]
|
[Каячик, Конья]
|
[Косекой, Измит]
|
[Мардин]
|
[Паландокен, Эрзурум]
|
[Сивас]
|
[Туркоглу, Кахраманмарас]
|
[Усак]
|
[Енис, Мерсин]
|
[Есилбаир, Ыстамбұл]
|
|
Вьетнам
|
|
Лаокай ішкі контейнерлік қоймасы, Лаокай провинциясы
|
|
Танкан-Лонбин ішкі контейнерлік қоймасы, Донгнай провинциясы
|
Тиенсон ішкі контейнерлік қоймасы, Бакнин провинциясы
|
[Ханой]
|
[Гиалай ішкі контейнерлік қоймасы, Гиалай провинциясы]
|
Винх Пхук Ішкі контейнерлік қоймасы, Винх Пхук провинциясы
|
[Лангсон]
|
II қосымша
«Құрғақ порттарды» дамыту және пайдаланудың бастамашылық қағидаттары
1. Жалпы бөлім
Келісімнің I қосымшасында тізбеленген «Құрғақ порттарды» дамыту және пайдалану төменде баяндалған қағидаттарға сәйкес реттеледі. Тараптар «Құрғақ порттарды» салу, жаңарту және пайдалану кезінде бұл қағидаттарды сақтау үшін мүмкіндігінше барлық күш-жігерін жұмсайды.
2. Функциялар
«Құрғақ порттардың» негізгі функцияларына халықаралық сауда процесінде тасымалданатын жүктерді өңдеу, сақтау және заңмен көзделген қарап тексеруді және қолданылатын кедендік бақылауды және формальдылықтарды жасауды қамтиды. «Құрғақ порттардың» қосымша функциялары мынадай функцияларды:
а) қабылдау және жөнелту;
b) жинақтау және бөлу;
c) қоймаға жинау;
d) ауыстырып тиеуді қамтуы мүмкін, бірақ бұлармен ғана шектеліп қалмайды.
3. Институционалдық, әкімшілік және нормативтік-құқықтық тетіктер
Тараптар заңмен көзделген тексеріп қарау және мүдделі Тараптың ұлттық заңдары мен нормативтеріне сәйкес қолданылатын кедендік бақылау мен формальдылықтарды жасау тәртібін қоса алғанда, «құрғақ порттардың» дамуы мен үздіксіз жұмыс істеуіне қолайлы институционалдық, әкімшілік және нормативтік-құқықтық тетіктер жасайды. Келісімге I қосымшада тізбеленген «Құрғақ порттар» көліктік және кедендік құжаттамаларда жөнелту немесе межелі пункттері ретінде белгіленуі мүмкін. Тараптар «құрғақ порттарды» ресми тануды қамтамасыз ету мақсатында тиісті көліктік қызметтермен, халықаралық ұйымдармен және мекемелермен өзара іс-қимыл жасайды. «Құрғақ порттарға» меншік мемлекеттік, жеке немесе мемлекеттік-жекеше әріптестік шартында болуы мүмкін.
4. Құрылымы, құрастырылуы және өткізу қабілеті
«Құрғақ порттардың» өткізу қабілеті мен құрастырылымы «Құрғақ порттар» шегінде және олар арқылы контейнерлердің, жүктердің және көлік құралдарының қауіпсіз және кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін жеткілікті болуы және қажет болған жағдайда қызмет көрсетілетін көлік түрлерін және контейнерлер мен жүктердің келешектегі көлемін ескере отырып, өткізу қабілетін ұлғайтудың мүмкіндігін көздеуі тиіс.
5. Инфрақұрылым, жабдық және қуат
«Құрғақ порттар» Тараптардың қарауымен олардың ұлттық заңдарына, қағидаларына және практикасына сәйкес қолданыстағы және келешектегі тасымалдау көлемімен мөлшерлес инфрақұрылымды, жабдықты және жұмыс күшін иеленеді. Бұл жағдай ұсынымдық сипатқа ие және төменде көрсетілгендерге міндетті болып табылмайды:
а) кіруге және шығуға арналған қақпалары бар күзетілетін аймақ;
b) импорт, экспорт, жүкті ауыстырып тиеу және тез бүлінетін тауарлар, құнды жүктер мен қауіпті заттарды қоса алғанда, қауіпті жүктер үшін бөлінген ашық және жабық қойма алаңдары;
c) қоймалық сақтаудың кедендік бондтық құралдарын қамтуы мүмкін қоймалық сақтау құралдары;
d) кедендік қадағалау, бақылау инспекциялары және қойма құрылысына арналған құралдар және жабдық;
e) жүктер мен контейнерлерді өңдеу үшін тиісті жабдық;
f) опперациялық және қоймалық аймақта пайдалану үшін ішкі қосалқы жолдар және жол жамылғылары;
g) жүк көлік құралдары үшін жеткілікті тұрақ орындары бар көлік құралдарын орналастыруға арналған алаңдар;
h) кедендік қызметтер, жүк экспедиторлары, жүк жөнелтушілер, кедендік брокерлер, банктер және басқа да тиісті агенттіктерге арналған әкімшілік ғимараттар;
i) деректермен электрондық алмасу жүйесін, сканерлерді және көлік құралдарын өлшеуге арналған жабдықты қамтитын ақпараттық және коммуникациялық жүйелер;
j) орналасу ыңғайына қарай контейнерлер, көлік құралдары мен жабдыққа арналған жөндеу шеберханалары.
Достарыңызбен бөлісу: |