5 Курстың саясаты
Пәнді оқуға берілген барлық кезеңде менің сіздерге қоятын талаптарымның барлығын орындайсыз және бір-бірімізді түсінеміз деп ойлаймын.
1. Дәріс, практикалық сабақтарға қатысу әрбір студент үшін міндетті жағдай. Сабақтарға кешікпей және сабақ үстінде бір-бірлеріңізбен сөйлеспей отыруларыңыз керек. 2. Сабақты белгілі бір себептермен босатсаңыз ол сізді курсты толық меңгеруден босатпайды. Егер студент сабақтарды себепті жағдайлармен босатса, онда ол факультет деканынан анықтама-рұқсат алуға міндетті. Рұқсат алғанан кейін студент сабаққа қатыса алады. Босатқан сабақтардың тақырыптарын өтеу үшін сіз арнайы тапсырма аласыз және көрсетілген уақытта оны орындап тапсыру қажет. Тапсырма тиісті бағамен бағаланады.
3. Сіз сабақ процесіндегі аудиториялық жұмыстарға және емтихандарға белсенді түрде қатысып отыруларыңыз, сондай-ақ өз уақытында толық үй жұмысын орындауыңыз және белгіленген уақытында өткізуіңіз керек. Осылардың бәрі сіздерге жоғары рейтингілік көрсеткіштерге жетуге мүмкіндік береді.
4. Аудиториялық сабақ уақытында сіздердің ұялы телефондарыңыз өшіп тұруы керек. Егер бұл талап орындалмаса оқытушы студентті жауапқа тартуға құқығы бар.
5. Сіздер студенттермен және оқытушыларыңызбен ашық, шыдамды және мейірімді болуларыңыз керек.
6. Біреуден көшіріп алу немесе плагиат болған жағдайда оқытушының студентті аудиториядан шығарып жіберуіне немесе қанағаттанарлықсыз баға қоюына құқығы бар.
Студенттердің үлгерімін бақылау ағымдық, аралық және қорытынды бағалаумен есептеледі. Бағалау қолданыстағы «Студенттердің білімін рейтингілік бағалау туралы қаулы» бойынша іске асады. Қорытынды бақылауда емтихан алынады: ол тест немесе бақылау сұрақтары ретінде. Қорытынды балл әрбір сабаққа қатысу, рефераттарды қорғау, сондай-ақ емтихан тапсыру нәтижесінде қойылады. Баға курс бойынша қойылып, ағымдық, аралық және қорытынды бақылау қорытындысынан шығарылады.
Пән қорытындысын бақылау 300 баллдық шкала бойынша қойылады.
«Сәулет» пәнін оқытуда екі аралық бақылау өткізіледі.
1-рейтинг қорытындысы бойынша 1 - 7 апталарда – 300 балл
2-рейтинг қорытындысы бойынша 8-15 апталарда – 300 балл. Семестрдегі жалпы балл саны – 600.
Қорытынды бақылау жұмысы бақылау сұрақтары арқылы қабылданады.
Уақытында өткізілмеген тапсырмаларды 7-ші және 15-ші апталарда өткізуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |