Құрмалас сөйлем!



бет3/4
Дата25.03.2023
өлшемі1,85 Mb.
#173020
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
құрмалас сөйлем

Сабақтас құрмалас сөйлем


Құрамындағы жай сөйлемнің біреуінің көбіне алғашқысының баяндауышы тиянақсыз тұлғада келіп, екіншісіне бағына байланысқан құрмаластың түрін сабақтас құрмалас дейміз.
Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем - бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемдегі ойдың болу мақсатын білдіретін сабақтастың түрі.
Сұрақтары: Не мақсатпен? Не етпек болып? Не үшін? Неге?
а) –мақ, -мек,-бақ,-бек,-пақ,-пек етістікке тіркеледі. Керек болған затты алып шықпақ болып, өзі жалғыз кірді.
ә) Тұйық етістік пен үшін шылауының тіркесуінен: Кесе-шәйнекті сындырмай ұстау үшін, жақсы сөре керек.
б) Шартты , бұйрық және қалау рай тұлғалы етісітк пен деп көмекші етістік тіркесінен болады. Сол шаң тына қалар ма екен деп, Көпей самауырда есік алдына қойды.
Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем - бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемдегі ойдың болу мезгілін білдіретін құрмаластың түрін мезгілін білдіретін құрмаластың түрі.
Сұрақтары: Қашан? Қашаннан бері? Қашанға шейін ?
Мезгіл бағыныңқылы сөйлемнің баяндауыштары мынадай тұлғалардан жасалады.
а) Жатыс септік тұлғаласындағы есімшіден болады. Екеуі ымырт үйіріле үйден шыққанда, қонақтардың соңы әлі тараған жоқты.
ә) Есімше тұқлғалы етістік пен кезде , күнле , шаңта, уақытта деген мезгіл мәнді сөздердің тіркесінен болады: Күн ұясына төліп келген кезде, Аманкелдіге тағы он шақты адам кездеседі.
б) Барыс және шығыс септік тұлғаысндағы есімше мен шейін, дейін , кейін , соң,бері, бұрын шылаулардың тіркесінен болады. Сейіттің әке-шешес, даланың бір айналсаң қырғыны одадан өлгеннен кейін, Игілік – қалған мал-мүлкін жинап алғысы кеп жетім баланы өз қасына алдырған.
в) –Ша,-ше тұлғалы есімшіден болады. Зейнептен апасын сұрағанша, отырған жерін өзім таптым.
г) Көсемшенің – ғалы,-гелі,-қалы,-келі тұлғасынан болады:Шынында да, Барластар келгелі,Құланбай бұл үйіне кеп қалған емес.
д) Етістіктің шартты райынан да болады: Мен кетсем де, ол үйге кіреді.
е) –ысымен (-ісімен) қосымшалы етістікпен болады. Бүгін қара жел басталысымен, қиыршықтап қар да түсе бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет