Көшедегі қауіпсіздік
Ата-аналар балаларының қайда жүргенін әр уақытта білуге тиіс және төмендегідей кеңестерді естеріне салыңыздар;
Кешке дейін аулада ойнама; қараңғыда көшеде жалғыз жүрме
Көшеде бейтаныс адамдармен сөйлеспе;
Мас, күдікті адамдардан аулақ бол;
Бейтаныс үлкен адамдардың берген сыйлығын алма;
Бейтаныс адамның машинасына отырма;
Бейтаныс балалармен немесе ересектермен басқа подъезге, подвалға, бөтен үйге кірме, үй шатырына шықпа.
Егер сен бейтаныс адамның соңыңнан қалмай, аңдып жүргенін байқасаң, ,адамдар көп жүретін жаққа қарай жүгір ( аялдама, дүкен, жарығы бар көше тәрізді орындар); үлкен адамдардан, полиция қызметкерін байқасаң, көмек сұра.
Бейтаныс жерде ата-анаңды жоғалтып алсаң, сол жерден кетпе;
Аулада, үйіңде қымбат заттардың көп екендігін айтып мақтанба.
Достарыңызбен бөлісу: |