Қадірлі жамбылдықтар!
Халқымызда «Береке басы – бірлікте» деген сөз бар.
Қоғам мен мемлекет үшін еңбек ету – бірлігі бар елдің көрінісі.
Ынтымағы жарасқан Қазақстанда біз осы қасиеттің бағасын бағалай білген елміз.
Тәуелсіз Отанымыздың өміріндегі тарихи жетістіктерде әрбір патриот қазақстандықтың өз үлесі бар.
Біздің облыс өзінің бай тарихымен, еңбексүйгіш адамдарымен, халықтың озық дәстүрлеріне адал болуымен ерекше. Біз оны құрметтей білуіміз керек .
Туған жерімізді гүлдендіру жолында алға қойған мақсаттарымызды жаңа заман талабына сай орындап шығу – басты парыз болып қала береді.
Сондықтан, ел алдында есеп беруге әрбір мемлекетшіл адам өз ісімен даяр болуға міндетті. Уәде бердің бе, ол орындалуымен құнды.
Ал, еңбектің әділ бағасын халық береді.
Біз бәрін тындырдық деп айтуға болмайды. Нәтижелі жұмыс істеу үшін біз әрдайым талапшыл болуымыз керек. Жауапкершілікпен қызмет атқаруымыз қажет.
Биыл Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы. Мемлекетімізді дамыту жолындағы әрбір ісіміз – еңбек тартуымен, рухани құндылықтармен ерекшеленіп тұруы керек. Біз мерейлі жылды жаңа табыстармен атап өтуді алға қойып отырмыз.
Жамбыл облысында атқарылатын әрбір іс халықтық сипатымен көпшіліктің жүрегіне жол табады деп сенеміз.
Баршаңызға табыс тілеймін!
Достарыңызбен бөлісу: |