Құрметті Досым! Біздің Армандар картасы сенің мақсаттарыңның


«100 күн» немесе «Арманға 100 қадам»



Pdf көрінісі
бет9/10
Дата25.01.2022
өлшемі423,84 Kb.
#114374
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Армандар картасы2020
тест педогог, тест педогог, 38164869, Гос экзамен жауаптары, Гос экзамен жауаптары
«100 күн» немесе «Арманға 100 қадам».

  Жүз беттен 

кем емес жаңа дәптер немесе блакнот сатып аласыз. Әр 

бетті нөмірлейсіз де, жүзінші бетке өз арманыңызды, оны 

тап бір жүзеге асқандай етіп, толығымен суреттеп жазасыз. 

Келер шақта емес, осы шақта жазыңыз. Енді бірінші бетке 

оралып, өзіңіздің арнайы дәптер арнағаныңызды, алдағы 

жүз күн ішінде осы арманыңыздың орындалуы үшін жұмыс 

істейтініңізді жазасыз. Осылайша жүз күн бойы әр бетке бір 

жазба қалдырып отырасыз. Әр бетке өз арманыныңызға 

қатысты күнделікті өзгерістерді, не істегеніңізді жазып 

отырасыз. Егер де ешқандай өзгерістер болмаса, онда 

күніңіздің қалай өткенін, жалпы жақсы жаңалықтарды 

жазыңыз. Ұмытылып жазылмай қалған жағдайда келген 

жеріңізден ары қарай жалғастырып кете беріңіз, бірақ,  

мүмкіндігінше, үзбей жазып отырғаныңыз дұрыс.  

Мысалы, сіз гитарада керемет ойнауды армандайсыз делік.  

Жүзінші бетке: «Мен гитарада керемет ойнаймын. 

Достарым маған қызығушылықпен қарайды. Мен өзімнің 

туған күн кешімде «Алғашқы махаббат» әнін керемет 

орындап шықтым. Мен өз-өзіме сенімдімін, бақыттымын. 

Себебі, менің арманым орындалды. Мен өзімнің осындай 

жетістіктерге жеткеніме қуаныштымын» деп жазуыңыз 

мүмкін. Бірінші бетке: «Мен бүгін дәптер арнадым. Менің 




 

 

 



арманым – гитарада ойнап үйрену. Мен осы арманыма жету 

үшін соған сәйкесінше жұмыс істейтін боламын. Менде бәрі 

жақсы және ойдағыдай болады» деп жаздық делік. Екінші 

күні келесі бетке: «Мен бүгін дүкенге барып, гитара сатып 

алдым. Гитара өзіме ұнайды, қолға ыңғайлы, ұстауға жеңіл, 

т.т» деп өзіңіздің сол күні бітірген шаруаңызды жазасыз. 

Үшінші күні: «Мен бүгін хабарландырулардан гитара 

үйрету курстарын іздедім, сұрастырып уақытын, бағасын, 

мекенжайын білдім» дедіңіз делік. Төртінші күні сіз: «Мен 

бүгін гитара курсына жазылдым. Келесі дүйсенбіден бастап, 

бос уақытымда курсқа бара бастаймын» деуіңіз мүмкін. 

Яғни, сол күні сол ішкі арманыңызға қатысты жасаған 

шаруаңызды жазып отырасыз. Бұл техниканың мәні 

мынада: әрекет етесіз, соған сәйкесінше жазасыз. Жоспарлы 

түрде өз арманыңызға қарай үлкен қадам жасайсыз. 

Арманыңыз орындалу үшін күнделікті бір іс бітіріп 

отырасыз. Сонда бұл тәсіл керемет нәтижелерге тез арада 

қол жеткізуге үлкен септігін тигізеді.

 

 

Жоғарыдағы тәсілдердің барлығына ортақ 3 ереже бар:



 

 

1)



 

болымсыз етістіктерді қолданбаңыз. Мысалы, «мен 

ешқашан ауырмаймын» деген дұрыс емес, «менің әрдайым 

денім сау» деген дұрыс. Бұл жерде нақтылық қажет.

 

 

2)



 

өзге адамдарды қатыстырмаңыз. Мысалы, «менің 

балам әнші болса», «пәленше мені сүйіп өтсе», «түгенше 

менің өмірлік жарым болса» деген секілді. Ол армандар ол 

адамдардың қалауынан тыс болса, ол ешқашан 

орындалмайды. Одан да «мен өз сүйіктіммен бақыттымын» 

деп армандаңыз, себебі сіз өміріңізде одан да керемет, 

тамаша адамды кездестірмесіңізге кім кепіл?! Сондықтан 

бір адамға қатып қалудың қажеті жоқ. Егер ол адамның да 

қалауы сол болса, онда «мен ұлымның әнші болғаны үшін 

әрдайым қуаныштымын», «мен пәленшенің жары 



 

 

 



болғаныма бақыттымын» деп айтуға болады. Немесе 

«бастығым мен әріптестерім мені құрметтейді» дегеннен 

гөрі «мен өз жұмыс орнымдағы ең құрметті адаммын» 

десеңіз дұрысырақ болады.

 

 

3)



 

арман-тілектер келер шақта емес, осы шақта 

жазылуы керек. Аффирмациялар да дәл солай.  Мысалы, 

«мен табысты, бай адам боламын» деп емес, «мен табысты, 

бай адаммын» деп немесе «әдемі боламын» деп емес, «мен - 

әдемімін» деген секілді сол сәт, сол мезетті көрсете отырып 

айтылу керек.

 

 



4)

 

қандай арман-тілек болмасын, оң ниетте болу 



керек. Біреуге зұлымдық тілеген арман-тілектер өзіңізге кері 

әсерін тигізеді.

 

 

Айта кететіні – күте біліңіз. «Бүгін жасадым, ертең бола 



қалады» деп алақанды ысқылағаннан түк те шықпайды. Кез 

келген арман-тілек сіз ойлағандай болып орындалу үшін,  

оған белгілі бір уақыт керек. Бұл, бәлкім бір ай, бәлкім бір  

жыл болуы мүмкін. Сондықтан, шыдамдылық 

танытқаныңыз дұрыс.

 

 



Сонымен бірге, «Алма піс, аузыма түс» деп аспанға 

қарап жата берген дұрыс емес. Осы тәсілдерді жасаумен 

қатар, алға мақсат қойып, соған сәйкес мүмкіндігінше 

әрекет ету керек. «Әрекет ету керек» деген сөздің астарына 

толығырақ тоқталғым келіп отыр. Мысалы, біреулер: 

«Менің банк шотымда жүз мың АҚШ доллоры жатса» деп 

армандауы мүмкін. Ол арманы қалай іске асады, егер ол 

адам ешқандай банктен ешқандай шот ашпаса?! Күлкілі 

көрінеді емес пе?! Сол арманы іске асу үшін тым болмаса, 

банктен шот ашып, дүкеннен лотерея билетін сатып алып, 

ойынға қатысып көруі керек емес пе?! Бәлкім лотереядан 

ұтып қалар. Мүмкін ғой?! Мүмкін. Көлік алуды армандап 

жүрген қаншама адамдар бар. Бірақ та оның ол арманы 



 

 

 



орындала ма, егер де ең болмағанда көлік салондарына бас 

сұғып, көлік базарына бармаса?! Түрлі жеңілдікке немесе 

тиімді ұсынысқа тап келмесіне кім кепіл?! Жақсы әнші 

жұлдыз болуды армандайды десек, онда неге түрлі 

байқаулар мен сайыстарға қатысып, бағын сынап 

көрмеске?! Жеңімпаз атанып, ертеңіне-ақ жұлдыз болып 

оянбасына кім кепіл?! Немесе жақсы продюссердің көзіне 

түсуі мүмкін ғой?! Міне, бұл жердегі әрекет ету дегеніміз - 

сол арман-тілектің орындалуына жол ашатын барлық 

мүмкіндіктерді қарастырып көру. Түсіндіре алған болармын 

деген сенімдемін, құрметті оқырман?! Өз-өзіңізге сеніңіз 

және өзгерістерден қорықпаңыз. Сонда барлық нәрсе сіз 

ойлағандай оң нәтиже береді.

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет