Құрметті әріптес!



бет23/24
Дата08.10.2022
өлшемі0,76 Mb.
#152220
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
Көркем еңбек 1-тоқсан 3-сынып

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.




Тоқыма жіп



Жаңа сабаққа кіріспе



(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

1. Мейірімді және зұлым кейіпкерлері бар ертегілерді есіңе түсір.
2. Ондай ертегілер не нәрсеге үйретеді?
3. Бүктемелі кітапты қалай жасағаныңды айтып бер.
4. Кітабыңда не туралы айтқың келді? 5. Қандай әсерлегіш құралдарды пайдаландың? 6. Суреттерің-де қарама-қарсылық заңын қолдандың ба? Ол сенің кітабыңды ерекше етіп көрсетті ме?

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
31 мин.

Оқушыларға тақырып бойынша сұрақтар қояды, практикалық жұмыс жасатады.

1. Иллюстрация дегеніміз не? 2. Суретшіге қай әсерлегіш құралдар айшықты суреттер салуға көмектеседі? 3. Қарама-қарсылық заңы туралы білетініңді айтып бер.
4. Суретшілер неліктен қарама-қарсылық заңын қолданады?

Сабаққа қатысу белсенділігіне байланысты қалыптастырушы бағалау бойынша мадақтау сөздері арқылы ынталандырады.

Тапсырма орындауға қажетті құралдар.

Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.





«Бір ауыз сөз» әдісі.
Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет