Құрметті жарысқа қатысушы оқырман!
Ділдар Мамырбаева
–
қазіргі қоғамның бет-бедерін ӛз
шығармаларында бүкпесіз бейнелей білетін талантты жазушы.
Қаламгердің әр шығармасы оқырманын ой тұңғиығына батырып,
ерекше сезімге бӛлейді. Мәселен, «Әке мен бала» әңгімесі.
Аталмыш туындыда отбасы мәселесі қозғалады. Бұл
–
тек қазақ
қоғамына емес, күллі адамзатқа, жаһанға ортақ ӛзекті мәселе.
Отбасына қорған болар ер азаматтың ӛз бақытын тәрк етіп,
жауапсыздық танытуы, ана мен әке арасындағы келіспеушілік
салдарынан баланың зардап шегуі, қоғамдағы түрлі қысымдар,
әлеуметтік теңсіздіктен туындайтын мәселелер, бүтін бір
шаңырақтың шайқалуы, отбасы құндылығының құлдырауы
–
қоғамның дерті. Автор шығармасында осы бір кӛкейтесті мәселені
қозғай отырып, қай кезде де әкеге бала, ал балаға әке керегін
жеткізеді, оқырманына терең ой салады.