Құрметті жарысқа қатысушы оқырман!
Мұрат Кенжебаевтың «Кӛкіректегі мұң мен мұз»
шығармасының осы электронды нұсқасын таратуға рұқсат
бермеймін. Бұл шығарма kitapjaris ұйымдастырған кітап
сайысында оқытылды. Ӛзіңіз ғана оқыңыз. Еңбегімді
бағалаңыз. Аманатқа қиянат жасамайсыз деп сенемін.
Сыртта ойнап жүрген Мұқан ас үйден су ішпекке кірген еді,
іш жақтан нағашы атасының қатты шыққан дауысын естіп, селк
ете қалды. Ақырын барып, шелектен су алып ішті де, дәлізбен
қонақ бӛлмеге жақындап барып, тың тыңдады. Бӛлмеде үш адам
бар сияқты: айқайлап, жекіп ұрысып жатқан - бұның нағашы
атасы, шалына жасқаншақтай сабыр айтып отырған - кемпірі,
яғни Мұқанның нағашы әжесі және еңкілдеп жылап, мұрнын
қайта-қайта тартып, ӛксіп отырған бұның анасы болатын.
- Сен оңбаған қыз, мені қара жер қылдың. Некелі байың
бола тұра, неге біреумен әмпей-жәмпей болып жүрсің? Мына
елге қарар бет қалмады бізде. Сен бір шіріген жұмыртқа болдың.
Кет, құры! Енді қайта есігімді ашушы болма! Сен - мен үшін
ӛлген адамсың. Кӛзімнің тірісінде бұл үйден, бұл ауылдан
кӛрмейтін болайын. Кездесе қалсаң, бауыздап ӛлтірем!- деген
нағашы атасының дауысы шыққанда, әжесі мен анасының
жанұшырған дауысы қатар шықты:
- Папа, кешірші мені! Мен оны сүйіп қалдым. Кешірші!-
деп жалынып жатқан сәтінде: «Мұқан, шық, бол!» деген бірге
ойнап жүрген кӛрші баланың дауысы естілді. Іштегілер бір сәт
құлақ түріп тынып қалды, бұл сыртқа зытты...
Қайта-қайта үй жағына алаңдап, алысқа ұзамай жүрген
Мұқанды анадай жерден анасы шақырды. Елпелеңдей жеткен
бұны анасы құшақтап, бауырына басып:
- Балам, мен алысқа, басқа бір жаққа кетіп бара жатырмын,
біраз уақыт осы нағашыңның үйінде бола тұрасың. Осы жерден
мектепке барасың. Нағашы ата-әжең еркелетеді, нағашы Анар
жеңешең саған күнде тәтті тамақтар пісіреді. Мен басқа қаладан
үй алғасын, сені кӛшіріп алам. Сен ақылды бол, жақсы оқы! Мен
келіп алып кетем. Кӛп кешікпей келем,- деп екі бетінен кезек
сүйіп, жол сӛмкесін алды да, артына қарамастан кете берді.
Ойын қызып, есі сол ойынға кетіп тұрған 9 жасар Мұқанға
«Анамды енді кӛрмеймін-ау» деген ой мүлдем кірген жоқ-тын.
Аз-кем анасының артынан қарап тұрды да, қайта ойынға
араласқасын, бәрін ұмытты. Кешқұрым, балалар тарап, әркімді
аналары, әкелері шақырып алып жатқанда ғана Мұқанның аш
екені есіне түсті. Асыға басып нағашысының үйіне келді.
Ия, бұлардың ӛз үйі басқа ауылда, бірақ осы соңғы бір
аптада осында келген. Ӛз үйлерінде үлкен ұрыс болған, әкесі
анасын ұрып-соғып, жаман былапыт сӛздер айтып, анасы
баласын ертіп, түн ішінде шығып кеткен. Содан соң әкесін
кӛрген емес. Мұқан анасына: «Үйге барайықшы» дегенде,
анасы: «Әкең мас. Барсаң ұрады, мастығы жазылғасын барамыз»
дегесін, Мұқан кӛнген де қойған. Себебі мас адамның жынды
адамдай ешкімге әл бермей, қолына түскенмен ұрып, жұртты
қырып кете жаздайтынын білетін. Бір-екі кӛршісі солай апталап
ішіп жатқанда, бала-шағасымен осылардың үйін паналайтын.
Сол естелік ойларымен нағашысының үйіне кіріп келіп, нағашы
ата-әжесі мен нағашы ағасы Құрбанға шәй беріп отырған
жеңгесі Анарға еркінсіп:
- Жеңеше, шәй берші. Не тамақ пісіріп жатырсың?- деп
дастархан басына отырғаны сол еді, нағашысы Құрбан:
- Шық бар! Қолыңды жуып кел. Не мынау, үсті-басың шаң-
топырақ?- деп зірк ете қалды.
Бұрын-соңды бұлардан мұндай сӛз естімеген Мұқанның
жаны шығып кете жаздап, кӛзіне жас толып шыға келді.
Сүйретіле басып, ауызғы үйден беті-қолын жуып келіп, қайта
отырды. Осыны күтіп отырғандай атасы да:
-Атаңа нәлет жатыры жаман қу жетімек! Сенің де қандай
адам боларыңды ит біліп пе?! Ӛлер шағымда кӛзіме күйік
болатын болдың ғой! - деп, бетін шала сипап, орнынан тұрып
кетті. Сол күннен бастап, бұрын еркелетіп, бар дәмдісін аузына
тосатын нағашылар үйі бұған салқын қарап, бӛтенсіреп шыға
келді.
Сол бір сәттен-ақ Мұқанның жетімдік ӛмірі басталған.
Кейінірек ес білгенде түсінгені: мұның анасы іссапармен келген
бір жігітпен танысып, ешкімге білдіртпей кездесіп жүреді екен.
Алақандай ауылда құпия бола ма, біреу сезіктеніп, біреу
күмәнданып, ӛсек қылып жүргенде, бұның әкесіне де хабар
тиген. Содан әкесі жігітті ӛлтірмекші болып аңдып жүріп, қолға
түсірген екен, ана жігіт жатқан үйінің терезесінен секіріп түсіп
қашып құтылыпты.
Мұқандардың үйін ӛз атағына ауыстырып алмақшы болған
әкесінің ағасы Мұқанға қарайласатын болып, «қамқоршы» деп
белгіленген екен. Бірақ ӛмір бойы тас карьерінде жұмыс істеп
жүрген ағасы ӛте жуас, тек жұмысқа барып-келуден арыға аса
алмайтын бозымбай еді, бар шаруаны оның пысық әйелі
тындыратын. Ол үйді сату, айырбастау үшін, Мұқанның 18-ге
толуы шарт еді, «қамқоршыға» ол үшін қырғын құжат жинау
қажет болды да, Мұқандардың үйі солай қараусыз тұрып қалды.
Алда-жалда нағашыларынан зәбір кӛріп, ағасының үйіне бара
қалса, ағасының әйелі жыландай ысылдап, бұның жанын
алардай жиырылып қалатын.
Мұқанның әкесі ізім-қайым жоғалса да, арагідік «Пәлен
қалада базарда арақ ішіп жүр екен» деген хабарлар да шығып
қалатын. Ата-анасыз қалғалы маңдайынан бір сипалмаған
Мұқанға енді ол хабарлардың бірі де қызықсыз еді. Баланың
бойын қатыгездіктің уы улап, кеуде тұсындағы жүрек деген бір
уыс ет мұз кесекке айналып бара жатыр еді...
Мұқандар 17-ге толып мектеп бітірген кез бүкіл ел ала
дорба арқалап жүрген кезеңге тап келді. Мектеп бітірген
Мұқанда бір ғана мақсат болған, ол ой - баю. Жылдам баю, ӛзіне
зәбір кӛрсеткендердің бәрін алдына жығу үшін баю, елден
ерекше болу үшін кӛп ақша тауып баюды ғана ойлады.
Мектептен аттестатын алған бойда қалаға жол машинамен
тартып кеткен Мұқанда: «Не істеймін? Қалай ӛмір сүрем?»
деген шешімді ой болмады. Қалаға барған соң, кӛзіне түскен
жаман темір-терсек, алюминй, мыс теріп, тапсыра берді.
Қалағанынша тамақ алып жеп, ӛзінше бірсыпыра киінген болып
жүргенде, қаланың балаларымен танысты. Істейтін іс жоқ,
«темір тапсырады». Тапқанын қасындағылармен бӛлісіп, ішіп-
жейді. Үйлердің жертӛлелерін паналап жүргенде, бір жолдасы
«үлкен іс» барын айтып, соған шақырды. Түнделетіп барып, 4-5
жігіт болып бір қалтарыста тұрған жүк кӛлігіндегі заттарды
қоймаға түсіріп жатқанда, бұларды милиция қызметкерлері
ұстады. Кӛліктегі жүк ұрлық екен, бұлар ештеңе білмейтін,
ақшаға жалданған жүкшілер екенін білгесін, жігіттер
«куәгерлер» санатына шығарылып, зорға құтылған. Ауылға
келіп, «әзірге тыныш» жата тұрайын деп келгенде, кӛңілі қалған
нағашысына бармады, ағасының үйі жақтырмады, содан азып-
тозып тұрған ӛз үйіне келіп жатты. Ол кезде ауылда да «мыстың
дүрбелеңі» жүріп жатыр екен. Бұл да сол мыс жинап нәпақа
тауып,
ешқайда
бармай,
ауылда
сенделіп
қалған
сыныптастарына қосылды...
Күзде әскерге шақыру келді. «Мүмкін, әскерде болу дұрыс
ӛмірге бір жол кӛрсетер» деген үмітпен ӛз еркімен бірінші
кезекте әскерге аттанды. Әскерде де адам айтарлықтай тәрбие
кӛре алмады: облыс-облысқа бӛлініп тӛбелесу, үлкендердің
кейінгі келгендерге әлімжеттік жасауы. Жастайынан сұрауы
жоқ, жетімкӛкірек, намысқой Мұқанға бұл жерде тек
жұдырықтың күшімен ӛмір сүру қажет болды. Жанын одан әрі
ашындырып, жүрегін темірге айналдырып жібергені болмаса,
әскердің бұған пайдасы бола қоймады. Әскери мерзімі бітіп,
ауылына да келді. «Мұқан әскерден келген екен» деп, бұл үшін
«сүйіншілетіп» аса қуанған адам бола қойған жоқ. Бар болғаны -
баяғы әскерден қашып-пысып жүрген бір-жар құрдасымен барға
барып жуып, соңынан арақ ішіп, ӛзінің жӛндеу кӛрмеген үйіне
келіп жатып қалды.
Ертесіне басы мең-зең боп оянып, пакеттегі шәйді
қайнатып ішіп отыр еді, әкесінің ағасы келді. Екеуі бір-бірімен
салқын амандасты.
- Еее, бала, әскерден келіпсің, оң болсын! Хош келдің.
Армия деген де - бір міндетің, одан аман-есен құтылған болсаң
бопты да. Ал енді не істемек ойың бар? Қолыңнан не келеді?
Қандай тірлік қылмақсың? Әкеңнен хабар жоқ па?- деп туыстық
сезіммен сұраса бастап еді, Мұқан:
- Не тірлік дейсіз бе? Ӛзіңіз қалай ойлайсыз Әке-шеше
мейірімінен жұрдай, жастайынан кӛріп келе жатқаны: ашқұрсақ
ӛмір, кеудесінен кері итерілу, ӛмірдің екінші сорт адамындай
сезіну. Аз ба? Ендігі сценарий бойынша әлдекімдерге қосылып
арақ ішіп, қыдырып, түрлі қылмыстар жасап сотталып, жылдан-
жылға сол түрмеден-түрмеге ауысып, ӛмірімді бір барақтың
түбінде бітіруім керек шығар. Міне, сендерге!- деп қолын
шығарды да: - Мен сендерге ерегескенде бар ғой, тірі қалам,
менің мықты үйім, сұлу әйелім, астымда кӛлігім, оқымысты
бала-шағам болады. Естіп отырсың ба? Солай. Осы уақытқа
дейін бір адамға да керек болмаппын, енді маған ешкім де керек
емес. Әке дейсіз бе, менде ол болды ма?.. «Ана», «Әке» деген
ұғымдар мен үшін баяғыда ӛлген. Мен – «адамдар» деп
аталатын аңдардың арасындағы «Мауглимін», яғни бӛлтірікпін,
енді арланға айналып келе жатырмын. Мен ӛз отбасымды
құрамын, менің ӛз әлемім болады. Ол таза да әділетті әлем
болады. Ол жерде адамдарға орын жоқ. Ол тек менің қоғамым,
менің әлемім, менің отбасым болады,- деп кӛздерінен от
шашқанда, заты жуас ағасының жүрегі дір етті. Ішінен күбірлеп:
«Құдай сақтағай, піссіміллә, піссіміллә! Мына бала адам сойып
жейді ғой...» деп түршігумен үйден шыға берді.
Үйін ӛткен бағасына сатып, дүние-мүлік дегеннен бір
киер киімдерін, ӛз керек-жарағын алып, талай жылдан үйде
сақталып жүрген үлкен атасының суретін ғана алды. Ол ӛзінің
тегі Қоңыратбай деген еңсегей денелі шалдың бейнесі еді.
Кішкентай кезінен есінде қалғаны - ол атасы батыр болған.
Мұқан туыстан тек осы атасын ӛзіне ұқсатып үлгі тұтатын.
Ешкіммен қоштаспастан қалаға тартып кеткен Мұқанның
алдында, белгісіз қызық та қорқынышты ӛмір тұр еді...
Мұқанның бұл ауылдан кеткеніне 29 жыл болған екен. Сол
29 жыл ішінде не кӛрмеді десеңші, қолдаушысы жоқ, ақшасы
жоқ, баспанасы жоқ жетім баламен ешкімде сӛйлескісі келмеді.
Қайда барса да еститін сӛзі «жоқ» болды. Сауда жасап кӛрген
оны келістірмеді, сауда дегенге жібектей есіліп, иненің кӛзінен
ӛтіп тұру керек екен, жалпы анау-мынау жерде тілің майда
болып, мінезің жұмсақ болмаса ӛмір сүру қиын екен.
Ӛмірден жылылық кӛрмеген, ішер ас пен киер киімге
жарымай ӛскен, ӛмір сүруге, адам атану құқығына ие болу үшін
жұдырық пен ерегеспен ӛзіне жол салуға тура келді. Сол кездегі
«дача» деп аталатын үйлер су тегінге сатылып, кейбіреулері
иесіз қалып жатқан уақыт еді. Мұқан ауылдағы үйін сатқан
ақшаға бір бос жермен, бір үйшік сатып алып қойған, соның кӛп
пайдасы тиді. Кӛшіп бара жатқан орыс кӛршісінің жер телімі
мен қарайған құрлыс материалын арақ беріп отырып арзан алып
қалған. Екі жер орынды материалымен қосып сатып кӛп қабатты
үйлердің екінші қабатынан пәтер сатып алды. Ауысқан
ақшасына «үйренген кәсіп қой» деп қалаға жақын ауылдардан
темір терсек жинады. Бірақ бұл бизнестің де ӛмірі қысқа болды.
Бұл іске алпауыттар, «крышасы» барлар келгесін Мұқан сияқты
майда шүйделер қатардан ығысып шығып қалды.
Бір жолдас жігітінің кӛмегімен 200$ долларға бір мұнай
мекемесіне слесарь болып жұмысқа орналасты. Мінезінің
салмақтылығы, ӛзіне сенімділігі бастықтарға ұнап 4-5 айда
қоймашы болды. Сонымен бұның толық қанды адам ретінде
ӛмірі басталды деседе болады. Жұмыссыз қаңғып жүрген
кезінде ресейден кӛлік қуып еліп жүретін, солармен сӛйлесіп
жүріп ӛзіне су жаңа «жигули 06» алды. Бұл енді «бай, бойдақ
жігіт» атана бастады. Жиын тойда немес жұмыстас жігіттермен
отырыспақ, таза ауа серуендерде бір кісідей ішеді бірақ мас
болған емес, бұрынғыдай емес ашылып арқа жарқа отырмайды,
бастысы ашылып немесе дарақыланып күлген емес. Сол
салмақты, сабырлы қалпы, қабағын керіп немесе түйіп қараса
анау-мынау адамның жүрегін дір еткізердей қарайды. Қыздар
қылымсып, баз береулер тамыр таныс қыздарын тықпалап
жүрді. Бұл ешқайссына жылы шырай білдірген емес, тіпті бос
тұрған үйіне жігіт болып қыз ертіп келген емес.
Бір күні есік алдына шықса, бұның су жаңа кӛлігін
кӛршінің 3-4 жас шамасындағы кішкентай баласы жерден
тастың қиыршығын алып сызып тұр екен. Іші удай ашыған бұл
қасына екі аттап барып баланы жұлқып-жұлқып шапалақпен бір
тартты. Баланың жан дауысы шықты, жүгіріп анасы келді.
- Баланы баға алмайсыңдар ма, тәртіп үйретпейсің бе неге
туасың?- деп, ұрысып тұр.
Баланың анасы да: - Кешіріңіз, ештеңе білмейтін бала ғой
әлі, енді жоламайды қасына. Қарасаңызшы қорыққаннан дір-дір
етіп тұр. Кешіріңіз бізді, -деп бәйек боп жатыр.
- Кешірім дейсің бе?! Балаңды кӛзіңнен таса қылма.
Кешірім керек болса мынаны толық қайта бояп бересің. Қазір
кӛлікті толық бояу 40-50 мың теңге. Қане, сол ақшаны тап,
болмаса міне кӛлік, ертең кешке дейін боятып әкел, - деп
шүйлікті.
Айқайға жиналып қалған кӛршілердің үлкендер жағы: «Оу,
шырағым ау, баланың ісіне сонша шамданғаның не? Сабыр
етсеңші. Ӛзің бала болмап па едің!? Жап-жас семья қайдан
табады ондай ақшаны. Сабыр ет» десіп ақыл айтып жатыр.
Оған жіби қоятын Мұқан ба?
- Бала тууға жеткен ақылы тәрбиелеуге жетпесе кім кінәлі.
Жандарың ашып бара жатса ақша жинап беріңдер .Мен де ойнап
жүрген жоқпын, ақша жасайтын станогім де жоқ.
Саған ең соңғы мерзім ертең түске дейін. Болмаса сотқа
берем, мына кӛліктің толық бағасын ӛндіртіп алам,- деп әйелге
жеки сӛйледі. Сӛйтті де қарайған аңтарылып қалған кӛршілердің
кӛзінше кӛлігіне отырып кете барды.
Қайдан тапса да ертесіне кӛрші келіншек отыз мың теңге
әкеліп беріп тұрып: «Жап-жас болып қатыгез екенсің. Бұлай
қалай ӛмір сүресің» деп оқты кӛзін қадап тұрып алды.
- Ӛмір бал емес, қатыгездік дегеннің не екенін сен қайдан
білесің. Отызға кӛніп тұрғаныма рахмет айт. Ал балаңды енді
кӛлік жанынан кӛрсем аямаймын. Мен ескерттім- деп ақшаны
қалтасына сала салды да, есігін жауып алды. Содан соң бұның
кӛлігінің жанында бала ойнамақ былай тұрсын ересектер
айналып ӛтетін болды.
Бір күні ӛзінен үлкен бір жұмыстас жігіті келіп сӛйлесіп
отырғанда, ӛзінің жақын балдызы барын, ол қыздың да ата-
анасы жоқ екенін, осы қалада колледж оқып жатқанын айтқан.
Әкесінің немере әпкесінің қолында тұрып жатқан қыз ӛзін ӛте
қолайсыз сезініп жүргенін, жиендері онша кӛп ұната
бермейтінін, қанша айтқанмен қалалы жерде пәтерлер
таршылық қылып жүргенін айтқан.
Бұл салған жерден кездестірші деген. Екі күннен соң күндіз
апарып таныстырды. Қыздың аты Гүлназ екен. Мұқанға ӛте сұлу
болып кӛрінбесе де ақшыл ӛңді, жұмсақ кӛзді. Күлгенде екі беті
қызарып әдемі болып кететіні ұнады. Кафеде танысып отырып
екеуі ұзақ әңгімелесті. Тағдырлары да ұқсас болып шықты.
Мұқан кӛп сӛйлеуді, біреуге ұнауға тырысуды соның ішінде
қызбен сӛйлесіп кӛңіліне ұнар сӛз іздеп отырар адам емес,
турасына кӛшті:
- Гүлнәз, сен маған ұнадың. Қосылайық, қалған күнімізді
бір кӛрейік. Байқап отырсам сен ӛте ақ кӛңілсің, жұмсақсың.
Сендейлерге ӛмір сүру қиын болады. Ӛмір сен ойлағандай
қызылды-жасылды емес, адамдар да сондай бір керемет жақсы
емес. Қалған ӛмірде саған қорған болып ӛтейін, тек сен мені
сатып кетем деп, маған жамандық арамдық ойлаймын деп
ойлама. Олай жасайтын болсаң сен де, мен де бұл ӛмірде
болмаймыз. Мен орынсыз дӛрекілікке, аярлық пен арамдыққа,
жамандыққа бармаймын деп осы жерде уәде берем,-деп шын
ниетімен сӛйледі.
Әркімдердің басынып, қолдан келсе тӛсекке жыққысы
келіп жүрген ниеттерінен шошынып, қолдаушым жоқ,
қорғаушым жоқ, қалай ӛмір сүрер екенмін деп жүрген Гүлнәз
үшін мына әңгіме ашық күнде күн күркіреп, найзағай
ойнағандай кӛрінді. Шынын айтса, алдындағы ер жігіттің мысы
басып соның әсерінен шыға алмай отыр еді.
-Қайдан білейін Мұқан, бұрын соңды бұндай жағдай кешіп
кӛрмеппін, екеуміздің танысқанымызға әлі үш сағат та болған
жоқ. Танысып болмай жатып қосыламыз деу қызық екен.
Екеуміз
бір-бірімізді
дұрыс
танымаймыз
да
ғой,-деп
күмілжіңкіреп жауап берді.
-Гүлнәз, кейде бір адамды білу үшін жылдар жетпеуі
мүмкін, кейде кӛзіне бір қараудың ӛзі жеткілікті. Мен жақсы
күйеу болам ба, жоқ па анық білмеймін. Менің білерім мен сені
ешкімге қорлатпаймын. Кеудемде жаным барда ештеңеге
мұқтаж қылмаймын. Сӛзім осы.
«Ия» деп маған сенсең осы жерден қол ұстасып бірге
шығамыз, «жоқ» десең осы жерден қоштасамыз,-деп қадалып
тұрып алды. Гүлнәз Мұқанның кӛздеріне тура қарап тұрды да,
жас толып тұрған кӛзін тайдырып үнсіз бас изеді. Бұлар сол күні
үш-тӛрт жолдастарымен Мұқанның үйінде «отырыспақ» жасап
ӛздерінше тойдың «кеңесін» жасаған болды.
Ертесіне Гүлнәздің азын аулақ киім-кешегін алуға барғанда
қыздың апасы бір ӛнер кӛрсетті. «Қалыңсыз қыз болса да,
кәдесіз қыз болмайды» қайткенде де азын аулақ кәде-ырым болу
керек. Ӛмірлеріңнің «басы майлы болса, соңы сайлы болады»
деп ӛзінше әңгіме айтып бастаған. Мұқан да бұлардың қыр-
сырын Гүлнәздан естіп қанық болған, әсіресе бір бастық
жақынына «тоқалдыққа» бермекші болғанын естігенде қатты
ашуланған. Бірақ бұл жерде салғыласып отырмады, оның үстіне
апайы «ӛлі тірісі» деген кәде бар, Гүлнәздің ата-анасы риза болу
үшін сол кәде жасалу керек дегесін, Гүлнәздің апасы мен
алпысқа таяп қалған жездесіне қолындағы машинаның кілтін
ұстатты. Ол кездерде әлі кӛп адамның қолы жете бермеген
жаңадан алынған «06 жигули» екеуінің де аузына құм құйды.
-Мен жетім ӛстім, бәрін ӛзім жасадым, ырым-сырым
дегенді білмеймін. Алсаңыздар кілт, міне, құжаттар кӛлікте,
аттарыңызға аударып алуға сенімхат берем. Болды. Бітті
осымен. Осыны алып қалған ырымдарыңызды соған
сыйғызарсыздар, - деп Гүлнәзін жетектеп шығып кетті.
Жұмысындағы үлкен кісілердің айтуы мен жолдас
жігіттердің қолдауымен 40-50-дей адаммен кафеде той болып,
беташар рәсімі жасалды. Сол кезде ресейдегі «дефолттің»
пайдасы Мұқанға тиді, жұмыста жүріп ақ ресейден арзан
тауарлар алдырып қаржылай біраз кӛтеріліп қалды. «Черновой
вариант» деген ремонтсыз арзан үйлер алды. Ремонттап
Гүлнәздің атына қойып жалға беріп тастады. Тағдырдың тар
қыспағын тартқан екі жетім «күн кӛреміз, адам қатарына
қосыламыз» деп алға қол ұстасып кете берді. Арада 20 жылдан
аса уақыт ӛтті. Мұқан 49-ға келді.
Мұқан мен Гүлнәз бұл кезге дейін бір ұл, екі қызды болды.
Үлкен ұлы үйленіп, екі қызы бойжеткен кезеңде де Мұқанның
кӛкірегіндегі баяғы ызалы арман кетпей жүр еді.
Ол арман ауылға кӛшіп барып, еңселі үй салып, қымбат
кӛлікпен ауылды айналып шығу еді. Осы ойын әйеліне айтып
«менің әлі жетпеген мақсатым бар» дегенде, жарының бетіне
келуді білмейтін Гүлнәз: - Оны ӛзіңіз шешесің отағасы. Сен
қалай айтсаң мен кӛнем, ана екі қыз қарсы болмаса. Ұл қайда
барар дейсің кӛнеді ғой. Жаңа мүшеліңді жаңа қоныста қарсы
алып, сенің бір ашылып күлгеніңді кӛрсек армансыз болар едік,-
деп билікті Мұқанға бере салды. Шындығында да Гүлнәз
күйеуінің шын ашылып кәдімгі еркекше қарқылдап, тарқылдап,
кеңкілдеп күлгенін кӛрген емес. Қыздары еркелеп, «қаладан
ауылға кӛшеді деген не? Ол жақта не қызық бар» деп
қиқаңдағысы
келген,
әкелері:
«Сендер
ӛкінбейсіңдер,
қорықпаңдар, мектеп бітіргесін қалаған қалада оқисыңдар» деп
еді екеуі де үнсіз қалды, яғни кӛндік дегендері еді.
Мұқан туған ауылының шетінен, сырттан кӛптеп кӛшіп
келіп жатқан ағайындардың арасынан екі жер телімін алып
бірден коттедж кӛтерді. Әрине қаладағы бір пәтердің ақшасына
ауылдан екі үй салуға жететінболғасын бұл ақша аямады.
Отбасымен қалада жүріп бірде бір таныстың кӛзіне түспестен
құрылыстың бар шаруасын құрылысшылардың бригадиріне
тапсырып қойып, ӛзі аптасына келіп-кетіп жүрді. Мерзімінде
біткен үйге бір демалыста кӛшіп келіп кіріп алды. Үлкен дуал,
үлкен дарбазаның ар жағында ешкіммен араласпай бір айдан
кӛбірек тұрды.
Мұқан мен Гүлнәздің ендігі тілегі - мына сән салтанаты
асқан үйде томпаңдап немеренің жүгіріп жүргені. Мұқан сонда
тӛрт құбылам теңеліп, баяғы қол ұшын тигізуге жарамаған
нағашылар мен ағайыннан есем қайтар деді. «Кӛрсін олар,
уақытында мені шеттетіп қақпайлаған қалай болғанын. Мені
құрып кетеді деп ойлап еді. Мен олардан озып кеткенімді
кӛрсін, күйінсін» деген ой Мұқанның мазасын алып жүрген.
Әйелі: «Отағасы-ау, бұл жерді ата қоныс қыламыз деп
келдік емес пе? Бір мал сойып, ең болмаса молда шақырып
кӛршілер мен танысар бірдеңе жасамаймыз ба?-деген болатын.
Мұқанның ойында да бар нәрсе еді ол. Тек «Немерелі болмай
жүрмін» деген жағдай алдынан кесе кӛлденең кетпей жүрген.
Қанша айтқанмен әйел деген аты бар, Гүлнәз келіні екеуі
«жеті нан» шелпек таратып, жақын маңда тұратын үлкендеу
кісіні шақырып құран оқытты. Мұқан үндеген жоқ, бір қалпы.
«Ее, қабыл болсын» деп қоя салды. Мұқан да, ұлы да аят, құран
сүресі дегеннен мақұрым жандар еді.
«Ағайынды қалай шақырам? Мына жетістігімді қалай
кӛрсетем, нағашыларыма қалай мақтанам?» деп жүрген
күндердің бірінде Мұқан түс кӛрді, түсінде қолында жалаң
қылыш бар еңгезердей Қоңыратбай атасы қуып келеді екен. Бұл
жан ұшыра қашып келеді, қашқаны құрысын екі аяғында дәрмен
жоқ аяқтары алға баспайды, ӛзінен ӛзі ақ тер кӛк тер болып
әбден амалы таусылғасын, «ата» деп айқайлап басын қорғай
берді. Еңгезердей дәу шал үстіне тӛніп тұрып «Ей оңбаған,
жетесіз. Ана кӛкрегіңдегі мұзды қашан ерітесің. Менің ұрпағым
үзілсін демесең мұзды жібіт, мұзды» деп шегіне берді». Кӛзін
ашып қалған Мұқан малмандай су боп терлеп жатыр екен.
Таңертең түсін әйеліне айтып отырып әлгі «Ата-баба
әруағына» деген садақаларыңа дайындала беріңдер, мен
ағаларыма, нағашыларыма барып амандасып, ақылдасып
келейін деп түске таман кеткен. Баяғыдай емес ағасы да, жеңгесі
де үлкейген кӛздеріне жас алып, қарсы алды. Мал соямыз деп
әурелеп еді, бұл нағашысына да баратынын айтып бас тартты.
Үйіне шақырды. «Ертең азанмен бала, келін, немерелерін алып
жиналып барамыз» деген сӛзін алып болғасын нағашысына
барды. Оларда жылы қарсы алды. Баяғы Анар жеңгесі кешірім
сұрап отырып еңкілдеп кӛп жылады. Бұлардың «Мал сояйық,
кішігірім той берелік» дегенге Мұқан ыңғай бермеді.
Солардан шығып кешке таман үйіне қайтты. Базарға
барып, аралап кӛріп, жеміс-жидек, оны-мұны алып шығам деп
кӛп жүрді. Ӛзінің кӛшесіне түсіп қарап келеді, әркім ӛзінше
тырмысып жатыр. Біреулер үй салып болып қалған, біреулері
жаңа бастап жатыр, енді біреулері «осығанда шүкір» деп екі
бӛлмелі баспананы паналап отыр. Үйіне екі-үш үй қалғанда
құмда ойнап отырған жас шамасы аралас 7-8 бүлдіршінді кӛріп
еріксіз тоқтады. Қастарына келіп:
- Балалар не ойнап отырсыңдар, мені қосасыңдар ма
ойынға? Мен кішкене қастарыңда ойнайын. Оның орнына
сендерге алма, алмұрт, жүзім берем, -деп кӛлігін ашып,
жемістерін түсіре бастады.
Балалар жемістерден таласа тармаса алды да, мұның
қасына отыра қалып «аға мә, менің машинам күшті топырақ
тасиды» десе, енді бірі «мә менікін ал, менікі қатты жүреді»
десіп шуласып жатыр. Мұқан, кішірек бір баланың қолындағы
алмасымен бірге сүріне қабына ойнап жүгіргенін кӛріп күлді,
кӛзіне жас та келді. Балалық шағына деген сағыныш кӛзінен
моншақтап жүзін жуып отырса да, балалармен бірігіп «врымм,
бым, бамп бамп» деп ойнап отыр. Балалардың қасына әдемі
кӛлік тоқтағанын, балалар жеміс-жидекке қарық болып
жатқанына үрейлене жинала бастаған шешелері балалардың
қылығына әбден есі кетіп, кейде қарқылдап күліп отырған үлкен
кісіні кӛріп таңырқай қарасты.
Күйеуінің кешіккеніне алаңдаған Гүлнәз келінін: «Кӛшені
қарашы атаң кӛрінбес пе екен, бағана келе жатырмын деп еді»
деп жұмсаған еді. Үлкен дарбазадан шығып қараған келін екі-үш
үй былайырақ жерде атасының кӛлігі тұрғанын кӛрді.
Жылдамдатып жеткен де, атасы балалармен мәз мейрам боп
топыраққа аунап күліп жатқанын кӛрді. Ізінше үйге жеткенше
асыққан келіннің алдынан Гүлнәз шыға келді. «Не болды? Атаң
кӛрінбей ме?» деген сұрағына келін «Атам бар, кӛрші
балалармен құмда ойнап отыр. Атам мәз болып күліп отыр,
мама атам күліп отыр» деп таң тамаша қылды.
Екеулеп жаңағы жерге қайта жетті.
Расын да да Мұқан есі кетіп еліріп балалармен ойнап мәз
мейрам боп күліп отыр. Гүлнәз таң тамаша болып тұрған кӛрші
келіншектерге «тсс» деп сұқ саусағын ерніне тигізіп ишара
жасап, ӛзі күйеуінің бетіне риза кейіпте үнсіз жасаурап қарап
тұрды. Келіні шыдамай: -Туу мама, не боп кетті біреуіңіз
балалармен ойнап отырып күліп жылайсыздар, екіншіңіз соны
кӛріп жылайсыздар. Не болып жатыр ӛзі. Сіздерге керегі бала
ма? Ішімдегіні туып жолын үйреніп алайын, сосын сіздерге бір
балабақшаның баласын туып бермесем бе, - деді.
Гүлнәз келініне қарап: -Ішімдегіні!? Не дейді? Сен не бала
кӛтердің бе?-деді, даусы жарықшақтана шықты.
- Ия, әлі мерзімім ерте болғасын тосын сый қылмақшы
едім,-деп қарап тұр ыржиып.
Гүлнәз ауа жетпей қалғандай қарманып, аяқ қолын
ербеңдетіп кӛрші келіншектерді кезек-кезек құшақтап:
- Мен әже болам. А құдай бергеніңе шүкір. Е, Алла сәтін
сала гӛр, - деп барып күйеуін құшақтады. - Жаным, Мұқан.
Азаматым. Сен ата боласың естисің бе? Үлкен атам жәй кірмепті
түсіңе. Алла оңынан бұйыртқай, - деп жалбарынып отыр. Ал
Мұқанның кӛз жасы әлі тоқтар емес, саулап ағып жатыр.
Бұл неше бір жылғы жүрекке жиналған мұз еді, сол еріп
жатты. Кӛңілдің мұңы да, кірі де, ыза мен кек те кӛзден жас боп
ағып жатты...
Осы күнге жету үшін жанталасып, жағаласып күй кешкен
екі жетімді түсінбеген кӛршілер «мыналардың есі дұрыс па?»
деді де қойды...
Достарыңызбен бөлісу: |