|
Құрсақішілік бактериальді инфекцияларда инфицерленудың негізгі жолын таңданыз
|
Дата | 29.11.2022 | өлшемі | 105,63 Kb. | | #160266 |
| Байланысты: 4 курс студенттеріне емтиханға арналған сұрақтары
1.Құрсақішілік бактериальді инфекцияларда инфицерленудың негізгі жолын таңданыз:
2.Туа болған хламидиозға тән клиникалық симптомды таңдаңыз
3.5 күндік нәресте. Құсу, мазасыздық, құрысулар, үдемелі гидроцефалия анықталады. Окулист қарағанда: хориоретинит, көз аймағы нервтің атрофиясы.Болжам диагнозыңыз:
4.Жаңа туған нәрестеде Грегг триадасы анықталады: туа болған саңырау, көздің катарактамен зақымдалуы, микроофтальмия, жүректің ақаулары. Болжам диагнозыңыз:
5.7 күндік нәресте. Микрофтальм, хориоретинит, құрысу, гидроцефалия анықталады. Негізгі қосымша диагностикалық әдісі болып табылады
6.Нәрестенің анасында жүктіліктің 28-29 аптасында қызба жағдайы жыныс мүшелерінің кілегей қабаттарында көпіршікті бөртпелермен пайда болған. Босану34 аптада, салмағы 2300. Интоксикация, сарғаю, тыныс жетіспеушілік, орталық жүйке жүйесінің зақымдануы, олигурия салдарынан жағдайы ауыр. Өмірдің 2-ші күнінде ауыздың кілегей қабығында везикулярлы бөртпелер пайда болды. Ауруды емдеуге арналған препаратты таңдаңыз:
7.Бала 36 аптада дүниеге келді, салмағы 2100, гепатоспленомегалия, ісіну, сарғаю, алақандар мен аяқтардағы пемфигус. Сіздің клиникалық диагнозыңыз
8.Бала 32-ші аптада дүниеге келді, салмағы-1400 г., жағдайы ауыр, интоксикация, пневмония, гепатоспленомегалия, арқасында, ішінде, кілегей қабаттарында гранулематозды бөртпелер. Сіздің клиникалық диагнозыңыз:
9.Бала 29 аптада дүниеге келді. Жүктіліктің 27 аптасында анасында кольпит анықталған, емделмеген. Жаңа туған нәрестеде өмірдің 8-ші күнінде қабақтың ісінуі, коньюктиваның гиперемиясы кілегейлі-ірінді бөлініспен пайда болды. Аймақтық дәрігерменальбуцид тағайындалды. Әсер болған жоқ. Аурудың этиологиясын анықтаңыз:
10.5 күндік нәрестеде склерема, сарғаю, гепатоспленомегалия, гепатит, менингоэнцефалит анықталады. Зәр түнбасында үкі көзі сияқты жасушалар анықталды. Сіздің болжамды диагнозыңыз:
11.Жедел лейкоз диагнозына ең манызды лабораториялық көрсекішті таңдаңыз
12.Жедел лейкоз кезіндегі анемиянын даму механизмін таңдаңыз
13.Астеникалық синдроммен жоғарғы қызудың свечаларының байқалуы қандай ауруда кездесетінін таңдаңыз
14.Қай қан ауруында миы жиі арнайы менингоэнцефалит түрінде зақымданатынын таңдаңыз
15.Теміржетіспеушілік анемияға қандай лабораториялық көрсеткіш тән
16.Темірдің латенттік тапшылығы кезінде төмендейтін көрсеткішті таңдаңыз
17.Заңды түрде темір жетіспеушілік анемия дамитын ауруды таңдаңыз
18.Теміржетіспеушілік анемия кезінде бала ас мәзірінде қандай тағамды көбейту керек екенін таңдаңыз
19.Темір жетіспеушілік анемия кезінде көтерілетін көрсеткішті таңдаңыз
20.Балаларда темірдің латенттік тапшылығын анықтайтын лабораториялық көрсеткішті таңдаңыз
21.Ер бала 3 жаста. Соңғы айларда әлсіздік, тәбеттің төмендеуі, бозару, қызыл иектің қан кетуі пайда болды. Аяқтарының ауырсынуына шағымданады, катаральды белгілерсіз фебрильді сандарға дейін температураның көтерілу эпизодтары байқалады. Тексеру кезінде дәрігер лимфа түйіндерінің, бауырдың, талақтың ұлғаюын анықтады. Қан анализінде: Hb 60 г/ л, эр. – 2,6 х 109/л, лейкоциттер – 27,9х109/л, тромбоциттер 11,9х109/л, СОЭ-45 мм/сағ. Қандай ауру болуы мүмкін?
22.1,5 жастағы қыз бала. Мамасын мазалайды баланың жардан ақ жалайды. Қарағанда терісі және кілегей қабаттары бозғылт, тырнақтары сыңғыш. Қанағыштық жоқ. Жүрек тондары дыбысты, ырғақты, жүрек ұшында қысқа систолалық шу естіледі. Бауыры +1см, талағы пальпацияланбайды. Сары судағы темір 7 ммоль/л. Ең ықтимал ауру?
23.6 жастағы ер бала. Шағымдары: тәбетінің нашарлауы, шаршағыштық, әлсіздік, терісінің бозаруы. Аурудың нақты басталу белгілері жоқ, бірнеше ай бойы себепсіз дене қызуының көтерілуі байқалған. Терісінде біркелкі қан құйылулар, көптеген лимфа түйіндерінің, бауырының ұлғаюы. Қандай лабораториялық көрсеткіш нақты диагноз қоюға көмектеседі?
24.4 жастағы қыз бала, 1 ай бойы анорексия, тез шаршағыштық байқалады, жата беруді ұнатады. Соңғы аптада терісі айқын бозарған, теріде бөлек қан құйылулар, периодты түрде температуралық «балауыздар» анықталды. Бірінші кезекте ЖҚА-нан бөлек қандай зерттеу жүргізу қажет?
25.5 жастағы бала, мальабсорбция синдромымен ауырады, салмақ жетіспеушілігі бар. Терісі, кілегей қабаттары бозғылт, трофикалық бұзылыстар, эпителиальды синдром, астеникалық синдром. Қанда гипохромия, гемоглобиннің 80г/л дейін төмендеуі. Бұл анемияны емдеудегі негізгі принцип болып табылады
26.4 жастағы бала, гематологиялық бөлімшеге бірінші рет қызба, интоксикация, лимфа түйіндерінің ұлғаюы, бауыр ұлғаюы, терідегі геморрагиялық бөртпелер шағымдарымен келіп түсті. Қанда анемия, тромбоцитопения, лейкопения анықталады. Жұлын-ми пункциясын тағайындай отырып, дәрігер қай ауруды болжап отыр
27.Бала 3 жаста. Шағымы: шаршағыштық, энурез, тәбетінің төмендеуі. Терісінің және кілегей қабаттарының бозаруы анықталады. Геморрагиялық синдромы жоқ, бауыры мен талағы ұлғаймаған. Анализінде қандай өзгерістер болуы мүмкін?
28.Бала 1 жас 4ай. Салмақ жетіспеушілік 25%. Мазасыз. Терісі бозғылт, ауыз бұрышында ауыздық байқалады. Іші үлкейген, үрленген. Бауыры +2 см. Нәжісі көп мөлшерде, жағымсыз иісті, нашар кетіріледі. Қанда НВ 70 г/л, эритроциттер 3,0х1012/л, гипохромия. Анемияның емінде қандай нұсқау ен дұрыс?
29.Баланың қан анализінде анықталды: НВ - 50 г/л, эритроциттер – 2,1х1012/л, тромбоциттер - бірлік, лейкоциттер - 24,4х109/л, лимфоциттер - 68%, СОЭ - 48 мм/сағ. Қандай зерттеу диагнозды дәл анықтауға мүмкіндік береді:
30. 1 жас 6 айлық бала.Салмақты жақсы қосады. Жиі суық тию, бозару мазалайды. Сүтті, вегетариандық қосымша тағамдарды жейдіБалада қан кету, гепатоспленомегалия және дене қызуының жоғарлауы жоқ. Қанда анемия анықталды. Лабораториялық мәліметтерде не күтесіз? Үш жауап дұрыс:
31.1 жас 3 айлықбала. Тамақ нашар жейді, шикі қамырды жақсы көреді. Тері, кілегей қабаттары бозғылт. Ішкі мүшелер бойынша ерекшеліктер жоқ. Тексеру кезінде: Нв - 85 г/л,эрит - 3, 7х1012/л. Қан анализінде тағы қандай өзгерістер күтесіз? Үш жауап дұрыс:
32.2 жастағы балада терінің және кілегей қабаттардың бозаруы, тырнақтар мен шаштың сыңғыштығы жоғарылайды. Ата-аналар баланың дәретхана қағазын жейтініне шағымданады. Тәбеті төмендеген. Ішкі мүшелер бойынша ерекшеліктер жоқ, бауыры + 1 см. Энурез. Темір жетіспеушілік анемиясы диагнозы қойылған. Диагнозды растау үшін осы зерттеу әдістерінің қайсысы қажет. Екі жауап дұрыс:
33.Екінші жастағы балада шаршау, жиі аурулар, терінің және кілегей қабаттардың бозаруы байқалады. Ботқа, шай, шелпек жегенді ұнатады. Геморрагиялық, пролиферативті синдромдар жоқ. Бұл ауруда қандай өнімдер ұсынылады. Екі жауап дұрыс:
34. Бала 1,5 жаста, ішек инфекция, пневмониямен ауырған. Осыдан кейін тәбет төмендеді, тек сиыр сүтін жейді. Тері, кілегей қабаттары бозарған, шашы жұқа, лимфа түйіндері ұлғаймаған, мүшелер бойынша ерекшеліксіз, нәжісі тұрақты. Қанда Нв 85г / л, ТК-0,7. Дұрыс мақсатты таңдаңыз
35.Бала 3 жаста. Ұзақ аурудан кейін дәм мен иіс сезу бұрмалануы пайда болды. Тері, кілегей қабаттары бозарған, шашы жұқа, лимфа түйіндері ұлғаймаған, мүшелер бойынша ерекшеліксіз, нәжісі тұрақты. Қанда Нв 85г / л, ТК 0,7. Дәрігер балаға ферум лек тағайындауға шешім қабылдады. Қандай дозаны таңдау керек (мг/кг):
36. Операциядан кейін 4 жастағы баланың тәбеті нашар, бор жейді, белсенді емес. Зерттеу қан сарысуындағы темірдің төмендеуін, гемоглобиннің төмендігін анықтады. Темір препараттарын тағайындаумен бірге қандай препараттар ұсынылады. Екі жауап дұрыс:
37.Бала 3 жаста, емшек емеді. Ет, көкөністерді нашар жейді. Тері бозарған, аяқтарында бірен саран көгерулер. Мойын лимфа түйіндері бұршақ мөлшері әр жағынан 2-3 құрайды. Жүрегінде жүрек ұшында систолалық шу. Жүрек соғу жиілігі 105 1 мин. Бауыр + 1,5 см. ЖҚА НВ 80 г/ л, эрит. 3, 5х1012/л, тромбоциттер 180х109/л. Дагноз қою үшін қандай зерттеу қажет? Екі жауап дұрыс:
38.Лейкозға қандай клиникалық симптом тән емес:
39.Темір тапшылығы анемия диагнозына қайшы келетін қан көрсеткіші қандай?
40.Теміржетіспеушілік анемияның клиникалық көріністері болып табылады. Екі дұрыс жауап:
41. Қандай ауруларда тромбоцитопения байқалады. Үш дұрыс жауап:
42.Пролиферативті синдром қандай ауруға тән:
43.Лейкоздың бастапқы кезеңіне тән клиникалық белгілер. Үш дұрыс жауап:
44. Теміржетіспеушілік анемияда эритроциттердің микроскопиясы кезінде анықталады. Үш дұрыс жауап:
45.Темір асқазан-ішек жолының қай жерінде сіңіріледі:
46. Организмдегі темір депосы:
47.Балаларда темір тапшылығы анемияның даму себептеріне жатпайды:
48.Бронх демікпесінің патогенезінде нысана-жасушаларыболып табылады
49.Үй жағдайында бронх демікпесінің бағалау үшін жүргізілетін зерттеуді таңдаңыз
50.Бронх демікпе кезінде ұстаманы басуды қай препараттан бастайтынын таңдаңыз:
51.Қандай ауру/жағдай кезінде «мылқау өкпе» анықталатынын таңдаңыз
52.Қандай аурудың негізінде метеожағдайдың өзгеруі жатқанын таңдаңыз
53.Мектеп жасындағы балаларда бронх демікпесінің ұстамасы кезінде сырылдар сипатын таңдаңыз
54.Физикалық жүктеме экспираторлы ентігуді коздыратын ауруды таңдаңыз
55.Мектеп оқушыларына арнайы иммунотерапия жүргізілетін ауруды таңдаңыз
56. Атопиялық бронх демікпесінің ұстамасына тән
57.Бронх демікпесінде триггерлерге не жататынын таңдаңыз:
58.7 жасар ер бала. 5 жасынан бастап экспираторлы ентігу мазалайды. Жағдайының нашарлауы дене шынықтыру сабағынан кейін. ТЖ 36 рет минутына, тыныс шығаруы қиындаған, температурасы қалыпты, перкуторлы қораб дыбыс, барлық өкпе аймақтарында көптеген құрғақ ысқырықты сырыл естіледі. Бауыры қабырға доғасынан +1см шығынқы. ЖҚА – Нв – 118 г\л, Эр. – 4,3х1012 /л, Лейк – 6,3х109 /л, э – 8%, п\я – 1%, с – 48%, л- 29%, м- 8%, ЭТЖ – 3 мм/с. Диагнозыңыз?
59.Қыз 9 жаста. Бронх демікпесімен бақыланады. Күндізгі белгілер күн сайын байқалады, түнгі белгілер аптасына 1 реттен көп, өршуілер белсенділікті бұзады, ПСВ 60-80% құрайды. Аурудың ауырлығын анықтаңыз.
60.Респираторлы аллергозбен ауыратын 8 жасар бала реанимация бөліміне периоральды цианозбен, айқын экспираторлы ентігумен, ұстама тәрізді азапты жөтелмен түсті. Анамнезінде: ентігу 8 сағат бойы сақталып тұр, осы уақыт ішінде 6 рет вентолинмен ингаляция жасалынған. Өкпесінде тынысы әлсіреген, сырылдар жоқ.. Ең мүмкін болжам диагноз
61.5 жастағы балада көктемде серуендеу кезінде құрғақ жөтелмен қосарланған тұншығу ұстамасы пайда болды. Ұстама дәрі қабылдауынсыз тез басылды. Мұндай қысқа мерзімді ұстамалар өткен жылы да байқалды, бірақ ата-анасы дәрігерге қаратқан жоқ. Анамнезінде - тағамдық аллергия. Тыныс демікпесіне күдік пайда болды. Қандай ауру ағымы орын алады?
62.Қыз бала 10 жаста. Тыныс шығарудың қиындауына, аз қақырықты мазалайтын жөтелге шағымданады. Мұндай жағдай дене шынықтыру сабағынан кейін пайда болды. Ерте жасында экземамен ауырған. Анасында созылмалы бронхит. Өкпесінің екі жағында ысқырықты сырылдар естіледі. ТЖ= 48 р/мин, ЖЖС= 128 р/мин. Осы аурудың рентгенографиялық көрінісі қандай:
63.Балада 7 жастан бастап шулы қиындаған тыныс эпизодтары байқалады, вентолинмен ингаляция жасау арқылы жойылады. Базистік ем тағайындайды. Баланың жағдайына мониторинг жасау үшін қандай әдіс қолданылады?
64.7 жастағы қыз бала ауруханаға түсті. Дем шығаруы қиындалуымен шулы тыныс, ТЖ 34 рет минутына, ЖСЖ 112 рет минутына, жайылмалы құрғақ ысқырықты сырылдар. Ұстаманың жоюды неден бастау керек?
65.9 жасар бала, 2 жыл бұрын атопиялық тыныс демікпесі анықталды. Базисті ем алады. Бұл науқасқа диета бойынша не тағайындау қажет?
66.Бала 4 жыл бойы тыныс демікпесінен зардап шегеді. Анасы дәрігер тағайындауларын мұуқият орындайды, базисті ем жүргізеді. Ем оң нәтиже бергенде қандай әсер болуы мүмкін?
67.Балада орташа ауыр ағымды атопиялық бронх деиікпе. Спецификалық емің тағайындау үшін балаға қандай зерттеу жүргізу керек?
68. Ерте жастағы балаларда аллергиялық ауруларды жиі тудыратын аллергендерді таңдаңыз:
69.Қыз бала 7 жаста. Анамнезінде кезеңді қинайтын түнгі жөтел. Мысықпен ойнағаннан кейін құрғақ жөтел мен тыныс алудың қиындауы пайда болды. Өкпесінде құрғақ ысқырықты сырылдар бар. ТЖ=35 р/мин, ЖЖС=105 р/мин. Перифериялық қанда қандай өзгерістер болуы мүмкін?
70. Науқас 7 жаста. ЖРВИ аясында ұстама тәрізді мазалайтын жөтел, қиын дем шығаруы пайда болды. Анамнезінде жиі суық тию,. 2 жасқа дейін тамақ аллергиясы болды. Стационарға түскен кезде ентігу 2 сағат сақталады. Өкпеде шашыраңқы құрғақ ысқырықты сырылдар, тахикардия естіледі. Қандай диагноз ықтимал:
71. науқас 7 жаста. Балықжегеннен кейін ұстама тәрізді мазалайтын жөтел, киын дем шығаруыпайда болды. Анамнезінде: жиі суық тию, 2 жасқа дейін тамақ аллергиясы болды. Өкпеде шашыраңқы құрғақ ысқырықты сырылдар, тахикардия. Бұл жағдайдың дамуына қандай механизмдер негіз болады. Екі дұрыс жауап:
72.Мектеп жасына дейінгі балада экспираторлық ентігудің қайталанған эпизодтары, температураның көтерілуінсіз түнгі спастикалық жөтел және қан анализінде өзгерістер байқалады. Бұл аурудың негізі неде. Екі дұрыс жауап:
73.5 жастағы балада 3 жыл ішінде вентолинмен тоқтатылған тұншығудың қайталанған эпизодтары бар. Қабылдау кезінде дем шығару қиын, ТЖ – 56 дейін, 1 минутында, өкпеде ысқырықты сырылдар, тынысы екі жағынан да әлсіреген. Қан анализінде не болуы мүмкін. Екі дұрыс жауап:
74.Аллергиялық ауруларға тұқым қуалайтын бейімділігі бар бала шулы тыныс алу, тахипноэ, қосымша бұлшықеттердің тартылуы, өкпеде шашыраңқы ысқырықты сырылдармен ауруханаға түстіКеуде рентгенограммасында не күтесіз. Екі дұрыс жауап:
75.5 жастағы балаға жануарлармен қонтакта болғаннан кейін бірнеше рет ентігу ұстамадары негізінде бронх демікпесі диагноз қойылған. Осы аурумен ауыратын балада ұстамалардың қандай тэквиваленттері болуы мүмкін. Екі дұрыс жауап:
76.Аллергологтың есебінде 3 жыл тұрған 8 жастағы бала ингаляциялық кортикостероидты 1 ай алды. Жан сақтау бөліміне периоралды цианозбен, айқын экспираторлы ентікпемен, ұстама тәрізді қинайтын жөтелумен түсті. Анамнезінде: мысықпен ойнағаннан кейін ентігу пайда болды, 8 сағат сақталады, осы уақыт ішінде 8 рет вентолин ингаляциясы, 3 рет амбробене, екі рет зетренал жүргізілді. Өкпеде тыныс әлсіреген, сырылдар жоқ, тахикардия. Осы жағдайды тұдырған себебі қандай болуы мүмкін?
77.10 жастағы бала ауруханада 2-ші күні жатыр. Ол тыныс алудың қиындауымен, жөтелмен, объективті экспираторлы ентігу байқалды. Сальбутамол мен фликсатид ингаляциядан кейін жөтел ылғалды, ТЖ - 22 рет 1 мин, өкпеде ылғалды шашыраған сырылдар. Қазіргі уақытта не болып жатыр?
78.Стационарлық емдеуге бала бір сағат ішінде оны мазалайтын дем шығару қиындықтары туралы шағымдармен түсті. Тексеру кезінде мәжбүрлі жағдай, ысқырған тыныс алу, қосымша бұлшықеттердің қатысуы, өкпеде тынысы әлсіреген фонында ысқырықты сырылдар байқалады. Үйде вентолин ингаляциясы жүргізілді. Төменде көрсетілгендердің қайсысы осы жағдайды тоқтату үшін ең ұтымды?
79. 5 жастағы бала тыныс алудың қиындауымен ауруханаға түсті. Анамнезде ұстамалар жыл бойы байқалады, вентолинмен тоқтатылады. Тексеру кезінде дем шығару қиындаған, тахипноэ, тахикардия, кеуде қуысы бөшке тәрізді, екі жағында құрғақ ызылдаған және ысқырықты сырылдар, перкуторлы қорап тәрізді дыбыс.. Сізге дәл диагноз қоюға не мүмкіндік береді. Екі дұрыс жауап:
80.Мектеп жасындағы бала ауруханаға тұншығу шабуылымен жиі түседі. Әкесінде бронх демікпесі бар. Ата-аналар қандай аллергендер ұстамалардытудыратының білгісі келеді. Себеп-маңызды аллергендерге нақты диагноз қоюға көмектесетін зерттеулерді таңдаңыз. Екі дұрыс жауап:
81.Балада 7 жастан бастап шулы қиындаған тыныс эпизодтары байқалады, вентолинмен ингаляция жасау арқылы жойылады. Базистік ем ретінде қаңдай препараттар тағайындау қажет?Екі жауап дұрыс:
82.Бронх демікпесінде ұстама алды кезеңінің клиникасы. Екі дұрыс жауап:
83.Бронх демікпесінің дамуына бейім факторлар. Үш дұрыс жауап:
84.Себеп факторларының әсерін күшейтетін факторларға не жатады. Екі дұрыс жауап
85.Бронх демікпесінің ұстамасында қандай жөтел байқалады
86.Қандай патологияда жүрек томпағы пайда болатынын таңдаңыз
87.Кіші қан айналым шеңберінде қанның көбеюымен сол жақ қарыншаға күш түсуі қандай ТБЖА да кездесетінін таңдаңыз
88.Систолаға және диастолаға артериовенозды тастау қандай ауруда анықталады
89.Қандай ТБЖА-да генерализацияланған цианоз және жүрек жеткіліксіздігінің ерте дамуы анықталады
90.ТБЖА ның қандай түрінде шу орналасу түрлі болуы мүмкін екендігін таңдаңыз
91.Бала 1,5 жаста, физикалық дамыған, сирек ЖРВИ ауырған. Қарағанда цианоз жоқ. ТЖ-32 рет минутына. Жүрек шектері кенеймеген, жүрек негізінде орташа интенсивті дөрекі систолалық шу естіледі. АҚҚ қалыпты. Ісіктер жоқ. ЭКГ-да: оң жақ қарыншаның гипертрофиясы. Қандай диагноз ең ықтимал:
92.7 айлық бала, физикалық дамуы қалыс қалған, 2 айынан бастап жайылған цианоз, тахикардия, тахипноэ, жүрек шектері кеңеймеген, жүрек тондары ырғақты, төстің сол жақ қырынан интенсивті систолалық шу естіледі (р.max II-III м/р). Жөтел, өкпеде сырылдар жоқ. Кенеттен ентігу мен цианоз күшейген. Осы жағдайды жою үшін препараттар тобын таңдаңыз
93.5 айлық бала. Туғаннан бастап жүрегінде шу естіледі, ТБЖА диагнозымен кардиолог диспансерлік есебінде тұрады. Қанында: ЭТЖ- 2 мм/с, Нв 148 г/л, эрит. 5,2х1012 /л, лейкоциттер 8,9х109/л, эозинофилдер 1%, таяқшаядролы 1%, сегментядорлы 38%, лимфоциттер 51%, моноциттер 6%, тромбоциттер 215. ТБЖА ның қандай түріне осы көрсеткіштер тән екенін таңдаңыз:
94.Жанна 4 жаста. Салмағы жасына сай. Мұрыннан қан кетулер, аяқтарының тұрақты салқын болуы мазалайды. АҚ 135/75 мм сын.бағ. Арқасында систолалық шу естіледі. Ең ықтимал диагноз
95.1,5 жастағы бала. Салмақ аз қосуы мазалайды. Бронх-өкпелік аурулармен ауырмайды. Қарағанда: терісімен кілегей қабаттарының цианозы, тахикардия, тахипноэ, «дауылпаз таяқшалары», жүрек шекаралары кенеймеген, жүрегінде систолалық шу естіледі. Дене қызуы қалыпты. Өкпеде сырылдар жоқ. Ең ықтимал диагноз?
96.8 айлық балада туғаннан тері және кілегей қабаттарының цианозы, физикалық дамуда қалыс қалу, төстің сол жақ қырында, максимальды II-III қабырғааралықта естілетін қарқындылығы орташа систолалық шу көрініс береді, екі рет ентігу-цианозды ұстамалар байқалған. Қай зерттеу әдісі диагнозды нақтылауға мүмкіндік береді
97.Гемодинамика бұзылуынсыз жүретін ТБЖА көрсетіңіз:
98.Систолаға артериовенозды тастау қандай ауруда анықталады
99.Қандай ТБЖА-да жүрек жеткіліксізгенерализацияланған цианоз анықталады:
100.Қай ТБЖА-да шу тек арқасында локализацияланатынын таңдаңыз
101.Жаңа туған нәресте 3 аптада, салмақ қоспайды. Өмірдің алғашқы аптасынан бастап ентігу, тері, кілегей қабаттар цианозы,жүректің шекаралары көлденен кеңейген, III-IV қабырға аралықта дөрекі систолалық шу естіледі. Жөтел, өкпеніңтөменгі бөліктеріндеылғалды сырылдар. АҚ қалыпты. Ісіктер жоқ. Кеуде қуысының рентгенограммасында жүректің көлеңкесі "овоидты". Ең ықтимал диагнозды таңдаңыз
102.Бала 7 айлық, физикалық дамудан артта қалады, бозарған, тахикардия, тахипноэ, жүректің шекаралары солға қарай кеңейген, жүрек тондары дыбысты, төстің сол жақ қырынандөрекі систолалық шу (max.р III-IV қ/а). Жөтел, өкпеде сырыл жоқ. Осы патологияда пайда болатын гемодинамикалық бұзылысты анықтаңыз:
103.Балаға 5 ай. Туғаннан бастап жүректе шу естіледі, ТБЖА. ҚАПМ. ҚАЖ0 диагнозымен кардиологтың диспансерлік есебінде тұр. Осы патологияға тән қан көрінісін анықтаңыз:
104.Бала 7 жаста. Диспансерлік тексеру кезінде артериялық гипертензия, аяқтардағы тамырлардың пульсациясының болмауы, сол жақта II қабырға аралықта орташа қарқынды систолалық шу анықталды. Жүрек соғу жиілігі 88 1 минутта, ТЖ - 22 рет 1 минутта. Осы патологияда пайда болатын гемодинамикалық бұзылуларды анықтаңыз;
105.Бала 1,2 жаста. Дене салмағының нашар қосуы алаңдатады. Жиі бронх-өкпелік аурулармен ауырады. Тексеру кезінде терінің, кілегей қабаттардың бозаруы, тахикардия, тахипноэ, жүрек шекаралары кеңеймеген, сол жақта II қабырға аралықта систолалық қарқынды емес шу естіледі. Температура қалыпты сандарда. Өкпеде сырыл жоқ. ЭКГ-да оң қарыншаның гипертрофиясы. Ең ықтимал алдын-ала диагноз.
106.2 жасар бала, 14 кг, ЖРВИ-мен сирек ауырды. Тексеру кезінде цианоз жоқ, ТЖ -30 1 мин, жүректің шекаралары кенеймеген, жүрек негізіндегі дөрекі систолалық шу естіледі. АҚ қалыпты, ісіктер жоқ. ЭКГ-да оң қарыншаның гипертрофиясы. Осы патологияда пайда болатын гемодинамикалық бұзылуларды анықтаңыз;
107.9 айлық балада жалпыланған цианоз, 1,5 айында байқалған, физикалық дамудың артта қалуы, II-III қабырға аралықта максималды тыңдаумен төстің сол жақ қырында орташа қарқынды систолалық шу, екі рет ентігу-көгеру ұстамалар пайда болған. Осы патологияға тән қан көрінісін анықтаңыз
108.1 жыл 4 айлық балада өмірдің алғашқы айларынан бастап терінің, кілегей қабаттарының цианозы, "дабыл таяқшалары", физикалық дамудың артта қалуы, тахипноэ, тахикардия, жүрек шекаралары кеңеймеген, II-III қабырға аралықта максималды тыңдаумен төстің сол жақ қырынан орташа қарқынды систолалық шу. Осы патологияға тән кеуде қуысының рентгенограммасында жүрек көлеңкесінің пішінін таңдаңыз:
109. Бала 1 жаста. Бозарған. Жүректің шекаралары солға және жоғарыға қарай кеңейген. II-III қабырға аралықтатөстің сол жақ қырынан систолалық-диастолалық шу, жүрек ұшына, мойын тамырларында өткізіледі. Ең ықтимал диагноз.
110.Балаға 6 ай. Баланы тыныш кезінде қарағанда: температура 36,60, гипотрофия, ТЖ -42 1 минутына, ЖСЖ- 128 1 минутына. Жүректің шекаралары солға қарай кеңейген, жүрек дыбыстары ырғақты, төстің сол жақ қырынан III-IV қабырға аралықтадөрекі систолалық шу естіледі. Өкпеде сырылдар жоқ. Қандай ауру болуы мүмкін
111.Катя 1 жыл 10 ай. Туғаннан бастап ТБЖА диагнозы қойылған, жиі пневмония, бронхитпен ауырады. Салмағы 8 кг, терісі бозғылт, жүрек ұшы соққысы солға ығысқан, жүрек шекараларының солға кеңейген, төстің сол жақ қырынан дөрекі систолалық шу, тахикардия,жүктеме кезінде ентігу, кеуде қуысының рентгенограммасында өкпе сүретінің күшеюі, ЭКГ-да сол жақ қарыншаның гипертрофиясының белгілері. Қандай деректер осы балада кіші қан айналымының шеңберін байытуды көрсетеді. Екі дұрыс жауап
112.Бала 1 жаста, физикалық дамудан артта қалады, дабыл таяқшалары, сағат әйнектері, жалпыланған цианоз, тахикардия, тахипноэ, жүрек шекаралары кеңеймеген, жүрек тондары айқын, төстің сол жақ қырынан орташа қарқынды систолалық шу (р.max II-III м/р). Жөтел, өкпеде сырыл жоқ. ЭКГ-да оң қарыншаның гипертрофиясы. Кеуде рентгенограммасында не күтесіз. Екі дұрыс жауап
113.Бала 1,5 жаста. Салмағының нашар қосады. Бронх-өкпелік аурулармен ауырмаған. Тексеру кезінде терінің, кілегей қабаттары цианозы, тахикардия, тахипноэ, "табыл таяқшалары", жүрек шекаралары кеңеймеген, жүректе систолалық шу естіледі. Температура қалыпты сандарда. Өкпеде сырылдар жоқ. Ең ықтимал алдын-ала диагноз?
114.Балаға туылған кезде туа біткен жүрек ақауы диагнозы қойылған. Анасының анамнезінде осы патологияның пайда болуына не әсер еткен. Екі дұрыс жауап
115.Бала 1,5 жаста. Салмақтан артта қалған. Туа біткен т жүрек ақауы бозғылт түрімен кардиологтың есебінде. Соңғы айда ентігу, тахикардия, перифериялық ісіктер байқалады. Асқынуларға байланысты диеталық терапияда не қамтамасыз етілуі керек:
116.Қандай жүрек туа біткен ақауларында жиі бронх-өкпелік аурулар байқалады. Үш дұрыс жауап:
117.Қандай ТБЖА-да өкпе гипертензиясы дамиды. Екі дұрыс жауап:
118. Жүректің қандай ақауында кіші қан айналым шеңберінде қанның азаюымен байқалады? Екі дұрыс жауап:
119.ҚандайТБЖА-да суық(холодные )аяқтарбайқалады?
120.Жайылған цианозбен қандай ТБЖА жүреді. Екі дұрыс жауап:
121.Қандай ТБЖА-да жүрек жеткіліксіздігі тез дамиды. Екі дұрыс жауап:
122. «Дабыл таяқшалары», «сағат әйнегі» белгілері қандай ТБЖА анықталады?
123.Өкпе гипертензиясының клиникалық симптомын таңдаңыз
124.Бала 4 ай. Краниотабес байқалады,үлкен енбегі 2,5х2 см жиектері жұмсақ Бұлшықет гипотониясы. Тістері жоқ. Қанда кальций 1,8 ммоль/л, фосфор 0,8 ммоль /л. Рахит диагнозы қойылған. Процестің осы ағымында сүйек жүйесіндегі қандай өзгерістерді күтуге болады? Екі дұрыс жауап
125.Туа болған гипотрофияның ІІ дәрежесіндегі салмақ-бой көрсеткіш деңгейін таңдаңыз (%)
126.Гипостатура анықтамасын таңдаңыз
127.Гипотрофияның II-III дәрежесіндегі диетотерапияның бірінші этапын таңдаңыз
128.Тек мешелдің ІІІ дәрежесіне ғана тән симптомды таңдаңыз
129.Гипотрофияның І дәрежесінде денедегі тері асты шел майының жоғалу аймағын таңдаңыз
130.Гипотрофияның І дәрежесінде Чулицкий индексінің көрсеткішін таңдаңыз
131.Гипотрофияның ІІІ дәрежесінде күтілетін қан көрсеткіштерін таңдаңыз
132.Гипотрофияның ІІ дәрежесінде психомоторлы даму сипатын таңдаңыз
133.Мектеп жасына дейінгі балада бастың асимметриясы, ладья тәрізді кеуде қуысы, қысқа аяқтар. 2 жылға дейін жиі суық тиюмен ауырды, анемиямен ауырды. Қазіргі уақытта тексеру ешқандай патологияны анықтаған жоқ. Бұл симптомдардың себебі неде
134.Д витамин жетіспеушілік мешел дамуының ерте көріністеріне не жатады
135.D витаминінің емдік дозасымен терапия бақылауды қажет етеді
136.Мешелге тән сүйек-буын жүйесінің зақымдануын таңдаңыз
137.Мешелдің клиникалық симптомдарына жатады
138.Қандай препаратпен емдеген кезінде Сулкович бойынша несепті зерттеуді жүргізетінін таңдаңыз
139.8 айлық бала. Анасының айтуы бойынша бала мазасыз, жылауық, ұйқысы бұзылған. Салмақ қоспайды. Тері асты шел майы ішінде, кеудесінде жоқ, аяқ-қолдары күрт төмендеген, бетінде ғана сақталған. Чулицкая семіздік индексі 5 см тең. Тіннің тургоры төмендеген. Нәжісі тұрақсыз. Ең ықтимал диагноз?
140.9 айлық бала. 2 айлығынан бастап салмақты жеткіліксіз қосқан. Бойы жағынан 7 см-ге қалыс қалған. Қарағанда апатиялы, аяқ-қолдары салқын, тері асты шел май қабаты жоқ, отырмайды, еңбектемейді, терісі құрғақ, кілегей қабаты ашық қызыл, тахипноэ, гипотония, жүрек тондары тынықталуы, кіші дәреті сирек болады. Ең мүмкін алғашқы диагноз?
141.3айлық бала. Мазазыздыққа, қөздырғыштыққа, қорқыныштыққа шағымданады. Тәбеті төмендеген. Қарағанда жоғарлаған тершендік, тұрақты қызыл дермографизм, шуйдеде шашының түсуі. Сүйек деформацияся жоқ. Ең ықтимал диагноз?
142.Катя, 6 айлық. Қарағанда маңдай төмпешіктері, қабырға таспиықтары, бұлшықет гипотониясы, кіндік жарығы. Салмағы мен бой ұзындығы жасына сай. ТЖ минутына 38 рет. ЖСЖ 1 минутта 120 рет. Ішкі органдар жағынан өзгерістер жоқ. Аурудың этиологиясы бойынша қандай ауру орын алады
143.10 айлық ер бала. Тісінің болмауы, үлкен еңбегінің өлшемі 2,5х2,5 см мазалайды. Қарағанда қайықтәрізді кеуде клеткасы, бұлшықет гипотониясы, Гаррисон сайы түріндегі тартылу. Салмағы 10 кг. Бойы 74 см. Өкпесінде сырылдар жоқ. Жүрек тондары анық, 5 нүктеде систолалық шу естіледі. Қандай ауру орын алады
144.9 айлық бала. Тері асты шел майы дененің барлық аймақтарында төмендеген, әсіресе іште. Чулицкая семіздік индексі 10 см. Шел май қыртысы болбыр. Баланың бойы қалыптыдан қалыс қалмаған. Нерв-психикалық жағдайы жасына сай, бірақ бала ашулы, мазасыз. Лоқсуға бейімдік. Баланың осы жағдайында салмақ жетіспеушіліктің қанша пайызы?
145.Бала 2,2 жаста. Дене дамуы жасына сай. Шүйдесі жалпақ ұлкен енбегі жабық. Кеуде клеткасы «үшкірленген» түрде, қабырға «таспиығы». Қанда кальцийдің мөлшері 2,6 ммоль/л, фосфор 1,2 ммоль/л. Осы өзгерістер мешел ауруының қай кезеңіне тән?
146.8 айлық бала. «Орташа дәрежелі рахит, өршу кезеңі, жеделдеу ағымы» диагнозы қойылды. Д витамині тағайындалды. Д витаминімен емің бақылау кезінде қандай зерттеу өткізеледі?
147.10 айлық бала. Тексерген кезінде: іште, денесі мен аяқ-қолдарында тері асты шел майы жоқ, бетінде де күрт азайған. Дене салмағының жетіспеушілігі 33%. Диеталық ем тағайындалды. Науқастың тамаққа төзімділігін анықтау мерзімі қандай?
148.9 айлық бала. Тері асты шел майы барлық денесінде жұқарған, әсіресе ішінде. Чулицкая толықтық индексі 10-15 см. Шел май қабаты болбыр. Баланың бойы қалыпты. Нерв-психикалық дамуы жасына сай, бірақ бала тітіркенгіш, мазасыз. Лоқсуға бейім. Тамақтың тәуліктік көлемін қандай салмаққа есептеу керек?
149.10 айлық бала. Өте арық. Терісі бозғылтау-сұр түсті, құрғақ, аяқ-қолдары салқын. Тері қатпарлары жазылмайды. Чулицкий бойынша толықтық индексі теріс. Салмақ жетіспеушілігі 35%. Осы науқаста диетотерапияны неден бастау керек?:
150.8 айлық балада мазасыздық, қозғыштық, әлсіздік байқалады. Терісі сұр реңкі бар бозғылт түсті, құрғақ, қыртыстарға тез жиналады. Тері асты шел май қабаты іш аймағында жойылған, аяқ-қолдарында қатты жұқарған. Дене салмақ жетіспеушілігі 24%. Бұл жағдайды емдеуде ең маңызды болып табылады
151.3 айлық бала. Анасында гипогалактия. Қараған кезде бала әлсіз, жылауық. Терісі бозғылт. Тері асты шел май қабаты бетінде сақталған. Санның ішкі бетінде болбыр ұзына бойғы қыртыстар байқалады. Аталған қадамдардың қайсысы диагнозды қою үшін маңызды?
152.6 айлық бала, туғандағы салмағы 3кг, қазіргі салмағы 5 кг. Бой ұзындығы бойынша 4 см қалыс қалады. Мазасыз, тәбеті төмен, тері асты шел май қабаты тек бетінде сақталған, Чулицкая индексі - 5, аяқтарындағы қыртыстар ұзына бойғы, нерв-психикалық дамуы қалыс қалады, жүрек тондары тұйықталған. Баланың бұл жағдайында диетотерапияны қандай принциппен құру керек?
153.3 айлық балада мазасыздық, қорқақтық, қозғыштық, гиперестезия, тәбетінің төмендеуі, ұйқының бұзылуы байқалады. Қарағанда күшейген қызыл дермографизм, жоғары тершеңдік (ащы иісті жабысқақ тер), шүйде аймағында шашының түсіп қалуы көрініс береді. Сүйек жүйесі патологиясыз. Бұл жағдайда бірінші кезекте қандай зерттеу жүргізу қажет?
154.Өмірдің бірінші жылындағы балада кеш тістер шығуы, кеуде, бас сүйегінің деформациясы, сколиоз, бұлшықет гипотониясы, нейровегетативті бұзылулар байқалады. Ішкі мүшелер бойынша патология жоқ. Бұл патологияда организмде қандай өзгерістер болады. Екі дұрыс жауап
155.10 айлық ер бала. Тісінің болмауы, үлкен еңбегінің өлшемі 2,5х2,5 см мазалайды. Қарағанда қайықтәрізді кеуде клеткасы, бұлшықет гипотониясы, Гаррисон сайы түріндегі тартылу. Салмағы 10 кг. Бойы 74 см. Өкпесінде сырылдар жоқ. Жүрек тондары анық, 5 нүктеде систолалық шу естіледі. Қайпрепаратты тағайындау қажет
156.Дәрігер қабылдауында 2 айлық бала. Табиғи тамақтанады. Қарағанда: терісі бозғылт, кұрғақ, тері асты шел майы ішінде, кеудесінде жоқ, аяқ-қолдарында өте төмендеген. Тіннің тургоры төмендеген. Копрограммада: нәжіс жасыл түсті, кілегей көп, лейкоциттер жоқ, клеткадан тыс крахмал, май қышқылдар. Қай диеталық нұсқау дұрыс?
157.Ерте жастағы балада салмақ жетіспеушілігі, терінің диффузды депигментациясы, бұлшықеттің солып қалуы, ісіктер байқалады. Бүйрек патологиясы анықталған жоқ. Гипотрофияның бір варианты болжанды. Бұл жағдайдың себебі не?
158.6 айлық қыз бала. Бассүйек, кеуде клеткасы, кол-аяқтары жағынан айқын сүйек өзгерістері, бұлшықет гипотониясы байқалады. Тістері жоқ. Отырмайды, еңбектемейді. Бала мазасыз, қозғыш, гиперестезия. ТЖ 40 рет минутына. ЖСЖ 120 рет минутына. Бұл науқасты қай дәрігер емдеу керек?
159.Баланың 1 жас қарауында дәрігер О-тәрізді аяқтарының қисаюын байқады. Сүйек жүйесінің патологиялық өзгерістерін ескере отырып, мешел ауруы диагнозы болжанды. Төмендегілердің қайсысы жасына сай қалыпты болып саналады?
160.Балаға 9 ай. Өмірдің 2 айынан бастап салмақ жеткіліксіз болды. Ол 7 см өсуден артта қалады. Тексеру кезінде апатиялық, аяқ-қолдары салқын, тері асты шел май қабаты жоқ, отырмайды, енбектемейді, терісі құрғақ, кілегей қабаттары ашық қызыл, тахипноэ, гипотония, жүрек дыбыстарының тұйықталуы, сирек зәр шығарады. Ең ықтимал алдын-ала диагноз?
161.Бала 9 айлық. Салмақ жетіспеушілігі 35% құрайды. Бойынан 8 см қалыс қалады. Нерв-психикалық дамуында артта қалады. Тәбет жоқ, лоқсиды. Тері асты май қабаты жоқ. Нәжіс аз мөлшерде, іш қату. Лабораториялық деректерде қандай өзгерістер күтесіз? Үш дұрыс жауап
162.1,5 жастағы балада диспепсиялық бұзылыстар, 25% салмақ жетіспеушілігі, 3 см-ге бойынан қалыс қалады, трофикалық бұзылулар, негативизм байқалады. Ішкі мүшелерде қабыну ошақтары табылған жоқ. Бұл жағдайда нәжістің қандай түрлері болу мүмкін. Үш дұрыс жауап
163.Әлеуметтік қолайсыз отбасынан шыққан 5 айлық бала сүтпен қоректенеді. Тексеру кезінде краниотабес, жалпақ шүйде, кеуде қуысының деформациясы, бұлшықет гипотониясы, Гаррисон сайы байқалады. Салмағы, бойы нормаға сәйкес келеді. Ішкі мүшелер бойынша ауытқуларсыз. Қандай ауру орын алады
164.Жедел постстрептококкты гломерулонефритке тән лабораторлы симптомды таңдаңыз
165.Жедел гломерулонефриттің этиологиясы немен байланысты екенін таңдаңыз
166.Жедел гломерулонефрит диагностикасында маңызды зерттеуді таңдаңыз
167.Гломерулонефрит кезінде бүйректің қай қызметі бірінші зақымдалатынын таңдаңыз
168.Жоғарғы протеинурия тән бүйрек ауруын таңдаңыз
169. «Жаңа піскен» (қанықпаған) эритроциттер анықталатын ауруды таңдаңыз
170.Нефротикалық синдромының негізгі клинакалық белгісі:
171.Жедел гломерулонефриттің нефротикалық синдромында зәрмен шығатын белок мөлшері
172.Гломерулонефритте қалдық азот және мочевина деңгейінің өзгеруі не сипаттай-тынын таңдаңыз
173.5 жастағы қыз бала. Бір реттік құсуға, бетінде, аяқтарында орналасқан ісіктерге, зәрдің «жуылған ет суы» түсті болуына шағымданады. 2 апта бұрын баспамен ауырғаннан кейін жедел ауыра бастаған, тәуліктік диурез 300-400мл. Болжам диагнозыңыз:
174.Ер бала 9 жаста. Ісіктерге, әлсіздікке, тәбеттің болмауына шағымданып түсті. ЖРВИ-мен жиі ауырады, анасында созылмалы тонзиллит, дерматит. Қарағанда: айқын перифериялық және қуыстық ісіктер. А/Қ- 150/80 мм. сын.бағ. 10 күннен аса сақталады, ЖЗА: айқын селективті емес протеинурия, макрогематурия, цилиндрурия. Ең ықтимал алғашқы диагноз?
175.Ер бала 6 жаста. Ісіктерге шағымданады. АҚ 110/70 мм сын.бағ. 2 жыл бұрын стрептодермиямен ауырғаннан кейін, асцит, протеинурия пайда болған. Бірнеше рет жағдайының нашарлауымен ауруханаға түсті. Қарағанда: беттің, балтырының пастоздылығы, ішінің ұлғаюы байқалады. Зәр анализінде 4г/л протеинурия, қандағы жалпы белок 48г/л. Болжам диагнозыңыз:
176.2,5 жастағы ер бала жедел ауырды. Қарау кезінде жайылған ісіктер, терісі "алебастра" түсті, орташа тахикардия, АҚ - 95/50 мм сын.бағ. анықталды. Бала белсенді, елгезек. Тамақты қалап жейді. Зәр анализінде белок 10 г/л дейін, эритроциттер 1-2 к/а. Қан анализінде - жалпы белок 45 г/л, гиперхолестеринемия. Бұл жағдайда қандай диагноз болуы мүмкін?
177.7 жастағы қыз бала әлсіздікке, жүрек айнуына, бастың ауырсынуына, бет пен аяқтарындағы ісіктерге, зәр түсінің өзгеруіне шағымданады. Қарағанда: терісі бозғылт, беті ісінкі. Жүрек тондары тұйықталған, АҚ 140/90 мм сын.бағ. ЖЗА: «жуылған еттің суы» түстес, меншікті салмақ: 1008, белок: 0,9 г/л, эритроциттер: барлық к/а, лейк. 1- 2 к/а.
Бұл жағдайда қандай диагноз ең ықтимал?
178.Балада стрептодермия мен ауырғаннан кейін ісіктер, гипертензия пайда болды. Процесс қай жерде орналасқан:
179.6 жастағы ұл бала. Анамнезінде: 2 жыл бұрын ауырған стрептодермиядан кейін асцит, протеинурия байқалған. Одан кейін бірнеше рет жағдайы нашарлап ауруханаға түсті. Объективті қарағанда: АҚҚ 110/70 мм.сын.бағ., перифериялық және қуыстық ісіктер байқалады. ЖЗА: айқын протеинурия. Аурудың морфологиялық көрінісін анықтау үшін және әрі қарай емдеудің тактикасын шешу үшін қандай зерттеу көрсетілген
180.Ауруханада бала нефротикалық синдроммен 8 апта бойы преднизолон қабылдап жатыр. Зәрінде протеинурия сақталады. Емнің нәтіжесін қалай бағалайсыз?
181. 4 жастағы қыз бала. Бетінде, кеудесінде, аяқтарында ісіктер пайда болған. Жалпы жағдайы аздап бұзылған. АҚҚ–90/60 мм сын.бағ.б. Тексергенде 4 г/тәу. дейін протеинурия, гипопротеинемия, гиперхолестеринемия анықталған. Патологиялық процесстің бүйректе біріншілік орналасқан жерін көрсетіңіз
182.Мектеп жасындағы қыз балада бірнеше күн бойы симптомдардың триадасы артериялық гипертензия, макрогематурия, перифериялық ісіктер байқалды. Осы патология қандай аурулармен байланысты екенің анықтауға болады. Үш дұрыс жауап:
183.6 жастағы ер бала. Ісіктерге шағымданады. Анамнезінде: 2 жыл бұрын стрептодермиядан кейін асцит, протеинурия байқалған. Кейін бірнеше рет жағдайы нашарлап ауруханаға түскен. Объективті беті, балтыры ісінкі , іші кеңейген. Зәр анализінде протеинурия 4 г/л дейін, қанда жалпы белок 48 г / л. Болжам диагноз:
184. Бала 7 жаста, ісіктерге, әлсіздікке, тәбеттің болмауына шағымданады. АҚ қалыпты сандарда. Объективті: асцит, олигоурия. Талдауларда не болуымүмкін. Үш дұрыс жауап:
185.Мектеп жасындағы бала "ет жуынды" түсті зәрге шағымданады. АҚ 140/90 сын.бағ., зәрдебелок 0,99 г/л, эритроциттербарлық к/а, цилиндрурия. Бұл аурудың жетекші патогенетикалық механизмі қандай:
186.Мектеп жасына дейінгі қыз балада скарлатинадан кейін "ет жүынды" түрінде зәр түсінің өзгеруі, қысқа уақытта артериялық гипертензия, перифериялық ісіктер байқалды. Зәрде қандай өзгерістер күтесіз. Үш дұрыс жауап:
187.5 жастағы балада несепте микрогематурия, 0,099 г/л дейінгі белок, цилиндрурия табылған. Қарау кезінде ісіктер, артериялық гипертензия жоқ. Тұқымқуалаушылық аурулар, есту және көру қабілетінің өзгеруі анықталған жоқ. Қандай диагноз қою керек
188.7 жастағы бала, салмағы 20 кг, субфебрильді температура, диурездің төмендеуі, құсу, тәбеттің төмендеуі, қан қысымының жоғарылауы, ісіктер шағымдарымен ауруханаға түсті. Әкесінде артериялық гипертензия бар. Жедел гломерулонефриталдын-ала диагнозын қою үшін қандай мәліметтер негіз болды. Үш дұрыс жауап
189.Қыз балада бет пен аяқ-қолдарда ісіктер пайда болды, олар субфебрильді температурамен, интоксикацияның орташа белгілерімен бірге жүреді. Гломерулонефритке болжам жасалды. Ісіктердің бүйректен шығуын не растайды. Үш дұрыс жауап:
190.Балада протеинурия, гематурия және цилиндрурия түрінде жедел зәр синдромы пайда болды. Объективті тексеру кезінде қандай белгілер немесе синдромдар күтесіз. Екі дұрыс жауап:
191.Мектеп жасындағы балада бас ауруы, жүрек айнуы, қайталанған құсу, көз алдынын"тұмандануы",бет бұлшықеттерінің тоникалық жиырылуы, "кою шай" сияқты зәрдің қараңғылануы пайда болды. Бұл клиникалық көріністі тудыратын жағдай қандай:
192.6 жастағы бала субфебрильді қызбамен, сирек зәр шығаруымен, ісіктермен, протеинурия және гематуриямен ауруханаға түсті. Бүйректің ультрадыбыстық зерттеуінде не күтесіз?
193.Ауруханада бала созылмалы гломерулонефрит, нефротикалық түрі диагнозбен. 3 апта жақсы әсері бар преднизолонмен терапия алды. Препараттың дозасын төмендету әрекеті кезінде протеинурияның пайда болуы және өсуі қайтадан байқалды. Емдеудің әсерін қалай бағалауға болады?
194.6 жастағы бала ауруханаға ісіктерге, сирек зәр шығаруына шағымданып түсті. Түскен кездегі жағдайы ауыр, кең таралған ісіктер байқалады, АҚ 100/60 мм сын.бағ., бауыр + 2,5 см, диурез 150-200мл/тәул. ЖЗА-белок 3.3 г/л, эрит. - 2-3 к/а, цилиндрурия. ЖҚА-де ЭТЖ жоғарлаған. Бұл ауруда биохимиялық қан анализінде не күтесіз. Екі дұрыс жауап:
195.Бала5 жаста. Баспаменауырды. Перифериялықісіктермен, макрогематуриямен, тұрақсызартериялықгипертензиямен ауруханаға түсті. Қандағыжалпыбелок 60 г/л. Бұл ауруды патогенетикалық емдеу үшін қандай препараттар қажет. Екі дұрыс жауап:
196.Бала 9 жаста, ісіну, әлсіздік, тәбеттің болмауы туралы шағымданған. Жиі фарингитпен ауырады. Объективті: айқын перифериялық және қуыстық ісіктер. АД-150 / 80мм. рт. ЖЗА-де: жоғары протеинурия, макрогематурия, цилиндурия. Бұл ауру үшін симптоматикалық терапия ретінде қандай препараттарды қолдануға болады. Екі дұрыс жауап:
197.Бала 7 жаста,, әлсіздік, тәбеттің болмауы, ісіну туралы шағымдармен ауруханаға түсті. АҚҚ қалыпты сандарда. Объективті асцит, олигоурия. Жүрек тарапынан патология жоқ. Алдғашқы диагноз қою үшін қандай зерттеу маңызды. Екі дұрыс жауап:
198.Фарингиттпен ауырғаннан кейін 3 күн өткен соң мектеп жасындағы бала зәрдін қара түсті болуына шағымданды. Объективті: бет мен аяқтың ісінуі, қан қысымының жоғарылауы анықталды. Қандай зерттеу аурудың этиологиясын анықтайды:
199.Липоидты нефроз клиникасына не тән. Екі дұрыс жауап:
200.Бүйректің қандай ауруында макрогематурия байқалады:
201.Жедел гломерулонефриттің нефритикалық синдромына не тән екенін таңдаңыз? Екі дұрыс жауап:
202.Жедел гломерулонефриттің патогенетикалық терапиясы препараттарына жатады. Екі дұрыс жауап:
203.Остеопороз қандай ауруда дамитынын таңдаңыз
204.Қанда антинуклеарлы факторды қандай аурулар тобында анықтайтынын таңдаңыз
205.Қанда лейкопения, тромбоцитопения, анемия қандай ауруда анықталатынын таңдаңыз
206.Ревматоидты артриттің олигоартикулярлы вариантында жиі зақымдалатын буынды таңдаңыз
207.Аяқ-қолдың проксимальды бұлшық еттерінің, дененің бұлшық еттерінің симметриялы әлсіздігі байқалатын ауруды таңдаңыз
208.Вислер-Фанкони субсепсисіне тән лабораторлы көрсеткішті таңдаңыз
209.12 жастағы ер бала. Дене температурасының жоғарлауы, омыртқа жотасының мойын бөлігінде, қол мен аяқтардың симметриялы буындарының қозғалғыштығының шектелуі, ісінуі және ауырсынуы мазалайды. Шеткі лимфа түйіндерінің ұлғаюы, буындардың тұрақты деформациясы, гепатоспленомегалия көрініс береді. Бір жыл бойы ауырады. Этиология бойынша қандай ауру орын алады
210.Камила 12 жаста. Балада бірнеше ай бойы көкшіл (багровые) параорбитальды ісіктер, бұлшықет әлсіздігі, қызба, шашалумен жүретін дисфагия пайда болды. ЭТЖ-40 мм/сағ. Ең ықтимал алғашқы диагнозыңыз
211.12 жастағы қыз бала бірнеше ай бойы ауырады. Қызба, денесінде бөртпелер, іш құысымен перикардта экссудат, зәрінде протеинурия, гематурия анықталды. Қан анализінде ЭТЖ жоғарлаған, анемия, лейкопения. Сіздің болжам диагнозыңыз:
212.12 жастағы бала. Қоздырғыштық, артралгиялар, тұрақсыз жүріс, баспалдақпен көтерілуі қиындалғаны мазалайды. Балтыр және білек бұлшық еттерінің пальпациясында қамыр тәріздес тығыздығы анықталады. Қанда: креатифосфокиназа, ЭТЖ жоғарлаған. Болжам диагнозыңыз:
213.Асқар, 3 жаста. Ауырғанына 4 ай, осы уақыт бойына сол жақ аяқбасы буынының артриті сақталады. Полиадения анықталған, ішкі мүшелер жағынан өзгерістер жоқ. Сіздің болжам диагнозыңыз?
214.12 жастағы ер бала. Дене температурасының жоғарлауы, омыртқа жотасының мойын бөлігінде, қол мен аяқтардың симметриялы буындарының қозғалғыштығының шектелуі, ісінуі және ауырсынуы мазалайды. Шеткі лимфа түйіндерінің ұлғаюы, буындардың тұрақты деформациясы, гепатоспленомегалия көрініс береді. Бір жыл бойы ауырады. Қандай диагноз болу мүмкін?
215. Фарида, 14 жаста. Жыл бойы нефрит, полиартрит, перикардит байқалады. Қанның қандай өзгерістері болжамды диагнозға сәйкес келеді? Үш дұрыс жауап
216.Қырымда демалғаннан кейін 12 жастағы қыз балада скуловидной сүйектің үстінде эритема пайда болды, антибиотиктерге жауап бермейтін температура, буындарында ауырсыну, жоғары ЭТЖ және протеинурия мен гематурия түріндегі несеп синдромы. Қандай зерттеу диагнозды дәл анықтауға мүмкіндік береді?
217.Бала 2,5 жаста. 8 ай бойы сол жақ тізе буынының ісінуі, қозғалыс кезінде шектелуі және ауырсынуы байқалады. Температура кезекпен субфебрильді болады. Ішкі мүшелер бойынша патологиясыз. Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар қабылдаған, көрінетін әсері болғамаған. Қандай ем ұтымды?
218.12 жастағы бала қызбаға, аяқ-қол бұлшықеттерін ауырсынуына және әлсіздікке,шашалуғашағымданады. Теріде көкшіл параорбитальды ісік және эритема бар, аяқ-қол бұлшықеттері тығыз. Буындар өзгермеген, мүшелер патологиясыз. Ауруды диагностикалау үшін қандай зерттеу қажет болады?
219.Жүйелі қызыл ноқта қандай аурулар тобына жатады?
220.Қандай аурулар иммунопатологиялық болып табылады. Үш дұрыс жауап:
221.Жүйелі қызыл ноқтаға қандай симптом тән?
222.Қандай ауруда инсоляция клиникалық белгілердің пайда болуынан бұрын болады?
223.Дерматомиозитке қандай клиникалық симптом тән?
224.Дерматомиозит клиникасы тән. Үш дұрыс жауап
225.Серозит қандай ауру үшін диагностикалық критерий болып табылады?
225.Ювенильды ревматоидты артритке қандай лабораториялық көрсеткіш тән
226.Таңертеңгі буындар құрысуы қандай ауруда байқалады
227.Ревматоидты артрит үшін дұрыс сипаттаманы таңдаңыз. Үш дұрыс жауап:
228.14 жастағы бала, білек, табан және тізе буындарындағы ауырсыну, ісіну және қаттылық, таңертеңгі құрысу туралы шағымдар. Бала 4 ай бойы ауырады. Аурудың пайда болуын анықтаңыз
229.Асқар, 3 жаста. 4 жыл бойы ауырады, оның барысында 3 ірі буынның артриті сақталады, олардың деформациясы, тізе буынында жазылуынын шектелуі байқалады. Полидактилия анықталды,ішкі мүшелер жағынан өзгерістер жоқ. Дәл диагноз қою үшін қажет зерттеулерді таңдаңыз. Екі дұрыс жауап
230.Төмендегі берілгеннен ЖҚН тән сипаттамасын таңдаңыз. Екі дұрыс жауап
231.Катя 7 жаста. 5 жыл бойы ауырады, оның барысында 4 ірі буындардың прогрессивті артриті байқалды, содан кейін буындар деформациясы және дисфункциясы. Қанда қалыпты белсенділік. Зардап шеккен буындарды рентгенологиялық зерттеу кезінде не күтетіндігіңізді анықтаңыз. Үш дұрыс жауап.
232.Бала 11 жаста, ірі буындардың ұзаққа созылған артриті байқалады, жаңа буындар процеске қатысады. Ювенильды созылмалы артрит болжам диагноз. Диагноз қою үшін қандай диагностикалық критерий қажет екенін таңдаңыз.
233. Бала 3 жаста. 2 апта бойы ұзаққа созылған фебрильді температура, артралгия, полиадения, гепатомегалия, температура биіктігінде макулярлы бөртпелердің мезгіл-мезгіл пайда болуы байқалады. Стернальды пункция патологияны анықтаған жоқ. Сіздің диагнозыңыз
234. Бала 4 жаста. 3 апта ішінде 390 С температураға шағымданған, антибиотикотерапияға жауап бермейді. Тексеру кезінде буындар өзгермеген, теріде аздаған дақталған бөртпе, полимикроадения, жүректің сол жақ шекарасы кеңейген, тондар тұйықталған, бауыр +3 см.Стернальды пункция патологияны анықтаған жоқ. LЕ жасушалары теріс. Сіз көретін қан көрсеткіштерін анықтаңыз. Екі дұрыс жауап
235.6 жастағы бала, аяқтың ангионевротикалық ісінуімен, температурамен түсті. 3 ай бойы анамнезінде дұрыс емес типтегі қызба, қалыпты хал-жағдай, кезекті пайда болатын полиморфты бөртпе. Инфекционист, гематолог, фтизиатр қараған. ЮРА жүйелі варианті болжауда. Дәрігер тексеру кезінде алдымен қандай мүшелердің зақымдануын табады. Екі дұрыс жауап
236.13 жастағы қыз бала, жағдайы ауыр, жоғары ұзаққа сақталған температура, теріде дискоидты өзгерістер, ауыз қуысында жаралар, 2 буын артриті, перикардит, зәрде протеинурия және гематурия байқалады. Осы ауру үшін ең тиімді препараттар топтарын таңдаңыз. Екі дұрыс жауап
237. Бала 14 жаста. 2 жыл ауырады. Артралгия, гелиотропты қабақтар, жиі құлау, баланың тұрақсыздығы, отыру орнынан тік күйге ауысу кезіндегі қиындықтар байқалады. Қанда ЭТЖ жоғарлаған. Осы ауруды патогенетикалық емдеуге арналған препараттар тобын таңдаңыз
238. Бала 4 жаста, 5 айбойыоңтізе мен табан буындарының артриті таңертеңгі құрысумен сақталады, температура қалыпты шегінде, ішкі мүшелер патологиясыз. Аурудың клиникалық және анатомиялық сипаттамаларын ескере отырып, баланы көрсететін маманды таңдаңыз.
239.Бала 2,5 жаста. Дұрыс емес жоғары температурамен, артралгиямен, бөртпемен түсті. Миоперикардит анықталды. Қанда жоғары белсенділік. ЮРА жүйелі түрі қойылды. Бұл жағдайда қандай терапия тиімді болатынын таңдаңыз.
240.Бала 3 жаста, 3 ай бойы сол жақ буынның артриті таңертеңгі құрысумен сақталады, көніл-күйе бұзылмаған, иридоциклит анықталған, ішкі мүшелер бойынша патологиясыз. Аурудың клиникалық көрінісінде бұдан әрі не күтетінін таңдаңыз.
241. Целиакияда диетадан қандай өнімдерді алып тастау керек екенін таңдаңыз:
242. Қорытудын бұзылысын анықтау үшін тағайындайтын зерттеуді таңдаңыз
243.1,5 жасар ер балада ЖІИ ауруынан кейін: сұйық, қоймалжың, қышқылды, көпіршікті нәжіс пайда болды; метеоризм, іштің шаншуы. Төмендегі болжам диагноздарының қайсысы дұрыс?
244.Бала 2 жаста. Ұзақ уақыт диареяға шағымданады. Ащы ішектің биопсиясында лимфангиэктазиялар, интерстициальды ісік, лимфа тамырларында май тамшылары мен макрофагтар анықталды. Осы белгілер тән:
245.8 айлық балада дене салмағының жеткіліксіз қосуы, қозғыштық байқалады. Табиғи тамақтанады, екі ай бойы сұлы және манный ботқасын жейді. Қарағанда: тыныс, жүрек-қан тамыр жүйесі жағынан патология анықталған жоқ. Псевдоасцит, нәжісі көп мөлшерде майлы жылтыр. Копрограммада стеаторея. Тердегі натрийдің, хлордың мөлшері қалыптыдан аспайды. Болжам диагноз қандай?
246.3 жасар қыз бала. Ауруханаға салмақ аз қосу, іш кебуі, кезекті құсу шағымдарымен түсті. Анамнезінде: осы шағымдар 6 айлығынан бастап, 1,5 жасынан ішінің үлкеюі, жиі көп мөлшердегі нәжіс, құсу. Нәжіс анализінде – стеаторея. Диагноз нақты қою үшін қандай зерттеу қажет?
247.7 айлық балаға қосымша тамаққа ботқа берілгеннен кейін нәжісі көп мөлшерде, иісі сасық пайда болды. Шаршағыштық және салмағының төмендеуі мазалайды. Қарағанда – бала жүдеу болып келеді, іші қампиған. Лактозаға қарағанда гликемияның өсуі– 3,5 ммоль/л. Іш өтудің себебін ата:
248.1 айлық бала табиғи тамақтанады. Тәбеті қалыпты. Емгеннен кейін ұйыған сүтпен 2-3мл көлемінде локсуы байқалады. Нәжісі 8-10 рет тәуілігіне, сүлы жасыл кілегей аралас, қорытылмаған, көпіршікті. Тексергенде нәжісте көмірсулар 0,9% Симптомдарды жою үшін науқасты жүргізу тактикасын таңдаңыз:
|
|