Рүстемова Бибіжан Мырзашқызы №43 орта мектеп



Дата25.08.2017
өлшемі56,85 Kb.
#26795
Рүстемова Бибіжан Мырзашқызы

№43 орта мектеп

Астана қаласы
Арқалық педагогикалық

институтының қазақ тілі мен әдебиеті

факультетін бітірген. Екі жоғары білімі бар.

Қазақ тілі мен әдебиеті маманы.

Жоғары санатты.
Туған өлке кіндік қаны тамған жер әр адамға ерекше ыстық, өйткені кез-келген адамның рухани нәр алуы сол туған жерден басталады. Қайыңды орта мектебінен білім алып,ұстаздарымның жолын жалғастырып, қиын да,қызығы бірге жүретін ұстаздық өмірді бастан кешудемін .Ұстаздарымның берген білімдері,кеңестері осы уақытқа дейін жадымнан бір шыққан емес.Адам баласы о баста жаратылғанда өз несібесімен өмірге келеді екен.Институтты тамамдағаннан кейін мұғалімдік жұмысымды бастадым. Арқалық қаласы «№2 жалпы орта білім беретін профильді мектебі»ММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ бердім.Қала бойынша сабақ беріп,оқушыларымның білімінің жемісін көрдім. Адам өз туған жерінің табиғатынада байланысты болады . Ол жердің әсем табиғаты керемет. Кіндік қаным тамған Қайыңды ауылында өмірге келгеніме мақтан етемін.

«Ұстазға керек үлкен жүректілік,

Бере алмас ешкім оны үлестіріп»

№43 орта мектеп

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Қазақ тілі мен әдебиетінің әдістемелік жетекшісі:Рүстемова Бибіжан Мырзашқызы.

Шын бедел-ел таңдауы ,халық сыйы,

Ала алмас,ешкім оны тіліп тұрып.

Жасөспірімдерді тәрбиелеп ,терең білім беру әр ұстаздың мерейі үстемдігі.

Мұғалімдік мамандықпен қызмет жасағаныма 27 жыл болыпты.Қызығымен ,қуанышы қатар жүріп осыншама жыл тер төгіп,балаларды тәрбиелеуде,оқытуда өз үлесімді қостым деп ойлаймын.

Менің өмірлік ұстанымым:

«Әділдік.Ізгілік шуағын тарату және оқушыларға білім беру»

Ұстаздардың ішінде қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімінің қазіргі қоғамымызда жүгі ауыр.

Себебі болашақ ұрпаққа мемлекеттік тілді үйрету-қазақ тілі мамандарының міндеті.

Бұл міндетті жемісті орындау үшін,оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін оқытудың көптеген әдіс-тәсілдерін алып,өз іс-тәжірибемде ұтымды пайдалана білуге тырысамын.

Кейінгі жылдары «Оқушыларды деңгейлеп саралап ,оқыту,іздемпаздыққа ізгілікке үйрету» атты әдістемелік-шығармашылық тақырып бойынша жұмыс жасап жүрмін.

Шығармашылық –жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі.

Шығармашылық -өте күрделі психологиялық процесс.Мұғалімдерге қойылатын талаптардың бірі-шығармашылық.Мұғалім өз шығармашылығы арқылы оқушы шығармашылығын ұйымдастырады.

Ал менің мақсатым-оқушыға оқу үрдісін ұйымдастыру барысында шығармашылықтың маңызын білдіру,баланың басқаға ұқсамайтын қабілетін ашу.

1.Жүйелі жүргізілетін деңгейлік тіл дамыту жұмыстары.

2.Ж.Қараевтың технологиясы бойынша жұмыс жасап нәтижесін көріп отырмын.Әр тақырыпты өту барысында білімдерін шыңдауда қолданып жүрмін.
Сондықтан тақырыптар бойынша оқулықта,интернетті қолдану арқылы сабақты жүргіземін.Сабақтар қызықты өту үшін деңгейлік тапсырмалар,модуль тақырыптары бойынша қарастырамын.Оқушылар тапсырмаларды қызықты ынтамен орындап отырды.

Менің тобымда таза орыс тілді оқушылар болғандықтан,біртіндеп «Деңгейлік тапсырмалар» 7-9 сыныптарға пайдалана отырып,сабағымды жандандыра бастадым.

Оқушылардың қуанышы көзінен байқалып тұрды,сол сәтте мен өзімді бақытты жан деп есептедім.

Осыдан түйгенім: Жаңа технология элементтерімен дәстүрлі әдістерді сабақтастыра жүргізген сабақ өз шыңына жетеді.Ал оқушы сол білім шыңына шығу үшін жоспарланатын тапсырмалар мен қолданылатын әдістер әрбір мұғалімнің шеберлігімен,өмір мен тұрмыстың күрделілігіне қарамастан қаншалықты өз жұмысын оқыту әдістемесін жоғарғы деңгейде меңгерген ұстаздардың бірі болуға тырысамын. Еңбексүйгіштік, оқытуға деген шығармашылық ұстаным –мұғалімге тән қасиеттер бойымда қалыптасқан.

Әр сабақ өзінің нақты ұйымдастырушылығымен, ғылыми тереңдігімен, қисынды қорытындылауымен ерекшеленеді. Оқушы білімін тексеруді іскерлікпен жоспарлай отырып , басты істерге асқан жауапкершілікпен қараймын. Ол оқу үдерісіне оқушы қызығушылығын арттыру мақсатында тынбай еңбек етуге бармын.

Ұстаз ретінде оқу материалының жүйелі түрде бөлінуіне , ойлау тілін жетілдіруге үлкен көңіл бөлемін. Бекіту сабақтарында оқушымен қарым – қатынасты жүзеге асыру мақсатында ойлау,оқу,тыңдау және жазу , яғни , сөйлеу әрекетінің барлық түрлерінің іске асуына ықпал етемін. Оқушыларды ұлттық дәстүрмен, қазақ халқының тарихымен, мәдениетімен, туған жерінің табиғатымен таныстырамын.“Деңгейлеп саралап оқыту,оқушыларды іздемпаздыққа ,ізгілікке үйрету ” атты тақырып бойынша зерттеу жұмысымен айналысқаныма он жылдай уақыт болды.

Әр пән бойынша өткізген іс – шаралары оқушылар есінде көпке дейін сақталады. Ол тірнектеген еңбегімен оқушы білімінің жақсы деңгейде болуына қол жеткізді. Оқушыларым мектеп, қалалық, жарыстарға белсенді түрде қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. 2012 жылы қалалық Тіл басқармасының сайысында оқушысы Камила Рғайбекова мақтау қағазын алды. Ал былтыр 7 «б»сыныбыны қалалық Білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Тәуелсіздік акциясы»Түрік лицейінде 2 орынға ие болды.

Бұл ұстаздың бірізді зерттеу жұмысының нәтижесі деуге болады. Бибіжан Мырзашқызы өзінің кәсіби шеберлігін шыңдау жолында тынбай еңбек етуде. Ұстаздардың білім жетілдіру, қайта даярлау курсынан жылда үздіксіз өтіп отырдым.

«Деңгейлеп саралап оқыту,оқушыларды іздемпаздыққа ,ізгілікке үйрету » атты тақырып бойынша жұмыс істей отырып, оқушыларға арналған тапсырмалар жинағын құрастырып, жинағын да жасап шықтым./2012 ж/ Негізгі мақсаты-оқушылардың қазақ тілінен алған теориялық білімдерін нығайту, кеңейту және олардың коммуникативтік біліктілігін арттыру арқылы қазақ тілін сөз мәдениеті талаптарына сай деңгейде дұрыс қолдана білуге жетелеу.

Бұл құрал тілдің грамматикалық белгілері мен ерекшеліктерінің сырын,оның әлеуметтік мәнін ашып,тіл мәдениетін арттыру, шығармашылық ізденіс, іскерлік дағды қалыптастыруға септігін тигізеді деген талаппен жасалды.Осы құралды тереңдетіп оқытатын сыныптар үшін де пайдалануға болады.Ең бірінші өткен облыстық, «Панорамалық сабақтар» байқауына қатысып мақтау қағазын алдым.Компьютерде жұмыс істеу дағдысын игеріп, сабақта қолданылатын таратпаларды дайындауда кеңінен қолданамын.

Мұғалімнің жетістіктерінің нәтижесі:

1. «Оқушыларға сапалы білім берудегі шығармашылық еңбегі үшін»Білім басқармасынан алғыс хатпен марапатталды.Желтоқсан 2011 жыл 

2. Қалалық «Қазақ- түрік лицейлерінде» өткізілген «Тәуелсіздікке тарту» акциясына қатысып 2-орын алғаны үшін алғыс хатымен марапатталды. 10 желтоқсан.

2010 жыл. 

3. «Мемлекеттік тіл-менің болашағым» атты ғылыми –тәжірибелік конференцияға оқушы дайындағаны үшін алғыс хатпен марапатталды.

20 қазан 2011 жыл 

4. ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған қалалық және мектепішілік іс –шараларға қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды. Желтоқсан .2010жыл. 

5. «Астана –ҚР тәуелсіздігінің тірегі»атты көркемөнерпаздар байқауына қосқан зор үлесі үшін Астана қаласының Білім департаментінің дипломымен марапатталды.


6. Өткен оқу жылының қорытындысы бойынша өткізілген жетістіктері үшін алғыс хатпен марапатталды.  

7. Ақмола облысы Әкімі аппаратының Білім беру басқармасынан Мақтау қағазбен марапатталды. 20 қазан,1998 жыл.


8. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Нұр Отан»Халықтық-Демократиялық партиясының стратегиялық бағытын іске асыруға атсалысып,Астана қаласының қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысқаны үшін құрмет грамотасымен марапатталды.Астана 2011ж

9.ҚР Президенті Іс басқармасы «Астана-Өнім» акционерлік қоғамынан Тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында келешекте биік белестерден көрінеді деген сеніммен алғыс хатпен марапатталды.Астана

10.Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі №10 көпшілік кітапхана «Ұлағатты ұстаздар күні мерекесімен құттықтап, «Ұстазы жақсының-ұстанымы жақсы» деп алғыс хатпен марапатталды

11.Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі №10 көпшілік кітапхана «Махамбеттің жыр-жебесі»М .Өтемісұлы оқуларынан алғыс хатпен марапатталды.

12. «Нұр Отан»партиясы «Алматы» аудандық филиалы алғыс хатпен марапаттады Астана.2016 жыл қазан айы.

13 «Бейбітшілік Әлемі»Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігінің «Ыбырай Алтынсарин»медалінің иегері.08.05.2016 жыл



14. Диплом 1 дәрежелі «Ғылым және өмір» «Мәңгі ел,Қазақстаным!» атты ғылыми –практикалық ұстаздар конференциясындағы құнды ғылыми жобасы үшін марапатталды.

2016 ж т.б

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет