Рухани адамгершілікке тәрбиелеудегі өзін-өзі тану пәні оқытушысының рөлі



Дата31.12.2019
өлшемі25,25 Kb.
#55400
Байланысты:
Баяандама 29.10.19ж

Әсет Бейсеуов атындағы орта мектеп КММ

Баяндама тақырыбы:

«Рухани адамгершілікке тәрбиелеудегі өзін-өзі тану пәні оқытушысының рөлі»

Орындаушы: Абулханова Р.А




Рухани адамгершілікке тәрбиелеудегі өзін-өзі тану пәні оқытушысының рөлі

Тәрбиесіз берген білім адамзаттың қас жауы



Әбу-Насыр Әль Фараби
Оқушыларға адамгершілік тәрбие беру әрбір өзін-өзі тану пәні мұғалімдерінің маңызды міндеттерінің бірі.

Бүгінгі таңда өркендеп жатқан еліміз жаңа ғасырдың табалдырығын асқақ жетістіктермен аттап, дамыған елу елдің қатарына қосылуға бет бұрып отырғандықтан,еліміздің білім беру жүйесі де бүкіл әлемдік білім талаптарына сәйкес болуы тиіс.Ал әлемдік білім кеңістігінде адам мүмкіндігінің шексіздігін,өзін-өзі дамыту қабілетіне сенімі мен ерік бостандығын мойындау, абыройын қорғау және адамның бақытқа жету жолындағы құқығы мен сұраныстарын қамтамасыз ету негізгі мақсаттардың бірі.

Қазіргі біздің басты мақсатымыз бен міндетіміз адамзаттық құндылықтары толысқан, мәдениетті, білімді, шығармашылықпен айналысуға қалыптасқан,алдына мақсат қоя білетін және сол мақсатқа жету жолында табандылық көрсететін белсенді тұлға қалыптастыру.

Ал, осы мүмкіндікті тиімді пайдалану «Өзін-өзі тану» пәнін жүргізетін әрбір ұстазға жүктелген аяулы аманат.

Қазақстанның бірінші ханымы «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының Президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның жалпыадамзаттық рухани құндылықтарға бастайтын қайырымдылық іс-шараларды, еліміздегі рухани-адамгершілік білімінің дамуына қосқан өлшеусіз үлесі,жер бетіндегі өмір сүретін барлық халықтардың арманы мен өзара түсіністік пен сыйластықты сақтауы деген қағидасы.

«Өзін-өзі тану» әлемінің басты мақсаты ұл-қыздарымыздың жеке өзі мен өзін қоршаған ортамен үйлесімділікте өмір сүруге баулу.

Сара Алпысқызының ұлағатты ұстанымдары арқылы жас ұрпақтың жүрегіне өмірге,ата-анасына,ең жақын адамдарына, жалпы адам атаулыға деген бауырмалдық,сүйіспеншілік,махаббат, достық секілді ізгілік қасиеттерге тәрбиелеу.Рухани тереңдікті қалыптастыру мақсатында жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесі: Ақиқат; Сүйіспеншілік;Дұрыс әрекет; Ішкі тыныштық;Қиянат жасамау:

Абай атамыз «Біз өз жанымыздан ғылым шығара алмаймыз, жаралып, жасалып қойған нәрселерді сезбепсіз ,көзбен көріп, ақылмен біліп» демекші ендігі кезеңде бұрыннан жасалған бар білімді ізденіп,толықтырып, әр мұғалім өз жүрегінен өткізіп,руханитереңдігін байқап,бағамдап,әрбір материалды оқушының көкірек көзін ашатындай дәрежеде беру керек деп ойлаймын.

Әсіресе, мектеп жасындағы балалар өте қабылдағыш, үйреткеннің бәрін алатын, берілген тәрбиені де тез қабылдағыш болып келеді.

Балаларды жүйелі және дәйекті түрде адамгершілікке тәрбиелеу үшін нақ осы жастарда мүмкіндік туады.

Мұғалім балалардың оқуын,еңбегін,ойынын ұйымдастырғанда олардың жетілуіне ықпал етуге мүмкіндік алады.Сабақ үстінде мұғаліммен,құрбы-құрдастарымен ұдайы қарым-қатынаста болған баланың өмірлік тәжірибесі молаяды, дүниені өзінше түсіну,сезіну сияқты қасиеттері қалыптасады.

Өзін-өзі тану пәні ең алдымен балаларды ізгілікке баулып,олардың жат қылықтардан бойларын аулақ ұстауына ықпалын тигізеді.Мұғалім өнерлінің өрісін кеңейтіп,қабілетті балалардың әр қырынан танылуына жағдай жасау керек.Жоғарыда айтылып өткендей,оқушы бойына рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру арқылы біз өз мәдениетімізді саралап, бағалаймыз.

«Өзін-өзі тану» пәнінен дәріс беретін мұғалім ең алдымен жүзі жылы, айналасындағыларға әрқашан мейірім шуағын шашып,балаларға жылы шыраймен,әдемі күлкімен әсер беретін ерекше тұлға болуы қажет.

Жеке тұлғаның айналасына ізгілік қатынасын қалыптастыруда мұғалім көп ізденіп,түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана білуі керек.

Сондықтан қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр.Оқытудың әр түрлі технологиялары сарапталып,жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесі зерттеліп,мектеп өміріне енуде. Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан-жақты білімі қажет

Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан-жақты дамыту,өзгеріс енгізу,жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы,орындаушы болса,ал қазіргі оқушы өздігінен білімді іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет