«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайында мектепте, сыныпта тәрбие жұмысын жоспарлау
1. Кіріспе
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері (бұдан әрі – Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері) – еліміздің өміріндегі түбегейлі әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер контексінде әзірленген, білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде тәрбиенің жаңа мазмұнының басымдықтарын анықтайтын стратегиялық құжат.
Қазақстан Республикасы қоғамдық сананы жаңғырту ұстанымын алға қойған прогрессивті даму жолымен келеді. Қазіргі қоғамға ұлттық бірегейліктің аса маңыздылығын, мәдени контекстің, өздігінен даму, өзін-өзі тәрбиелеу және жоғары кәсіпқойлық, құзыреттілік пен тәрбиелілік, отбасы әлеуетінің рөлін арттыру негізінде табысты шығармашылық тұлға ретінде Қазақстан азаматтары мінез-құлқының жаңа әлеуметтік-психологиялық эталонын қажет етеді.
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің контенті Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айқындалған қоғамдық сананы жаңғыртудың алты бағытын белгіледі. Олар: бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы, сананың ашықтығы.
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінде олар жіктеліп берілді және соған сәйкес, тәрбиенің базалық мазмұнын жаңартудың басым бағыттары анықталады. Осы бағыттардың мәні мен мақсаты педагогикалық жүйелер мен педагогикалық процесті ұйымдастырудың алуан түрін, барлық заманауи тәрбие кеңістігін жаңғыртудан, адамгершілік-рухани және жалпымәдени құндылықтар шеңберін кеңейтуден, жас қазақстандықтарды тәрбиелеу практикасындағы мектептің, отбасының, мемлекет пен қоғамның тұтас тәсілдемесінен тұрады.
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері тәрбиелеудің әрбір бағыты «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі бағыттарын, тәрбиенің заманауи тұжырымдарын, білім мен
тәрбиені дамытудың әлемдік үрдістерін (жаһандану, интернационалдандыру, кіріктіру, компьютерлендіру, цифрландыру, универсалдандыру және т.б.), тәрбиенің әдіснамалық негіздері мен қағидаттарын қамтитындай түсінік пен танымнан құралады.
Әлемдік факторлар ұлттық құндылықтардың терең тәрбиелік мәдени әлеуетін қалыптастыруға қайта бағытталу, адамзаттың рухани-адамгершілік мұраларының императивтерін күшейту қажеттілігін тудырады.
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері білім беру жүйесінің, әсіресе, мектепке дейінгі, жалпы орта, кәсіптік және қосымша білім берудің барлық көпқырлылық процесін жетілдіруге, тәрбиелеу мақсаттарына жетудің жоғары өнімділігіне отбасы мен азаматтық қоғамның жауапкершілігін арттыру және оларды белсенді жүзеге асыру бойынша мемлекеттің өзектілендірілген сұранысына негізделеді.
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері адамгершілігі жоғары, білімді, Төртінші өнеркәсіптік революцияның қазіргі заманғы әлеміне табысты бейімделуі үшін жаңа технологиялық құрылысқа бағытталған бәсекеге қабілетті адами капитал даярлауға негізделген жаңартылған мазмұндағы мектептік білім беруге кезең-кезеңмен көшудің мақсатты нұсқауларына, қағидаттары мен міндеттеріне сүйенеді. Дәл осы аспектіде білім беру процесінің тәрбиелік әлеуетін арттыруды, оқыту мен тәрбиені, оқыту мен тәрбие кеңістігін неғұрлым сапалы, әрі тиімді кіріктіруді қамтамасыз ететін технологияның, тәрбиелеу әдістемелерінің жаңа білім беру қағидаттары жетілдірілді. Тәрбие, оқу, білім беру және ақпараттық қызметтік құзыреттілікті қалыптастыруда шектелген пәндік өнімдік қызметпен сәйкес келуі керек. Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздеріне тәрбие жұмысы; тірек месседжилер; алға қойылған тәрбие мақсаттарына жету деңгейлерін өлшеуге арналған критериалды аппарат, мониторинг әдістері; кешенді ресурстық қамтамасыз ету; оларды жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер; терминдер мен анықтамаларға негізделетін мақсаттар мен міндеттер; тәсілдер мен қағидаттар енеді.
2. Нормативтік құқықтық қамтамасыз ету
Тәрбиенің тұжырымдамалық негізінің нормативтік базасын мыналар құрайды:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды) (10.03.2017 ж. берілген өзгерістер мен және толықтырулармен);
- «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» No518-ІҮ2011 жылғы 26 желтоқсандағыҚазақстан Республикасының Кодексі (02.07.2018 ж. берілген өзгерістермен және толықтырулармен); - «Білім туралы»2007 жылғы 27 шілдедегі No319-ІІІ Қазақстан РеспубликасыныңЗаңы (04.07.2018 ж. өзгерістермен және толықтырулармен);
- «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» No 345-ІІ Қазақстан РеспубликасыныңЗаңы(24.05.2018 ж.өзгерістермен және толықтырулармен);
- Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы»2002 жылғы 8 тамыздағы No 483-ІҮ Заңы (22.12.2016 ж. өзгертулермен және толықтырулармен);
- Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы (Астана қ., 12 сәуір 2017 ж.);
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 24 шілдедегі No 460 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамыту.2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Астана, 2016 жыл»;
- Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы (Астана қаласы 21 қараша 2018 ж.);
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 1 маусымдағы No 348 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері;
- Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы No 577 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2013-2020 жылдарға арналған «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдамасы;
- Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы No 986 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 ақпандағы No 191 қаулысымен мақұлданған.«Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы No 827 қаулысымен бекітілген.«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы;
- «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралыҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 8 сәуірдегі No 266 бұйрығы. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі No 115 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы.
3. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің мақсаты, міндеттері және тетіктер
Мақсаты –«Рухани жаңғыру» бағдарламасын шеңберінде Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарында балалар мен жастарды тәрбиелеу.
Міндеттері:
1) «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттарының шеңберіндебалалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мазмұнын жаңартудың әлеуметтік маңызын өзектендіру: бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық даму, сананың ашықтығыаясында;
2) «Рухани жаңғыру»
индикаторларышеңберіндебілім
дамытудың әлемдік
интернационалдандыру,
компьютерлендіру, сандық жүйеге көшу, смарт және стем білім беру), тәрбие беру саласындағы педагогикалық ғылымның жаңашыл жетістіктерін,тәрбие берудің шетелдік және отандық қазіргі кездегі тұжырымдамаларының негізгі ережелерін, Қазақстан Республикасының орта білім берудің жаңартылған мазмұнын, тәрбиенің әдіснамалық негіздері мен қағидаттарын, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің, Назарбаев университетінің алдыңғы қатарлы тәжірибесін есепке ала отырыптәрбиенің жаңартылған мазмұнының мақсаты мен міндеттерін анықтау;
3) білім беру ұйымдарында тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін тиімді енгізудің шарттарын ашып көрсету;
заманауи басым жалпыадамзаттық, ұлттық және этномәдени құндылықтар негізінде тұтас тәрбие процесінде білім алушылар
бағдарламасының негізгі
беру үрдістерін
мен
тәрбиелеуді (жаһандану, ізгілендіру,
кіріктіру,
тұлғасының және олардың отбасыларының, мектептің, мемлекеттің, балалардың азаматтық қоғамы, қоғамдық ұйымдарының бірлескен іс-әрекеттерін қамтамасыз ету;
4) балалар мен жастарды тәрбиелеу мазмұнында заманауи реалиялармен, сондай-ақ іс-қимыл компонентін, шынайы әлеуметтік маңызды нәтижелерге негізделген балалар мен жастардың әлеуметтік бастамаларын кіріктіру жүйесін күшейту. Нысаны:еліміздің білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінің біртұтас педагогикалық процесі.
Іске асырудың негізгі тетіктері: Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері тәрбие процесінің, әлеуметтін әріптестіктің, құқықтық, ұйымдастырушылық-басшылық, ақпараттық қамтамасыз етудің негізі болып табылады.
4. Қазақстан Республикасындағы балалар мен жастарды тәрбиелеудің қазіргі кездегі жағдайы
Қазақстанның білім беру ұйымдарында тәрбиенің заманауи ахуалының ерекшеліктеріне тән сипат әлеуметтік талап етілетін құндылықтар, дәстүрлер, мінез-құлық тәжірибесі ұстанымы тұрғысынан оны жаңартуға бағытталу болып табылады.
Қазіргі кезде тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016- 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда.
«Мәдени мұра», «Халық – тарих толқынында» бағдарламаларын іске асыру барысында тәрбие беру процесін байыту бағытына үлкен үлес қосылды.
2017 жылдан бері тәрбие жұмысын күшейтуңе Президентінің «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананың жаңғыруы» бағдарламалық мақаласының шығуымен үздіксіз байланыста болып келеді.
Өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарын сақтау мен үстемелеу: «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет», «Қазақстанның 100 жаңа есімі», «Жаңа адамгершілік білім.Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «Мемлекеттік тілді латын әліпбиіне көшіру» жобалары арқылы жүзеге асырылады.
Тәрбие беру кеңістігін жетілдіру «Өзін-өзі тану» рухани- адамгершілік білім беру бағдарламасының жалпы адамзаттық құндылықтарының жүйесін ескереді.
Тәрбие берудің ұлттық моделі төртінші өнеркәсіптік революция кепілі болып табылатын адами капитал – халықаралық бәсекеге қабілеттілік ресурсыескереді.Бұл жағдайларда тұтас педагогикалық процестегі тәрбиесапасының мәселесі ерекше мәнге ие болады.
Жалпы білім беретін ұйымдардағы тәрбие жүйесінің қазіргі кездегі модельдерінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының тәрбие мен білім беруді, академиялық пәндер мен қосымша білім беруді кіріктіру, Қазақстанның түрлі өңірлерінде өлкетану-зерттеушілік экспедициялар,әлеуметтік, зияткерлік бастамаларға және мұғалімдердің ата-аналармен ынтымақтастық тәжірибесіне ресурстық қолдау көрсетуді, әртүрлі жастағы білім алушыларды өзін-өзі басқаруға тартудыұйымдастыру арқылы әлеуметтік- педагогикалық орта құру бойынша тәжірибесін тарату көрініс тапты. Сонымен бірге білім беру-тәрбие процесіне тартылған мұғалімдердің педагогикалық құзыреттілігін, кәсіби шеберлігін арттырудың инновациялық каскадты әдісі белсенді пайдаланылады.
Қазіргі кездегі мектептердің тәрбие процесіне «Рухани жаңғыру» бағдарламасының міндеттері контексінде өлкетану компонентінің инновациялық моделі, білім алушылардың рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбиесінің формалары мен тәсілдері, балалардың әлеуметтік маңызды бастамалары белсенді енгізілуде, мектептің, ата-аналар қауымдастығының, әлеуметтік әріптестердің, әсіресе түрлі балалар қоғамдарының, қоғамдық формалды емес бірлестіктерініңқазіргі заманғы әдістерініздеу және күшін шоғырландыру жүзеге асырылады. Оқу-тәрбие процесіне желілік технологияларды енгізу бойынша жұмыс белсенді жүргізілуде.
Балалар мен жасөспірімдерді 2011 жылы Елбасының бастамасымен құрылған Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы бағдарламасын жүзеге асыруға тарту арқылы патриоттық тәрбиеберу, сондай-ақ, белсенді азаматтық ұстанымдыдамыту бойынша республикада көп жұмыс жүргізілуде.
Мемлекеттің әлеуметтік тапсырысы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауларында көрініс табатын белсенді өмірлік және азаматтық жауапкершілік
ұстанымы бар, өзінің үлкен және кіші Отанының тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне құрметпен, ел тағдырына жауапкершілікпен қарайтынтұлға қалыптастыруды көздейді. Тұтас тәрбие жүйесіндегі ауқымдыөзгерістердіқамтамасыз ету педагогикалық ұжымның: білім беру ұйымы әкімшілігінің, әр мұғалімнің, сынып жетекшілерінің, жетекшінің, әлеуметтік педагогтің, педагог-психологтардың, қосымша білім беру педагогтерінің, балалардың қоғамдық ұйымдарының үйлестірушілері мен көшбасшыларының, әдіскерлердің күшімен жүзеге асырылады.
Қазақстандабүгінгі күнібалалар мен жастарды тәрбиелеужүйесін жетілдіру бойыншаедәуір жұмыстар жүргізіліп келеді және оның ішінде тәрбиебасым бағыт ретіндеайқындалған.
Сондай-ақ, бірқатар өзекті мәселердің шешімін табу қажет:
- Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының алты бағытымен белгіленген қоғамдық сананы жетілдіру аясында Қазақстанның болашағы – балалар мен жастарды, адами капиталды одан әрі дамыту қажет;
- білім берудің барлық деңгейлеріндегі тәрбие процесінде Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» тұжырымдамалық мақаласында белгіленген «Ұлы даланың жеті қырын» жүзеге асырған маңызды;
- НЗМ тәжірибесін таратуды ескере отырып, тәрбие жұмысын іске асыратын педагогтер штатының іс-әрекет үлгісі туралы ұғымды, басқарушылық менеджмент деңгейлерін арттыру үшін басқарушылық үлгілерін жаңарту мен тәжірибені тарату мәселелерін кеңейту;
- практикалық ынтымақтастық тетгігі мен балалардың қоғамдық ұйымдарының, мектептегі өзін-өзі басқару мен волонтерлік қозғалыстардың, мектеп және ата-ана қоғамының өзара іс- қимылын талап етеді;
- білім берудің жаңа сапасы тұрғысынан жас ұрпақты ғылыми- зерттеу және өндірістік-технологиялық ортаға енгізген маңызды; - білім алушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша тәрбие жұмысын жетілдірудің: білім алушылар денсаулығының барлық аспектілерінде (моральдық, дене бітімдік, психикалық, әлеуметтік) жүйелік төмендеуі бар: кәмелетке толмаған құқық бұзушылықтың ұлғаюы; алкоголь, темекі, есірткіні теріс пиғылда пайдалану; өзіне-өзі қол жұмсау оқиғаларының көбеюі; ерте жыныстық қатынас; әртүрлі сенімдегі
діни нанымдарының өсуі және т.б. маңызды мәселе болып қала бермек.
Білім алушылар денсаулығының (80-85%)төмендеуі аталған аспектілерде Қазақстанның білім беру жүйесіндегі қазіргі дағдарыстың жақын болашақта ұлт денсаулығына әсер етпейтінін көрсетеді; оның интеллектуалды әлеуеті, бәсекеге қабілеттілігі, тұтастай алғанда елдің ұлттық қауіпсіздігі болып табылады. Білім алушылар денсаулығының төмендеуінің негізгі себептері оқушылардың білім беру және ақпараттық жүктемесінің жоғарылығы, мұғалімнің оқушыларға психологиялық қысымы, мұғалімдердің денсаулығын сақтау технологиясының жетіспеушілігі, тұтастай алғанда мұғалімдердің психологиялық- педагогикалық дайындығының төмен деңгейі.
Бізге көп жылдар бойы мектепте қалыптасқан кемшіліктерді жоюдың жаңа тәжірибесі қажет.
Білім беру жүйесіне жаңа міндеттер қойылуы тиіс. Олар: «Рухани жаңғыру» қоғамдық санасын жаңғыртудың негізгі бағыттары тұрғысынан адам мен тұлға ретінде адамның жеке басы мен субъекті ретінде өсіп келе жатқан тұлғаны дамыту процесі. Әлемдік білім беру кеңістігінде баланың жеке басына шаққандағы білім беру мазмұнын жаңартудың басты бағыты болып табылады. Ол өзін-өзі бағалау мен жеке тұлғаның қоғамдық беделін қалыптастыруды көздейді. Алдыңғы қатарлы мектепті бітіруші өзін дамыған қоғамда өмір сүруге дайын және қоғамды дамытуға қабілетті болуы керек.
Бүгінде аксиома болуы тиіс - бәсекеге қабілетті адам капиталы бар, Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына барар жол, өмірдің мүлдем басқа сапасына жол - ұлттың рухани және моральдық жаңғыруы, қазіргі заманғы жастардың қоғамдық санасын жаңғырту, білім беру ұйымдарының оқу тәрбие процесін ізгілендіру арқылы ғана мүмкін.
5. Қазіргі тәрбие тұжырымдамасы
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін іске асыруда практикалықжетекшілікке алуға болатын, шетелдік және отандық тәрбие тұжырымдамалары бар.
Тәрбиенің гуманистік жүйесіқатаң талаптағы бағдарламалар, бірқатар реттілік, әкімшілік талаптарға немесе ұжымның моральдық абыройына бағынатын баланың тұлғасы қайшы келеді.
Тәрбие процесін жүйелі құру тұжырымдамасы.Тұжырымдаманың басты идеясы: адамның барлық шынайы күшін анықтау және жетілдіру (адам өзін-өзі дамытушы және өзіне қатысты барлық жағдайды жасаушы). Тәрбие берудің негізін адамда жағымды қасиеттер, жоғары танымдық қажеттіліктер мен қылықтар тудыратын жалпы адами құндылықтар (Адам, Отбасы, Еңбек, Мәдениет, Отан, Жер, Бейбітшілік) құрайды.
Бала тұлғасын қалыптастырудың жүйелік-рөлдік теориясының тұжырымдамасы. Тұжырымдаманың негізгі идеясы: жеке тұлғаны қалыптастыру әлеуметтік құндылықтардың мұрагерлік және көбейтудің әлеуметтік механизмінің арқасында жүзеге асады. Әлеуметтік құндылықтар-бұл алдыңғы ұрпақтың тәжірибесінен алынған өмірдің ақиқаты. Олардың мұрагерлері адамның белгілі бір әлеуметтік рөлде өз белсенділігін көрсетпестен және осы үдерістің табысты өтуін педагогикалық қамтамасыз етпестен мүмкін емес
Тәрбие тұжырымдамасы баланы әлеуметтендірудің педагогикалық компоненті ретінде. Тұжырымдаманың негізгі идеясы: тәрбие адамның дамуы үшін жағдай жасау бойынша мақсатты іс-қимылды көздейтін әлеуметтендіру үрдісінің педагогикалық компоненті болып табылады. Мұндай жағдайларды жасау баланы оқудағы, қарым-қатынастардағы, ойындардағы, практикалық әрекеттердегі әлеуметтік қатынастардың түрлі түрлеріне қосу арқылы жүзеге асырылады. Баланы әлеуметтендірудің педагогикалық компонент ретіндегі тәрбие тұжырымдамасы. Тұжырымдаманың негізгі идеясы: тәрбие берудің өзі адамның дамуына жағдай жасайтын мақсатты әрекетті болжайтын әлеуметтендірудің педагогикалық компоненті болып табылады. Аталған жағдайларды жасау баланы оқуда, қарым-қатынас жасауда, ойында, практикалық әрекеттерде әлеуметтік қатынастардың әртүріне қатыстыру арқылы жүзеге асырылады.
Лайықты адамға сай өмір салтын қалыптастыру тұжырымдамасы. «Лайықты адамға сай өмір салты» – бұл әлемге, өзінің әулетінің қасиеттеріне, шындыққа, адалдық пен сұлулыққа ұмтылу қатынасын басшылыққа алатын адамның тұрмысы.Тұжырымдаманың негізгі ұстанымдары: тәрбие берудің өзі баланың өмір сүруге және өз өмірін лайықты Адамға сай саналы түрде құру қабілетін дамытуда қазіргі заманғы мәдениеткебетбұрысын кәсіби-педагог ұйымдастырған мақсатқа бағытталуы мүмкін.
Баланы мәдениетті тұлға ретінде тәрбиелеу тұжырымдамасы. Тұжырымдаманың негізгі идеясы:мәдени-тәрбиелі тұлғаны тәрбиелеу. Құрылған тұжырымдаманың негізі мәдениетті адамға сай келетін – мектептің қамқорлығы мен тәрбие мақсатынегіз болатын жалғыз пәнретінде ХХІ ғасыр бейнесініңбағдары алынды. Аталған бейне ұлтаралық, конфессияаралық қақтығыстардыңбейбітпроцесі ретінде көрініс тапты.
Баланың және оның даму процесіне педагогикалық қолдау көрсету тұжырымдамасы.Басты идеясы: мектептер және олардың педагогикалық ұжымдары әлеуметтендіру қызметінғана атқарады, олар баланың жекешеленуін тым нашар қамтамасыз етеді. Бұндай процесс ретінде педагогикалық қолдау көрсетілуі керек. Бұл ретте педагогикалық қолдау көрсетілу – баланың дене бітімі мен психологиялық денсаулығына, әлеуметтік және экономикалық жағдайына, оқудағы жетістіктеріне, мектеп ережелерін қабылдауға; іскерлік және тұлғааралық тиімді коммуникацияларға; өмірлік, кәсіби, этикалық (өз тағдырын өзі шешу) таңдауымен байланысты жеке мәселелерін шешуде алдын ала және жылдам көмек көрсету болып табылады.
Оқушылардың өзін-өзі тұжырымдамасы.Тұжырымдаманың
тұлғасын қалыптастырудағы басты
процестеріне беріледі.Оқушыға ықпал
сыртқыәсерлердің (сонымен қатар тәрбиелік) негізгі бағыттары және оның дамуыәрбір жас кезеңінде қолдау көрсету және ынталандыру, сондай-ақ өздігінен дамуға қажетті құралдармен қамтамасыз ету бала тұлғасын өзін-өзі дамыту сатысына жеткізу үшін қажетті процесс болып табылады.
Адамның қажеттіліктері негізіндегі тәрбие тұжырымдамасы. Тұжырымдаманың негізгі идеясы: адамның өздігінен өзгеруінің ішкі тетіктеріне сүйену. Тәрбие беру бұл оқушының базалық қажеттілігін қамти отыра: 1) шығармашылық қызметте болуы; 2) денсаулығының жақсы болуы; 3) қорғалған, қауіпсіз болуы; 4) құрметпен, мойындау, әлеуметтік статусқа қажетті болуы; 5) өмірі мәнді болуы; 6) өзін-өзі жетілдіре білуі (өзбетінше өмір сүруде); 7) рақаттана, әсер алатын педагогтің психологиялық педагогикалық жағдай негізіне бағытталған қызметі болып табылады.
Оқушы жастардың ұлттық сана-сезімін дамыту тұжырымдамасы. Тұжырымдаманың негізгі идеясы:Қазақстан жастарыныңұлттық өзін-өзі тануды дамыту, ұлттың зияткерлік пен бәскеге қабілеттілігін дамытуға бағытталған көп ұлтты мемлекет ретінде
негізгі рөл
идеясы: өзін-өзі
адам дамыту негізгі
ететін
тәрбиелеу
этникалық тұрғыдан (этникалық, этномәдени тәрбие), азаматтық тұрғыдан (көпмәдениетті, азаматтық тәрбие) және жалпы ұлттық сәйкестендіруді (зияткерлік тәрбие) жүзеге асырылуы керек.
6. Тәрбиенің мақсаты, міндеті мен қағидаттары
Қазақстан Республикасындағы балалар мен жастарды тәрбиелеудің мақсаттары мен міндеттерін айқындауға бағытталған білім берудің тұжырымдамалық негіздері бүгінгі күні барлық білім беру жүйесіне «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген барлық мақсаттар мен міндеттерді қарастырады, барлық деңгейдегі білім алушыларды оқытудың сабақтастығын қамтамасыз етудің міндетті шарты болып табылады.
Білім берудің мақсаттарын, міндеттерін (мазмұнын) жаңғыртудың негізгі шарты Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында: бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық сәйкестікті сақтау, білімді табынушылық, эволюциялық, революциялық емес даму, сананың ашықтығы, ХХІ ғасырдағы адамға лайықты қасиеттер ретінде қоғамдық санасын жаңғыртудың стратегиялық көрсеткіштерін ескеру болып табылады.
Тәрбиенің мақсаты: рухани байлықты, моральдық тазалықты, дене бітімін жетілдіруді, бәсекеге қабілеттілікті, прагматизмді, ұлттық сәйкестікті, білімнің табынуын, эволюциясы мен сана- сезімінің ашықтығын, әлеуметтік рөлдердің жүйесін толықтай орындауға қабілетті, XXI ғасырдың лайықты өмірін қалыптастыруға қабілетті жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеу.
Әрбір педагогикалық ұжым өзінің қызметін мақсатқа бағыттап, оның шарттары мен мүмкіндіктері бойынша нақтылауы тиіс. Тәрбиенің міндеттері:
1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым және практикалық жетістіктер негізінде тұлғаның дамуы мен құруды қалыптастыруға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайларды жасау;
2) жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және дене бітімдік қабілеттерін дамыту, моральды, салауатты өмір салтын нығайту негіздерін қалыптастыру, жеке тұлғаны дамыту, сыни ойлау және функционалдық сауаттылықты (компьютерлік, цифрлық, математикалық, жаратылыстану, оқу сауаттылығын) дамыту
үшін жағдай жасауда өзбетінше шешім қабылдау проблемалары арқылы интеллектіні байыту;
3) Қазақстан Республикасының Отанға деген махаббатын, азаматтылықты және отансүйгіштікті тәрбиелеу, мемлекеттік символдар мен ұлттық дәстүрлерге деген құрмет, кез келген конституцияға және қоғамға қарсы жағдайларда қарсылық таныту;
4) еліміздің қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттілігін, тұлғаның өз құқығын және міндетін сезінуді қалыптасытру;
5) отандық және әлемдік мәдениет жетістіктеріне қосылу; қазақ халқының және басқа да халықтардың тарихын, салт-дәстүрін зерттеу; мемлекеттік, ресми және шет тілдерін білу;
6) психологиялық-педагогикалық құзыреттілікті және ата- аналардың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігін арттыру, жастарды дені сау отбасын құруға даярлау, отбасы институтын нығайтуда саналы атсалысу;
7)әлеуметтік маңызы бар балалық, отбасылық және ата-аналық бастамаларды, балалардың қоғамдық бірлестіктерінің қызметін дамыту және қолдау;
8) тұлғаның экономикалық ойлауын дамыту және кәсіби қалыптасуға саналы қатынасын және өзін-өзі жетілдіруге; табиғатты сақтауда белсенді азаматтық жағдайды; экологиялық сауаттылықты және мәдениетті ұстану;
9) бала тәрбиесіндежалпы және қосымша білім беружүйесінің рөлін арттыру; сондай-ақ, денешынықтыру және спорт, мәдениет саласындағы ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыру;
10) бала тәрбиесі саласындағы ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру;
11) балалардың ақпараттық қауіпсіздік деңгейін арттыру. Тәрбиеқағидаттары: Тәрбие міндеттерін шешу барысында келесі қағидаттары мақсатты түрде пайдаланған дұрыс: табиғат сәйкестігі қағидаты, гуманизация қағидаты, үздіксіздік қағидаты, мәдени сәйкестік қағидаты, этникалық қағидаты, қызметтегі және қызмет арқылы тәрбие қағидаты, субъективтік қағидаты, педагогикалық қарым-қатынасты дербестендіру қағидаты, полисубъектілік қағидаты, диалогтілікқағидаты, белсенділік қағидатыпринципі, талаптылығы жоғары тұлғаны құрметтеу қағидаты, жетістікті қамтамасыз ету қағидатыпринципі, позитивке сүйенуқағидаты, білім алушылардың кері және жеке ерекшеліктерін есепке алу қағидатыпринципі, ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу
қағидаты, тәрбие әрекеті өмірмен және өнеркәсіптік практикамен байланысының бірлік қағидаты, балалардың өмірін эстетизациялау қағидаты, оқушылардың бастамасы мен тәуелсіздігінің дамуымен педагогикалық басқаруды біріктіру қағидаты, жалпыға ортақ адами құндылықтардың қағидаты, білім берудің рухани-адамгершілік дәстүрлері мен ұлттық және әлемдік мәдениеттің нормаларына негізделуі керек екендігін көрсетеді.
7. XXI ғасырға лайықты тәрбиеніңсапалық негізгі хабарламалары:
«Рухани жаңғыру»
Қазақстандық ұлтжандылық.Аталған сапаның қалыптасуы білім алушылардың Отанын жақсы көрумен, оның табыстары мен жетістіктеріне риза болумен, көрнекті тарихи тұлғалардың атақ- даңқтарымен, өз ауылына, қаласына, өңіріне, оның мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне, елдің тарихына құрметпен қарауға, оның өркендеуі мен әл-ауқатының жақсаруына байланысты еңбек етуге, конституциялық міндеттерді орындауға, қоғамның әлеуметтік жауапты мүшесі болуға тиіс.
Бәсекеге қабілеттілік. Білім алушылардың бұл қасиеті қазіргі заманғы жағдайда интеллектуалдық даму қажеттілігін сезіну, бәсекеге қабілеттілік, креативті және ұлттық өзіндік санасы мен сыни ойлауы жоғары деңгейде дамыған дені сау тұлға ретінде көрінген, өзін-өзі жетілдіруде, өзін-өзі дамытуда, өзіндік сенімі бар талаптары анық көрініс тапқан, үш және одан да көп тілді меңгерген, тіл табысқыш, топпен жұмыс жасай алатын, жаңа білімдерді меңгеруге дайын, оларды сыни ойлай алатын, компьютерлік және цифрлық сауаттылық үшін қандайда бір мәселе туындаған жағдайда, қалыпты емес жағдайларда жаңадан меңгерген білімдерін (функционалдық сауаттылық) тиімді қолдана алатын көшбасшылық қасиетке ие, өзіндік күшін жетілдіруді шебер қолдана алатын тұлға.
Прагматизм. Прагматизмді тұлғаның қасиеті ретінде тәрбиелеу, білім алушылардың дайындығымен, олардың қабілетімен және білімімен: нақты мақсаттардың жетістіктеріне, білімге, сауатты өмір салтына қарай шынайы өмір сүруге; мүмкіндігіне қарай өз өмірін басқаруға; практикалық пайдалы нәтижелер алуда өмірге деген өз әркеттері мен көзқарастарының жүйесін құру; өз уақытын жоспарлау; практикалық қызмет барысында нәтижелер алу (мақсат нақты, сенімді нәтижеге құрылуы керек) байланысы болуы керек.
Ұлттық сәйкестік. Ұлттық ерекшеліктің қалыптасуы білім алушылардың халықтың тарихын, қазақ халқының әдет- ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін, мемлекет ретінде қазақ тілін ұлттық сәйкестіктің негізгі элементі – ұлттың мәдени коды ретінде («егер халық өз мәдениетін жоғалтса, халық жойылады»), ұлттық сананың базалық элементі ретінде, рухани қазақстандықтардың барлық ұрпақтарының бірлік пен тұтас Қазақстан халқының ұрпақ («Қазақстан – ортақ үйіміз») жалғастығының сабақтастығы ретінде; төзімділік пен гуманизм негізінде бірге тұратын барлық халықтар мен ұлттардың тілін, тарихын, дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын және ұлттық мәдениетін құрметтеуге барлық қазақстандықтардың қабілеті мен дайындығы; түрлі мәдени мұраны іздеу мақсатында этникааралық, конфессияаралық және мәдениетаралық диалогқа дайын болу, қазақ жерінде бейбітшілікті, тыныштықты және зорлық-зомбылықтан сақтайтын жалпы адами құндылықтарды (өмір, еркіндік, бейбітшілік, ар-ұждан, сенім, махаббат, бақыт, денсаулық) сақтау қабілеті мен қажеттілігін меңгерумен байланысты.
Білімнің салтанат құруы. Білім алушылардың бойында аталған қажеттілікті дамытуға байланысты (білімнің басымдығы, таным мәдениеті) рухани өзін-өзі жетілдіруге тұрақты жеңуге тартатын материалдық жетістікке қол жеткізуде қоғамдық мораль негізінде терең түсіну жатқанрухани өзіндік дамытуға қабілетті және дайын болуы керек.
Эволюциялық және сананың ашықтығы. Білім алушылардың бойында аталған қабілеттерді жаңа технологиялық сананың өзгерістерді дамыту дайындығымен көрінуі керек; прогреспен қатар қадам басып, оның негізгі бағыттарын ұстану, басқа мемлекеттердің озық тәжірибесін меңгеру үшін ең жақсы жетістіктерді қабылдау; басқа елдермен диалогқа қатысу, басқа елдерден үйрену; олардың «өмірлік әлемінің», «өрісін» кеңейту және олардың шығармашылық күштерін қолдану нысандарына барынша қолдау жасау.
Салауатты өмір салты - әрбір қазақстандық үшін денсаулық - ең жоғары құндылық. Ол міндетті түрде спортпен, дұрыс тамақтанумен, зиянды әдеттерден бас тартумен, оң эмоцияларды көбейтумен, әлемге оң көзқараспен, қозғалыс белсенділігін артуымен байланысты.
XXI ғасырдың адамына лайық қасиеттер ретінде осы қасиеттер мен сапаны қалыптастыру Қазақстан Республикасының білім беру тәрбиенің ұйымдарындаға жаңартылған мазмұнының
айқындау ғана емес, сонымен қатар: азаматтық-патриоттық, рухани-адамгершілік, еңбек, эстетикалық, зияткерлік (саналық), дене бітімдік, құқықтық, көпұлтты және ұлттық тәрбие беруді қамтиды және мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың күшті және мықты ҚАЗАҚСТАН құруда қолдау көрсетуінде байланысты болатын «Қазақстан-2050 Стратегиясында» басым бағыттарын: 1) Жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу. Жаңа қазақстандық патриотизм – бұл барлық қоғамды, барлық ұлттық өзгешелікті біріктіру емес; 2) барлық этникалық топтардың азаматтары тең құқылы болу. Барлығымыз тең құқықтар мен тең мүмкіндіктерге ие қазақстандықтар болып табыламыз және біздің жерімізде бейбітшілік пен тыныштықты қамтамасыз етуге тікелей жауап береміз; 3) қазақ тілін және тілдердің үштілділігін дамыту. Жауапты тіл саясаты – қазақ халқының негізгі біріктіруші факторларының бірі. Қазақ тілі – рухани негіз және барлық салаларда белсенді түрде дамыту керек; 4) Мәдениет, дәстүр және өзін-өзі жаңғырту. Дәстүр мен мәдениет – ұлттың генетикалық коды; 5) ұлттық интеллигенция рөлін жоғарылату (мұғалім ұлттық интеллигенцияның алдыңғы қатарлы тұлғасы). Зиялы қауым қалыптасқан мемлекеттің кезеңінде ұлттық құндылықтарды нығайтуда жетекші күш болуы керек; 6) мемлекеттің зайырлы сипатын нығайту – Қазақстанның табысты дамуының маңызды шартына қатысты бағыттарды іске асыруға ықпал ететін болады.
8. Тәрбие процесін ұйымдастырудың әдіснамалық негіздері
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері келесі әдіснамалық негіздерге (қағидаттарға)
сүйенеді:
Антропологиялық көзқарас– тәрбие тақырыбы ретінде адам туралы білімнің барлық деректерін және олардың есебін біртұтас педагогикалық процесті құруда және жүзеге асыруда жүйелі қолдану.
Тұлғалық-бағдарлы көзқарас– өзара байланысты түсініктер, іс- әрекет идеялары мен тәсілдер жүйесіне сүйену, тұлғаның өзін-өзі тану, өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі жүзеге асыру процесін қолдау, оның дербестігін дамыту.Тұлғалық-бағдарлы көзқарас білім алушының оқу процесінде өзінің өмірлік іс-әрекеттерін және
тұлғалық болмысын жүзеге асыратын белсенді суъект ретінде қалыптасуына бағытталған.
Қызметтік қөзқарас – педагог өз тәрбиеленушілерін мақсат қою және іс- әрекетін жоспарлау, оны ұйымдастыру және реттеу, бақылау, өзіндік талдау және іс- әрекет нәтижелерін бағалауға үйретуі үшін қажет баланың іс-әрекетін қалыптастыру, таным, еңбек және қарым-қатынас субъектісі ұстанымына ауыстыру бойынша арнайы жұмысты талап етеді.
Сол немесе өзгеде қызметтің тиімділігі
тұлғаның дербестік
шығармашылық
қызығушылықтарына,
және өзін-өзі өзгертуге әзірлігіне тәуелді. Жүйелілік-тұтастық көзқарас. Жүйелілік және тұтастық «тұлға өзін басқаларға тұтас феномен ретінде көрсетеді және әр жеке мінез-құлық жағдайында әлемге (қоғамға, басқа адамдарға, өзіне) қатысты өзінің тұлғалық көзқарас жүйесін құрастырады. Әлеуметтік-психологиялық феномен ретіндегі тұлғаның тұтастығы жалпы педагогикалық процесте және оның барлық субъектілерінің (мұғалімдер, оқушылар, ата-
аналар) бағыныштылығын көрсетеді. Синергетикалық көзқарас тәрбиені тура себеп-салдарлы байланыстарға негізделмеген, белгілі бір деңгейде өздігімен ұйымдастырылатын процесс ретінде емес, керісінше бір мағыналы емес, заңды және кездейсоқ, болжанған және
дәрежесіне, белсенділігіне, қажеттіліктеріне
стихиялы, ретті және ретсіз сияқты көптеген ішкі және сыртқы ықпалдармен келісілген процесс ретінде қарауға мүмкіндік береді.
Гуманистік көзқарас (гуманистік бағыт қағидаты) – педагогтің тәрбиеленушіге өз дамуына жауапты және дербес субъекті ретінде бірізді қарым-қатынасы, оның тәрбие процесінде тұлғамен және ұжыммен ізгілікті қарым-қатынас негізінде өзара әрекет стратегиясы.
Мәденисәйкестілік тәсілі. Тәрбие мәдениеттің жалпыадамзаттық құндылықтарына негізделуі және ұлттық мәдениеттердің жалпыадамзаттық құндылықтары мен ұлттық мәдениет нормаларына сәйкес құрылуы тиіс.
Аксиологиялық тәсіл. Аксиологиялық (құндылықты) тәсіл тұлға адамзаттың ең жоғары құндылығы болатын, барлық гуманистік тұжырымдамалардың негізі болып табылады.Аксиологиялық тәсіл – тәрбие рухани-адамгершілік дәстүрлерге, сонымен қатар ұлттықжәне әлемдік мәдениетке негізделуі тиіс деп бекітеді.
Этнопедагогикалық тәсілтәрбиені ұлттық этникалық сана-сезімді қалыптастыруға бағытталған ұлттық мазмұнмен толықтыруды, барлық азаматтардың ана тілін үйренуге және ана тілінде сөйлеулеріне, өз ұлтының салт-дәстүрлерін
зерделеугежағдай жасауды көздейді. Этномәдени тәсілұлттық білім алушы тұлғасының тәрбиесі ретінде (өз халқының тарихын, тілін, мәдениетін, салт- дәстүрлерін зерделеу және меңгеруді этникалық әлеуметтену қажетті шарт ретінде)қарастыруды көздейді. Ол басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін білуге қызығушылық тудырумен; жалпыазаматтық құндылықтарды меңгерумен, басқа ұлт өкілдерімен қарым-қатынас жасау білігін және дағдыларын қалыптастырумен тығыз байланыста болуы тиіс.
Көпэтникалық, көпмәдениеттілік тәсіл.Аталған тәсілдің мақсаты: -үйлесімді тәрбиелеу, шынайы-позитивті, рухани-адамгершілік (этносқа қарамастан) қатынастар, әлемдік мәдени мұра мен шетел тілдерін меңгеру, көпмәдениетті білім беруді және этносаралық толеранттылықты дамыту; - көпұлтты және көпмәдениетті ортада әртүрлі ұлт, нәсіл, діни наным-сенімді ұстанатын адамдармен бейбіт әрі келісіммен өмір сүре алатын,
жоғары түсінікке ие және басқа мәдениеттерді құрметтей алатын, белсенді және жақсы өмір сүруге қабілетті тұлға тәрбиелеу;- олардың көзқарасына, мінез-құлқына, әдетіне, өзара құрметке ұмтылуда байқалатын әртүрлі қызығушылықтар мен ешбір қысым көрсетпей, түсіндіру мен құрмет көрсету әдісін қолдана отырып көзқарасты түсіну мен келісуде этникалық, ұлттық немесе мәдени қатынасына қарамастан басқа адамдарға шыдамдылықтанытумен сипатталатын этносаралық толеранттылықты (тұлғаның моральдық қасиеті) дамыту.
9. Тәрбиенің негізгі мазмұнын жаңартудың басым бағыттары
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының әр бағыты қоғамдық сананы жаңғыртудың барлық негізгі бағыттарын ескере отырып жүзеге асырылады.
Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу, құқықтық тәрбиелеу.
Мақсаты:патриот пен азаматтың Отанға ұтымды және эмоционалды қатынасы, мемлекеттің және қоғамның заңдарын ұғыну мен сақтау, саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңсыздыққа қарсы тұру, баланың және жасөспірім ортасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы тұруға дайын ұлтжанды азамат қалыптастыру.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында белсенді азаматтық ұстанымы және ортақ ұлы ұлтқа қатысы бар патриот тәрбиелеу мақсаты болып табылатын «Отаным – тағдырым» (патриоттық), «Атамекен» шағын бағдарламасында берілген бағытқа лайық қарастырған жөн.
Қамтамасыз ету жолдары: бәсекеге қабілеттілікті қалыптастыруда Біртұтас Ұлттың жауапты Тұлғаға назар аудара отырып жастар қозғалысын қайта форматтау; қоғамның әртүрлі салаларында белсенді көрініс арқылы азаматтық сана-сезімді тәрбиелеу; балалар бастамаларына қолдау көрсету арқылы көшбасшылықты қолдау; азаматтық белсенділікті және кіші Отан тағдыры үшін жауапты сезімді күшейту.
Бағалау критерийлері: Отанға, мемлекеттік жүйе, мемлекеттік саясат, мемлекеттік идеология, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары, мемлекеттік рәміздері (елтаңба, ту, әнұраны), заң және тәртіпке; ұлтаралық және конфессияаралық келісім, елдегі достық; экономикалық және әлеуметтік-мәдени даму саласындағы өз елінің жетістіктері; басқа адамның құндылықтары, құқықтары мен бостандықтары; өздерінің
аймағының (ауыл, қала, маңайдағы) табиғаты, мәдени және тарихи өмірі; құқықтық білім және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет; заңдардың, құқықтардың және міндеттердің талаптары; әлеуметтік құндылықтарға құрметпен қарау, мақтаныш пен жауапкершілік сезімін байыту.
Іске асыру тетігі:
1. Сабақтар, оқу пәндері, сыныптан тыс іс-шаралар, қосымша білім беру. «Өзін-өзі тану» бағдарламасының шеңберінде ерлік, ар-намыс және қадір-қасиет туралы, Отанға адал қызмет көрсету, дебаттар мен пікірталас клубтарын, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шақыратын патриоттық форумдар, іс-
шаралар ұйымдастыру. Қазақстан
мемлекеттілігінің және мемлекеттік
атрибуттарын білу бойынша конкурстар олимпиадаларын өткізу. Қазақстанда тұратын қазақ халқы мен басқа да этникалық топтардың мәдени мұраларын, салт- дәстүрлерін зерттеуге арналған жергілікті тарихи экспедицияларын ұйымдастыру. Мемлекеттік қызметкерлер, әдебиет, өнер, ғылым, соғыс ардагерлері мен еңбек ардагерлері, қоғам қайраткерлері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, сот төрелігі, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кездесулер; балалар және жастар бастамасы жобаларының жүйесін дамыту. Балалар мен жастар қозғалысын жандандыру; мемлекеттік қаражатпен бірлескен қызмет; әңгімелер, лекциялар, семинарлар, тренингтер; экскурсиялар; құқықтық ақпараттық материалдарды тарату; «Сенімді қызметтер» ұйымын, «Мен және заң» акциясын, «Біз сыбайлас жемқорлыққа, қоғам мүдделеріне деген сатқындыққа қарсымыз» атты шараларды ұйымдастыру.
2. «Рухани жаңғыру» - «Жас ұлан», «Жұлдыз», Ұлы дала скауттары, жас патриоттар және т.б. құндылықтарға негізделген; «Сөз - тілдің көркі» (Білім алушыларға классиктердің және қазіргі заман ақындарының, қазақ ойшылдарының шығармаларын, тілдік фестивальдер, конкурстар, көркемөнерпаздар байқауын, айтыстар, пікірталастар және т.б ұйымдастыру) «Дарынды ұрпақ – ел болашағы» (балалар бастамаларына қолдау көрсету); «Салауатты ұрпақ» (студенттік және мектеп білім алушыларының спорт лигасының дамыту) балалар мен жастар қозғалысын және қоғамдық бірлестіктерді дамыту.
Басты іс-шаралар: 1) «Атқа міну мәдениеті». Туристік-өлкетану маршруттары мен жарыстар, мұражайлар; 3) «Отан қорғаушы». Әскери-патриоттық клубтар құру; 2) «Алау». Патриоттық және
Республикасы нышандарының мен мектеп
әскери-патриоттық бағыттағы іс-шаралар өткізу; 4) «Белсенді жаз». Демалыс кездерінде әскери-спорттық, бейіндік патриоттық ауысымды ұйымдастыру; балалар және жастар қозғалысының көшбасшылары; 5) мектептерде тарихи және археологиялық қозғалыстар жүргізу.
Рухани-танымдық тәрбие.
Мақсаты: адамның рухани, моральдық-этикалық қағидаттарын, оның адамгершілік құндылықтарына және қазақстандық қоғамның әдет-ғұрыптарына сәйкес келетін рухани-адамгершілік қасиеттері мен көзқарастарын жандандыру туралы «Рухани жаңғырудың» құндылық негіздерін терең түсінуді қалыптастыру. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Рухани қазына» берілген бағыттардағы шағын бағдарламаға сәйкес қарастырылуы керек, «Жақсы кітап – жан азығы» жобасының мақсаты: туған өлкенің тарихы, мәдениеті және дәстүріне деген құрметі мен қызығушылығын ояту.
Қамтамасыз ету жолдары: рухани құндылықтарды насихаттау; қазақстандық мәдениетті насихаттау; білім алушыларды рухани және интеллектуалды даму құралы ретінде оқытуға қатыстыру; қазіргі заманауи танымал идеяларды, әлемдік экономикалық және әлеуметтік ой-өрістердегі үрдістерді зерттеуге жастардың қатысуын қарастыру.
Бағалау критерийлері: моральдық-этикалық нормалардың жалпыға ортақ нормаларына моральдық көзқарасын таныту; өз абыройы, ар-намысы мен міндеті; ішкі еркіндік пен моральдық шешім қабылдау; өзінің және басқа да ұлттардың мәдениеті, салт- дәстүрі, әдет-ғұрыптары; діни құндылықтары; ойлары, сөздері мен істерінің бірлігін қабылдау; өзінің мінезін ар-ұжданның ішкі дауысымен мақұлданған әрекеттер; әртүрлі мәдениеттер мен нанымдардың бірлігін; халыққа адал қызмет ету; ата-аналарына, отанына, қоғам алдындағы міндетін жетілдіру.
Іске асыру тетіктері:
1.Оқудың білім беру әлеуетін нығайту арқылы: мектеп пәндері мазмұнының құндылықтарын біріктіру; әлеуметтік, қайырымдылық жобаларын дамыту және іске асыру, еріктілікті дамыту; педагогикалық кеңес, ата-аналар институты; «Өзін-өзі тану» моральдық білім беру бағдарламасының мета- ағартушылық және білім беру рөлін нығайту, «Ұлы Жібек жолы» элективті курсында мектептегі рухани-адамгершілік білім беру сапасын бақылау, рухани-адамгершілік тәрбиелеу аясында қосымша тәрбие жүйесінің мүмкіндіктерін кеңейту.
2. Өңірлік бағыттағы клубтық бірлестіктердің жұмысын дамыту, виртуалды тарихи-өлкетану көрмелерін құру, өңірлік оқуларды, сағаттарды, акцияларды, фотокөрмелерді ұйымдастыру, тарихи, сәулет және естелік орындарға экскурсияларды ұйымдастыру, білім алушылармен «Мұражайдағы бір күн» жобасы аясында өздері мұражайдың экскурсия жетекшісі ретінде мұражай қызметкерлерімен кездесулерді ұйымдастыру, білім алушылар үшін тарихи-мәдени көрікті жерлер, өңірдегі археологиялық қазбалар, табиғат ескерткіштеріне, соның ішінде білім алушылармен өңірлерге, астанаға және керісінше бағытта бару бойынша қатысушылармен мәдени және туристік экскурсияларды ұйымдастыру, онлайн-конкурстарды, эссе жазу және сурет салу конкурстарын ұйымдастыру, туған өлкеге байланысты сұрақ-жауапта балалар мен білім алушыларға жүлделер және мадақтау сыйлықтарын беру; табиғи қорықтарды, су қоймаларын, өзендердің арналарын тазарту бойынша экологиялық сенбіліктер ұйымдастыру.
Басты іс-шаралар: 1) сабақтан тыс уақытта танымдық тақырыпта сынып сағаттар, дәрістер, әңгімелесулер өткізу, танымдық тақырыпты қозғайтын жазушылардың шығармаларына байланысты конференциялар, әдеби пікірталастар өткізу; 2) қайырымдылық акцияларын өткізу; 3) еріктілер отрядының жұмысы; 4) театрларға, мұражайларға бару; 5) мектепішілік және өлкетану мұражайларындағы тарихи-археологиялық қозғалыс жүйесіндегі өлкетанулық іс-шаралар.
Ұлттық тәрбие.
Мақсаты: тұлғаны жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағыттау, туған және мемлекеттік тілге, қазақ халқының мәдениетіне, этносына және Қазақстан Республикасындағы этникалық топтарға құрмет көрсету.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аталған бағытқа сәйкес «Өлкетану» (өлкелік) «Тәрбие және білім», «Рухани Қазына» ішкі бағдарламаның базалық бағытын қарастырған жөн. Қамтамасыз ету жолдары: жастар туризмін зерттеу және өлкетану жұмыстарын дамыту; қазақ халқының тарихы мен дәстүрлерін білу арқылы белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру; озық жоғары технологиялық әдістер мен цифрлық технологияларды қолданумен техникалық шығармашылықты
дамыту арқылы бәсекеге қабілетті тұлға моральдық, рухани және гуманистік тәрбиелеудің басымдығы бар адамдар
қалыптастыру; құндылықтарды арасындағы
эмоционалдық және ұтымды қарым-қатынастардың әлеуметтік- тарихи тәжірибесін беру; қазақстандық патриотизм рухында жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеу.
Бағалау критерийлері: туған және мемлекеттік тілдерді білу; этникалық өзіндік санаға, этникалық сәйкестікке, өз халқының мәдени мұрасына, қазақ және өз халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері туралы мақтаныш сезімін және жауапкершілігін көрсету; Қазақстандағы өзге ұлттардың этникалық мәдениеті; Қазақстанның басқа этникалық топтарының мәдениеті; этносаралық татулық пен келісім.
Іске асыру тетіктері:
1. Оқу пәндерінде, қосымша білім беруде, сабақтан тыс
қызметте жалпы адами және ұлттық құндылықтарды кіріктіру сабақтары. Этнопедагогика кабинеттерінің қызметі; Қазақстан Республикасының рәміздерін білу, қазақ халқының мемлекеттік тілі, мәдениеті мен дәстүрлері, Қазақстан тарихы, жергілікті тарих және т.б. туралы фестивальдар мен байқаулар өткізу.
2. «Менің Отаным – Қазақстан» (жастар туризмін және жергілікті өлкетануды дамыту, экспедициялар, экскурсиялар ұйымдастыру).
3. «Тарих мұра», «Өз жеріңді таны» (жергілікті білім беру мен мектеп туризмін, тарихи-археологиялық қозғалысты, туған өлкенің тарихын, мәдениетін және дәстүрлерін терең зерттеу).
4. «Табиғат бесігі» (туған өлкеге жауапкершілікпен және аялап қарау)
Басты іс-шаралар: 1) «Туған өлке тарихы». Білім беретін оқу орындарында мұражайларға, өлкенің мәдени-тарихи орындарында барып факультатив сабақтарын, арнайы курстарды, үйірмелерді өткізу. 2) «Ұлы дала тұлғалары». Өлкенің тарихын, маңызды оқиғаларын, белгілі тұлғалардың тарихын білу бойынша зияткерлік іс-шаралар; 3) «Мақтанышым – Астанам». Олимпиадалардың, байқаулардың, конкурстардың жеңімпаздарына арналған Астана қаласына сапарлар ұйымдастыру; 4) «Туған өлке соқпақтары».Туристік-өлкетану маршруты мен сайысы. 5) «Менің Отаным – Қазақстан». Жас өлкетанушылардың, туристердің және экологтардың жыл сайынғы өңірлік, республикалық слеттер мен форумдары; 6) «Алтын адам». Мұражайдағы сабақтар; 7) «Қайнар бұлақ». Балалар мен жастар қозғалысы; 8) «Отбасымен бірге». Ата- аналық қозғалыс; 9) «Реликвия». Тарихи құжаттарды, жанұялық мұраларды, материалдық мәдениет заттарын, картиналар мен
басқа да экспонаттарды мұражайға өзбетінше тапсыру бойынша қайырымдылық акциясын өткізу; 10) өлкетану мен жастар туризмінің рөлі туралы әлеуметтік имидждік бейнероликтерді түсіру және орнату; 11) «Бабалар мұрасы». Өнер және қолөнер туындыларының Республикалық көрмелері; 12) Сыныптан тыс өткізілетін іс-шаралар: «Ұлттық тарихтағы уақыт пен кеңістік», экскурсиялық (сырттай, oн-лайн) «Ботай» мәдени мұра бағдарламсы; «Ұлы даланың ежелгі металлургиясы мен қазіргі жаңалықтары»; 13) Ұлы ойшылдардың, ақындардың және Ұлы даланың әл-Фараби, Яссауи, Күлтегін, Бейбарыс, Тәуке, Абылай, Кенесары, Абай сынды тұлғалары мен қазіргі әдебиеттегі, музыкадағы, театр мен қолөнердегі шеберлердің бейнелерін меңгеру.
Отбасылық тәрбие.
Мақсаты: ата-аналарды тәрбиелеу, олардың психологиялық- педагогикалық біліктілігін көтеру және балаларды тәрбиелеу бойынша жауапкершіліктерін арттыру.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аталған бағытқа сәйкесінше «Отбасы әлемі» жобасын қарастырған жөн. Қамтамасыз ету жолдары:Оқуды мәдениеттің маңызды элементі ретінде және интеллектуалды әлеуетті, ұлттың бәсекеге қабілеттілігін, жастардың шығармашылық және әлеуметтік белсенділігін арттыру құралы ретінде толық қолдау; білім беру мекемелерінде кітап алмасу үшін арнайы орындарды ұйымдастыру - буккросингов; білім алушылар мен үлкендер арасында (кітапханашы, мұғалім, ата-ана, білім алушы) кітапқа деген ортақ қызығушылық негізінде (ертегілер, аңыздар, мысалдар, хикаялар, эпостар) бірлескен іс-әрекетін ұйымдастыру.
Критериалды бағалау:Өзінің жанұясы мен ұрпақтарына; отбасы құндылықтары мен моральдық қағидаларды сақтау арқылы отбасы мен неке құндылықтарына этноәлеуметтік рөлге құрмет көрсету, қастерлеу.
Іске асыру тетіктері:
1. Білім беру ұйымдары Қамқоршылар кеңесі және ата-аналар комитеттері; Репродуктивтік денсаулық орталықтары, мамандардың консультациялары, бірлескен отбасылық іс- шаралар; «Өзін-өзі тану» ҰДО бағдарламасы шеңберінде ата- аналарды оқыту, жастар мен ерлердің мінез-құлық мәдениеті туралы сұхбат алу, жоғары сынып білім алушыларына және жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған «Отбасылық
өмірдің этикасы» бойынша элективті курстар ұйымдастыру; білім беру ұйымдарының қызметіне ата-аналардың қатысуы; әкелердің, әжелердің клубтары; ақсақалдар кеңесі; мемлекеттік тапсырыс бойынша ата-аналарға психологиялық-педагогикалық көмек, жалпыға бірдей білім беру; үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық; аула клубтарының жұмысын қалпына келтіру; өтеусіз негіздегі қосымша білім беру мекемелеріне балалар мен жастарға қолжетімділікті ұйымдастыру; элективті курстар, фестивальдер, конкурстар, «Менің отбасым», «Жыл отбасы» конкурстары; кітап көрмелерін және кітап өнімдеріне қоғамдық шолу; «Кітап оқитын мектеп», «Кітап оқитын колледж», «Кітап оқитын ЖОО» жарыстары өткізілді.
Басты іс-шаралар: 1. «Буккроссинг». Кітап алмасу үшін арнайы орындар ұйымдастыру; 2. «Қадірлі сыйлық». Кітапханаларға кітаптарды ерікті түрде тапсыру үшін қайырымдылық іс- шарасын ұйымдастыру; 3. «Кітапхана - білім ордасы». Студенттердің кітапхана қызметкерлерімен, студенттік үйлердегі әдеби кештер және студенттік демалыс орталықтарында кездесулер ұйымдастыру; 4. Отбасылық оқуға арналған кітаптар, альбомдар, буклеттер, фильмдер, бейнематериалдар және т.б. ұйымдастыру.
Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие.
Мақсаты: кәсіби өзін-өзі анықтауға, адамның экономикалық ой- өрісін және экологиялық мәдениетін дамытуға деген саналы қатынасты қалыптастыру.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аталған бағытқа сәйкесінше «Саналы азамат» базалық бағытты қарастыру керек. Қамтамасыз ету жолдары:болашақ мамандықты таңдау барысында білім берушілерге кәсіби бағдар беру және олардың даралығы мен жеке ресурстарынан хабардар ету; көркем және сәндік өнер арқылы білім алушылардың ішкі шығармашылық әлеуетін және жеке қабілеттерін дамыту; «Қазақстан – алма және қызғалдақтың Отаны» қазақстандық флораны зерттеу; экологиялық проблемаларды жетілдіру, баламалы энергияны пайдалануды танымал ету.
Критериалды бағалау:кәсіптік білім мен өнімділікті дамытуға жауапты қатынастың көрінісі; мамандық таңдаудағы жауапкершілік; қызмет орнында көздеген мақсаттарына жету; экономикалық және экологиялық даму саласындағы мемлекеттік саясатқа, атап айтқанда «Жасыл экономика» бағдарламасына деген оң көзқарас; өсімдіктерге, экологиялық
сауаттылыққа, табиғатқа, айналаңыздағы адамдар және өзіңізге құрметпен қарау; «адам - қоғам - табиғат» жүйесі; қоршаған ортаны қорғау саласындағы әртүрлі іс-шаралар; нарықтық экономиканың заңдарын түсіну; экологиялық қауіпсіз мінез- құлық нормаларына, қоршаған ортаны құрметтеуге деген саналы көзқарастың көрінісі.
Іске асыру тетіктері:
1. Сабақ барысында, технология сабақтарында, қосымша білім беру, сыныптан тыс, сабақтан тыс қызметтегі еңбек тәрбиесі. Сенбіліктер, кәсіпорындарға экскурсиялар, тәлімгерлермен кездесулер, инноваторлар, табысты кәсіпқойлар, тәлімгерлік, дуальды білім беру, кәсіби біліктілік байқауы, студенттік құрылыс және педагогикалық ұжымдардың қызметі. «Өмір мен мансапты жоспарлау», «Кәсіби сынақтар» жобаларын жүзеге асыру. «Технология» пәні материалдық-техникалық базасын нығайту, оқу семинарлары мен зертханалар. «Жасыл ел» қозғалысында және «Өзін-өзі тану» ҰҚО-ның волонтерлік қозғалысына қатысуы барысында экспедицияларға қосымша білім алу, өз елінде тұрған волонтерлермен білім беру ұйымдарын, аудандық, қалалық, жасыл алаңдарды көгалдандыру және жетілдіру, экологиялық форумдар, ғылыми экологиялық жобалар, қалдықтардың табиғи аумақтарын қоқыстан тазарту.
2. «Мамандықтар әлемі» (кәсіптік бағдарлау, болашақ маманды таңдау); «Ұлы даладағы ежелгі металлургия» (Қазақ жеріндегі металдарды өндіру әдістерінің өнертабысы жаңа тарихи дәуірді ашып, адам дамуының даму жолын түбегейлі өзгертті). «Алтын Қазына» (көркем және декоративті-қолданбалы өнерді дамыту), «Үлкен өнертабысқа алғашқы қадам» (техникалық шығармашылық және робототехниканы дамыту), «Дарындылардың елі» (театрлық қызмет және музыкаға кіріспе), «Кітап - білім бұлағы» (кітаптың мәртебесін көтеру, «кітап оқуды сәнге айналдыру», өмір бойы өзін-өзі жетілдіруді және білім беруді қолдау), Вusiness» (кәсіпкерлік ойлауды қалыптастыру), «Отбасы әлемі» (отбасылық құндылықтарды сақтау, отбасылық ғибадатты сақтау), «Ұлы дала жастары» (ЖОО жүйесі мен «Болашақ» бағдарламасы жастарының азаматтық өзін-өзі тануды тарату)
Басты іс-шаралар: 1) қалада тұрып жатқан білім алушыларға арналған «Бір апта ауылда», «Бір апта қалада» жобасы.
2) «Мерей» ауылды мекенде тұрып жатқан білім алушыларға арналған жоба. Қала және ауыл мектептерінің жоғары сынып білім алушыларына мамандықта жетістікке жеткен азаматтар
үшін шеберлік-сыныбы; 3) «Шеберлер қалашығы». Республикалық қолөнершілер фестивалі; 4) «Нәтиже» Білім алушылардың кәсіби өзін-өзі тануы, сауалнамаларды алу процестерінің тиімділігін нәтижелік мониторингі; 5) «Жаңару» кәсіптік алдын ала және арнайы элективті курстардың жаңартылған мазмұны; 6) «Ізденіс». Бейіндік бағыттағы зерттеу жобаларының конкурсы; 7) «Тәжірибе алаңы». Өңірлік кәсіпорындар мен ұйымдарында мектеп білім алушыларына арналған тәжірибе алаңдары; 8) Білім алушылардың кәсіби өзін- өзі тануда психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету.
Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие. Мақсаты:жалпы мәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның тәрбиеге дайындығын дамыту, меңгеру, өнердегі эстетикалық нысандардың бағасы, білім беру ұйымдарында көпмәдениетті ортаны құру.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде аталған бағытқа сәйкес «Қазіргі кездегі қазақ мәдениеті» атты арнайы жобасында қарастыру.
Қамтамасыз ету жолдары: ұлттық дәстүрлер мен әдет- ғұрыптарды, тілді, және музыканы, әдебиетті сақтау және тарату; қоғамдық сананы жаңғыртуға және өз қызметінде соған бағыттауға негізделген әлеуметтік -гуманитарлық құндылықтарды меңгеру және түсіну.
Бағалау критерийлері: толеранттылық пен жаһандық ойлауға көп мәдениетті және көп тілді; мемлекеттік, ресми және басқа да шет тілдерін білетін, мәдениетаралық байланыс; әртүрлі мәдениетке, сол немесе өзге де мәдени орталықта өзін-өзі ұстау нормаларына; тілдік және сөйлеу мәдениеті; эстетикалық идеалға, көркем құндылықтарға; шығармашылық ойлау және елестету, көркем эстетикалық қызмет, құрмет көрсету қарым-қатынасын қалыптастыру;
1. Сабақтар, өзін-өзі тану бағдарламасының барлық мәдениеттердегі жалпыға ортақ адами құндылықтардың бірлігін анықтауға, жастардың мәдениеттер мен халықтардың алуан түрлілігіндегі бірлігін көруге қабілеттілігін дамытуға ықпал жасау. Үйірмелер, әдеби клубтар; экскурсиялар: театрлар, мұражайлар, көркемөнер көрмелері, галереялар, тарихи орындар; іс-шаралар: шығармашылық кештер, балалар мен жасөспірімдер шығармаларының көрмесі, халықтар достығының фестивалі, тідік және шығармашылық клубтар, конкурстар; атақты адамдармен, өнер қайраткерлерімен кездесу, Қазақстан
халқы Ассамблеясы мен этномәдени орталықтарымен ынтымақтастық орнату; оқу орындарында Қазақстан халқы шағын Ассамблеясын құру.
2.«Әдебиет», «Театр, кино және хореография», «Классикалық және дәстүрлі музыка», «Бейнелеу өнері», «Қолөнер» жанрлық бағыттар бойынша шорт-парақтары. Біздің мәдени жетістіктерді – кітаптарды, пьесалар, мүсіндерді, суреттерді, музыкалық әуендерді, ғылыми жетістіктерді және т.б. меңгеру және жетілдіру. Өткен мыңжылдықтағы халық ауыз әдебиетіндегі ұлы дала мұрагерлерінің үздік мысалдарын – ертегілер, аңыздар, болған оқиғалар, өсиеттер, эпостарды зерттеу. Тұрақты тақырыптық кітап көрмелерін ұйымдастыру.
Басты іс-шаралар:1. «Жануарлар үлгісіндегі өнер» (үйірмелер, мұражайлар және клубтар). 2. «Түркі әлемінің бесігі». 3. Мектеп мұражайларына, тарихи құжаттарды кітапханаларға, отбасылық мұраларды, мәдени заттарды, картиналар мен басқа да экспонаттарды, «100 кітап» сериясынан алынған кітаптар және тағы басқаларды ерікті түрде беруге арналған қайырымдылық акциялары.
Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу.
Мақсаты:әр
көшбасшылық
ақпараттық
мотивациялық кеңістікті қалыптастыру.
«Рухани Жаңғыру» бағдарламасының қоғамдық жаңғыртудың барлық негізгі бағыттарын ескере отырып жүзеге асырылады.
Қамтамасыз ету жолдары: цифрлық экономика үшін құзыреттіліктер мен дағдыларды дамыту; әлеуметтік белсенділіктің артуы, OnlineLab цифрлық модельдері, интерактивті өзара әрекеттесу, Online Driver Model және т.б. Бағалау критерийлері: өмір бойы білім алу үшін икемділікті, ашықтықты талап ететін; өз бетінше білім алу және ақпаратты пайдалана білу; сыни тұрғыдан ойлау, алынған ақпаратты талдау және тиімді пайдалану қабілетін дамыту; зерттеу және жобалау іс-әрекеті, инновацияларға қабілеттілігі дағдыларын меңгеру; пікірталасты жүргізу дағдыларын дамыту; жасампаздық қызмет; командада жұмыс істеу, корпоративтік рухты нығайту; ақпарат көздерін сыни тұрғыдан іріктеу; Интернет-қоғамдастығына қосылу; Интернеттегі девиантты мінез-құлыққа қарсы тұру; Интернет-сауаттылықты, сандық және
адамның интеллектуалды мүмкіндіктерін,
қабілеті мен дарындылығын, мәдениетінің дамуын қамтамасыз
сондай-ақ ететін
санасын
функционалдық сауаттылықты қалыптастыру; ақпараттық қызметтегі этикалық нормалар; жоғары ақпараттық мәдениетті қалыптастырудағы жаңа дағдылар.
Іске асыру тетіктері:
1. Сабақтар, оқу пәндері, элективті курстар, қызығушылықтары бойынша үйірмелер мен сабақтар, мектеп және желідегі дебаттық турнирлер, балалармен және жастармен бірлесіп атқаратын жобалық жұмыстар; сабақтан тыс жұмыстар, балалар және жастар бірлестіктеріндегі қызмет, әртүрлі деңгейдегі басқару органдарына қатысу, қосымша білім беру. Жаратылыстану-ғылыми және гуманитарлық цикл пәндерін «Өзін-өзі тану» пәнімен кіріктіру, «Жүрек тілімен өткізілетін физика», «Математика рухани-адамгершілік заңдар туралы ғылым ретінде», «Тарих пәнінің адамгершілік туралы сабақтары», «Ақпараттық мәдениет негіздері» элективті курстарын өткізу. Зияткерлік ойындар, конкурстар, тренингтер, викториналар, олимпиадалар, ғылыми-практикалық конференциялар. Дарынды мамандармен және құрдастарымен кездесулер, рефераттар, ғылыми-зерттеу, ғылыми-тақырыптық ақпараттық жобалар, шығармашылық жұмыстар, баяндамалар, хабарламалар, мектеп және студенттік медиа орталықтары, бұқаралық ақпарат құралдары, сайттар, кітапханаларды танымал ету. Психометриялық және социометриялық тестер мен әдістемелер; көшбасшылықты дамыту бағдарламалары.
2. Бағдарламалау негіздерін енгізу: сандық технологияларды меңгеру арқылы сандық сауаттылығын арттыру. Кәсіпкерлік пен бизнесті енгізу. Техникалық бағыттары бойынша олимпиадалар мен конкурстар өткізу. Балалардың қосымша білім беру бағдарламасына жаңа әдістемелерді, сандық технологияларды, ғылыми инновацияларды, математикалық модельдеуді дамытуға бағытталған SMART және STEM - элементтерді енгізу. Басты іс-шаралар: 1. АКТ саласындағы ғылыми-зерттеу жобалары. 2. Кітапхана жүйесіндегі электрондық каталогтармен жұмыс жүргізу. 3. Онлайн және офлайн режимдерінде өлкетану, әлеуметтік жобаларды және т. б. игеру. 4. ІТ-технологияларды, бағдарламалау тілін, робототехниканы меңгеру бойынша үйірмелер мен клубтарда сабақтар өткізу. 5. Тәрбиелік және басқа да іс-шаралардың аудио және бейнематериалдарын әзірлеуде сандық білім беру ресурстарын (ЦБР) пайдалану.
Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты.
Мақсаты:салауатты өмір салты дағдыларын табысты қалыптастыру, дене және психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтай білу үшін кеңістік құру.
Аталған бағытқа сәйкес «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Саналы азамат» базалық бағытын қарастыру қажет. Қамтамасыз ету жолдары:білім беру ұйымдарының тәжірибелік- бағытталған тәрбие ортасын құру; белгілі бір артықшылықтар алу арқылы білімді түрлендірудің жеке тәжірибесін жинақтау; өмірлік дағдыларды қалыптастыру, өзін-өзі үздіксіз жетілдіруге, ойын және еңбек іс-әрекеті арқылы салауатты өмір салтына деген қызығушылығын тәрбиелеу.
Бағалау критерийлері: денсаулық жағдайының скринингін; әлеуметтік мақсаттар мен рухани қажеттіліктерін тілеу және соған дайын болу; теріс әсерлерге қарсы тұрудың тиімді тәсілдерін меңгеру; табиғи алғышарттарды ұтымды пайдалану; денсаулықты сақтау мен нығайту, қауіпсіз және жауапкершілікті мінез-құлық; жаңа өмірлік жағдайларға сабырлы болу; қауіпсіздік пен тіршілік әрекетін қамтамасыз ету; денсаулық сақтау ортасын құру.
Іске асыру тетіктері:
1. Сабақтар, дене шынықтыру сабақтары, оқу пәндері, қосымша білім беру, спорт секциялары мен үйірмелерін өткізу, «Өзін-өзі тану» ҰДО бағдарламасы шеңберінде репродуктивті денсаулық, нашақорлықтың, алкоголизмнің, темекі шегудің алдын алу, адамның иммунитет тапшылығы вирусы және салауатты өмір салтының негіздері бойынша ақпараттық-ағарту курстарын, семинар-тренингтерін өткізу; Денсаулық фестивальдары, спартакиадалар, қауіпсіздік бағыттары; ақпараттық-насихаттау материалдарын әзірлеу және тарату; «сенім қызметтерін» ұйымдастыру.
2. Білім алушыларды спорттық іс-шараларға, спорт клубтарына, бұқаралық, ойын және жастар арасында танымал спорт түрлерін спорт федерацияларымен өзара іс-әрекет арқылы тарту. Білім алушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, оның ішінде тамақтану мәдениетін қалыптастыру. Көптеген спорт түрлері бойынша мектеп пен студент лигаларын дамыту.
Басты іс-шаралар:1. Үйірмелер, секциялар, клубтар жұмысының оң тәжірибесін тарату, салауатты өмір салтын, сауықтыру жүйесін насихаттау үшін жобаларды енгізу. 2. Есірткі және басқа да зиянды заттарды пайдаланудың алдын алу, өрт қауіпсіздігі,
ЖҚЕ, қауіпсіздік техникасы, суицидтің алдын алу бойынша бағдарламаларды іске асырудың түрлі форматтағы іс-шаралары.
10. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайында білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінен күтілетін нәтижелері
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жас қазақстандықтарды тәрбиелеудің Тұжырымдамалық негіздері төмендегідей мәселелерді қамтамасыз етуі тиіс:
бала құқықтары туралы Конвенцияға және балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес балалар мен жастардың азаматтық қоғамының, жас қазақстандықтардың қоғам мен мемлекет өміріндегі қоғамдық қозғалысының рөлі мен жауапкершілігін арттыру;
балалар мен жастардың қазақстандық патриотизмінің, жауапкершілікті азаматтық сана-сезімінің, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің, толеранттылық пен тұлғаның тұрақты әлеуметтік маңызды қасиеттерінің қалыптасу деңгейінің өсуі;
жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтардың мәдениет негіздері, ана тілі мен мемлекеттік тілді және этномәдениетті құрметтеу;
тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытуда білім беру мазмұнының тәрбиелік әлеуетін күшейту;
балаларды тәрбиелеуде ата-аналардың психологиялық- педагогикалық құзыреттілігі мен жауапкершілігін арттыру, жастарды салауатты отбасын құруға дайындау, отбасы институтын нығайтуға саналы түрде қатысу;
әлеуметтік маңызы бар отбасылық, балалар және ата-аналар бастамаларын, балалар қоғамдық бірлестіктерінің қызметін дамыту және қолдау;
тұлғаның экономикалық ойлауы мен кәсіби қалыптасуы және өзін-өзі жүзеге асыруға саналы көзқарасын; табиғатты сақтаудағы белсенді азаматтық ұстанымы; экологиялық сауаттылық пен мәдениетін дамыту;
балаларды тәрбиелеуде жалпы және қосымша білім беру жүйесінің рөлін, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт, мәдениет саласындағы ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыру; балаларды тәрбиелеу саласындағы ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру;
балалардың ақпараттық қауіпсіздік деңгейін арттыру.
Сонымен, Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің жалпы векторы үйлесімді, жан-жақты дамыған, жоғары рухани- адамгершілік қасиеттері бар, таңдау жағдайында өз бетінше шешім қабылдауға дайын, ынтымақтастыққа және мәдениетаралық өзара іс-әрекет етуге қабілетті, ел тағдыры үшін жауапкершілік сезіміне ие адамды қалыптастыруға бағытталған.
11. Терминдер мен анықтамалар
Дүниежүзілік экономикалық форум - Давостағы жыл сайынғы кездесулердің ұйымдастырылуымен танымал болған швейцариялық үкіметтік емес ұйым. Кездесуге бизнестің жетекші басшылары, саяси көшбасшылар, көрнекті ойшылдар мен журналистер шақырылады. Мұнда денсаулық сақтау мен қоршаған ортаны қорғауды қоса алғанда, аса өткір әлемдік проблемалар талқыланады. ДЭФ рейтингісіне «21 ғасыр дағдыларындағы айырмашылықты зерттеу» кіреді.
Балалар мен жастар бастамалары –жаңа қызметке ішкі көзқарас, бастама. // Қандай да бір іс-әрекеттегі басқарушы рөл. Өз бетінше, белсенді іс-қимыл жасау қабілеті; іскерлік.
Балалар (жастар) қоғамдық қозғалысы, қалыптастыру, біріктіру, ұйымдастыру – түрлі жастар қозғалысы құрылымдарының бірі, балалардың өзіндік қызметтерін, әлеуметтік белсенділігін, өзін-өзі жүзеге асыруын ұйымдастыру түрі.
Балалардың азаматтық қоғамы – бұлбалалар мен жастардың мемлекетке тәуелсіз, дербес қоғамдық ұйымдарының жүйесі. Бәсекеге қабілеттілік дегеніміз – «...тек материалдық өнім ғана емес, сонымен қатар білім алу, қызмет көрсету, зияткерлік өнімдер, сондай-ақ еңбек ресурсының сапасы..., компьютерлік сауаттылық, шетел тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар».
Білімнің салтанат құруы - жоғары білімді адамға ықпал ететін технологиялық революция жағдайында білім алуға ұмтылуға негізделген құндылықтар жүйесіндегі басты құндылық «...жоғары білім деңгейінің арқасында мамандықты өзгерту оңай...». Месседж – «message ['meisidз] 1. з.е. хабар, хабарлама; хабар қағаз, хат; тапсырма, миссия; 2. ет. хабарды жіберу; хабарды жеткізу, белгі беру». Месседжде ең бастысы - бұл ойға салынған ақпаратты мағынасы сақталған күйінде беру. Месседж сөзі көбінесе екі мағынада қолданылады: 1. хабарлама; 2. жолдау,
басты идея, ішкі жолдау. Месседж лексемасы ауыспалы мағынада жолдау, идея, сөздің астары сөздерімен синонимдік қарым-қатынасқа түседі.
Сананы жаңғырту – өзгермелі жағдайларға бейімделу арқылы өзін шоғырландыру және өзгерту, өз мәдениеті мен ұлттық кодын ескере отырып, жаңа дәуірдің ең жақсысын таңдау.
Қоғамдық сана –табиғи немесе жасанды тілдерде, мәдениет объектілерінде көрсетілген қоғамдық идея, білім, мақсат, құндылықтар және т.б. жиынтығы.
Қоғамдық сананың құрылымында қоғамдық сананың деңгейлері мен формалары белгіленеді. Қоғамдық сананың түрлері қоғамдық байланыстар мен қатынастардың барлық алуан түрлілігін көрсетеді. Деңгейлер қоғамның даму сатысын білдіреді. Әдеттегі- практикалық деңгей – аталған халықтың әдет-ғұрпында, дәстүрлерінде көрсетілген қоғамдық психология. Теориялық деңгей – халықтың байырғы мүдделері көрсетілген қоғамдық идеология.
Қоғамдық сананың түрі қоғамдық сананың әдеттегі-практикалық, сондай-ақ теориялық деңгейлерінде әсер етеді.
Сананың ашықтығы – « ...үлкен әлемде, сенің еліңнің айналасында, планетадағы сенің бөлігіңде не болып жатқанын түсіну; ... жаңа технологиялық тәртіпке орай өзгерістерге дайын болу; ... басқалардың тәжірибесін қабылдау, басқалардан үйрену қабілеті.
Прагматизм –«өзінің ұлттық және жеке ресурстарын нақты білуді, олардың үнемді жұмсалуын, өз болашағын жоспарлай білуді білдіреді...».
Білім алуға, салауатты өмір салты мен кәсіби табысқа баса назар аудара отырып, нақты мақсаттарға қол жеткізіп ұтымды өмір сүре білу - мінез-құлқындағы прагматизм деп осыны айтамыз». Рухани жаңғыру контекстінде ұлттық бірегейлікті сақтау -бұл ұлттық санадағы өзгерістер («...көне және жаһандық әлемге сай келмейтін бірқатар әдеттер мен құмарлықтарды өткенде қалдыру керек...»), «Мен» деген ұлттық ішкі өзегін сақтау («...біздің ұлттық дәстүрлеріміз мен әдет-ғұрпымыз, тіліміз бен музыка, әдебиет пен үйлену салттары - бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз, бізбен мәңгілік қалуы тиіс...».
Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы – «... әрбір қазақстандық үшін өзінің, жеке деңгейінде де идеология қағидаты ретінде бағдарлардың бірі болуы тиіс..., тарих сабақтарын ғана емес, қазіргі заманғы мысалдар мен болашақ сигналдарын түсіну маңызды ...әлемде не болып жатқанына мән
бере отырып қайта пайымдау ... бұл бүкіл қоғамның да, саяси партиялардың да, қозғалыстардың да және білім беру жүйесінің де жүргізуге тиіс орасан зор дүниетанымдық, идеологиялық жұмыстардың бір бөлігі».